Шал ақынның өмірі туралы деректер
Жоспар
І Кіріспе
1.1Тақырыптың өзектілігі.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Шал ақынның өмірі туралы деректер.
2.2.Шал ақынның шығармашылығының зерттелуі.
2.3 Жыраудың шығармашылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер

І тарау. Тақырыптың өзектілігі
Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі – Шал. Ол – негізінен бұқара халық идеясын жырлап, өмір қайшылықтарын көре білген, еңбекші халық ортасынан шыққан, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын. Шығармалары баспа бетін кейінірек көргендіктен, ақын творчествосы ұзақ жылдар бойы зерттеусіз қалып, тек кейінгі жылдарда ғана ғалымдар назарын аударып ақын әдебиет тарихынан берік орын алды. Сөйтсе де Шал туралы үзік – жұлық пікірлер өткен ғасыр әдебиетшілері еңбектерінде де ұшыраспайды емес. Мысалы, Шал туралы алғаш Шоқанның хабарлары мәлім.
Шоқан Уалиханов өзінің еңбегінде Атығай руының Бейімбетінен Шал деген ақын шыққанын ескертеді. Шоқан оны өз елінің тарихи шындығын көтеріп, өз руының өткенінен сөз қозғаған эпик жыраулардың бірінен санайды.
Шал - өз заманының беделді ақыны. Оның өлеңдері әр кезінің басты мәселелерін көтеріп, халыққа адамгершілік ақыл – ғибрат береді. Ақын шығармашылығы әдебиетіміздің әлеуметтік сырын айқындап, оның халықтық тенденциясын нығайтты. Әдеби тіл мен көркемдік тәсілдің ілгерілей түсуіне өз үлесін қосты. Сондықтан Шал еңбектерінің әдебиетіміз тарихында елеулі орны бар. Ол - өзінен кейінгі әдебиеттің көркемдік және идеялық өсу жолында, белгілі дәрежеде, ықпал етіп отырған көркемсөз шебері. Ақындарға тән өлең түрлерін меңгеріп қара өлең, нақыл арнауларды кең қолданған, өзіндік өрнегімен танымал талант.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мағауин М. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы, 1982.
2. Сүйіншәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы, 1997/2005.
3. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 3 том. Алматы 2000.
4. Сүйіншәлиев Х. VІІІ – XVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.
Алматы 1989.
5. Өмірәлиев Қ. «ХV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» Алматы, 1976.
6. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясы «Он ғасыр жырлайды» Алматы, 2006 (мәтін).
7. Жұмалиев Қ «XVIII-XIV ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, 1967.
8. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы, 1995.
9. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы, 1994.
10. «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» зерттеулер жинағы» Алматы, 1983.
11. Мәдібай Қ. «Хандық дәуір әдебиеті» Алматы, 1992.
12. Бегимов С. «Ақын жыраулар поэзиясының бейнелілігі» Алматы, 1991.
13. Қабдолов З. «Сөз өнері» Алматы, 2002.
14. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» Алматы, 1994.
15. Ахметов З. «Өлең сөздің теориясы». Алматы 1973.
16. Кенжебаев Б. «Түркі қағанатының біріне дейін» Алматы, 2004.
17. Мақаев Ш. «Көне түріктердің рухани мәдениеті» Алматы, 2002.
18. Сыздықова Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, 1993.
19. Танабаев Ө. «Жыраулар поэзиясы және тарихы» Алматы, 1999.
20. Мамырұлы Қ. «Қазақ тарихы» Алматы, 1995.
21. Сыдықов Қ. «Ақын жыраулар». Алматы, 1991.
22. Ысмайылов Е. «Ақындар» Алматы, 1956.
23. «Жамбыл және халық ақындары». «Шал ақынның өлеңдер зерттеулер, деректер». «Шал ақын шығармалары» Алматы, 1999.
1. Мағауин М. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы, 1982.
2. Сүйіншәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы, 1997/2005.
3. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 3 том. Алматы 2000.
4. Сүйіншәлиев Х. VІІІ – XVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.
Алматы 1989.
5. Өмірәлиев Қ. «ХV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» Алматы, 1976.
6. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясы «Он ғасыр жырлайды» Алматы, 2006 (мәтін).
7. Жұмалиев Қ «XVIII-XIV ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, 1967.
8. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы, 1995.
9. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы, 1994.
10. «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» зерттеулер жинағы» Алматы, 1983.
11. Мәдібай Қ. «Хандық дәуір әдебиеті» Алматы, 1992.
12. Бегимов С. «Ақын жыраулар поэзиясының бейнелілігі» Алматы, 1991.
13. Қабдолов З. «Сөз өнері» Алматы, 2002.
14. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» Алматы, 1994.
15. Ахметов З. «Өлең сөздің теориясы». Алматы 1973.
16. Кенжебаев Б. «Түркі қағанатының біріне дейін» Алматы, 2004.
17. Мақаев Ш. «Көне түріктердің рухани мәдениеті» Алматы, 2002.
18. Сыздықова Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, 1993.
19. Танабаев Ө. «Жыраулар поэзиясы және тарихы» Алматы, 1999.
20. Мамырұлы Қ. «Қазақ тарихы» Алматы, 1995.
21. Сыдықов Қ. «Ақын жыраулар». Алматы, 1991.
22. Ысмайылов Е. «Ақындар» Алматы, 1956.
23. «Жамбыл және халық ақындары». «Шал ақынның өлеңдер зерттеулер, деректер». «Шал ақын шығармалары» Алматы, 1999.
Жоспар
І Кіріспе
1.1Тақырыптың өзектілігі.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Шал ақынның өмірі туралы деректер.
2.2.Шал ақынның шығармашылығының зерттелуі.
2.3 Жыраудың шығармашылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер
І тарау. Тақырыптың өзектілігі
Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі – Шал. Ол – негізінен
бұқара халық идеясын жырлап, өмір қайшылықтарын көре білген, еңбекші халық
ортасынан шыққан, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын.
Шығармалары баспа бетін кейінірек көргендіктен, ақын творчествосы ұзақ
жылдар бойы зерттеусіз қалып, тек кейінгі жылдарда ғана ғалымдар назарын
аударып ақын әдебиет тарихынан берік орын алды. Сөйтсе де Шал туралы үзік –
жұлық пікірлер өткен ғасыр әдебиетшілері еңбектерінде де ұшыраспайды емес.
Мысалы, Шал туралы алғаш Шоқанның хабарлары мәлім.
Шоқан Уалиханов өзінің еңбегінде Атығай руының Бейімбетінен Шал деген
ақын шыққанын ескертеді. Шоқан оны өз елінің тарихи шындығын көтеріп, өз
руының өткенінен сөз қозғаған эпик жыраулардың бірінен санайды.
Шал - өз заманының беделді ақыны. Оның өлеңдері әр кезінің басты
мәселелерін көтеріп, халыққа адамгершілік ақыл – ғибрат береді. Ақын
шығармашылығы әдебиетіміздің әлеуметтік сырын айқындап, оның халықтық
тенденциясын нығайтты. Әдеби тіл мен көркемдік тәсілдің ілгерілей түсуіне
өз үлесін қосты. Сондықтан Шал еңбектерінің әдебиетіміз тарихында елеулі
орны бар. Ол - өзінен кейінгі әдебиеттің көркемдік және идеялық өсу
жолында, белгілі дәрежеде, ықпал етіп отырған көркемсөз шебері. Ақындарға
тән өлең түрлерін меңгеріп қара өлең, нақыл арнауларды кең қолданған,
өзіндік өрнегімен танымал талант.
ІІ тарау.
2.1 Шал ақынның өмірі туралы деректер.
Шал қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Қаратал
ауылында туыс өскен. Әкесі Құлеке, ағасы Байжігіт – сол кездегі жорықтарға
қатынасқан белгілі адамдар. Шалдың шын аты – Тілеуке. Өзінің жастай
үлкендерше сөйлеп, төрде отырып төрелік айтқан мінезіне қарай жұрт оны Шал
деп атап кеткен. Оның сүйегі Есіл өзені бойындағы Қаратал деген жердегі
зиратқа қойылған.
Шал өлең шығарып айтумен ерте айналысқан. Жасынан сөзге үйір, тілге
ділмар, ойлы жас болып көзге түскен. Ел арасы ақындарымен іліс – қағыс
айтыстарға да қатысып жүрген.
Филология ғылымының кандидаты Мұхтар Мағауин Қобыз сарыны
монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып, талдау жасайды. Бас жағында
Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп, яғни 1748—1819 жылдар аралығында
өмір сүрген деп есептейді. Ғалым Малдыбаевтың айтуынша, Шал 1760 жылдың
төлі сияқты. М.Мағауин Шоқан пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық
дүниелер құрастырғанын ескертеді. Ендеше, сол Шал жинақтаған аңыздардан ең
болмаса үзінді, жұқана қалмауы қалай, әлде Шоқанның айтып отырғаны басқа
Шал ма? Біріншіден, туған жылына келетін болсақ Ғ.Малдыбаев көрсеткен 1760
жыл шындыққа бір табан жақын тұр. Өйткені, ол Шалды әлі ұмыта қоймаған
кәріқұлақ қарттардың дерегіне сүйеніп беріп отыр.
Егер Шалды 1748 жылғы деп шегерсек, одан біздің ұтарымыз шамалы, оның
үстіне бізде нақтылы деректер жоқ, сондықтан алғашқы дерекке тоқтаған абзал
деп ойлаймыз.
Шал ақыннан бізге қалған мұра 1000 жолға жуық. Дені баспа бетінде
жарияланды, ең көбі Алдаспанда (Ғ. Әбетовтың есептеуінше 1348 тармақ). Ғ.
Малдыбаев: Шал оқымаған адам десе, Ғ.Әбетов: Шал суырып салма тәсілін
ұстаған импровизатор ақын болғанымен, оның өз өлеңдерін хатқа түсірерлік
сауаты да болған деген сөз қосады. Шалдың ептеген мұсылмандық сауаты болуы
мүмкін, дегенмен өлеңдерінің импровизаторлықтан туғандығы аңғарылады.
Төкпе, шешен тілді, орақ ауызды кісі болғанға ұқсайды. Бізге Шал қазынасы
хат арқылы емес, халық көкірегінде жатталып қалуының арқасында жетіп отыр.
2.2. Шал ақынның шығармашылығының зерттелуі.
Шалдардың жас кезінде айтқан суырып салма өлеңдерімен бірге Өлеңге
тоқталмайды Шал дегенің деп басталатын бір шығармасы белгілі.
Шалдың бір-ақ өлеңі 1929 жылы Жаңа әдебиет журналының 5-санында
басылды. Ол өз өмірі туралы айтылған Он бес деген жасым-ай деп басталатын
19 жолды туынды
Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың Қазақ әдебиеті (№ 48)
газетінде жарияланған Шал ақын кім? деген мақаласымен ашылды. Шалдың арғы
тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір оқулықтарда,
зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде мақала авторы біраз қысқа
хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді.
Желіге тартқандай сегіз өлеңін іріктеп, оқушының алдына жайып салады. Әр
түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі
екендігін дәлелдегендей еді.
Ғ.Малдыбаев кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша ақынның қай жылдың
төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастап-ақ өлеңмен әуестене
бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын
айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашқы деректер XVIII— XIX ғасырлардағы
қазақ ақындарының шығармалары (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың
жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389—390-66.) қайталанады.
Егер Қазақ әдебиеті газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі № 48 санында
Шалдың 18 шумақ немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары
шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды.
Бұл кітапқа енгізілген 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал
секілді сері ақынның тұрғандығын айқындай түседі. 1965 жылы Жазушы
баспасынан шыққан Үш ғасыр жырлайды кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың
көрсеткеніндей, 35 өлеңі оқушылар қауымына ұсынылды, жалпы көлемі — 441
жол. Жинақтың Ысқақ Дүйсенбаев жазған Алғы сөзінде Бұқар жырау
Қалқаманұлынан кейін Шал Күлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі.
...Қарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жарқын жақтарын жырлауды көксейді
деп, Шал мұрасының негізгі тақырыптарына назар аудартады.
1967 жылы шыққан Ертедегі әдебиет нұсқаларын құрастырушылар Шалдың
афористік поэмасын Қожа Ахмет-Иассауи философиясымен салыстырады. Осы
кітаптың Шал туралы бір сөзінде Шал өлеңді жазып та шығаратын болған.
Бірақ ол ең алдымен импровизатор ақын еді делінген. Ақынның өлеңді
жазып шығаруы жайында әлі күнге нақтылы деректер жоқтың қасы. Ал,
импровизатор екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын Шал
мұрасынан біздің заманымызға жеткені — мың жарым жол шамасындағы өлең мен
бірнеше ғаклия қара сөздер дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан ғақлия жоқ,
бұл жайлы да үзілді-кесілді пікір айта қою қиын.
Ысқақ Дүйсенбаевтың Ғасырлар сыры кітабында Әдетте, біз әдеби
шығарманың қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына,
қалайда сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай
саққа жүгіртумен әурелендік деген жанды пікір бар. Расында да, біз Абайдың
алдында еткен бірқатар ақындардың шыққан тегін, үрім-бұтағын тәуір білеміз
де, поэзиясына келгенде жадағай сырғытып өте шығамыз. Сонда олар егіздің
сыңарындай бір-бірінен айнымай шыға келеді.
Ақындық мұра сол өзін шығарған ортаға тығыз байланысты. Литература
вся целиком, как целое и в своих отдельных частях, зависит от
действителыюсти. Она зависит от нее, получая от действительности и
воздействуя на нее; зависит в своих внешних отношениях и внутренних,
зависит содержанием и формой. При этом типы зависимости весьма
разнообразны, — деп академик Д.С.Лихачев бекерге айтпаған.
XV—XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір
сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең
поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан.
Оның үстіне Шал толғауларына әлі толық текстологиялық талдау, барлау
жасалған жок. Ол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейде
біріне-бірі атастырылып, араласатын жағдайы бар. Бұқардікі Шалға, Шалдікі
Көтешке ауысып кетіп жүреді. Бәрін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты.
Әсіресе, ғұмыр, адамның жасы, тіршілік мәнін қозғайтын жырлар тұсында бұлар
өзара үндесіп, кейде жолма-жол қайталанып кетеді. Бұл дүниенің мысалы,
Он бес деген жас қайда, Асқар таудың өлгені, т.б. өлеңдер бірнеше
нұсқамен әрқайсысында кездеседі. Кейде мұндай ұқсастық айтушылардан да,
жинаушылардан кетуі мүмкін. Дегенмен аражігін ажыратқан ақын-жыраулар
мұрасын араластырмаған абзал. Шоқанның Шал жайындағы айтқан сөзіне орай екі
пікір айтылып келеді. Ең алдымен, Шоқанның өзіне сөз берейік: Из преданий
о происхождении киргиз замечателен джир ахуна из племени аргын, из рода
атыгай и поколения Худайберди и отделения его Баймбет-Чала, современника
прадеда моего, хана Аблая. Знающих эту эпопею теперь очень мало, по крайней
мере, я до сих пор не имел случая ее слышать. Сонымен, Шал эпикалық
генеалогия жасаған екен, әлі қолға ешнәрсе түскен жоқ деген сөзді
М.Мағауин, Ғ. Әбетов қоштайды да, зерттеуші К.Өмірәлиев мүлдем кереғар ой
білдіреді.
Үшінші оппонент: Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан
айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта
тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақынның
өлеңі дейді.
Сонда тарихта екі Шал болғандай көрінеді. Шоқанның айтып отырған Шалы
Күлекенің Шалынан әріде өткен сияқты. Шоқан таратып айтпайды. Әдебиет
тарихында екі Шалдың болуы да шындыққа сыйыспайтын нәрсе емес. Бірақ,
біздің білеріміз әдебиет тарихында бір-ақ Шал бар. Ол — Шал ақын Күлекеұлы.
Шалдың қайтқанына бір ғасырдан аса уақыт болғанда Он бес деген жасым-
ай өлеңі тұңғыш баспа бетін көреді. 100 жыл бойы өлеңдері халық аузынан
түспейді. Халық бірден-бірге жеткізеді. Шалдың өлеңдері дәл өзі айтқандай
қалпында сақталып бізге жеткен деп, толық сеніммен айта қою қиын. Өйткені,
ақын айтты деп, кейбір жолдарын жеткізушілер қосып та жібереді, бірқатар
тақпақ толғауларына кітабилықтың әсері тиген секілді, орындары ауысып
кеткендері де жоқ емес.
Мұндай нәрселер айтушы мен жазып алушының бір принципте
болмағандығынан туады. Екіншілері кейде мәтінін жөндеп, қол тигізеді.
Содан өлең өзінің негізгі нұсқасынан алыстай береді. Бір жөндеу
екінші жөндеулерге апарады да, шын мәтіннің шырайына көлеңке түсіре береді.
Шалдан авторлық мәтін қалмағандықтан, ауыздан-ауызға көшіп отырғандықтан,
ойда кейбір дүдәмалдықтар пайда болады.
Шалдың термелерін ілкі жариялаушылардың бірі Ғалым Малдыбаев
паспортизацияға мән бермейді. Яғни өлеңі қашан, кімнен, қай уақытта, қай
жерден алынды деген мәселелерге ой көзін жүгіртіп отырғанда көп ілгері
басқан болар едік. Ақынның өлеңдерін кейінгі жазып тапсырушыларға да осыны
айтқымыз бар. Әр сөзіне мұқият қарамасақ, әттеген-айларға ұрынамыз.
Шалдың Абылайдың үлкен баласы Уәлиханға айтты деген атақты Қонақ
кәдесінде Таң атты жалаңаяқ тоқты арқалап деген жол бар. Ғ.Малдыбаевта
және XVIII—XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларында осылай да,
Үш ғасырда, Алдаспанда Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап боп кетеді.
Қайсысы дұрыс, қайсысына жүгінеміз. Бірінші жолды дұрысқа баласақ, Таң
атты сөзі анықтау емес. Әлде Таң ата десе ше? Ал, Айқын Нұрқатовтың 1949
жылы Молдағұл Мырзабековтен жазып алған материалдарында жалаң аяқ, жалаң
бас болып келеді. Шалдың өлеңдері осы уақытқа дейін шыққан жинақтардың
қайсысында қалай жарияланып келді, енді соған оралайық. 1962 жылы
Ы.Дүйсенбаевтың алғы сөзімен шыққан XVIII—XIX ғасырлардағы қазақ
ақындарының шығармалары жинағында түгелімен Қазақ әдебиетінде (1958, №
48, 28 қараша) басылған Шал ақынның өлеңдері алынған. Мәтіндерде ауытқулар,
өзгертулер жоқ. 1965 жылы жарық көрген Үш ғасыр жырлайды кітабы Шалды
толықтыра түседі, Тек қана Шалдың әкесі Күлеке батыр қайтқанда айтқан
жоқтау өлеңінің аяғына Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста деген бір шумақ
өлеңі (76-бет) тіркеліп кетіпті. Әрине, арасына жұлдызша қойылуы керек еді.
Екінші Қыздар туралы (77-бет) төрт шумақтың аяқ жағы Қорқақ емей немене,
қашқан кісі боп кете береді.
Жоғарыда аталған екі кітапта Шалдың туған, өлген жылы Ғалым
Малдыбаевтың дерегі бойынша 1760— 1831 жылдар деп берілсе, 1967 жылы
Мектеп баспасы шығарған Ертедегі әдебиет нұсқаларында 1748—1819 жылдар
деп көрсетілген. Мұнда ...қазіргі Көкшетау облысының территориясындағы
Азат темір жол станциясының маңында дүниеге келеді деген сөз бар. Ал,
Ғ.Малдыбаев Шал ақынның туып-өскен жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы
Октябрь ауданы Қаратал деген ауыл дейді. Біздіңше, Малдыбаев мәліметтері
шындыққа жақын тұр. Соған сүйенген дұрыс сияқты. Шал ақынның өмірін, кейбір
өлеңдерін 1949 жылы Молдағұл Мырзабековтен жазып алған Айқын Нұрқатов та
осы ойды қуаттайды.
Ескі әдебиет нұсқаларына Шалдың 12 өлеңі енгізілген. Бұлардың он
бірін М.Мағауин 1964 жылы Шалдың, жерлесі Қошан Жантілеуовтен жазып алады.
Әрине, айтушы Шалдың айтқандарын дәлме-дәл жеткізген деуге болмайды. Кейбір
жолдарына құрастырушының да қолы тиіп кеткені байқалады. Әлбетте, Шалдан
түпнұсқа қалмаған соң ақын былай айтып еді ғой дейтін бізде дәлел де жоқ.
Дегенмен, Шалдың қалыптасқан шымыр стиліне қарап, өлең тармақтарының
тамырын басып, байқау қиын емес.
Осы кітаптағы Кез келсе сөйле дейді шешендерім өлеңі көңілге
дүдәмал туғызады. Шал дінге құлап берілген кісі емес. Онша көп діни
сөздерді сөзінің арасына қыстыра бермегені белгілі және сөз қайталап
бермеген. Мысалы, өлеңдерінде шын дүнияны, бұ дүнияны, уасса-махи
дастан болар, уассамахи уәл арузи секілді сөздер кездеседі. Бұлар
Қошанның қоспалары емес пе екен деген пікір туады. Кейде айтушылардың өз
тарапынан өңдеулер енгізетіндері де табылады. Сосын, дүниеге жалаңаш
кеп, жаяу қайттық деген бір шумақ нақыл да Шалға тән тартымдылық тереңдік
байқатпайды. Айқын Нұрқатов жазып берген нұсқасы күштілеу шыққан. Сөйлеп
қал, сөйле, тілім, Арыс келді де қайталаулардан тұрады. Айтушы бұл
өлеңнің белді, берік жолдарын жадынан шығарып алып, өз жанынан қосқандай
көрінеді. Қошан Жантілеуовке де біреу жеткізеді ғой. Және ғалым,
білгіш. есерлерім дейтін сөздерді Шал аузынан шықты деу қиын. Шал
шығармаларының молырақ орын алғаны 1971 жылы Жазушы баспасында басылған
Алдаспан жинағы. Бірақ мұнда да алшақтықтар кездеседі. Айталық, Айқын
Нұрқатов 1949 жылы жазып алған Кәрілік туралы да :
Қатты-құттыға өтпейді қайран тісім,
Кәріліктің келгенін біледі ішім.
Сүйіктісін сүйірлеп кесіп жейді
Дастархандас, табақтас болған кісім, —
деген төрт жол Алдаспанда:
Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім,
Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім.
Кесек-кесек турайды, өзі жейді,
Жан ашиды деп сенген жақын кісім, —
деп берілген (Алдаспан. 230-б.). М.Мағауин соңғысын 1964 жылы Қошан
Жантілеуовтен алған. Қайсысы дұрыс деген сұрақ туады. Біріншісі көркемдігі,
шыншылдығы, тілі жағынан Шалдың қолтаңбасын танытады. Кәрілік туралы
өлеңіне келсек, бұл дүние, сөз жоқ, Шалдікі, алғашқы авторлық право Шалға
тиісті. Кәрілік мотиві одан кейінгі көптеген ақындарға ауысты. Кітаптың 108-
бетінде автор былай дейді: Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан

өлеңі. Бұл Шал ақын — сол дәуірде жасаған бір жағы Мұрат, Әубәкір, Нұржан,
бір жағы Ақан сері, Біржан көтермеген мәселе — кәрілік, отбасы, кәрі
күйттейтін тамақ, байбайшыл қарттың келінге бәжілі тақырыбы болған бірақ
пайымдағанын шебер тілмен айта алатын ақын.
2.3 Жыраудың шығармашылығы.
Шал — халық өмірінен алып жырлаған ақын. От басын айтып отырып,
азаматқа ортақ ой тастайды, нақыл, насихат түріне келетін қадау-қадау
жырлары парасатты адамгершілікті уағыздайды. Орақтай орып түсетін
тегеурінді түйіндер, шебер түсе қалған шумақтар, шағын айтыстар Шалдың
толысқан талант екендігін байқатады. Қолма-қол ағытып айтатын ақпа
таланттың бірегейі болған Шал шешен тіршіліктің қазықтан қадалған жайларына
ғана назар аударып, төгіп тастап кете берген. Кемеліне әлі толыса қоймаған
айтыс өнеріне де өзіндік өрнек беріп, келесі, келелі сахара айтыстарына
жалғыз аяқ жол салып кетеді.
Шалды түбегейлі білмейтін кісі мынау бір өзі қалжыңбас ақын деп,
қағытып тастауы да мүмкін. Рас, Шал әзіл-қалжыңды қатты айтқан адам, бет-
жүзің бар демейді. Әйтпесе, тәйірі Шал бола ма?! Кезінде бәрі де
қалжыңдасқан. Мәселен, Қашаған сияқты импровизатор ақындар әр тойдың, әр
оқиғаның келісіне, мәніне лайық жырды қолма-қол шығарып отырған. Сондай
жырдың бірі — Қонақ кәде. Ол — әзіл, қалжыңы аралас ақжелең өлең. Абыл,
Нұрым, Қашаған секілді айтулы ақын-жыраулар әзіл-қалжың айтып отырып-ақ
астарлы мән ұқтырып, ешкімге есе жібермеген.
Алақандай ауылда туып, туған топырағында түлеген Шал творчествосы
зерттеушінің жіті көзін, маңдай терін талап етеді. Өз маңайындағы
ақындармен, өзге ұлттардың мәдениет өкілдерімен салыстыра айту Шал
поэзиясының заман, тағдыр ұқсастығын көрсетумен бірге даралық
ерекшеліктерін, Шал шабытының қыр-сырын ашыңқырай түседі. Өзгенің
көлеңкесінде қалып қоймай, өз шыңын табады.
Шал — ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет арасындағы көрнекті өткелдердің
бірі. Бұқар, Тәтіқара, Ақтамбердіні де соған жатқызамыз. Бұлар — өз
уақытының шындығын шебер көрсете білген көркемсөз майталмандары. Адамның
жақсы жақтарын жырлап, ізгіліктің жеңеріне сендіреді. Соның ішінде Шал
сөздері халық бауырында жүріп, бұқара мұңын түсініп, күйінгендіктен туған
сөздер екені айдан анық. Қазіргі ұрпағы кәдеге жаратып отырғаны да сол
себептен болса керек. Шал көркем сөздің күшімен көп нәрсе сипаттап кетті.
Сондықтан да оны Шығыс поэзиясының жұлдыздарымен еркін салыстыра
аламыз. Кейбір мінез-құлқымен, тентектігімен, батылдығымен, шаруаға қырының
жоқтығымен Шал атамыз шығыстағы, әріптестерін еске салып тұрады.
Жеке-дара өсіп жетілетін әдебиет болмайды. Бір халықтың фольклоры
екінші халықтың қазынасынан өзіне олжа салып жатады. Олжа болғанда тұтас
ауыстырып, не көшіріп алу емес, өз топырағына, тақырыбына, керегіне лайықты
пішіп, жаңартып, жаңғыртып алуды айтамыз. Сол сияқты ауыз әдебиетінен
бөліне бастаған жеке авторларда өзге өрісті танып, біліп өседі, өздігінен
төрт құбыласы тең автор туа қалмайды. Жан-жағына қарап, барлап барып қанат
қатайтады. Сондай-ақ, Шал сынды саңлақтар таза тақырда туа қалған ақын
емес.
Әдебиетте жеке, дара өмір сүретін фигура болмайды. Бәрі де ел, жер
тарихымен тығыз байланыста дамып өрбиді. Шалды өзге ұлттардың шайырларымен
қанша қатар алып әңгімелесек те, ол өзіне тән стиль ерекшелігін сақтап,
алыстан тұлғаланып өсе береді. Оның сөз қолданысы, айналаға көзқарасы,
өзіндік ою-өрнектері қай ғасырдан болмасын мен мұндалап тұрады. Бұл да
болса әдебиетте жеке автордың белгі бере бастауы еді. Академик Д..С.Лихачев
айтпақшы: В литературу входит авторское начало, личная точка зрения
автора, представления об авторской собственности и неприкосновенности
текста произведения автора, происходит индивидуализация стиля и многое
другое.
Мінеки, Шал шығармашылығына осы шарттар тән. Оның үстіне өлеңдеріне
қарағанда Шал мұсылманша хат танитын кісі сияқты. Дуалы сөздері соны
дәлелдей түседі. Өз тұстастарымен оқшау тұратыны да сол себептен болса
керек. Қай тақырыпқа бармасын өзіндік тың теңеулерімен, ой өрнегімен жарқ
ете қалады. Бұл тапқан олжаны кейінгі ақындар қайталайтын күн жетеді. Он
бес деген жас қайда, Жапанға біткен жантақты кейін Дулат ақын қайта
жаңғыртып жырлайды. Кәрілік туралысын кеңейте түседі.
Әдебиетте еншілеп бөліп алған тақырып болмайды. Сөз суреткері әр
тақырыптың әр түрлі қырын табады, соны өзінше сомдайды. Біреу қысқа, біреу
ұзақ жазады. Түптеп келгенде, не нәрсені қалай жеткізіп бере алуында ғой.
Шалдың бір қасиеті мәселені қысқа күрмейді, ащы ішектей шұбалтпайды,
діттеген жеріне дік еткізеді. Байқасаңыз, әр жол, әр өлеңінде мінез жатыр.
Көркем әдебиетті жасайтын характер екені даусыз нәрсе.
Көп ақындар әдебиет тарихында нақлияттарымен, афористік
тұжырымдарымен, өсиет сөздерімен қалады. Шалда бұ жағы да жоқ емес, бірақ
ол дидактик емес, көргенін, түйгенін алдыға жаяды. Қарапайым, қарабайыр
айтыла салған сөздерінің өзінде қымбат мән, мағына түйдектеліп жатады. Шал
жай тұрмыстық прозаизмнің өзін поэзиялық айшыққа дейін көтереді. Фәлсафаға
салып жіберсе, Омар Хайямға ұқсап кетеді.
Біздерді алдап келер дүние ғаяр,
Сөйтіп жүріп адамға уын жаяр,
Қолынды жарты сағат босатпайды,
Бірін тапсаң тұрады бірі даяр, — дегені біз үшін парсының
ұлы ақынмен үндескеніндей, иықтасқанындай көрінеді. Бірінен-бірі әсерленді
деп үзілді-кесілді айту ертерек болар. Бір анық нәрсе — алыптар әрқашанда
ірі сөйлейді. Есіңізде ме, Хайям:
Сен үшін жасалса да жарық ғалам,
Есің жи, ешкімді ол жарытпаған.
Талайлар сен сияқты келген, кеткен,
Кел сен де сыбағаңды алып тамам, —
(Аударған К. Шаңғытбаев)
деп еді ғой. Екеуінде де барынша қарапайымдылық шыншылдық бар. Екеуі де
үйлестіріп, үндестірудің хас шебері. Екеуі де сөздерді сығымдап, жинақтап
береді. Былай қарағанда екінің бірі айта алатын сөздерге саяды, әйтсе де
қолдан келмейтін шаруа. Азғантай сөзге мол мағына сыйғызып жіберу жүйріктің
жүйрігінің қолынан келмек. Көркемдік құдіретінің сыры оңайлықпен көзге түсе
бермейді.
Шал — сөздерде белгілі бір жүйе, тәртіп барын түсінген ақын.
Құбылыстың заттық мағынасын, дәл объектіні поэзияға айналдыру қолдан келе
бермес шаруа. Сезім мен ойдың бірлігі, шынайылығы ғана өлеңге өріс бере
алады. Шал — жерге, тірлікке, өз ортасына жақын ақын, ол да өз дәуірінің
перзенті. Сол дәуірдің суреті түгел болмағанмен, Шал поэзиясында кейбір
қырларымен жақсы көрінісін тапқан.
Тірліктегі қарабайыр фактілерден теріп алып, өлмес поэзия жасады,
оның кейбір өлеңдеріне эмоцияның аз қатысуы мүмкін, бірақ заттығынан,
реалдығынан ажыраған жок. Ол көкірек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz