Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

«Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту»

6М010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы

Көкшетау, 2020

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Қысқартулар . . .

КІРІСПЕ . . .

І Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби

құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері.

  1. Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби

құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері . . .

  1. Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби

құзыреттілігін дамытудың маңызы мен психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . .

ІІ Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби

құзыреттілігін дамытудағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстары

  1. Болашақ мұғалімдердін жаһандану жағдайында кәсіби

құзыреттілігінің әдістемесі . . .

  1. Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби

тәжірибелік-эксперимент жұмыстары және нәтижелері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:

  1. Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Бiлiм туpaлы» Зaңы. Acтaнa. 27 шiлдe

2007.

  1. №1118 Жapлығымeн бeкiтiлгeн Қaзaқcтaн Pecпубликacындa бiлiм

бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғaapнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы.

  1. Қaзaқcтaн Pecпубликacы мeктeпкe дeйiнгi тәpбиe мeн oқытудың

мeмлeкeттiк жaлпығa мiндeттi cтaндapты, 2012 ж., 2016 ж.

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010жыл.

АНЫҚТАМАЛАР

Жаһандану - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үдерісі.

Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.

Құзыреттілік - алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Кәсіби құзыреттілік - педагогикалық қызметін атқару дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.

Жаһандық білім беру - педагогикалық концепция болып табылады, ол қазіргі замандағы жаһандық қарама-қайшылықтар мен проблемаларға жауап ретінде пайда болған. Оның мақсаты колледждегі білім беру деңгейінде жаһандық ой-пікірді қалыптастыру.

Жалпы кәсіби құзіреттілік - оқушылардың жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының дайындығы арқылы анықталады. Сонымен бірге бұл оқушылардың ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық білімі жатады.

Интеграция - экономика, әлеуметтік және саяси салада халықаралық байланыстар жүйесінің жаңа даму кезеңін сипаттайды.

Білім берудің жаһандануы - білім берудің қашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы.

Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Aқпapaт - дeгeнiмiз aқпapaтты aлушы кiciгe дeйiн қaбылдaу мexaнизмiнiң қaбылдaнды - түciнiктi - бaғaлaнды дeгeн үш cүзгiciнeн өткeн нәpce.

Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Әлеуметтік - психологиялық құзіреттілікті - ғалымдардың өз ішінен әлеуметтік, арнайы, ақпараттық, экологиялық, валеологиялық деп жіктеуі кездеседі.

Педагогикалық құзіреттілік - оқушылардың коммуникативті, конструктивті, ұйымдастыру қабілетінің жиынтығын айтады.

БEЛГIЛEУЛEP МEН ҚЫCҚAPТAУЛAP

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЮНЕСКО - Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

ЭЫДҰ -Экономикалық ынтымақтастық және Даму Ұйымы

ЖОЕҚ - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

ХҒПК - Халықаралық ғылыми- практикалық конференция

ЭТ - Эксперименттік топ

БТ - Бақылау топ

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Біздер жаңа XXІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазақта «елу жылда ел жаңа» - деген тұжырым бар десек, жаңа ғасыр да өзімен талай өзгерістерді, жаңалықтарды әкелуде. Осы тұрғыдан XXІ ғасыр жаһандану талаптарымен ерекшеленеді. Сол себептен қазіргі уақытта болашақ мұғалімдерге (мамандарға) талаптарды еңбек нарқы қоюда.

Бұл мәселелерді дербес немесе бірлескен топ іс-қимылдары арқылы шеше алатын, тәуекелшіл, білім менбіліктілік деңгейі жоғары, ұйымшыл, бастамашыл, жеке жауапкершілік, қарым-қатынасы, міндеттілік, кәсіби құзыреттілігінің ұтқырлық қасиеттері мен бәсекеге қабілеттігі талап етіледі. Бұл-деп отырғанымыз «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы мен негіздерінің аса маңызды міндеттерінің бірі және Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын (ЖОЕҚ) құрудың қажетті шарты болып табылады.

Мемлекеттіміздің ТұңғышЕлбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында білім культі жалпыға ортақ болуы тиіс деп атап көрсетті. Біздің елімізде жоғары білімді адамдар әлемдегі бәсекеге сай болуы үшін барлық мүмкін шаралар қолға алынуда. Мемлекет басшысы айтқандай, «білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру үлесі бойынша Қазақстан бүгінгі күні әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарында». Ұлт көшбасшысы бәсекеге қабілетті болу үшін жоғары білімді болу қажет деп атап көрсеткен [1] .

Сонымен қатар, Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында төртінші басымдық ретінде адами капиталдың сапасын жақсартуды атап көрсетті. Түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар іске қосылу кезеңіндегі Қазақстанның қазіргі жүріп жатқан білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінген [2] .

Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» - деген болатын [3] .

Әрине, жаһандану бір жылда бола қалған дүние емес. Қазақстан дамуының басты шарты - қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екенін атап, адамның өмір бойы білім алуына жағдай туғызуымыз керек және білімнің біртұтастығын сақтай отырып, балашақ мамандардың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзырлылыққа жеткізетін кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі.

Сол себепті жаһандану жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелеріне ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізген. Атап айтсақ, болашақ мұғалімдерді дайындау мәселесі кең түрде қарастырылған деуге болады.

Жаһандану және жаһандық білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі мәселесі европалық ғалымдар (Ф. Гальбартшлагер, X. Христидис [4] ), американдық (Д. Девлин-Фолтс [5] ), канадалық (Д. Браун, Д. Прайсверк, М. Сэнд, И. Стокко и А. Янг[6] ), ресейлік (Г. Ф. Шайдуллина [7], және т. б. ) еңбектерінде қарастырылған.

  • студенттердің кәciби ic-әpeкeткe дaяpлығын қaлыптacтыpу жәнe өзiн-

өзi әpi қapaй үздiкciз бiлiм aлу apқылы дaмытуының мoдeлiн құpылымдaу (C. И. Apxaнгeльcкий [8], A. A. Вepбицкий [9], және т. б. ) ;

  • маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық

негіздері, мамандықтың мәні, өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсыну (Н. В. Кузьмина [10], Н. Д. Хмель [11], С. М. Кеңесбаев[12], және т. б. ) ;

  • білім алушылардың танымдық, коммуникативтік әрекеттерінің түрлері

мен оларды белсендіру мәселелері (С. М. Жақыпов [13], М. Ә. Перленбетов [14], А. Р. Ерментаева [15], және т. б. ) ;

  • болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін

қалыптастыру (Ж. Ы. Намазбаева [16], Б. А. Тұрғынбаева [17], және т. б. ) ;

  • студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық

және практикалық аспектілерін (Ш. Х. Құрманалина [18], Б. Т. Кенжебеков [19], М. В. Семенова [20], С. И. Ферхо [21], және т. б. ) .

Сонымен, қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар кәсіби құзыреттілік мәселелерінің мән-мағынасына, жалпы адамзат қоғамындағы олардың рөліне айрықша мән беруде. Дегенімен де, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр. Демек, бұл мәселе бойынша тәжірибелерге, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік және т. б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар колледждегі оқу-тәрбие үдерісінде бұл қазіргі жаһанданудың жаңару кезеңінде болашақ мұғалімдердіңкәсіби құзыреттілігін дамыту қажеттілігі мен педагогика ғылымында аталған мәселелердің теориялық түрде жүйелі зерттелмеуі және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнының, әдістемесінің болмауы бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби теориялық және тәжірибелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: колледждегі оқу орындағы біртұтас педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Зерттеу міндеттері:

  • болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін

мәселелерін айқындау;

  • болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін

дамытудың маңызы мен психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

  • болашақ мұғалімдерінің жаһандану жағдайындағы кәсіби

жасау және дамыту тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыста сынақтан өткізу.

Зерттеу болжамы: егер , болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби біліктілігі, дағдылары, белсенді іс-әрекеті нәтижесінде меңгерілсе, әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда білімнің теориясыжәне тәжірибесі жаһандық білім беру талаптарына сәйкестендірсе, кәсіби құзыреттілігінің сапасы мен бәсекеге қабілеттері артар еді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі дамытуда барлық салалардағы отaндық жәнe шeтeлдiк ғылыми әдeбиeттep жәнe зepттeу жұмыcы тaқыpыбынa қaтыcты кeзeңдiк бacылым мәлiмeттepi құpaйды. Сонымен қатар, кәciби ic-әpeкeткe дaяpлығын (C. И. Apxaнгeльcкий, A. A. Вepбицкий және т. б. ) ; кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздері, мәні, өзіндік ерекшеліктері, қызметтері, өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік (Н. В. Кузьмина, Н. Д. Хмель, С. М. Кеңесбаев, және т. б. ) ; танымдық, белсендіру (С. М. Жақыпов, М. Ә. Перленбетов, А. Р. Ерментаева, және т. б. ) ; кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін (Ш. Х. Құрманалина, Б. Т. Кенжебеков, М. В. Семенова, С. И. Ферхо, және т. б. ) . зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми философиялық, педагогикалық - психологиялық еңбектермен, әдістемелік, технологиялық негіздері туралы тұжырымдамалар және идеялармен қарастырылады.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және әлеуметтану бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ғылыми педагогикалық мерзімді басылымдар және автордың педагогикалық тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: диссертациялық жұмысты жүргізу барысында қолданылған теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге теориялық әдіснамалық талдау жасау, салыстыру, озық іс-тәжірибелерді жинақтау; зерттеудің нәтижесін жобалау, үлгілеу, тұжырымдау) ; эмпирикалық (сауалнама, тест, педагогикалық бақылау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу) ; статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін

мәселелері айқындалды;

  • болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін

дамытудың маңызы мен психологиялық-педагогикалық ;

  • болашақ мұғалімдерінің жаһандану жағдайындағы кәсіби

құзыреттілігінің әдістемесін жасау және дамыту тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары сынақтан өткізілді.

Жұмыcтың жaңaшылдығы eң aлдымeн болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың қaзipгi жaғдaйынa, дaму пepcпeктивacынa сипаттама жасалып, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуды қолдауға кeшeндi зepттeу жүpгiзiлдi. Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби мaңызды нaқты қоpытындылap мен ұcыныcтap жacaлынды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу барысында қол жеткізген теориялық қағидалар мен тұжырымдар білім беру мазмұнын жаңартуға арналған практикалық оқу материалдарын жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытуда колледж студенттерімен жүргізілген педагогикалық зерттеу жұмыстарының талданды. Зерттеу тәжірибелерінде дайындалып, жұмысымызда ұсынылған «» пәнінің сабақ үлгілерін колледж мұғалімдеріне пайдалануға ұсынылынады.

Зерттеу базасы:

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары: диссертациялық зерттеудің мақаласы

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

І Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері.

1. 1 Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері

Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындаалдыңғы қатарлы орын алатын жалпы дүние жүзілік үдерістер шеңберінде көптеген өскелең ұрпақты бірегей дүниетанымдық көзқараспен, кәсіби құзыреттілігін дамыту жоғары кәсіби білім берудің басым бағыты болып табылады. Бұл кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі, маманның іскерлік сапасының өлшемі, және де күрделі құбылыс ретінде адамның өз міндеттерін шығармашылықпен орындауға ғана емес, сонымен қатар кәсіби өз мамандығын өзін-өзі орындай алуына, талдауға және мәселелерді шешуге, ғаламшар үшін жауапкершілікті, табиғатпен, қоғаммен, бүкіл әлеммен және өз-өзіңмен үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, осының барлығы кәсіби құзыреттілігінің шеберлігінің үйлесімді дамытуының арқасында көрінеді.

Осыған орай, Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында - жаһандану кезеңі- адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуімен, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық нарыққа айналуымен, жаһандық тіпті, «шекарасыз әлем» деген ұғыммен де байланыстырады. Әрине, жаһандану бір жылда бола қалған дүние емес. Қазақстан дамуының басты шарты - қоғам мүшелерінің білім деңгейініңартуына тікелей байланысты екенін атап, адамның өмір бойы білім алуына жағдай туғызуымыз керек және білімнің біртұтастығын сақтай отырып, жас ұрпақтың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзырлыққа жеткізетін кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қажет- деп айтқан болатын [22] .

Сондықтанда, бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Бұл дегеніміз өз кезегінде «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің педагогикалық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген. «Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді» деп көрсеткен [23] .

Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің педагогикалық кәсіби құзыреттілігін дамыту деңгейін көтеруге айрықша мән беру бүгінгі күннің талабынан туындап отырған мәселе. Біріншіден, бұл мәселені қарастырмас бұрын жаһандану дегеніміз не соны біліп алуымыз қажет.

Жаһандану - ұғымы мағыналы екенін атап өтуіміз қажет, міне осы қасиетінің арқасында бұл сөз кеңінен тарап кетті. Ғалымдар жаһанданудың қашан басталғандығы, оның дамуының ерекшеліктері жөніндегі әртүрлі ой-пікірлеріне қарамастан, бұл үдерісті өткен ғасырдың 60-жылдарының басымен байланыстырады, бұл кезде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардағы ғылыми-техникалық революция жаппай дами бастаған болатын.

Жаңа мыңжылдықтың тууымен «жаһандану» термині қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында соның ішінде білім берудің ең көп қолданысқа енген терминдердің бірі болып табылады. Жаһандану мәселесі ғалымдардың қоғамдық саяси қызметкерлердің назарын өзіне аударуда. Осы тақырып төңірегінде педагогикалық басылымдарында жарық көрген мақалаларында көптеген ғалымдар жаһандану құбылысын жаһандық ой-пікірді ескере отырып, оның негізгі сипаттамасын анықтап, жаһанданудыңқазіргі заманға тигізетін әсерін бағалай отырып, адамныңөмір сүру қабілетінің мән-мағынасын байқауға болады [24] .

Жаһандану - (глобализация, глобализм ) ұғымдары

ХХ ғасырда АҚШ-та қолданыла бастады. Алғашқы еңбектердің аттары «Шекарасыз әлем», «Біртұтас әлем», «Біртұтас экономика» - деген аттармен жарық көрді. Жаһандану әлемнің тұтастығын, өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара икемділігін қоғамдық санаға сіңіру. Шындығында жаһандану бұл бүкіл әлемді бір қалыпқа салу емес, бірлесу, топтастыру, әртүрлі, әртекті ұлттық, діни, саяси мүдделердің, өркениеттердің ықпалдасуы. Жаһанданудың сапалық мәні осында. Бірақ жаһандану қоғамның барлық саласына ықпал жасайтын күрделі, екі жақты құбылыс.

Қазіргі кезде әлемдік үдерістер шекараны білмейтін, көптеген мемлекеттердің бірігіп жасаған қимылдарын қажет ететін үдерістер арқылы жасалады. Жаһанданудың ерекшелігі әлемді бірегей кеңістік ретінде танудың тереңдігі мен ауқымы өсіп келе жатқандығында, ал ішкі жағдайлар сыртқы саяси акциялардан гөрі басқа мемлекеттермен халықтарға әсер ете бастауы.

Сонымен жаһандануды бір ғана анықтамамен сипаттау мүмкін емес, ол өте күрделі үдеріс. Жоғарыда айтылғаннан шығатын тұжырымдама: жаһандану дегеніміз - мемлекеттердің, этностардыңәлеуметтік деңгейінде бірегей қатынастар жүйесіндегі өзара әрекеттесуі. Жаһандану ұғымын толығымен ашып көрсетуге, біз жоғарыда айтылған пікірлер негізінде осы құбылыстың негізгі сипаттамаларын көрсетуге тырыстық:

1. Жаһандану - дегеніміз объективті, бірақөте қарама-қайшы үдеріс, адам қызметінің барлық саласына: экономика, саясат, білім беру, әлеуметтік-мәдени саласы, және т. б. жағымды не жағымсыз әсер ететін құбылыс.

2. Жаһандану - өзара шарттастықдамып келе жатқан деңгейі мен адамзат қызметіндегі көптеген салалар бойынша әр түрлі елдердің бірігіп күш салуын білдіреді.

3. Жаһандану - интернационалдық сапалы жаңа кезеңі, соған қарамастан ол ұлттық шекараны бұзуды ұсынған емес. Бұл кезеңдегі жаңалыққазіргі замандағы тәртіпке жаңа ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерінің екі жақты әсер етуі себепші болуы.

Бірінші жағынан, ғылыми-өндірістік кешеннің тез арада дамуы адамзатты экологиялық апатқа, яғни, әр түрлі елдердің тек біріге отырып шешімін табатын жаһандықмәселелердің пайда болуына әкеп соқты.

Екінші жағынан, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру кез-келген уақытта кез-келген жерде дерлік қажетті ақпаратты алуға, адамзат қызметінің бар саласында елдер арасында ынтымақтастықүдерісін жеңілдетіп, едәуір тездетуге мүмкіндік береді [25] .

Осыған байланысты болашақ мамандарымыз білім сапасын халықаралық стандарттарға негіздеп, жаһандану жағдайына мамандарды бейіндеу және кәсіби құзыреттілігін жүзеге асыру педагогика іліміндегі өзекті мәселе. Болашақ мұғалімдердің жалпы кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесі, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жетілген жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор.

Мұндағы басты талаптардың бірі - қазіргі жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту. Жоғары оқу орнының білім беру саласы бойынша болашақ мұғалімдердің іс-әрекетінде құзыреттілікті дамыту мәселесін педагогикалық, теориялық, әдіснамалықжәне әдістемелік жағынан ашып көрсету үшін және де басқа да ғылымдар саласында осы мәселелерге тиісті деректерге жан-жақты талдау жасау қажеттілігінде. Сол себептен, жаһанданудың білім беруге әсері ғылыми ортада әртүрлі түсіндіріледі.

Педагог С. Л. Зарецкаяның пікірі бойынша, «Егер де білім берудегі интернационалдық ұғымға сарапшылар арасында едәуір ауызбіршілік болған болса, жаһандану кезіндегі білім беруге әркім өзінше түсінік береді» -деген болатын. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) және басқа да халықаралықұйымдар экономикалықөркениет үдерістерін қарастыра отырып, бұрынғы «интернационалдандыру» терминнің орнына өз баяндамаларында «жаһандану» терминін кеңінен қолданды, бұл әрине, оның кең таралуына мүмкіндік берді - деп қарастырылады. Кейбіреулердің ойынша, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім берудің жаһандану үдерісі белсенді дамып келе жатырдеген де анықтамаларды беруде [26] .

Жаһандану дәуірінде қазіргі заман білім беру стратегиясы көбінесе болашақ мамандарда интеллектуалды даму мен ой-өрісі кеңдігінің жалпы деңгейін қамтамасыз ететін ойлаудың құралдары мен тәсілдерін қалыптастыруға деген бағыттылығымен анықталады.

Жаһандану жағдайындағы білім беру ең алдымен оқу бағдарламаларын әмбебаптандыру және тиісті білім мен түсініктерді қалыптастыру ретінде қарастырылады. Пекиндегі білім беру бойынша IV Дүниежүзілік форумда (2011) жаһандану дәуіріндегі білім беру мәселесі қарастырылды. Осы тақырып аясында мектеп саясаты, педагогикалық білім беру, білім беру сапасы, білім беру реформалары, білім беруді интернационалдандыру және т. б. мәселелер талқыланды. Жалпы 1970 жылы пайда болған «жаһандық оқыту» (global learning) термині “әлемдік мәселелер туралы интегративті білім алу” ретінде түсіндірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Үйірме сабағында оқушылардың көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Құзыреттілік теориясы
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz