Электрондық оқулықты пайдалану саласы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
"Қорғауға жіберілді"
"____"________2019ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: " Macromedia Flash бағдарламалық ортасында электрондық оқулық жасақтау"
Мамандығы: 0111000 "Негізгі орта білім беру"
Біліктілігі: 0111093 "Информатика мұғалімі"
Орындаған: 4-инфо-1
тобының білім алушысы Д.С.Әбдиева
Ғылыми жетекшісі
"____"________2019ж. А.А.Касенова
Норма бақылаушы
"____"________2019ж. К.Г. Есмуратова
Өскемен, 2019ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.
Электрондық оқулық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1
Электрондық оқулықты пайдалану саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
5
1.2
Электрондық оқулық және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
1.3
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
2
Электрондық оқу құралды әзірлеу технологиясы. Macromedia flash бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15
2.1
Maсromedia FLASH бағдарламалық ортасының интерфейсі мен мүмкіндіктері, артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15
2.2
Электрондық оқу құрал құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30

Кіріспе
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатылары электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық оқушы үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Macromedia Flash технологиясын меңгеруге арналған электрондық оқыту құралын мектеп оқушыларына, студенттерге, оқытушыларға оқу үрдісінде тиімді пайдалануға, әдістемелік нұсқаулық ретінде жасақтау.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушыны өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.
Зерттеудің нысаны: Macromedia Flash технологиясы негізінде электрондық оқыту құралын құру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Pascal ABC бағдарламалау тіліне Macromedia Flash-та электрондық оқулық жасақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Электрондық оқулық түсінігін, оны құру мен оған қойылатын талаптарды зерттеу;
- Информатика сабағында берілген электронды оқулықты апробациядан өткізу;
- Pascal ABC бағдарламалау тіліне жасалған дәрістер мен тапсырмалар түрлерін Macromedia Flash-та әзірленген электрондық оқу құралында жинақтау.
1.Электрондық оқулық туралы түсінік
1.1 Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.[1; 56]
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Сол арқылы оқушыларда өзіндік жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк туғызады. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.
Электронды оқулықтар оқушылардың:
бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
ойларын дамытуға;
студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi. [2; 40]
Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациясында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсынуға, қарастыруға болады. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалап, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды рөлі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады. [3;63]
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде)қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек,онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері:
oo бақылаусыз оқыту;
oo бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
oo қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытудақажетті:
* оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
* дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
* көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
* барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануға мүмкіндік беру;
* жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
* шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.
Мұндай жетістікке жету үшін оқушы өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
* лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
* арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; оқушылармен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді. [5;86]
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі - фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. [5;97]
Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы
# Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық түрге аудару қажет.
# Электрондық оқулықтың мазмұны пайдаланушылардың интелектуальдық ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
# Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
# Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар пайдаланушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
# Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқу құралы" шығару болып табылады.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

7.3 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың жай оқулықтан айырмашылығы қандай?
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. программалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндікгер береді. Әсіресе кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету. Жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді. Гипертексті түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеу, жеке тұлғаға бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеру және қысқа текстпен кодтар оны көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер тез орындалады.
Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық кандай болу керек және қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр.
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:
- тандалған курс бойынша ақпарат жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар, аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
- текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түрдегі ақпараттан тұру керек ("жанды лекциялар"). "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейс элементі ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек;
- текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін. Күрделі модельдер мен құрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек;
- олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн.Керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс;
- бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болу керек;
- материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау. [7;123]
Электрондық оқулықтың құрамы:
1. Аннотация;
2. Пән туралы қысқаша ақпарат;
3. Жұмыс бағдарламалары;
4. Электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
5. Ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
6. Теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
7. Теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
8. Лабораториялық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
9. Лабораториялық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
10. Бақылау тапсырмалары;
11. Лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
12. Бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
13. Бақылау тестiлерiнiң жинағы;
14. Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
15. Әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

1. Электрондық оқу құралды әзірлеу технологиясы. Macromedia flash бағдарламасы
1.1 Maсromedia FLASH бағдарламалық ортасының интерфейсі мен мүмкіндіктері, артықшылықтары
Курстық жұмысымның практикалық бөлімін Macromedia Flash бағдарламасында жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Компьютерлік графика пәнін оқыту негіздері
Компьютерлік графиканың түрлері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Электрондық оқулық құру
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәндер