Келес - Сырдария алабындағы өзен



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
___________________________________ ____________________
пәні бойынша курстық жоба

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Жоба тақырыбы: ___________________________________ __________________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________
Мамандығы: ___________________________________ ______________________

Орындаған: ________________________________ тобы ________________
(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші: ___________________________________ _______________________
(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жоба _______________ бағасына қорғалды
(бағасы)
________________2019 ж

Норма бақылау:
___________________________________ _____________
(қолы, аты-жөні)
Комиссия:
___________________________________ _____________
(қолы, аты-жөні)

___________________________________ ______________
(қолы, аты-жөні)

Шымкент 2019 ж.
Ф.7.04-04
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі
Султанбекова П.С. ______________
________2019 ж.
___________________________________ ____________________
пәні бойынша курстық жоба (жұмысқа)
№ _____ТАПСЫРМА
Студент ___________________________________ ____ тобы _________________
(тегі, аты-жөні)
Жоба (жұмыс) тақырыбы: ___________________________________ _________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________
Берілген мәліметтер ___________________________________ _______________
___________________________________ _________________________________


Түсіндірме жазбасының мазмұны
курстық жоба (жұмыс)
Орындалу мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5


Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны

Формат
1

2

3

Әдебиет:
1___________________________________ ________________________________
2___________________________________ ________________________________
3___________________________________ ________________________________
Тапсырманың берілген күні ______________________________
Жұмысты қорғау күні __________________________________
Жұмыс жетекшісі___________________________________ __________________
(оқытушының аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ___________
(студенттің аты-жөні, қолы)
Ф.7.04-06

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі
Султанбекова П.С. ______________
________2019 ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау
ХАТТАМАСЫ № ______

___________________________________ ______________________________пәні

студент ___________________________________ ______ тобы _______________

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы: ___________________________________ ___________________________________ ____________________ ___________________________________ ___________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды: 1.___________________________________ ________________________________2.___________________________________ ________________________________3.___________________________________ ________________________________

Курстық жобаны (жұмысты) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) ______ , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) ________балл
Сомалық баллы ___________.
Жобаның (жұмыстың) бағасы _________________________.

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі: ___________________________________ _____

Комиссия мүшелері: ___________________________________ __________________

Комиссия мүшелері: ___________________________________ __________________

Қорғау күні ____ _____ 2019ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1
Сарыағаш ауданының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.1
Құркелес өзенінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
2
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2.1
Бөгеттің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ...
10
2.1.2
Бөгет денесін құруға арналған топырақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
2.1.3
Бөгет профилін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2.1.4
Жобаланған бөгеттің өлшемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
2.1.5
Дренаждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.2
Бөгеттің сүзілу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.3
Бөгеттің баурайының беріктілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2.3.1
Жер бөгеттерінің отыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.4
Су алатын құрылымды жобалау және гидравликалық есебі ... ...
17
2.4.1
Құбырлы суалғыштың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.4.2
Каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
2.4.3
Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.5
Су тастайтын құрылымды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
2.5.1
Құбырдың диаметрінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
2.5.2
Су тастағыш каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
2.5.3
Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32

Кіріспе

Жобаның өзекті мәселесі - Қазақстан жерінде өзен, көл мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгеилік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорының ішінде әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады.Кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейі 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең - байтақ аумақта біркелкі таралмаған. Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі-мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік мұздық анықталды. Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы Жетісу Алатауында, қалған Іле мен Күнгей, Теріскей Алатауларында Алтай мен Сауыр жоталарында. Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар және беткейлік,денудациялық беткейлер мұздықтары.Осының ішіндегі көп тарағаны аңғарлық мұздықтар. Мұздық суы тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынның басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Қазақстан өзендерінің ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 840694-і шағын, 305 - і орташа және 23-і ірі өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысында Алтай , оңтүстік-шығысында Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары 0,4-1,8 км² шамасында.
Курстық жобаның мақсаты: Құркелес өзенінде біртекті топырақтан жасалған бөгетті жобалау.
Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек келеді. Өзендердің көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс , Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Қара теңіз алабына қарайды. Қазақстндағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы 1700км ,жалпы ұзындығы 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі СЭС-мен яғни олар Бұқтырма және Өскемен реттелген. Ұзындығы жағынан екінші өзен -Сырдария. Қазақстандағы ұзандығы 1400 км, жалпы ұзындығы 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен-Іленің республика шегіндегі ұзындығы 815 км.
Курстық жобаның зерттеу объектісі - біртекті топырақтан жасалған бөгет, оның құрылымы мен гидравликалық сипаттамалары.
Батыс Қазақстан жерінінің негізгі өзенінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңтүстік Оралдан басталады.Қазақстандағы ұзындығы 1082 км, жалпы ұзындығы 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен қатар Есіл , Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, СҚұркелесу, Нұра, Талас, Жем ,Ойыл өзендері жатады. Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48262 көл айдынының 45 248-і шағын көлдер қатарына жатады. Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген км алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км² болып 21 580 көл болса, бүкіл Орталық және Түркістанда жалпы аудан 4658 км² болатын 17 554 көл ғана бар. Қазақстан көлдері пайда болуына байланысты тектоника және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке Жалаулы, Қызылқақ Үлкен Қараой жатады. Жер асты сулары алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты - жарықшақты, жарықшақты-қабаттық және қабаттық жер асты сулары болып бөлінеді.

1 Сарыағаш ауданының табиғи жағдайы

Облыстың оңтүстік белігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік 1928ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы- Сарыағаш қаласы.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбай молда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда -2-3″С, шілдеде 24-28-С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі.
Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі казақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қабыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті (2,6). Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс. бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеншар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында Сарыағаш шипажайы АҚ, Арман, Алтын бұлак-Р демалыс орындары, балалар шипажайы бар. Алекс ЖШС -- Қазақстан -- Польша бірлескен кәсіпорны, Демеу, Әсем-ай, Курорт-Барс-2030 ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, Мырзакент АҚ, Айша бибі ӨК-мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. Сенім ЖШС-тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін Жүзім бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта Қабыланбек шарап жасайтын компаниясы, Дербісек-Бахус ЖШС, Назико ЖШС, Ақжол АҚ-ның шарап зауыттары, жүзім өндейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта, 31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің -- 9,5%, жүгерінің -- 26,5%, күнбағыстың -- 36,5%, картоптың 30,5%, көкөністің -- 26,4%, жемістің -- 24,5%, жүзімнің -- 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың -- 10,4%, оның ішінде сиырдың -- 12,5%, қой мен ешкінің -- 13,7%, шошқаның -- 3,7%, жылқының -- 8,4%, шоғырланған: түйе -- 180, құс -- 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында Келес ӨК-нің су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.
Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылы дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент-Термез халықаралық автомобиль магистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

1.1 Құркелес өзенінің сипаттамасы

Құркелес - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан облысы Сарыағаш, Шардарааудандары жерімен ағады. ұзындығы 144 км, су жинайтын алабы 3600 км2. Құркелес Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысындағы белесті қырат бұлақтарынан басталып, Сырдария өзені бойындағы Шардара бөгеніне құяды. Арнасы тік жарлы. Аңғары кең. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы бау-бақша суаруға пайдаланылады.
Қазығұрт ауданының ең ірі өзенінің бірі-Келес. Келес- Сырдария алабындағы өзен. Бұл өзен Қазығұрт, Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км2. Қаржантаудың батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, құяр жері Шардара бөгені болып табылады. Жол-жөнекей оған әр жерлерден түрлі бұлақтар қосылып отырады. Бастапқы ағысында өзен мөлдір таза болып келсе орта ағысынан асқанда лайқай түседі. Жолдағы адамдардың іс-әрекеттерінің арқасында. Келес өзенінің басты салаларына: Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай тағы басқа кіші салалары бар. Бұл өзеннің суы тұщы. Келес Қазығұрттан өтіп Қапланбекке жақындағанда көбейе түседі. Қапланбектегі Келестің көп жылдық орташа су ағымы 5,9 м3с шамасында. Өзен суы жол-жөнекей бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, егін суаруға пайдаланылады. Соңғы құяр жері- Шардара су қоймасы. Тағы бір ірі өзендердің біріне- Құркелес өзені. Ол Қазығұрт пен Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. Жалпы ұзындығы 98км, су жиналатын алабы 3600км2. Тасқұдық өзенінің сағасына келгенде жылдық орташа су шығыны 0,44м2с. Бастауы тік және жарлы болып келеді. Аңғары кең әрі енді. Аудандағы өзендердің бірі- Өгем. Өгем тау сілемдерінен бастау алатын бірден-бір өзен. Бастауы жарлы тік. Өгемнің жағасында түрлі ауруларға пайдаланылатын шөптер өседі. Ол басында суы аз кішкене өзенге ұқсап көрінеді. Орта сағасына келгенде суы көбейе түседі. Өгемнің негізгі салаларына: Майдантал, Байдыберік, Сайрамсу, Сарыайғыр тағы басқа өзендер бар.
Су ресурстарын тиімді пайдалану дегеннің өзі ағып жатқан кішкене суды да бір мақсатта пайдалану. Суды тиімді пайдалануға: оның бойына егерде ол үлкен өзен болса сарқырамаға су электр станцияларын салу, жағажайларда демалыс орындарын ұйымдастыру, үлкен мөлшердегі астықтарды суландыру үшін каналдар салу, және де өзенге балықтардың көп түрінің ұрықтарын салып екі жылдай өнуіне мүмкіндік беріп, содан соң балық аулайтын жер екенін көрсетіп қойып, жыл сайын мезгілінде балық аулау сайыстарын өткізіп тұру, су ойындарын ұйымдастыру да жатады ол үшін өзеннің бірқалыпты жерлерін пайдаланып катомаран, су қайығын және су асты құралдарын адамдарға бере отырып су астын тамашалатуға болады, тағы да жағажайларда волейбол ойындарын ұйымдастыру. Бұл айтқан саяхаттар мен су ойындарын ірі деген Келеске кірістіруге болады. Суды ең бастысы егін шаруашылығы үшін пайдалану. Келестің суы мол дегенмен оны ешқандай тиімді мақсатта пайдаланбай отыр.
Ол үшін орта белінен асқан кезінде оның бойынан егістік алқаптарға қарай каналдар тарту, одан басқа кішігірім бау-бақшаларды суаруға болады. келес өзені Қазығұрттан өтіп Қапланбекке келгенде суы көп болады. Сондықтан менің айтайын деп отырған ұсынысым Келестің орта беліндегі мол суды жүзім шаруашылығына пайдалану. Жүзім шаруашылығы үшін бұл су таптырмайтын байлық болар еді. бұл округтің жер бедері тегіс болуы, жүзім үшін өте қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығының дамуына сенімдімін. Бұдан басқа алма, анар тағы түрлі жеміс-жидектер өсіруге болады. Сонымен қатар бұл ауданда Жүзімсай өзені бар. Аты айтып тұрғандай өзен алдын үлкен өзен болып, халық суын жүзім өсіру үшін пайдаланған. Қазіргі күнде суы көп емес дегенмен оны халық көп шоғырланған аймаққа бұру арқылы кіші болса да егістікке пайдалану. Бұл өзендерден бөлек: Мырғалымсай, Ащысай, Көкпарсай сияқты кішігірім өзендер кездеседі. Бұларды үлкен мақсаттарда пайдаланбасақ та халықтың ауыз суы есебінде, және де, тұрмыстық қажеттіліктерде пайдалану қажет. Ірі өзендердің бірі- Құркелес. Оны тиімді пайдалану үшін Келес өзені мен Құркелес өзенін екеуіне біріктіріп үлкен өзен шығару керек сонда оны үлкен мақсатта пайдалануға болады, ол да болса сарқырамаға кішекене болса да күлдіреуік су электр станциясын салу.

2 Негізгі бөлім

2.1 Бөгеттің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау

Барлау және іздеу жұмыстарынан бұрын соғылуы тиіс су қоймасының орнындағы Құркелес өзеніне бақылау жүргізілді.
Бөгеттің қимасын таңдау кезінде негізгі шарттар келесідей болды: су қоймасында судың мүмкін болатын үлкен көлеміне құру; бұлақ ағынының жиналуы үшін негізгі арнаға орналастыру немесе жақтарындағы қорғаушы бөгеттердің биіктігі мүмкіндігінше төмен болатындай жасау.
Таңдалған қима осы талаптарға толық дерлік жауап береді.
Жер бөгеті және су қоймасында жобаланушы ғимараттар СНиП 2.06.01-86- 2 бөлімі, 50 тарауға сәйкес III топқа жатады. Бұл жағдайда бөгеттің тобын жоғарылату үшін ерекше жағдайлар қажет емес.

2.1.2 Бөгет денесін құруға арналған топырақтар

Ауыр, орташа, жеңіл, шаң тәрізді, орман тәрізді саздақты және құмды байланысқан топырақтар бөгеттің суға төтеп беретін барлық бөліктеріне ең жақсы шикізат болып табылады.
Бөгеттің сол және оң жақтарына құмды, саздақты және саз балшықты топырақтар төселеді. Олардың қорлары бөгетті құруға әбден жетеді.
Осы аталған топырақ түрлері бөгет денесін құру үшін алынды. Өзен арнасында бөгеттің табаны ретінде тереңдігі 1,5 метр болып келетін және саздақ әр құмды топырақтардан құрылған жер алынды. Әрі қарай қуаты 7,50-ге дейін және сарғыш-сұр құмды топырақтан, ал төменірек тығыздығы орташа болып келген шаң тәрізді ақшыл көк және сұр-қызғылт түсті құмнан, ал одан төменірек саз балшықтан жасалған [1].

2.1.3 Бөгет профилін таңдау

Бөгет профилі шөгуге қарсы беріктілікті қанағаттандыратын қарапайым құлама беткейлері салынған, жоғарғы құлама беткейі монолитті темірбетонмен, ал төменгі беткейі шөппен және дренажды призмамен бекітілген түрде қабылданды. Себебі бөгеттің биіктігі 6...8 метрден асқан жағдайда дренаж қолданылады. Құлама беткейлердің беріктілігі төменде көрсетілген есептеулер негізінде тексерілді.
Профиль келесідей болып қабылданды: жотаның ені-10 м, жоғарғы бөліктің құлама беткейі m1=3,0, ал төменгі құлама беткей m2=1,75. Бөгеттің максимальді биіктігі 17 метр шамасында.
Жобада бөгетті пайдалану, жөндеу үшін және ауыл шаруашылық машиналарының өтуі үшін бөгеттің жотасы бойынша СНиП бойынша IV топқа (классқа) жататын жол қарастырылған.
Ауыл шаруашылық құрылысы бойынша анықтамаға сәйкес IV топқа жататын жолдардың жүретін бөліктің ені 10 м тең. Жотасы бойынша жол саздақ балшықты қоспадан жасалынады және екі бьеф жағынан да темірбетонды бағаналармен қоршалады [2].

2.1.4 Жобаланған бөгеттің өлшемдері

Берілген шарт бойынша, яғни бөгеттегің биіктігі 17 метр болғандықтан, ол бөгет төмен немесе жоғары деңгейлі бөгетке жатады.
Сондықтан бөгеттің үстіңгі жағындағы беткей ұзындығы вгр.п = 10 м етіп қабылданды.
Бөгеттің негізгі (құрамы) материалы саздақ болғандықтан және берілген биіктігі Н = 17 м болғандықтан, еңістігін яғни жоғарғы бьефті m1 = 3,0 төменгі бьефті m2 = 1,75 етіп қабылдаймыз.
Бөгетті тұрғызуға қажетті басқа да мәліметтерді берілген тапсырмадан аламыз.
Берілген мәндер:
1) Желдің жылдамдығы, ;
2) Толқынның басталу қашықтығы, ;
3) Бөгеттің сүзілу коэфициенті, ;
4) Қабылданған су мөлшері, ;
5) Шығарылған су мөлшері, .

Судың биіктігі, яғни бөгеттегі су тереңдігінің жоғары қалыпты деңгейдегі нүктеден бөгетттің биіктігіне дейінгі арақашықтықты табу үшін, ең алдымен судың тереңдігін анықтаймыз.

(2.1)

Плотинаның биіктігін анықтаймыз:

(2.2)

мұндағы: - ең жоғарғы су деңгейінен бөгеттің жотасына дейінгі аралық;

(2.3)

мұндағы: - желдің әсерінен болатын толқынның көтерілуі;
- толқынның бөгеттің құлама беткейіне шапшу биіктігі;
а - қосымша биіктік құрылымның класына байланысты қабылданады, а=0,5 м;
Енді, еңістіктің желдік биіктігін табамыз. Ол

(2.4)

мұндағы: - тәжірибе коэфициенті ();
D - толқынның басталу қашықтығы;
- бөгетке тік бағытта әсер етуші күшпен бөгет өсінің арасындағы бұрыш.

hH=0,0208W54Д, м (2.5)
hH=0,0208W54Д13=0,0208::1654::10 13=1,5 м

2.1.5 Дренаждар

Бөгеттің биіктігі 6...8 м-ден артқанда оны көбінесе дренажбен жабдықтайды. Дренаж депрессия сызығын төмендетеді, бөгеттің денесінен сүзілген суды төменгі беткейге шығармай жинап, төменгі бьефке ағызады. Дренаж қабылдағыштан және жиналған суды тасымалдап бөгеттің денесінен шығарып жіберуге арналған бөлшектерден тұрады. Қабылдағыш бөгеттің денесімен сүзілген суды қабылдайды, сонымен қатар топырақ құрамындағы сүзілуден болуы мүмкін өзгерістерден қорғайды. Горизонтальді дренаждарда қабылдағыш ретінде бірнеше қабатты сүзгіш қолданылады. Сүзіндіні тасымалдау үшін ірі тас немесе құбыр қолданылады. Тік дренаждың қабылдағышы ретінде ұсақ саңылаулы бетон немесе түрлі жасанды минералды талшықтардан жасалған мақта, мата, киіз, плита қолданылады [3].
Ендігі жерде дренаж өлшемдері қабылданады. Дренаждың жоғарғы беткей ұзындығы , дренаждың биіктігі , жоғарғы баурай коэффициенті m1др =1,0, төменгі байрай коэффициенті m2др =1,5 етіп қабылдаймыз, су болған жағдайда. Бөгет 10 м-ден жоғары болғандықтан 10 м сайын берма қоямыз. Оның өлшемдері: ені в = 3 м, жоғарғы баурай коэффициенті m1б = 0,5 + m1 = 0,5+3,0 = 3,5, төменгі баурай коэффициенті m2б = 0,25 + 1,75 = 2 етіп қабылдаймыз.
Қабылданған және есептелген параметрлер бойынша бөгет қимасы тұрғызылады (сурет 2.1).

2.2 Бөгеттің сүзілу есебі

Бұл есептің мақсаты:
а) бөгеттің, бөгет астындағы жер қабаттары мен өзен жағаларының сүзілу беріктігін анықтау;
б) бөгеттің беткейлері мен өзен жағаларының орнықтылығын анықтау;
в) бөгеттің су сүзілуін азайтатын құрылым - дренаждың тиімді пішіні мен мөлшерлерін дәлелдеп тағайындау.
Бұларды шешу үшін бөгеттің денесіндегі және өзен жағаларындағы депрессия жазықтығының орны анықталып, сүзінді ағынның тегеуріні немесе тегеуріннің градиенті есептелінеді. Оған қоса жоғарғы бьефтен төменгі бьефке сүзіліп шыққан судың шамасы анықталады.
Біртекті топырақтан жасалған бөгеттің су сүзілу есебі
1) Бөгеттің көлденең қимасын тұрғызамыз.
2) Қима сызықтың орналасуын анықтаймыз:

lр = λ · Н= 0,42 · 15 = 7,74 м; (2.6)

мұндағы: λ - коэффициент, ол мына формула бойынша анықталады:

λ = m11+2· m1=31+2· 3 = 0,42 (2.7)

3) Қима сызық пен дренаждың бас нүктесіне дейінгі аралықты анықтаймыз:

L = lр + (∇ГП - ∇ФПУ) · m1 + b + (∇ГП - ГБ) ·m2 + bб + (∇ГБ - ∇ГДp) · (m2 + 0,25) - (∇ГДp - ∇Т) · m1др = 7,74+(109-107)3+10+(109-102)1,75+3+ (102-95)·2- (95-92)1 = 68 м (2.8)

4) Дренаждың бас нүктесіндегі депрессия сызығының ординатасын анықтаймыз:

h1 = L2+ H2 - L=682+ 152 - 68 = 1,6м (2.9)

5)Координаттың бас нүктесін анықтаймыз

l = h12 = 1,62 = 0,8м (2.10)

6) Депрессия сызығын саламыз

(2.11)


Есептелген мәндер 2.1-кестеге енгізіледі.

Кесте 2.1 - Депрессия сызығын анықтау
х, м
10
20
30
40
у, м
4,6
6
9
12,6

7) Фильтрацияға кететін судың мөлшерін анықтаймыз

q = Kпл·h1= 0,035·1,6 = 0,56 м³тәул (2.12)

Депрессия сызығы 2.1- суретте көрсетілген.

2.3 Бөгет баурайының беріктігін есептеу

Бөгет беткейлерінің көлбеуліктері алдын - ала қабылданған еді. Бөгеттің төменгі беткейінің орнықтылығына әсер ететін күштің бірі сүзіліп аққан су болып табылады. Бұл ағынның мөлшерлері анықталады. Басқа күштер бөгеттің салмағына, үйкеліске, бөгет құрылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты. Орнықтылықты есептеуге керек материал қасиеттері белгілі, демек бөгеттің төменгі беткейінің орнықтылығын есептеп, оның алдын-ала тағайындалған мөлшерінің дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтауға болады.
Бөгет табанындағы жер қабатына әсер ететін күштер әсерінен бөгет беткейі опырылып қалуы мүмкін. Опырылған беткеймен бірге жер қабаты да сығылып көтерілуі мүмкін. Опырылған беткей материалы қандай да бір белгілі еттің үстімен жылжып түседі. Бұл бет немесе қисық болуы мүмкін. Айтып отырған беттің түріне байланысты аналитикалық, графоаналитикалық, графикалық және тағы басқа көптеген есеп тәсілдері бар. Беріктілік коэфициенті анықталып, оны допустимый коэфициентпен салыстырамыз.
(2.13)
Куст = Кдоп

Егер Куст Кдоп болса, қабылданған баурайының коэфициентін өзгертеміз және фильтрацияны азайтамыз.
1) а нүктесінен екі сызық жүргіземіз. Біріншісін төменгі беткейге вертикаль жүргіземіз, ал екіншісін төменгі беткейге 85° жүргіземіз.
2) ав және ас кесінділерін анықтаймыз:
ав =18,22м
ас=32,1 м
3) Бөгеттің жотасы, төменгі баурайы және опырылу контурымен пайда болған ауданды бөлшектерге бөлеміз. Бөлшектердің енін мына формула бойынша анықтаймыз:

в=0,1∙R=0,1∙28=2,8 м (2.14)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар
Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу
Сырдария суының химиялық құрамы
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Қазақстанның ірі өзендері
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қауіпті экзогенді процестер
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Су экожүйесін қорғау
Пәндер