Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Құқық және жеке тұлға
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБИЕСІ . ... ... ... ... ... ... ... 1.1 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1.2 Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.Адам құқығы - азаматтың басты билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 2.1Құқықтық мәртебе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.2Адамдардың негізгі міндеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3 Адам құқығы - азаматтың басты игілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы - сонау кене дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған, тарихы және мол тәжірибесі бар. Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нормалардың диалетикалық обьективтік даму процесімен танысамыз.Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы білеміз
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамы мен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы мен қоғамдағы құқық тығыз байланысты. Бірі болса, екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.
Мысалы: - Алғашқы қоғамдағы бостандық;
- құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.
Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың сан қырлы байланысының түсінігі, мазмұны құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынына назар аудара отырып,адам құқықтарына деген елемеушілік, менсінбеушілік адам баласы арының зығырданын қайнататын тағылық жағдайға әкеліп соғатынына және дүние жүзі адамдары сөз бен наным-сенім бостандықтарына ие болып, үрей мен мұқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру - адам баласының жоғары мәртебелі ұмтылысы деп жарияланғанына назар аудара отырып,
адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мәжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен қорғалуы керек екеніне назар аудара отырып,
халықтар арасында достық қарым-қатынастың дамуына жәрдемдесу керек екеніне назар аудара отырып,
Біріккен Ұлттар елдері өз Жарғысында негізгі адам құқықтарына, жеке адам басының қадір-қасиеті мен құндылығына және ерлер мен әйелдердің теңдігіне сенімдерін растап, әлеуметтік прогресс пен адамға ылайық өмір сүру деңгейін, нақтыланған бостандықтардан тыс, кең ауқымды бостандықтарды арттыруға жәрдемдесу керек деген шешімге келгендеріне назар аудара отырып,
мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтықтамаса отырып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жалпыға бірдей құрметтеліп сақталуына ықпал жасауға міндеттенгендеріне назар аудара отырып,
осы міндеттемелерді толыққанды жүзеге асыру жолында осы құқықтар мен бостандықтардың мән-мағынасы мен ерекшеліктерін ұғынып түсінудің маңызы зор екендігіне назар аудара отырып,
БАС АССАМБЛЕЯ:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территориялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр.
1 бап
Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
2 бап
Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.
Сонымен қатар, ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территорияның саяси, құқықтық, немесе халықаралық мәртебесінің негізі бойынша, және де ол территория тәуелсіз, әлде біреудің қарамағында, әлде өзін-өзі басқарушы емес, немесе оның егемендігі әртүрлі нысанда шектеулі болған күннің өзінде де, алаланбауы тиіс.
3 бап
Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
4 бап
Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.
5 бап
Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.
6 бап
Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы.
7 бап
Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы.
8 бап
Әр адам, конституциямен, немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, құқығын құзыретті ұлттық сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге құқылы.
9 бап
Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес.
10 бап
Әр адам, өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі толық теңдік негізінде, әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар.
11 бап
1. Қылмыс жасады деп айыпталған әр адам, қорғану құқығы қамтамасыздандырылып, заңды және ашық сот талқылауы оның кінәсін толық анықтағанға дейін, кінәсіз деп есептелуге құқығы бар.
2. Ешкім де жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде, егер ол әрекеті ұлттық заңдар мен халықаралық құкық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмайды. Сонымен қатар қылмыс үшін берілген жаза, қылмыс жасалған кезде заңмен көзделген жазадан ауыр болмауға тиіс.
12 бап
Әр адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғалуға құқығы бар.
13 бап
1. Әр адамның әр мемлекеттің ішінде жүріп-тұруына және өз қалауынша тұратын мекен-жайды таңдауына құқығы бар.
2. Әр адам кез келген елден, соның ішінде өзінің туған елінен, басқа елге қоныс аударуға және өз еліне қайтып оралуға құқылы.
14 бап
1. Әр адамның қуғынға ұшыраған жағдайда, басқа елдерден баспана іздеп және сол баспананы пайдалануға құқығы бар.
2. Бұл құқық шынтуатында саяси емес қылмыстың негізінде, немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді.
15 бап
1. Әр адамның азаматтыққа құқығы бар.
2. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан еріксіз айыруға болмайды.
16 бап
1. Кәмелеттік жасқа толған ерлер мен әйелдер өздерінің нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан некеге тұрып, отбасын құруға құқылы. Олар некеге тұрған, некеде болған және ажырасқан кезде бірдей құқықтарды пайдаланады.
2. Неке, тек екі жақтың өзара еркін және толық келісімі бойынша ғана қиылады.
3. Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.
17 бап
1. Әр адамның дүние мүлікті жеке өзі, немесе басқалармен бірлесіп иемденуге құқығы бар.
2. Ешкім де өз мүлкінен еріксіз айрылмауға тиіс.
18 бап
Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды.
19 бап
Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды.
20 бап
1. Әр адамның бейбіт жиналыстар және ассоциацияаларды құру бостандығына құқығы бар.
2. Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға зорлықпен кіргізуге болмайды.
21 бап
1. Әр адамның, өз елін басқару ісіне тікелей өзі, немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар.
2. Әр адам өз елінде мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуге құқылы.
3. Халықтың еркі үкімет билігінің негізі болуы тиіс; бұл ерік мерзімді және бұрмаланбаған сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сайлау жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен, немесе осы сияқты сайлау бостандығын қамтамасыз ететін басқа да, осы мәндес әдістер арқылы өткізілүі тиіс.
22 бап
Әр адам, қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына және оның қадір-қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша құқықтары әрбір мемлекеттің құрылымы мен ресурстарына сай, ұлттық ыкпал және халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылуына құқығы бар.
23 бап
1. Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар.
2. Әр адамның құндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемсітусіз, тең еңбек ақы алуына құқығы бар.
3. Жұмыс істеп жүрген әр адам өзінің және отбасының ылайықты өмір сүруін қамтамасыз ететіндей әділ және қанағаттанарлық, және, қажет болған кезде, басқа әлеуметтік қамсыздандыру құралдары арқылы толықтырылып отыратын, сый-сияпатқа құқылы.
4. Әр адам кәсіподақтарын құруға және өз мүдделерін қорғау үшін, кәсіподақтарына кіруге құқылы.
24 бап
Әр адам тынығуға және мәдени демалуға, оның ішінде ақылға қонымды шектеулі жұмыс күніне және мерзімді ақылы демалысқа, құқылы.
25 бап
1. Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын өмір сүру деңгейіне құқылы және де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта, немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқылы.
2. Ана және нәресте болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқық береді. Балалардың бәрі, некелі немесе некесіз туған, бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады.
26 бап
1. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.
2. Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс.
3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдауда құқығы басымды.
27 бап
1. Әр адам қоғамның мәдени өміріне еркін қатысуға, өнерден рахат-ләззат алуға, ғылыми прогреске ат салысуға әрі оның игілігін пайдалануға құқылы.
2. Әр адам өзі автор болып табылатын ғылыми еңбегінің, әдеби немесе көркем шығармаларының нәтижесінде туындайтын рухани және материалды мүдделерін қорғауға құқылы.
28 бап
Әр адам осы декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды толық жүзеге асыра алатын әлеуметтік және халықаралық тәртіпке құқылы.
29 бап
1. Әр адамның, адам баласының еркін және толық кемелденуіне мүмкіншілік беретін қоғам алдында міндеттері бар.
2. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс.
3. Осы бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асырылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмеуі тиіс.
30 бап
Осы Декларациядағы ешбір қағида қайсыбір мемлекетке, адамдар тобына немесе жеке адамдарға аталмыш Декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды жоятын қызметпен айналысу немесе іс-әрекет жасау құқығын береді деп пайымдалуы тиіс емес.
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер- Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден -- әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қогамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы. Мәртебе латын тілінен аударғанда положение - жағдай - деген ұғымды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық мәртебе - құқықтық жағдай - бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық мәртебе объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезендерінде құқықтық мәртебе әртүрлі болды. Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.
Құқықтық мәртебе - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрініс - айнасы.
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері:
1). Жалпылама құқықтық мәртебе - бұл азаматтық мәртебесі, қоғамның мүшесі, Конституциялық мәртебе.
2). Арнаулы құқықтық мәртебе - студенттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б. мәртебелер.
3). Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі - бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай саласында қызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.
4). Жеке тұлға және заңды тұлғалар мәртебесі.
5). Шет елдердің азаматының мәртебесі.
6). Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының мәртебесі.
7). Жүйелік мәртебелер: азаматтық, әкімшілік т.б.
8). Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.
9). Мәртебе - қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірісте т.б.)
Қазіргі заманда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.
Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы Ү-ІҮ мың жылдықтан бастап, адам қоғамы құқықсыз өмір сүре алмайды. Құқық объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып, гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон, Антифон (Ү-ІҮ мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары бар, оны ешкім жоя алмайды - деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп, Табиғи құқықтық теория өмірге келген.
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық хартиясында, 1689 ж. құқық петициясында, США 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 ж. Декларациясында адамның Табиғи құқық теориясы қабылданып, әр мемлекеттің құқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріп, бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Сонымен, адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келеді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмұны, шеңбері қоғамның даму деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын құқықта, бостандықта нығайып жақсарады, оның әділеттік, демократиялық мазмұны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады. Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса, оны іске асыруға кедергілер жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе, ондай қоғамда антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап, саяси, экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежүзілік соғысты өмірге әкелді.
Сонымен, адам құқығы - жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап, өздерінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
Адам құқығы - табиғи құқық, оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет Конституцияға кіргізіп, бекітсе, онда ол адам сол мемлекеттің азаматы болады.
Азамат құқығы - табиғи құқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп, мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
Жеке тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебенің шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалык, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке адамдардың құқықтарында объективтік және субъективтік деген түсініктер бар. Енді солардың мазмұнына тоқтайық.
Объективтік құқық - заңды нормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жеке адамдармен қатысы жоқ.
Субъективтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz