Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыру
Орындаған: КЯЛ-17-1 тобының студенті Дәуренова А.
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент Ә.Қабылов
Ақтау, 2019 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.ҰЖЫМДЫҚ (ТОПТЫҚ) ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... .11
1.3 Топтық оқытудың басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.ТОПТАРДЫ ҚҰРУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Топтық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 16
2.2 Топтық жұмыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдер көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың Адамның қасиеті үш - ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.
Неге педагогикалық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз? Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын. Сұрақ - жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым - қатынас жасауға дағдыланады. Сұрақ - жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір - бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.
Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни дәстүрлі стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану мен үшін маңызды. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу керек, себебі балалар алдында өз беделімізді нығайтамыз.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсам, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс - тәсілерді қолдануға тырысамын. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады.

Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі - білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбексүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқу әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандылығымен сипатталады:
оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
1) жалпы түр-пішін;
2) нақты түр-пішін.
Сабақ өту барысында мұғалімнің ең сенімді досы - оның білімі, ал мықты құралы - оның әдісі, технологиясы. Кез келген мұғалім өзіне ыңғайлы әдіспен сабақ түсіндіреді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының тұлға болуына, өзіндік менінің қалыптасуына ықпал етсе, мұғалімнің білімін нығайтады және тәжірибесі зор ұстаз болуына көмектеседі. Менің ойымша, кез келген мұғалім әр сабақты үйретемін және үйренемін деп бастайтын болса, екі жақ үшін де ұтымды болар еді. Алайда үйретемін деп оқушыны жалықтырып алудан аулақ болу тиіс. Ол үшін, мұғалім ең әуелі жаңа технологияларды жетік меңгеріп, өзіне жақын технология түрін таңдап, тақырыпты, айтылатын ойды тұшымды етіп оқушыға жеткізгені жөн. Мен сабақ өту барысында топтық оқыту технологиясын таңдар едім. Топтық, яғни ұжымдық оқыту технологиясы - шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлға болып қалыптасуға қарай бағыттайды. Ал, топтық оқыту технологиясының басты ерекшелігі, әр оқушының өзіне ғана тән мінезі, ойлау қабілеті, қабылдауы, болжау жасауы, шешім шығаруы тұжырым жасауы негізінде жасалады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты мақсаты: әр баланың дарыны дамыту, топтағы әрбір мүшенің тасада қалып қоймай, өзін көрсетіп ойын анық жеткізуі, бәріне ортақ жұмыста бір-біріне көмек беруі, ынтымақтастығы, бірлігі болып табылады. Топтық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті адмасып келіп отырады. Яғни, жаңа білімді меңгерту мен тапсырма беруде бір-бірінің жұмыстарын сараптап бағалауды топ өз мойнына алады. Ал, мұғалім ұйымдастырады, бақылауды әрі ақыл-кеңес береді. Ұжымдық оқытудың негізін салған әдіскер, мұғалім - А.Г.Ривин, оны әрі қарай зерттеп жаңғыртқандардың бірі - ғалым В.К.Дьяченко болған.
Ұжымдық оқытудың ерекшелігі - оқушы білімді саналы түрде меңгереді, яғни біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, пайымдау т.б. дағдылары қалыптасады. Ұжымдық жұмыста оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады, берілген тапсырманы бірге орындайды, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдайды және талқылап, дұрыс шешім шығаруды үйренеді. Сонымен қатар, берілетін тапсырмалар да бір сарында емес, әркелкі болатын болса, бұл топ үшін қызық әрі тиімді болады. Ағартушы педагог К.Д.Ушинский : Балаға күштеп білім беруден гөрі баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат деп айтып өтеді, расымен де, сабақ өту барысында тапсырмаларды жасырып ұяшықтарды табу арқылы немесе ойын түрінде я болмаса, конвертке салып тарату арқылы беруге болады. Бұл арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығына қол жеткізуге болады. Білім қай кезде есте қалады,ол мұғалімнің судыратып оқыған лекциясынан немесе оқушының түсінсе де, түсінбесе де бас алмай оқыған кітабынан емес, оқушылардың өздері топтаса отырып, тапсырмаларды орындау, бір-біріне тақырыпты түсіндіру, сұрақ қойып талқылау кезінде яғни, практика жүзінде қолданғанда ғана 95% есте қалады, мұнымен теорияны жоққа шығаруға болмайды, ол бөлек әңгіме. Оқушы санасында білімнің ұзақ сақталуында мен таңдап отырған ұжымдық жұмыс технологиясының оң әсері мол деп сенімді түрде айта аламын. Топтық оқыту әдісі мұғалімді күнделікті біркелкі тексеруден босатып, топ болып жұмыс істеу барысында, оқушылардың барлығының іс-әрекетін толық көруге мүмкіндік береді. Ұжымдық оқыту технологиясының мәні де ерекше, ол оқушылардың жеке қабілетін танып білуге және жанындағы қатарластарының да қабілеттерін танып, бір-бірімен білім алмасуына ықпал етіп, көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбектену, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған әрекет негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы Осал жерлері жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер(және оқушылар) әріптестерінен(немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекеленген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемділігі, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай топтың қарқыны біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесіп, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану.
Өз-өзін таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу.
Басқаларды қолдау: топтың қызметі үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу.
Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелері қарым-қатынас барысында ықылас таныту.
Топтың жұмыс істеу ережелері
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрдел тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топты құру
* Топтың құрамына кім кіреді?
* Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?
* Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?
* Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?
Топтық жоспарлау
* Не істеу қажет?
* Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?
* Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?
* Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым-қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?
Қызметті жүзеге асыру
* Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?
* Жобаны орындай барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?
* Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?
* Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?
Жоспарды жүзеге асыру
* Топ мүшелері бір-біріне қалай көмектеседі?
* Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?
* Жұмыстың барысы қалай бақыланады?
Топ жұмысын бағалау
* Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?
* Сіздер бір-бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?
* Топта жұмыстың қандай негзгі аспектілері ұтымды орындалды?
* Не орындалмады?
* Одан қандай сабақ алуға болады?
* Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы, сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.
Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарды оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет.
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушаларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.
Кейбір дағдылар рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады.
:: Нақты және түсінікті сипаттама
:: Белгіленген жорамал мен құндылықтарды мойындау
:: Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау.
\МАН\
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан. Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайс түрінде өткізіп келген едім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім пайда болады. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін жұмыс жасайды. Топ мүшесі өзінің тобының артта қалмауына жанталасады.Топ жұмысы зерттелген кезде сыныптағы сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға мұғалім де, сыныптастары да таңғала қарады.Топ жұмысының тағы бір маңызды ерекшелігі тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана орындалмауы, оның топ ішінде түрленуі, шарықтауы, жаңа нәтижелерге жетуі. Дәстүрлі сабақтарда біз оқулық шеңбері бойынша тапсырманы беріп келдік, ал қазіргі сабақта мұғалім тапсырманы орындау кезінде оқушыға еркіндік береді.
Мені осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі болатын. Осы уақытқа дейін ол оқушымен тек жеке жұмыс атқарған болатынмын. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды. Оқушы бойында реттелу болды. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдолла(Авиценна 980-1037) былай деген болатын: Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы- балалар оқу тәрбие үдерісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру. Оқушыларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар:
1. Оқушылар оқу және тәрбие үдерісінде ғылымға сусап тұрады. Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.
2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.
Оқушылардың белсенділігі зерттелген кезде өзін сабақта төмен көрсетіп жүрген оқушының бойындағы ашылмаған жаңа қырлары көрінеді. Оған сыныптастары басқа көзбен қарай бастайды. Топ өзінің ережесін шығара отырып оны орындауға тырысады. Олардың бойларында формативті бағалау кезінде басқа топтардан қалмау керектігі туралы, білімін көрсету, мақсатқа жету туралы бәсекелестік пайда болады. Сыныпта топтық, ынтымақтастық атмосфера туады. Топ ішінде шешілмейтін мәселе болмайтынын оқушылар түсіне бастайды. Әр оқушыда танымдық түрткі пайда болып, оқуға деген қызығушылық туады. Әр сабақта топ құрамы өзгеріп отыру керек. Топ барлық сабақта тек бір оқушылардан ғана тұрмағаны жөн.
Топ ішіндегі туындаған эмоционалды әрекет кезінде оқушылар арасында жағымды байланыс пайда болады. Олар өзге оқушыларды да түсінуге тырысады.Оқушылар арасында басқа топ мүшесімен диалог құру, сұрақтар қою, өзгені тыңдау, өзінің көзқарасын қорғау, қорытынды шығару дағдылары пайда болады.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар.
Бірыңғай топтық жұмыс.
Сараланған топтық жұмыс.
Эстондық ғалым Х.И. Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды:
:: Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек
:: Әр топ бірығай тапсырмаларды немесе сараланған тапсырмаларды алып жұмыс жасайды.
:: Топ ішінде көшбасшы, спикер сараптамашылар, уақыт есептеушілер жұмыстарын бөліп алады.
:: Тапсырмаларды орындау топ мүшелері бір бірімен пікір алмасады, бірін бірі бағалайды.
:: Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады.Х.И.Лийметс. Сабақтағы топтық жұмыстар.-М. 1975.
Психолог Ю.Н.Кулюткин былай деп жазады: Топқа бір біріне деген достық сезімі бар оқушылар жиналуы тиіс. Сол кезде ғана ынтымақтастық атмосферасы туындайды. Қорқыныш пен үрей болмайды Ю.Н. Кулюткин. Ересектерді оқыту психологиясы.-М.,1985, 119
Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі.Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады. Мен зерттеген сыныпта мен дәл осы гетерогенді топ жасауға тырыстым. Себебі: зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқыту және тәрбиелеу мақсаттары осы гетерогенді топтарда жақсы жүзеге асады. Себебі ол жерде ынтымақтастық, бір біріне өзара көмек көрініс береді. Оқушылар жақсы оқитын оқушылардың көлеңкесінде қалуға тырысып сыныпқа кірген кезде солардың қасына отыруға асығады. Бірақ топқа бөлудің әртүрлі стратегияларын пайдаланып бөлгеннен кейін олар қарсылық көрсете алмайды. Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін:
- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бәсекелестік
- Бірлестік
Үнемі өзгеріп тұратын топтың үлгісі.
Топтық жұмыстың маңызды мәселелерінің бірі талқылау, талдау жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады.
1саты: Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет.Басқаның идеясына құрметпен қарау керек. Қағазға айтылған болжам, идеялар жазылғаны дұрыс
2 саты: Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.
3 саты: Топтық шешімнің талқылануы.Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.
4 саты: Топ жұмысының қорытындысы талқыланады
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім \Strong and Grant 2011\
Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық іс әрекеттің мүшесі.
Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
:: Оқушыларды топқа бөледі.
:: Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
:: Топтық жұмысты бақылайды.
:: Олардың іс әрекетін белсендіреді.
:: Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
:: Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
:: Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.
Бірінші сабақтарда топтық жұмыс оқушылар тәжірибесінде жиі болмағандықтан олардың қиналысы көзге айқын көрінді. Осы кезде мұғалімнің көмегі керек болды. Мұғалім әрбір тапсырмаларға түсінік бере отырып жұмысқа ынталандырды.
Бақылау төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылды.
- Оқушы топ ережесін біледі ме?
- Сабақта еркіндік, ынтымақтастық аспектісі сақталды ма?
- Топ тапсырмалары оқушының сыни тұрғыдан ойлауына әсер етті ме?
- Топта оқушының белсенділігі көрініс берді ме?
- Қандай оқушылар белсенділігі жоғары болды?
- Мұғалім сабақ үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру үшін қандай әдіс тәсілді тиімді қолдана алды?
- Берілген тапсырманың орындалуы шеңберден шыққан жағдайда мұғалім оны қолдап отырды ма?
- Мұғалім барлық оқушыға бірдей қарады ма?
Белгілі маман психологтардың мәлімдеуінше оқушының белсенділігі оның тапсырмаға деген көзқарасынан туындайды. Егер тапсырма қызықтыра білсе оқушы белсенділігінің де жоғары болуы мүмкін. Осы жерде тағы да айта кететін жағдай оқушының белсенділігіне әсер ететін нәрсе сабақтағы еркіндік атмосферасы.Білім деңгейі төмен оқушы үшін бұл ауадай қажет. Достық ынтымақтастық оқушының қорқынышын жояды, тығыз қарым қатынасты орнатады. Оқушы белсенділігін арттыру үшін мұғалім ашық сұрақтарды қою арқылы оның дұрыс шешімге келуіне бағыттайды, түзейді. Бұл жерде эмоция,түрткі басты рол атқаруы мүмкін. Ынтымақтастық дегеніміз тек көмек қана емес ол оқушының тәуелсіздігі мен белсенділігін қамтамасыз ететін атмосфера құру.
Оқу үрдісінде кейде дарынды және талантты оқушылар жағымсыз тәртіп көрсетуі мүмкін, бұл олардың ерекше қабілеттеріне тікелей байланысты, мәселен:
- Практикада қолданылатын, есте қалған кең ауқымды білімді талқылау кезінде басымдылық көрсетуі мүмкін;
- Зияткерлік ойнақылық, пайымдау мен қиялын көрсететін балалар үнемі тапсырмаға қызығушылық танытпауы, болмаса оны орындауға ниетінің жоқтығын білдіруі мүмкін;
- Проблемаларды нақты шешуге және есепті дұрыс шығаруға ұмтылатын балалар басқа оқушылар мен оқытушыларды жиі түзете беруі мүмкін;
- Нәзік әзілі басқа біреулерге жақпай, оның салдарынан түсініспеушілік орын алуы мүмкін;
- Өз бетімен жұмыс істегісі келетіндер басқалармен бірлесе жұмыс істеуге қызу қарсылық көрсетуі мүмкін.
- Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
- \мұғалімге арналған нұсқаулық. 112 бет\. Сабақта табыс критерийлері жазылып және дескрипторлары көрсетілуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz