Саяси себептер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы : Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары

Орындаған : КЯЛ 17-1 тобының
студенті Ескалиева А.
Тексерген : доцент Қолдасов Б.

Ақтау, 2019 жыл
Жоспар :
I.Кіріспе бөлім
1.Сыбайлас жемқорлық жайлы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері, түрлері
2. Сыбайлас жемқорлық - əлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
III.Қорытынды
1.Сыбайлас жемқорлықпен күресу - адамзаттың міндеті
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға "Мемлекеттік қызмет туралы" (1995) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Корпоративті сыбайлас жемқорлық - капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
Саяси сыбайлас жемқорлық - ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық - түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі
тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі.
Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:
- жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып табылады.
- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.
Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық жаңа салаларды игерді, бұл - саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.
- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.
- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.
Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл - мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі. Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі жасаған
Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады.
Ал бұл - құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.
Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала материалды емес. Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды әкеміз деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: "егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ" деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.
Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі, Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия, Бенилюкс, Канада) мəселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы мен сана-сезімі, ұлттық дəстүрлері мен мəдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де (Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі əдеттегідей əлеуметтік шиеленістермен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде айрықша байқалады. Дəл осы сыбайлас жемқорлық Тайландты СПИД-пен ауратын адамдардың отанына айналдырып отыр. Бұл елде жезөкшелікке тыйым салынған. Солай бола тұрса да, бір Бангкоктің өзінде ғана мыңнан аса зинақорлық үйлер заңсыз қызмет жасайды екен. Мұндай үйлерді ұстаушылар жергілікті астаналық полицияға жылына 600 мың доллар төлеп тұратын көрінеді.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дағдарыс құбылысына бейім тұрған елдерде тым жоғары. Ол дəл қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Одақтың басқа да елдеріне тəн.
Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылық 1994-1996 жылдары Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) ұлттық, аймақтық жəне ауқымды кездесулері мен конференцияларының, съездерінің басты арқауы болып, сайлау мен басқа да саяси науқандардың негізгі мəселелеріне (көптеген ұлттық, сондай-ақ аймақтық қауымдастықтардың тағдырына байланысты) айналған екен. Жемқорлық үшін, тіпті, қазіргі жəне бұрынғы президенттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәләмның шығуына ең көп әсер еткен факторлар
Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік - кешендік факторлары
Құқықтық қатынастар туралы
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетел тұлғаларының құқықтық жағдайы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер