Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

пәні бойынша курстық жоба

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Жоба тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған: тобы

(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші:

(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жоба бағасына қорғалды

(бағасы)

«»2019 ж

Норма бақылау:

(қолы, аты-жөні)

Комиссия:

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 2019 ж.

Ф. 7. 04-04

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Каф. меңгерушісі

Султанбекова П. С.

«»2019 ж.

пәні бойынша курстық жоба (жұмысқа)

№ ТАПСЫРМА

Студент тобы

(тегі, аты-жөні)

Жоба (жұмыс) тақырыбы:

Берілген мәліметтер

Түсіндірме жазбасының мазмұны

курстық жоба (жұмыс)

Орындалу мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны
Формат
№: 1
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№: 2
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№: 3
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:

Әдебиет:

1

2

3

Тапсырманың берілген күні

Жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(оқытушының аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(студенттің аты-жөні, қолы)

Ф. 7. 04-06

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Каф. меңгерушісі

Султанбекова П. С.

«»2019 ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау

ХАТТАМАСЫ №

пәні

студент тобы

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы:

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды: 1. 2. 3.

Курстық жобаны (жұмысты) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл

Сомалық баллы .

Жобаның (жұмыстың) бағасы .

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі:

Комиссия мүшелері:

Комиссия мүшелері:

Қорғау күні «» 2019ж.

Мазмұны

Кіріспе . . .
9
: 1
Кіріспе . . .: Жалпы бөлім . . .
9: 11
: 1. 1
Кіріспе . . .: Жоспарланған жүйенің орналасуы мен тағайындалуы . . .
9: 11
: 1. 2
Кіріспе . . .: Аймақтың табиғи жағдайлары . . .
9: 11
: 1. 3
Кіріспе . . .: Инженерлік - геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары. .
9: 14
: 1. 4
Кіріспе . . .: Көкөніс ауыспалы егістері . . .
9: 14
: 2
Кіріспе . . .: Технологиялық бөлім . . .
9: 16
: 2. 1
Кіріспе . . .: Суару алқабын ұйымдастыру . . .
9: 16
: 2. 2
Кіріспе . . .: Суару желінің орналасу схемасы . . .
9: 16
: 2. 3
Кіріспе . . .: Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі . . .
9: 17
:

2. 4

2. 5

Кіріспе . . .:

Пайдаланатын судың жалпы мөлшерін анықтаудың әдістері . . .

Суару нормасы . . .

9:

18

20

: 2. 6
Кіріспе . . .: Суару мерзімі . . .
9: 22
: 2. 7
Кіріспе . . .: Гидромодульдің жинақталмаған графигі . . .
9: 29
: 2. 8
Кіріспе . . .: Гидромодульдің жинақталған графигі . . .
9: 32
: 2. 9
Кіріспе . . .: Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері . . .
9: 37
: 2. 10
Кіріспе . . .: Бороздалармен суару әдісі . . .
9: 39
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
9: 44
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
9: 45

Кіріспе

Курстық жобаның өзекті мәселесі - қазіргі уақытта су шаруашылығы жұмыстарының көлемі арттырылып, суармалы жерлерді пайдаланудың сапасы жақсартылды. Солай бола тұрса да суармалы егіншілік шаруашылығының тиімділігінің көтерілгеніне қарамастан олардың потенциалды мүмкіндіктері толығынан пайдаланылмайды. Бұл жұмыстарды жүргізуде, суару жүйелері мен суармалы егіншілікті пайдалануда кемшіліктер орын алуда.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы көкөніс суғару жүйесін жобалау және 800 га жердегі ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып, елімізде мақта, күріш, жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіндік туады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы: техниканың, адамзат өмірінің дамуы барысында таза суды пайдаланудың артуымен қатар шайынды сулар да көбейе түсті. Қазіргі кезде өндіріс, қала маңдарында жасанды тоғандар, сай-салада шайынды сулар жиналып қоршаған ортаның экологиясына зиянды әсерін тигізіп отыр. Зауытар мен ірі мал шаруашылығы кешендерінің шайынды сулары ретсіз ағызылып жіберуінің салдарынан олардың су көздерін ластайтыны белгілі. Қазіргі кезде экологиялық проблемалардың бірі - ірі қалалардан шыққан ластанған қалдық суларды тазалау және пайдалану мен қайта өңдеу мәселесі көтеріліп отыр. Тек Қазақстан қалаларынан жылына 9 млрд. м 3 шайынды сулар пайда болады. Егер оларды тиімді пайдаланатын болсақ, 600-700 мың гектар егістік жерлерді суаруға болады.

Суғаруға жұмсалатын суды ұтымды пайдалану суармалы жерлердің тиімділігін арттырудың үлкен қоры болып табылады. Дегенмен су ресурстары әлі де үнемділікпен пайдаланылмай келе жатқандықтан, жер суаруға пайдаланылатын судың тиімділігін арттыру үшін суару жұмыстарын барлық жерде де суды үнемділікпен пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру қажет. Ал егіс алқаптарын суаруда пайдаланатын суды үнемдеудің бірден-бір көзі шайынды су болып табылады.

Ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау: қазіргі уақытта республикамыз бойынша жер суару үшін пайдалануға болатын шайынды сулардың мөлшері ондаған мың гектар жерлерді суаруға жететіні анықталып отыр. Шайынды суларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың өте тиімді екендігін көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат шаруашылықтардың тәжірибесі толығымен дәлелдеді. Жалпы ауыл шаруашылық дақылдарын жыл бойы шайынды сулармен суару топырақтың құнарлығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ судың өзін де тазартады. Сонымен бірге шайынды суларды тікелей өзендер мен су қоймаларына жіберілмеуінің арқасында ондағы су қорлары ластанбайды. Шайынды сумен суарғанда топырақтағы органикалық заттар бұзылып, өсімдіктер пайдалана алатындай қосындыға айналады.

Курстық жобаның мақсаты: Түлкібас ауданындағы тиісті 800 га суармалы жерді суару болып табылады. Соңғы жылдары әлемдегі су проблемаларының өршуіне байланысты мемлекеттерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері ұлттық қауіпсіздік проблемалары шегінде қарастырылады. Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі бар су ресурстарының шектеулілігімен, оларды аумақ бойынша әркелкі бөлумен, уақыт шегіндегі елеулі өзгеріспен, өзендер ластануының жоғары деңгейімен сипатталады.

Жобаның зерттеу міндеттері - ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға арналған суландыру жүйесін жобалау болып табылады. Жобаланатын нысандағы дәнді дақыл: қызанақ, қияр, картоп, орамжапырақ, пияз болып табылады. Егіс алқабы Түлкібас ауданында 800 га 10 танапта орналасқан. Бұл дақылдарды өсіруге ауданның табиғаты өте қолайлы болып келеді. Келешекте шекаралас мемлекеттер аумақтарынан өзен ағысының қысқаруына, сондай-ақ климаттық тұрғыға орай жергілікті ағыс ресурстарының азаюна байланысты республиканы сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі мүмкін.

Зерттеу нысаны - Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы көкөніс ауыспалы егіс дақылының суғару жүйесі.

Теориялық және әдістемелік негізі - СНиП 2. 01. 14. 83 Есептік гидрологиялық сипаттамаларын анықтау; СНиП 2. 02. 02-85 Негізгі гидротехникалық құрылымдар; СНиП 2. 06. 01-86 Гидротехникалық құрылымдар. Жобалаудың негізгі орналасуы; СНиП 2. 06. 04-82 Гидротехникалық құрылымдарға жүктемелер және әсерлер; BS 8800:1996 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесін басқару; ILO-OSH 2001 (ГОСТ 12. 0. 230-2007) Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі; НАССР (ГОСТ Р 51705. 1-2001) Қауіптілік нүктелерінің жүйесі; SO 22000:2005 (ГОСТ Р ИСО 22000-2007) Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесі; СНиП 3. 0101-85. Организация строительного производства; СНиП 2. 06. 03-85 Мелиоративные системы и сооружения; СНиП 2. 06. 08 - 87 Бетонные и железобетонные конструкции гидротехнических сооружений; СНРК 3. 04. 01 - 2001 Нормы отвода земель для мелиоративных каналов.

Курстық жобада пайдаланылған зерттеу әдістері - суару жүйесінде суару техникасының элементтерін есептеу әдістері, суару нормалары мен каналдың гидравликалы есептерін жүргізу тәсілдері.

1 Жалпы бөлім

1. 1 Жоспарланатын жүйенің орналасуы мен тағайындалуы

Жоспарланып отырған суармалы алқап Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан.

Суармалы алқапта суару жүйесін жоспарлаудағы негізгі мақсат суармалы алаң ауданын ұлғайта отырып, суғару жүйесінің мелиоративтік құрылысын, ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру және ішкі шаруашылық территорияларды ұйымдастыру арқылы су ысырабын азайту.

Суғару алаңында жерді тегістеу және ауыспалы танап шекарасы бойынша су қашыртқы жүйесі, канал бойы бойынша орман жолағы қарастырылады.

Жоба бойынша 800 га нетто жер аймағы көлеміндегі егісайналымын суару қарастырылған. Суару көзі ретінде Арыс өзені пайдаланылады. Суару теліміне су жинау Р-1 шаруашылық үлестіргішінен өткізгіштігі 1, 4м 3 /с «Арыс» өзені арқылы іске асады, ал ол жақтан Р-1-1 үлестіру каналдарына жіберіледі, ол суды У-1 ÷ У-8 телімдік үлестіргіштерге таратады.

1. 2 Аймақтың табиғи жағдайлары

Түлкібас ауданы - Түркістан облысында орналасқан аудан. Жер аумағы 2, 3 мың км². Тұрғыны 110048 мыңнан астам адам (2016) . Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 39, 1 адамнан келеді. Табиғи өсу де қарқынды жүріп келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 103, 7 пайызға жеткен. Бұдан бөлек ауданға ұзын саны 1868 адам келіп қоныстанған.

Ауданы ортылығы - Тұрар Рысқұлов ауылы. Облыс орталығынан 98 шақырым қашықтықта орналасқан. Түлкібас ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының Оңтүстік батысынан 1928 жылы құрылады. 2338 шаршы шақырымды алып жатқан ауданға екі поселкелік, 12 селолық окург қарайды. Мұнда 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүріп жатыр.

Ертеректе аудан территориясынан Ұлы Жібек жолы өткен. Орналасу жағдайы Қаратау мен Талас Алатауының етегі. Осы таулардың баурайынан Арыс және Ақсу өзендері бастау алады. Аудан аумағын Трансазиялық бағыттағы темір жол тас жол басып өтеді.

Табиғаты. Мақтан тұтар байлығыныз бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т. Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр.

Оның негізгі аймағы Түркістан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2018 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103, 9 пайызға өскен. (2015 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге) .

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41, 7%) маманданған. Мақсары (13, 3%), арпа (3, 1%), көкөніс (2, 3%), картоп (1, 9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18, 0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30, 0%-ын ет өндірісі, 17, 5%-ын дәнді дақыл, 15, 0%-ын сүт, 9, 6%-ын көкөніс құрайды.

Ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін статистика мәліметіне қарап, талдап өтетін болсақ: сүт өндіру 2015 жылдың I-жартыжылдығымен салыстырғанда 103, 1 пайызға өсіп, 24021 тоннаны, жұмыртқа өндіру 104, 4 пайызға өсіп, 9036, 0 мың дананы, ірі қара мал басы 102, 8 пайызға өсіп, 36641 басты, оның ішінде сиырлар саны 101, 9 пайызға өсіп, 16956 басты, қой мен ешкінің басы 100, 9 пайызға өсіп, 113619 басты, жылқының басы 101, 7 пайызға өсіп, 10895 басты құрады.

2018 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен 6065 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119, 9 пайызға артқан (2017 жылдың тиісті кезеңінде 5059 ірі қара мал ұрықтандырылған) . Үкімет тарапынан 2018 жылға ауданға-40 млн. теңге субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта 816 шаруашылықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне - 34177, 2 мың теңгеге өткізілді, яғни 85, 4 пайызға игерілді.

Климаты континентті. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура -4-6°С, шілде айында 25-28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм.

Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялыш, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында шәптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік; өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі.

Аудан бойынша Европалық банктің қайта өндеу саласын дамыту секторы арқылы аудандағы-14 шаруашылыққа 3-4 жылға 16 пайызбен-21 млн. теңге қаржы берілді.

Жобаланып жатқан нысан аймағы Қазығұрт тау бөктерінің оңтүстігіндегі тау алды жазық далада орналасқан. Геоморфологиялық жағынан телім Арыс өзенінің солтүстік батыс жағына қарай еңісті суармалы терассалы болып табылады. Жергілікті жер бедері жазық еңісті, кейбір жерлерінде қырлар мен сай есебінен әлсізтолқынды болып келеді.

Су көзі ретінде аралас түрде, демек мұздықтар, жауындар, еріген сулар және бұлақтар арқылы толықтырылып тұратын Арыс өзені.

Өңір климаты ең алдымен күрт өзгеретін температуралық өзгермелігімен сипатталады, демек қалыпты жылы қыс және өте ыстық жаз, жылдамдығы 15м/с қатты желді, көктем мезгілі өте қысқа, булану процесстері интенсивті және бүкіл жыл мезгілі аралығында тікелей күн сәулесі түсумен ерекшеленеді. Өңір климатын сипаттау үшін нысанға жақын орналасқан Түлкібас қаласының метеорологиялық бекетінің мәліметтері пайдаланылды. Суарылатын телім аймағының агроклиматтық сипаты бойынша өте ыстық тау маңындағы аймаққа жатады. 10°С жоғары оң температуралардың сомасы шамамен 4095°С, ал орташа жылдығы 10, 2°С құрайды. Жыл бойындағы атмосфералық жауындар соммасы 706 мм, ал сол мерзімдегі булану 1343 мм жетеді.

Вегетациялық мерзім аралығындағы атмосфералық жауын мөлшері 331 мм құрайды. Соңғы аяздар сәуір айының екінші декадасының басында аяқталады, ал алғашқы аяздар қазанның үшінші декадасының басында басталады. Ең салқын ай қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы -5, 9°С, ал ең ыстық шілде айындағы ауаның орташа температурасы +25, 6°С.

Суару телімінің ай бойынша климаттық мәліметтері 1. 1-кестеде келтірілген.

Кесте 1. 1 - Суару телімінің ай бойынша климаттық мәліметтері

Айлар

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық

Егістік атауы
Айлар: 1
І: 2
ІІ: 3
ІІІ: 4
ІV: 5
V: 6
VI: 7
VII: 8
VIII: 9
IX: 10
X: 11
XI: 12
XII: 13
Жылдық: 14
Айлар: І. Ауаның орташа жылдық тем-ы, °С
І:

-5, 9

ІІ:

-4, 4

ІІІ:

2, 7

ІV:

11

V:

16, 9

VI:

22, 4

VII:

25, 6

VIII:

23, 6

IX:

17, 7

X:

10, 4

XI:

3, 5

XII:

-0, 9

Жылдық:

10, 2

Айлар: ІІ. Алғашқы және соң-ғы аяздардың түсуінің орташа күндері және аязсыз күндер мерзі-мінің ұзақтығы
І:
ІІ:
ІІІ:
ІV: 12
V:
VI:
VII:
VIII:
IX:
X: 20
XI:
XII:
Жылдық: 190
Айлар: ІІІ. қар қабатының пайда болу күні және жыл бойындағы қар қабатты күндер саны
І:
ІІ: 26
ІІІ:
ІV:
V:
VI:
VII:
VIII:
IX:
X:
XI:
XII: 15
Жылдық: 85
Айлар: ІV. Жауындардың ор-таша мөлшері, мм
І: 45
ІІ: 48
ІІІ: 53
ІV: 99
V: 98
VI: 61
VII: 41
VIII: 26
IX: 28
X: 30
XI: 35
XII: 42
Жылдық: 706
Айлар: V. Абсолютті макси-мальды темп-ра, °С
І: 17
ІІ: 20
ІІІ: 25
ІV: 30
V: 35
VI: 39
VII: 40
VIII: 40
IX: 37
X: 33
XI: 27
XII: 20
Жылдық: 40
Айлар: VI. Темп-ң абсолютті минимумы, °С
І: -30
ІІ: -29
ІІІ: -24
ІV: -8
V: -4
VI: 5
VII: 9
VIII: 8
IX: -2
X: -11
XI: -30
XII: -29
Жылдық: -30
Айлар: VІІ. Қатты желді күн-дер саны, 15м/сек
І: 2
ІІ: 2
ІІІ: 2
ІV: 2
V: 3
VI: 2
VII: 2
VIII: 3
IX: 2
X: 1
XI: 2
XII: 2
Жылдық: 25
Айлар: VIІІ. Ауа ылғалды-ғының орташа айлық дифициті, м. б.
І: 2, 0
ІІ: 2, 2
ІІІ: 3, 2
ІV: 7, 0
V: 12, 9
VI: 19, 6
VII: 26
VIII: 22, 7
IX: 15, 2
X: 8, 0
XI: 3, 9
XII: 2, 2
Жылдық: 124, 9
Айлар: ІХ. Ауаның салыстыр-малы ылғалдығы, %
І: -
ІІ: -
ІІІ: -
ІV: 47
V: 35
VI: 28
VII: 21
VIII: 21
IX: 25
X: 35
XI: -
XII: -
Жылдық: -

1. 3 Инженерлік - геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары

Зерттеудің мәні суару телімінің инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу болып табылады. Іздестіру процессінде орындалған негізгі жұмыстардың физикалық көлемі 1. 2-кестеде келтірілген.

Кесте 1. 2 - Іздестіру процессінде орындалған негізгі жұмыстардың физикалық көлемі

Жұмыстың аталуы
Өлшеу құр.
Саны
: N/N
Жұмыстың аталуы: 1
Өлшеу құр.: 2
Саны: 3
: I
Жұмыстың аталуы: Суару телім ауданының инженерлі-геологиялық барлау
Өлшеу құр.: га
Саны: 875, 0
: II
Жұмыстың аталуы: Ұңғымаларды механикалық бұрғылау
Өлшеу құр.: П. м.
Саны: 128, 0
: III
Жұмыстың аталуы: Нестеров әдісі бойынша сынама суару жүргізу
Өлшеу құр.: суару
Саны: 5
: IV
Жұмыстың аталуы: Инженрлі-геологиялық зерттеу
Өлшеу құр.: П. м.
Саны: 15, 0
: V
Жұмыстың аталуы: Монолиттерді таңдау
Өлшеу құр.: монолит
Саны: 38, 0
: VI
Жұмыстың аталуы: Нестеров әдісімен суару
Өлшеу құр.: суару
Саны: 8

Зерттелетін телім тау бөктеріндегі жазық еңісті жазықтық. Геологиялық қатынаста телімнің жер беті орташа және ауыр суглинкалардан тұрады, оған қуаттылығы 6м дейінгі қиыршық тастар кіреді. Ашылған иыршықтастардың қуаттылығы шамамен 10 м.

Суару телімінің аймағында жер асты сулары анықталмаған. Жобаланушы телім үшін су балансының есебі негізінде, суару есебін алмағанда, жер асты суларының көтерілуі болмайды. Ауылшаруашылық өнімдерін суаруға қажетті суды үлестіру барысында жер асты суларының деңгейінің көтерілуі күтілмейді.

1. 4 Көкөніс ауыспалы егістері

Көкөніс ауыспалы егістерін қолданғанда дақылдардың өнімділігін арттыру сияқты жалпы қағидалармен қатар, бұл дақылдарға тән ерекшеліктерін естен шығармау керек. Олардың ішінде ең алдымен зиянкестер мен аурулардың топырақтағы қоздырғыштарының сақталу мерзімінің маңызы зор.

Көкөніс дақылдарының ішіндегі бір тұқымдастарының ортақ зиянды организмдері жеткілікті болады. Сондықтан ауыспалы егісте оларды бірінен кейін екіншісін қатар орналастыру көбіне сәтсіздікке соқтырады.

Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, ор түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп -крахмалға, ал қызылша - қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде - организмде А витамині түзілетін - каротин (А провитамині көп) ; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк - хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым коп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек.

Екіншіден дақылдарды алмастырып егу арқылы арам шөптерден қүлылу жолын іздеу керек. Ауыспалы егістерде ерте көктемде себілетін немесе отырғызылатын дақылдар танапты ерте босататын алғы егістерден кейін орналасуы дұрыс. Бұлай еткенде күз мерзімінде арамшөптерді біраз жоюға мүмкіншілік туады. Керісінше, күзде танапты кеш босататын дақылдардан кейін келесі көктемде кеш егілетін немесе отырғызылатын дақылдарды орналастырған жөн. Себебі оларды сепкенге дейінгі уақытты пайдаланып, егістікті арамшөптерден біраз арылтуға болады.

Тағы бір есте болатын жағдай; баяу өсуіне, вегетативті массасы аз болуына байланысты арамшөптермен күресу қабілеті төмен дақылдарды тез өсетін, қалың жапырақты, қатар аралықтары кең болып келетін алғы егістерден кейін орналастырған тиімді болады.

Көкөніс дақылдарынан жоғары өнім алу үшін топырақтың қоректік режиміне көп көңіл бөлінеді. Көптеген бағалы дақылдар көң бергенде ғана мол енім береді, ал кейбір басқа дақылдар оның келесі жылдардағы қалдықтарын пайдаланып та дұрыс өнім береді. Оған қоса көң қолданғанда сэбіздің тамырының ұшы бұзылып, тармақтана бастайды, жуаның сақталғыштығы төмендейді, солтүстік облыстарда қызанақтың вегетациясы созылып жемісін аз салады. Сонымен, қоректік заттарды көп талап ететін дақылдардан кейін аз қажет ететін дақылдарды орналастыру керек.

Тағы бір көңіл аударатын жағдай көкөніс дақылдарының тамыр жүйесіне байланысты. Жуа мен қиардың тамырлары негізінен топырақтың өңдеу қабатында таралады жэне сіңіру қабілеті төмен болады, ал қырыққабаттың, сәбіздің, қызылшаның, бақша дақылдарының тамырлары тереңге кетеді. Сондықтан топырақтан қоректік заттарды, ылғалды жэне басқаны біркелкі пайдалану үшін оларды өзара алмастырып отыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі
Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимін есептеу
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
ОҚО Төлеби ауданына қарасты «Алмалы» шаруа қожалығының 450 га көкөніс дақылдары алқабын суғару жүйесінің жобасы
Райымбек ауданының егіншілік саласы
Шаруашылық ішіндегі су пайдалану жоспарларын құру
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі
Ауыспалы егіс құрылымын және ауылшаруашылық дақылдарын суару режимін негіздеу
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz