ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы
ЕСЕП
өндірістік іс-тәжірибе бойынша
(Іс-тәжірибе түрі)
іштей оқыту түрі 4 курс
Білім беру бағдарламасы 5B060200 - Информатика
Токтаганова Жансая Мейрамхановна
(Студенттің аты-жөні, тегі)
Іс-тәжірибені өту орны:
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіндегі, Компьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар кафедрасы
(Кәсіпорын, ұйым, мекеме аты)
Іс-тәжірибе мерзімдері:
20 қаңтар 2020 ж. бастап 20 наурыз 2020 ж. дейін

Кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшісі (ұйымнан, мекемеден):
Жантасова Ж.З.
(Аты-жөні, тегі, қызметі) (Қолы) Мөр орны

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ іс-тәжірибе жетекшісі:
Тлебалдинова А.С., доцент
(Аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, қызметі) (Қолы)
Қорытынды баға: _____________

Өскемен қаласы, 2020 ж.

Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Өндірістік іс-тәжірибе барысында білікті маман дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Өндірістік тәжірибелер ақпараттық технологиялар бөлімі бар мекемелерде, ғылыми-зерттеу институттарында, кәсіпорындарда өтіледі.
Өндірістік іс-тәжірибе жоғары оқу орнында алған білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын жинақтауға бағытталған.
Мамандық профиліне байланысты студенттер нақтылы мекемелерде, ғылыми-зерттеу институттарында, кәсіпорындарда өту кезінде келесі міндеттерді орындау керек:
oo еңбек ұйымындағы жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
oo өндірістегі жұмыс мазмұнын меңгеру және оны ұйымдастыруға үйрену;
oo практика базасының техникалық қамтамасыздығын меңгеру;
oo өндірісте шешілетін міндеттер тізімімен танысу;
oo есептер кешенінің бағдарламалалық жасақтамасына шолу жасау;
oo есептерді шешу кезінде қолданылатын ақпараттық технологияларды пайдалану.

С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан
мемлекеттік университеті

ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
Өндірістік іс-тәжірибе

Білім алушы Токтаганова Жансая Мейрамхановна
Факультеті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар
Мамандығы 5В060200 - Информатика
Курсы 4
Практика өту орны С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіндегі, Компьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар кафедрасы

Кафедрадан бекітілген жетекшісі___________________ ТлебалдиноваА.С.
Мекемеден бекітілген жетекшісі ____________________Жантасова Ж.З.

Өскемен қ, 2020 ж.

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік - есеп

Білім алушы
Токтаганова Жансая Мейрамхановна
___________________________________ _________________
(аты-жөні, тегі)

рс


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбегі
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Ескертпе

басталуы
аяқталуы

1
Қауіпсіздік ережесімен танысу және инструктаж өту
20.01.20
20.01.20

2
Мекеменің ұйымдастырушылық құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттарын зерттеу
21.01.20
23.01.20

3
IT-саласындағы мамандардың функционалдық міндеттемелерімен танысу
24.01.20
28.01.20

4
Мекеменің ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыздығымен және оларға қойылатын талаптармен танысу, алынған нәтижелерге талдау жасау
29.01.20
05.02.20

5
Мекемедегі ақпараттық құралдарды жобалау және эксплуатациялау үрдісімен танысу
06.02.20
07.02.20

6
Мекемеде қолданылатын IT-технологиялар мен ақпараттық алмасу жүйесіне зерттеу жасау
10.02.20
18.02.20

7
Өнідірістік тапсырмалар алу, оларды орындау
19.02.20
28.02.20

8
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ендіру нәтижесінде тиімділікті арттыруға болатын мәселелерді және туындаған қиыншылықтарды анықтау. Алынған нәтижелерді жүйелеу, оларға талдау жасау, қорытындылау. Ұсыныстар мен кемшіліктерді ұсыну
02.03.20
16.03.20

9
Өндірістік практика есебін ресімдеу және қорғау есебіне презентация мен баяндама дайындау
17.03.20
21.03.20

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Кафедра тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1Кафедраның тәрбие жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Кафедраның жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3Есептік оқу жылында кафедрада студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді ... ... 10
2 Робототехниканың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Робототехникадағы Lego Mindstorms NXT практика жүзінде ... ... ...13
2.2 Оқу робототехникасының оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Мен, Токтаганова Жансая Мейрамхановна, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Информатика мамандығының 4 курс студенті. 2020 жылдың 21 қаңтар мен 20 наурыз аралығында оқу жоспарына сәйкес өндірістік практиканы өту үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасына қабылдандым.
Өңдірістік іс - тәжірибеден өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Қазір жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті университеттің ірі құрылымдық бөлімшесі. Факультетте біліктілігі жоғары мамандар жұмыс атқарады, оның ішінде 7 ғылым докторы, профессорлар, 40-тан аса ғылым кандидаттары, доценттер, 8 PhD докторлары. Барлық 6 кафедра бітіруші болып табылады.
Ғылымның ең озық жетістіктеріне сүйене отырып, робототехника үздіксіз дамып келеді. Робототехника - бұл роботтарды әзірлеуге және пайдалануға байланысты инженерлік сала, сондай-ақ оларды басқаруға арналған компьютерлік жүйелер, сенсорлы кері байланыс және ақпаратты өңдеу. Роботтар мен робототехникалық жүйелер микродан макро операциялық жұмыстарды атқарады, соның ішінде ауыр және қауіпті жұмыстарда адамды ауыстыруға арналған. Робот құрылғыларының көптеген түрі бар: робот-монипуляторлар, мобильді роботтар, жүретін роботтар, мүгедектерге көмек көрсететін және т.б.
Робот бұл автоматты қимыл машинасы, өз алдына жұмыс машиналарының қасиеттерін және ақпараттық жақтарын біріктіреді, осы себепті жаңа машина түрі болып табылады. Роботта болуы тиіс келесі төрт функция: біріншісі - манипуляциялау және жылжыту функциясы. Объектілерді басқару робот пайдалы іс жасап және өзінің қозғалуын қамтамасыз етуі керек. Екінші функция - сыртқы орта жағдайын анықтау функциясы болып табылады. Роботта "көру", "күшін сезу", "тану" және т.б мүмкіндік беретін сенсорлы органдар болуы керек. Үшінші функция - түсіну, шешім қабылдау функциясы. Бұл орындалатын операциялардың кезектілігін жоспарлауға мүмкіндік береді. Енді соңғысы, төртінші функция - диалог функциясы болып табылады. Адам мен робот арасындағы тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Осы негізгі функцияларды біріктіру арқылы сіз робот жасай аласыз.

1. Кафедра тарихынан

Геометрия және есептеуіш математика кафедрасы негізінде 1986 жылы Информатика және есептеуіш техника кафедрасы құрылған.
Осы кафедра 1995 жылы 2 бағытқа бөлінді:
1) МҚ ЭЕМ және IT;
2) Экономикалық информатика және есептеуіш жүйе.
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін КҮжАТ кафедрасының меңгерушісі болып, КазМУ-нің түлегі, т.ғ.к. Жантасова Ж.З кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді.
Кафедра түлекері білім беру мекемелерінде жұмысқа орналасқандарымен қатар өндіріс орындарының ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында жеке шағын бизнес салаларында сәтті қызмет етуде.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап Информатика кафедрасы математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының құрамына еніп, тұтас бір МҮжКТ кафедрасы ретінде жұмыстар атқарды.
2014 жылдан бастап келесі жалпы білім беру мекемелерінде кафедраның филиалдары ашылды:
oo Өскемен қаласы әкімдігінің ҚжБОМ РО ММ;
oo Зайсан ауданы әкімдігінің Көгедей орта мектебі ҚММ;
oo Өскемен қаласы №3мектеп-гимназиясы.
2015 жылдың маусым айынан бастап кафедра атауы Копьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар болып өзгертілді
Кафедра даярланатын мамандықтар тізімі:
Копьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар кафедрасы келесі
мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:
Бакалавриат:
5В011100-Информатика( 6М01100)
5В060200-Информатика( 6М060200)
5В070300-Ақпараттық жүйелер (7М06102)
8D01501-Компьютерлік мехатроника
Магистратура:
6М011100-Информатика
6М060200-Информатика
Докторантура:
6D011100 - Информатика.
Қашықтықтан білім беру технологиялары

2.1 Кафедраның тәрбие жұмысы

КҮжАТ кафедрасының тәрбие жұмысының барлық іс-шаралары келесі нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып құрылады:
oo ҚР Білім туралы Заңы;
oo Елбасының жарлықтары;
oo ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
oo С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы бойынша Концепциясы;
oo С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы бойынша іс-шараларының кешенді жоспары;
oo Қазақстан 2020: болашаққа қадам ҚР 2020 ж дейінгі жастар саясатының мемлекеттік Концепциясы және т.б.
Жыл сайын КҮжАТ кафедрасында тәрбие жұмысы бойынша жоспар құрастырылады. Кафедра жоспары мамандықтар ерекшелігін ескере отырып әзірленеді. Кафедрада кураторлар мен эдвайзерлер бар. Олар өз кезегінде өз қызметін жоспарлау аясында үйлестіреді және факультет пен кафедрада тәрбие және оқу жұмысын іске асырады.
Кафедрада тәрбие жұмысы стратегиясын қамтамасыз етуге бағытталған:
Кафедраның оң тәжірибелі іс-шаралары мынадай болып табылады:
oo кураторлық сағаттар өткізу;
oo Студенттер "Қыран" студенттік жасақ полициясына қатысады;
oo Студенттеріміз Жас отан ұйымының мүшелері болып табылады.
КҮжАТ кафедрасының студенттері ең бастамашыл және креативті ойлайтын, барлық университеттік іс-шараларға тұрақты қатысатын студенттердің бірі болып табылады. Бір мысал, "Бірінші курс Таланттары", "Студенттік көктем сыңды мерекелік іс-шараға студенттер белсене қатысып, өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетуден жалықпауда. Қандай да болмасын іс-шара өтетін кезде студенттер әрқашан дайын тұрады. Өтетін іс-шараға тыңғылықты даяралнып бір жетістікке жету үшін мақсат қояды, әрі сол мақсаттарына жетеді. Осыған дәлел ретінде:
1) ФЭиП-Гран при
2) ФЕНиТ-1орын
3) ФиФиМО-2орын
4) ФППиК-3орын

Кафедра жетістіктері:
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Садвакасова А.К , Бельдеубаева Ж. Т. және Адиканова С. PhD докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Кафедра меңгерушісі Жантасова Ж.З "Үздік оқытушы-2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды және кафедра доценті, PhD докторы Нугуманова А. Б. "Үздік оқытушы-2018" Республикалық байқауының жеңімпазы болды.
Кафедра оқытушылары университетішілік Үздік әдіскері-2017
(Жантасова Ж.З.) Ең үздік ПОӘК (Кубентаева С.Н.),
Үздік дәріс (Карменова М.А.),
Үздік инновациялық педагогикалық технологиялар негізіндегі оқу-әдістемелік әзірлемелер (Кубентаева С.Н.) байқауының жеңімпаздары.
Кафедра доценттері, п.ғ.к. Қадырова А.С. мен т.ғ.к. Сыздыкпаева А.Р. электронды оқу құралының интеллектуалды меншігін мемлекеттік тіркеу құжатының авторлары болып табылады (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама), (2017ж.).
Тлебалдинова А.С. (2018ж.), Жантасова Ж.З. (2018ж.), Нугуманова А.Б. (2018ж.).
Биылғы оқу жылынан бастап қос дипломды білім беру бағдарламасы 6M060200 Информатика, 09.04.03- Қолданбалы информатика: Әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудың ақпараттық технологиялары Алтай мемлекеттік университетімен (АлтМУ) (Барнаул қ., Ресей Федерациясы) бірге жүзеге асырылды.
Кафедра бойынша 5В011100- Информатика мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін Оқу-өндірістік комбинаты КММ-мен бірге дуалды оқыту элементтері жүзеге асырылуда. Былтырғы оқу жылында 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығында оқитын 3 курс студенттеріне дуалды оқыту элементтерін Өскемен қаласының Жас техниктер станциясы КММ-мен жүзеге асыру бойынша келісім шарт жасалды.
Кафедра оқытушылары АТ бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалардың әр түрлі деңгейдегі қазылар алқасының төрағасы және мүшелері ретінде мезгіл-мезгіл шақырылады.

1.3 Есептік оқу жылында кафедрада студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:
- 2018 жылдың сәуір айында 5В011100 мамандығының үздік студенті, 5В060200 мамандығының үздік студенті, 5В070300 мамандығының үздік студенті атты сайыстар;
- 2018 ж ақпан айында кафедра мамандықтарының студенттері арасында 1 пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 5В011100, 5В060200, 5В070300 мамандықтарының студенттері қатысты;
- Зайсан, Тарбағатай, Жарма, Катон-Қарағай, Күршім аудандары мен Зайсан, Риддер, Өскемен қалалары мектептерінің 62 оқушыларының қатысуымен болған информатика пәні бойынша облыстық олимпиада;
- 2018 жылдың ақпан айында Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінің әдістемелік аспектілері тақырыбына мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өткізілді (аға оқытушы Карменова М. А.). Семинарға қала және облыс мектептерінен 37 мұғалім қатысты. Семинарға қатысушыларға сертификаттар берілді.
- Робототехника студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Тукушова А.Е.);
- Қолданбалы информатика студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Кадырова А.С.);
-Инновациялық технологиялардың әдістемелік негіздері студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Кубентаева С.Н.).
- Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары информатика пәні бойынша облыс мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді. Облыстық олимпиадаға Шемонайха ауданы №1 мектеп-гимназиясының Ивонов.А атындағы Выдриха орта мектебінің, Семей қаласы Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясының, Риддер қаласы №2 орта мектебінің, №1 мектеп лицейінің, Өскемен қаласы №3, №4 №5, №9, №11, №12, №15, №16, № 18, №20, №35, №37, №38, №39, №44, №46, №47 орта мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар саны-67.
Ашылу рәсіміне Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Мадияров, кафедра меңгерушісі Ж.Жантасова факультет кафедралары даярлайтын оқу бағдарламаларына тоқталып, білім алушыларға университет ұсынатын мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді.
Олимпиада 2 кезеңмен ұйымдастырылды- бағдарламалаудан жазбаша тест және SMAR CITY жобаларда қолданылатын IT-технологиялары тақырыбы бойынша жоба қорғау.
1-кезең бойынша 67 оқушының 23-і екінші кезеңге өтті. Қалған 44 қатысушыға сертификат берілді. 2-кезең бойынша қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындықтарын атап өтті. Бас жүлдені З.Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мәди Мұқатаев иеленді, жетекшісі Н.Сейітқазиновна, 1 орынды Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кирилл Поляков жетекшісі Е.Кузьмина,
2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Күнделік әдебиет үлгісі
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дипломалды іс-тәжірибе есебі
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Терапия бойынша дәрігер-ординатор көмекшісі
Дауыспен басқару
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Пәндер