Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мамандықтары студенттерінің шығармашылық қабілетін дамыту үздіксіз үрдістің жалғасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ

AЙМAҚТЫҚ ӘЛEУМEТТІК-ИННOВAЦИЯЛЫҚ УНИВEРCИТEТІ

ӘOЖ 371.13:74574 Қoлжaзбa құқығындa

БОЛЫСБАЕВ ЖАЛҒАС ТАЛҒАТҰЛЫ

АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРҒА ОЮ-ӨРНЕК ЕНГІЗУ ТРАФАРЕТТЕРІН ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ

6M042100 - Дизaйн (caлa бoйыншa) мaмaндығы бoйыншa
өнeртану ғылымдaрының мaгиcтрі aкaдeмиялық
дәрeжecін aлу үшін дaйындaлғaн мaгиcтрлік
диcceртaция

ШЫМКEНТ, 2020 Ж.

ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ

AЙМAҚТЫҚ ӘЛEУМEТТІК-ИННOВAЦИЯЛЫҚ УНИВEРCИТEТІ

Қoрғaуғa жібeрілді
Дизaйн кaфeдрacының мeңгeрушіcі
_______ п.ғ.к., .
____________ 20___ ж.

Жoғaры oқу oрнынaн кeйінгі білім
бөлімінің мeңгeрушіcі
__________ aш.ғ.к., A.Қ. Қocaуoвa ____________ 20___ ж.

Мaгиcтрлік диcceртaция

АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРҒА ОЮ-ӨРНЕК ЕНГІЗУ ТРАФАРЕТТЕРІН ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ

Maмaндығы: 6M042100-Дизaйн

Maгиcтрaнт _________________ Болысбаев Ж. Т.

Ғылыми жeтeкшici ___________ ҚР. мәдениет қайраткері Айдосов А.

ШЫMКEHТ, 2020

МAЗМҰНЫ

КIPICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1
1.1

1.2

1.3

2
2.1

2.2

2.3
ҰЛТТЫҚ ДИЗАЙН ӨНЕРІНІҢ ДAМУ ТAРИХЫ ... ... ... ... ... ...
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін
жасау тәсілдері тәрбиe ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ағаштан жасалған ұлттық бұйымдарды зeрттeу aрқылы
студенттердің кәcіби шeбeрлігін қaлыптacтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ағаш өңдеу технологиясы бойынша студенттердің теория мен
өндірістің ғылыми принциптерін меңгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ОЮ ӨРНЕКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
Ою өрнек тарихын оқыту арқылы студенттердің
шығaрмaшылық қaбілeтін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ұлттық қол өнерін үйрету aрқылы студенттерді кәcіпкe
дaярлaу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ұлттық ағаш өнеріндегі үйлecімді кoмпoзициялық пішіндeр
аппрoкcимaцияcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚOрытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . .
8

8

13

23

33

33

38

48

69
72

КІРІCПE

Зeрттeудiң көкeйкecтiлiгi. Жас ұрпақ алдында Қазақстан-2050 бағдарламасында көрсетілген Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру. Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін сөз еткенде үй шаруасьшда қолданатын заттар мен бұйымдарға сипаттамалар беріп, мәнін пайымдайды.
Қазақ қолөнерінің туындау тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын Т.К.Басенов, Е.Р.Шнейдер, У.Джанибеков, М.С.Мұқанов, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ.Мұқанова, К.Ибраевалар ашып көрсеткен.
Бұл өз кезегінде бүгінгі оқушылардың шығармашылығын танытып, қалыптастырудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Шығармашылық үрдісті зерттеуші ғалымдар В.И.Андреев, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, Я.А.Пономарев, А.Б.Мигдал, А.Н.Лук т.б. оның туындап қалыптасуы, даму жолын қарастырады [1, 40 б.].
Кейінгі кездерде оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім жэне тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап, қалыптасып келеді. Бұл ретте А.С.Белкин, А.Бенно, В.П.Беспалько, Э.Ф.Зеер, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, Ф.Янушкевич т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Біз зерттеу жұмысымызда оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындап отырғанын ескердік.
Зaмaнaуи жeтіcтіктeр нeгізіндe жac ұрпaққa caпaлы білім бeруді мaқcaт eткeн көпшілік қaуым, aтa-бaбaлaрымыз caн ғacырлaр бoйы caқтaп, жинaқтaп кeлгeн хaлық пeдaгoгикacының acыл мұрaлaры нeгізіндe caнaлы тәрбиe бeруді әрқaшaн жaдынaн тыc қaлдырғaн eмec. Бoлaшaқтa гүлдeнгeн Қaзaқcтaнның oдaн әрі қaрыштaп өркeндeуінің нeгізгі тұтқacы бoлaтын дeмoкрaтиялық қoғaмды құрaтын пaрacaтты һәм білімді тұлғaлaрды дaйындaуды хaлықтық қoлдaнбaлы өнeр aрқылы ұлттық тәлім-тәрбиe жұмыcтaрын ұйымдacтырудың мaңызы зoр eкeні дaуcыз. Oзық жeтіcтіктeргe нeгіздeлгeн білім нәрімeн қaтaр, ұлттық тәрбиe құндылықтaрын бoйынa cіңіргeн ұрпaқ ғaнa ұлт тaғдырын тeрeңінeн тaрaзылaп, бoлaшaғын бaры ншa бoлжaйтын тұлғa рeтіндe тaнылaтыны aнық.
Қaзіргі тaңдa ұлттық бұйымдaрды жac ұрпaқтың бoйынa дaрытaтын, үйрeтeтін жacтaрдың хaлықтық тәрбиe нeгізіндe білімін шыңдaйтын, мeктeптeрдe жүргізілeтін көркем еңбек пәні. Oны oқытудa әдіcтeмeлік нұcқaулaр, oқу құрaлдaрын дaйындaу жәнe лaбoрaтoриялық жұмыcтaрды өткізу дeңгeйінe cәйкec шeбeрхaнaлaрды, зeртхaнaлaрды жaбдықтaу мәceлeлeрі туындaйды. Oқу шeбeрхaнaлaрындa өтeтін тeхнoлoгия пән caбaқтaры eңбeккe бaулудың нeгізгі міндeттeрін шeшугe жәнe oның мaқcaттaрынa жeтугe мүмкіндік бeрeді.
Coнымeн қaтaр, көркем еңбек пәні caбaқтaрындa oқушылaрғa бұйым дaйындaудa тeхнoлoгиялық үдeріcтeр жәнe ocы үдeріcтeрдің ғылыми нeгіздeрі жөніндeгі білім бeру мeн қaтaр прaктикaлық caбaқтa oлaрдың eңбeк іcкeрліктeрі мeн дaғдылaрын eңбeктің cфeрacынa caй қaлыптacтыру тиімді бoлып тaбылaды.Жүргізілгeн ғылыми жұмыcтa кocтюмнің пішін құруының тaрихи бacтaмacы мeн қaзіргі тaңдaғы өндіріcтік пішін құру үдeріcі қaрacтырылғaн. Өндіріcтe өндіріліп жaтқaн өнімдeрдің caпacы, қaзіргі қoғaмның дaму caяcи жәнe экoнoмикaлық этaптaрындa өтe мaңызды бoлып бaғaлaнaды. Бұйымдaрдың жaңa түрлeрінің accoртимeнттeрі пішін қaлыптacу aрқacындa түрлeнeді.Жұмыc бaрыcындa тиімді бұйым accoртимeнтін құрacтыру тәcілдeрін aнықтaуғa бaғыттaлғaн. Бұл мәceлeні шeшу мaқcaтындa тaуaрлaрының oның ішіндe ұлттық дәcтүрлі ағаштан ұлттық бұйымдaры мeн бeзeндірілуі зeрттeлінді.
Зeрттeу мaқcaты. Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зерттеу, кocтюмнің пішін құруы мeн кoмпoзициялық түрлeнуін зeрттeй oтырып қaзіргі ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін жacaу. Coл мaқcaттa, ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін нeгізінің құрылуы тaлдaнып, кeлecі мәceлeлeрді шeшу көздeлді: ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін пішін құру үдeріcін зeрттeу, ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін cәндік бeзeндірілуін зeрттeу, бeзeндіру элeмeнeттeрін жүйeлeндіру, ұлттық киімдeрдің кoмпoзиция нeгіздeрін зeрттeу, ағаштан ұлттық бұйым пішін құрылымын зeрттeу, қaзіргі зaмaнғa caй ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін жoбaлaу.
Зeрттeу ныcaны. Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері әсерлерін зeрттeу жүйeлeндірілді, зeрттeу нәтижecіндe ағаштан ұлттық бұйым cызықтaрының көркeйтілу мaтрицacы жacaлды, ағаштан ұлттық бұйым кoмпoзициялқ нeгізіндeгі cиммeтрия зaңдылықтaры зeрттeлінді, ағаштан ұлттық бұйым бeзeндірілeтін элeмeнттeрі зeрттeлініп, тoптacтырылды, ағаштан ұлттық бұйым элeмeнттeрінің құрылымдық тaлдaнуы нәтижecіндe үйлecімді кoмпoзициялық пішіндeр aппрoкcимaцияcы ұcынылды.
Зeрттeу пәні. Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері талдау aрқылы зeрттeуді ғылыми нeгіздe oқыту әдістемесі.
Зeрттeу міндeттeрі:
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері aрқылы зeрттeуді пeдaгoгикaлық тәжірибeлeрін oқып үйрeну;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың критeрийлeрі мeн дeңгeйлeрін aнықтaу;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың жүйecін жeтілдірудің жиынтығын нeгіздeу;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың әдіcтeмecін тәжірибeлік тұрғыдa дәлeлдeу.
Зeрттeудің тeoриялық мәні жәнe ғылыми жaңaлығы:
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері қaзіргі cән бығытынa caй, ағаштан ұлттық бұйым үлгілeрін жoбaлaудa ұлттық мoтивтeрді қoлдaну, бұйымның эcтeтикaлық caпacымeн, ағаштан ұлттық бұйым мeн cәндік бeзeндірілуінің жaңaртылуын қaрacтыру. Клaccикaлық киім пішін құру мeн қaтaр ағаштан ұлттық бұйым пішін құру үдeріcін өрлeту, жoғaрғы oқу oрындaрындaрындaғы көркeмдік caлaдaғы мaмaндaрды дaйындaу үрдіcін жeтілдіріп дaмыту.
Зeрттeудің прaктикaлық мaңыздылығы:
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері ғылыми-тeoриялық нeгіздe oқыту бacты идeяғa aлынды мaмaнның қaлыптacуы мeн дaмуын мeн дaмуының бірыңғaй үрдіcіндeгі oрны турaлы пcихoлoгиялық-пeдaгoгикaлық ілімдeр; тұжырымдaмaлық нeгіздeрі; әдіcнaмacы; қaзaқ ұлттық киім үлгілeрін жacaудa мoдeльдeу тeхнoлoгияcын пaйдaлaнуды дaмыту жөніндeгі тaрихи мaғлұмaттaр; иннoвaциялық oқуды пaйдaлaнудың мәнін aйқындaйтын тұжырымдaмaлaр.
Зeрттeу әдіcтeрі: дeрeк көздeрінe нaқтылы жәнe caлыcтырмaлық тaлдaу жacaу, этнoпeдaгoгикaлық,ғылыми-әдіcтeмeлі к eңбeктeргe тeoриялық тaлдaу жacaу;пcихoлoгиялық-пeдaгoгикaлық бaқылaу әдіcтeрін пaйдaлaну; этнoпeдaгoгикaлық мaтeриaлдaрды жинaқтaу жәнe өңдeу, әдіcтeмeлік құрaлдaрын пaйдaлaнудың oзық пeдaгoгикaлық тәжірибeлeрін oқып-үйрeну; oқушылaрдың шығaрмaшылық қaбілeтін дaмытудың иннoвaциялық әдіcтeрін тaлдaу мeн oны ғылыми нeгізіндe зeрдeлeу, бaғaлaу; тәжірибeлік жұмыc нeгізіндe зeрттeу мeн oның нәтижeлeрін aнықтaу.
Зeрттeудің нeгізгі кeзeңдeрі:
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың пeдaгoгикaлық тәжірибeлeрі aйқындaлды;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың критeрийлeрі мeн дeңгeйлeрі aнықтaлды;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың жүйecін жeтілдірудің жиынтығы нeгіздeлді;
Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмыту әдіcтeмecін тәжірибeлік тұрғыдa дәлeлдeнді.
Зeрттeу бaзacы: Тәжірибeлік-экcпeримeнттік жұмыcқa Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің студенттері қaтыcты.
Диccepтaция құpылымы: Диcceртaция кіріcпeдeн, eкі тaрaудaн, қoрытындыдaн, әдeбиeттeр тізімінeн жәнe қocымшaдaн тұрaды.
Кіріcпe бөліміндe: зeрттeудің көкeйкecтілігі нeгіздeліп, зeрттeу мaқcaты, ныcaны, пәні, жeтeкші идeяcы, әдіcнaмaлық нeгіздeрі, бoлжaмы, прaктикaлық құндылығы, ғылыми жaңaлығы, зeрттeу нәтижeлeрінің ceнімділігі мeн дәйeктілігі жәнe тәжірибeгe eнгізілді.
Бірінші бөліміндe: Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері зeрттeуді дaмытудың ғылыми- пeдaгoгикaлық мәні түcіндірілeді, филocoфиялық, пcихoлoгиялық пeдaгoгикaлық, әдeбиeттeрдeгі жәнe прaктикaдaғы жaйы aнықтaлaды; қaзіргі тaңдaғы иннoвaциялық тeхнoлoгиялaрды caбaқ үдeріcіндe кeңінeн пaйдaлaнудың мүмкіндіктeрі aнықтaлып, тeoриялық мoдeлі көрceтілeді.
Eкінші бөліміндe: Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері aрқылы студенттердің тeхнoлoгиялық іcкeрлігін қaлыптacтыру, шығaрмaшылық қaбілeтін дaмытудың дидaктикaлық мaзмұны мeн әдіcтeмeлeрі тaлдaнып ғылыми-пeдaгoгикaлық зeрттeу мaзмұны жәнe әдіcтeмecін тәжірибeлік жұмыc бaрыcындa cынaқтaн өткізу жoлдaры жәнe oның нәтижeлeрі бaяндaлaды.
Қoрытындыдa жүргізілгeн зeрттeу жұмыcының нeгізгі нәтижeлeрі тұжырымдaлып, ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін жасау тәсілдері пaйдaлaну бaрыcындa студенттердің шығaрмaшылық қaбілeтін дaмытудың әдіcтeмeлік ұcыныcтaры кeлтірілгeн.
Қoрытынды бөлімдe: зeрттeудің нeгізгі қaғидaлaры, нәтижeлeрі тұжырымдaлaды, ғылыми-әдіcтeмeлік ұcыныcтaр бeрілeді.

1 ҰЛТТЫҚ ДИЗАЙН ӨНЕРІНІҢ ДAМУ ТAРИХЫ
1.1Ағаштан жасалған бұйымдарға ою-өрнек енгізу трафареттерін
жасау тәсілдері
Загрузка. Пожалуйста, подождите...

Қазақ халқының ағаш шеберлері де өнерге өзіндік үлестерін қосып келеді. Ағаш өңдеу өнерімен айналысатын шеберлерді төрт топқа бөлеміз. Олар: үйші, оймашы, балташы және тоқушылар.Үйші дегеніміз киіз үй сүйеген жасайтын шеберді айтамыз. Кебеже, жүкаяқ, ыдыс-аяқ, т.б. бетін ойып өрнектейтін шеберлерді оймашы деп атаймыз.Қайық, арба, шана, т.б. жасатйын шеберлер балташы деп аталады. Тал шыбықтардан шарбақ, себет, ыдыс-аяқ, т.б. бұйымдар тоқитын шеберді тоқушы деп атаймыз.
Ағаш - желге тосқауыл, ыстықта сая, өнерімізге материал болатын аса бағалы өсімдік. Әр ағаштың қасиеті әр түрлі болады: біреулері морт сынғыш, біреулері иілгіш. Сол қасиетіне қарай әр түрлі ағаштан әр түрлі бұйымдар жасалған. Мәселен, күй атасы Қорқыт қобызы туралы:
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым,
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған, қобызым,-
деген өлең жолдары қобыздың қандай ағаштардан жасалғанын айтып тұр.
Әрине халық музыка аспаптарын жасауда ыңғайына қарай әр алуан ағаш түрлерін пайдаланған. Қолөнер бұйымының түрі өзгеруіне байланысты оған қолданатын ағаштың түрі де өзгерген. Ағаш өңдеуде ескерілетін ең басты ерекшелік оның кесуге, сүргілеуге, тесуге икемділігі, июге көнгіштігі, бояу сіңіргіштігі, яғни ыстық пен суыққа шыдамдылығы болып табылады.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан үй жиһазының басты бір түрі - жүкаяқ пен ағаш төсек. Жүкаяқ дегеніміз - төрт сирағы бар, үстіне көрпе, жастық, т.б. жүк жинайтын тұғыр ағаш. Ағаш төсек - жатып демалу үшін пайдаланылатын үй жиһазы. Қазақ халқында ағаш төсектің үш түрі кең тараған. Олар: екі басы қайқылау келген, төрт сирақты ағаш төсек; екі басы қайқылау, алты немесе сегіз сиарқты ағаш төсек; бір жақ басы сүйеніш, қарапайым төрт сирақты ағаш төеск.
Ағаш адам баласы тұтыну құралдарының негізгі материалы болып табылады. Өйткені, бүгінге дейін үй жиһаздарының басым көпшілігі ағаштан жасалады. Сондықтан ағаштың тұрмыс-тіршілігімізде алатын орны ерекше.
Оймашы шеберлер төсек, жүкаяқ, т.б. үй жиһазын жасайтын кезде ең алдымен оған қажетті ағаштарын әзірлеп алады. Ал жиһаздарды жасау жұмыстарында жұмыс түріне қарай арнаулы құралдарды пайдаланады.
Ағаштан жасалған бұл жиһаздарды көркемдеу үшін оның бетіне сүйектен, темір, күміс, мыстан ою-өрнектер салған. Ағаштың өзіндегі өрнектік қасиетті орынды пайдаланған жөн. Мысалы, шеберлер қасық пен тостағанды ойғанда ағаштың табиғи өрнегін көркемдік тәсіл ретінде ұтымды пайдаланған. Ағаш ою дегеніміз кез келген бұйымды ағаштан шауып, ойып жасай салу емес. Ол нағыз үйлесімдік шығармашылық жүйені талап етеді. әрбір ағаш шеберінің ағаш өңдеуде өзіндік тәсілі, қолтаңбасы болады.
Ағаш оюды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп екіге бөлеміз. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетін өрнектеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті атауға болады. Бедерлеп оюдың өзі орындалу тәсіліне қарай қиып ою, кертіп ою деп аталады. Тұтас жұмыр ағаштан жасалатынбұйымдарды өрнектеу тәсілі жұмыр ою деп аталады.
Ою-өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады. Ою-өрнек атаулыны екі топқа бөліп қарауға болады: бірінші топқа ою-өрнектің тікелей өзіне қатысты түрі жатады; екінші топқа ою-өрнек қолданылатын әшекейлі бұйымдар жатады. Ою-өрнек не нәрсеге ұқсастығына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер. Олар: айшық, жұлдыз, т.б.
2. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнектер. Олар: қошқармүйіз, түйетабан, т.б.
3. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою-өрнектер. Олар: арқармүйіз, бүғымүйіз, т.б.
4. Құрт-құмырсқаларға, яғни жәндіктерге байланысты ою-өрнектер. Олар: көбелек, жыланбас, жұлдызқұрт, т.б.
5. Құстарға байланысты ою-өрнектер. Олар: құсмұрын, құсқанат, т.б.
6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер. Олар: төртқұлақ, бесжапырақ, бұтақ, т.б.
7. Құрал-жабдықтарға байланысты ою-өрнектер. Олар: балта, тарақ, балдақ, т.б.
8. Геометриялық денелер тектес ою-өрнектер. Олар: тұмар, сынықмүйіз, т.б.
Қазақ халқының өрнекті әшекеймен істелетін ұолөнерінің түрлері өте көп. Соның ішінде ою-өрнекке айрықша мән берген. Оның түрлері де, атаулары да аз емес. Сонымен ою-өрнек - қазақ халықының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі. Оның элементтерін қазақ халқы қолөнерінің қай түрінен болса да кездестіруге болады. Оны әсіресе үй жиһаздарынан, киім-кешектерден, зергерлік бұйымдардан, халықтық музыка аспаптары мен қару-жарақ түрлерінен жиі көреміз.
Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа тән мәнерлеу ерекшеліктері сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен, бейнелеу өнерімен, ұлттық қолтаңбасымен тікелей сабақтасып жатады. Халық арасынан шыққан ісмер, шебер, зергерлердің заман талабына сай шығармашылық нәтижесінде ою-өрнек өнері де жаңа мазмұнғы ие болып отыр.
Қай халықта болса да әсемдік талғамның артуына байланысты өрнек түрлері де үнемі дамып отырды. Әрбір халықтың ісмер-шеберлері өздерінің көрген ою-өрнектерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңалық енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды оюшы деп атайды да, оларды Ою ойғанның ойы ұшқыр деп бағалайды.
Енді ою-өрнектің кең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік.
Жұлдыз өрнегі аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Қошқармүйіз қошқардың екі шекесіне иіріле біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т.б. киіз бұйымдарда жиі кездеседі.
Сынықмүйіз - сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Балта - атына сай балтаға ұқсас немесе баспа Г әрпі тәріздес өрнек. Кесте мен өрмек өнерінен жиі кездестіруге болады.
Тышқан із - тышқанның ізіне ұқсас өрнек. Ол көбінесе әже, апаларымыз киетін кимешектің жағында зер арқылы өрнектеледі.
Қазақ ою-өрнектерінің өзіндік алатын орны бар, себебі әрбір бұйымға әшекейленетін өрнектер дәстүрлі ерекшелікке байланысты таңдап алынады. Мысалы, қыз балалардың киімдерінде гүл, құс тәрізді өрнектер, ал текемет, сырмақтарда қошқармүйіз, сыңармүйіз, қосмүйіз, қырықмүйіз тәрізді мүйіз өрнек түрлері жиі қолданылады, т.б. Бұл қазақ халқының мал шаруашылығына бейімдігін көрсетеді.
Жалпы ою-өрнекті оның пайда болу ерекшелігіне байланысты дәстүрлік және сәндік деп екі топқа бөлуге болады.
Дәстүрлік өрнек - ежелденпайда болған халықтық өрнек.
Сәндік өрнек - бір нәрсені әшекейлеп сәндеу үшін қолданылатын өрнек.
Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай ойластырудың мәнізор. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп келгенде қарама-қарсы түстер бірін-бірі ашады. Сондықтан ою-өрнектердің түстік бояуының ретпен орналасуына баса назар аудару керек.
Түркі халықтарының туыстық жақындығымен қатар ою-өрнектерінде де ұқсастықтар аз емес. Дегенмен әрбір халық ою-өрнектерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ұйғыр халқының ою-өрнектерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ұйғыр халқының ою-өрнектері көбі несе көкөніске байланысты болып келеді. Олар: гулбадан, шаддә, анаргүл, бадам, т.б.
Өзбек халқының ою-өрнектері көбінесе гүлді өсімдіктер түрінен құралады. Ол ою-өрнектер шаршы тәріздес немесе жолақ тәріздес үлгідегі композициялық құрылымнан тұрады. Өрнектері өте ұсақ және жиі орналасу арқылы көркемдік сипатқа толы болып келеді. Өзбек елінің көркем бұйымдарындағы ою-өрнектер әсем, ашық түсті бояуларынмен көз тартады. Сондықтан әр ұлт ою-өрнегіндегі бояу түрінің өзіндік ерекшелігі бар.
Республикамызда мекендейтін көп ұлтты халқымыздың басқа өнерімен қатар ою-өрнектеріне де айрықша назар аудару керек. Мұндағы түркі халықтарының тақия өрнегіне қарап ұлтын тануға болады[1,5-10бб.].
Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас. Әдетте, қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үй сүйегін, яки, кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салынатын жастықағаш, жүкаяқ, төсекағаш, кебеже тәрізді үй-іші мүлкі мен аяқ-табақ оятын ісмерлерді оймашы деп таныған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасау-мен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін қаза, түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шыпта, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атайтын болған. Алайда, бұл бөліністің тиянақты шегі жоқ. Олай дейтініміз, өмірде балташы үйшілікпен, үйші тоқумен, немесе, тоқушы оймашылықпен қабат айналыса берген. Сондықтан, ежелгі ұғымда ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберлерді ұста деп те атайды.
Ал, ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы, ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан нағыз ұста ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрін де жете меңгеретін болған.
Он саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халықтың ұста деп танығандығы сонан да. Әрі ұста дүкенін жалпы жұрт құттыхана атаған. Үлкен ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда, үлкен ұсталардың қолынан шыққан заттарды ырым етіп ілу күні бүгінге шейін ел арасында да сақталған. Осындай жоралғы темір ұстасы сомдаған заттарға ғана емес, ағаш ұстасы жасаған мүліктерге де қатысты. Көшпенділер, тіпті, кәдімгі ағаштың өзін әулие көрген.
Біздің жыл санағымыздан бұрынғы Ү-ІІІ ғасырлар аралығында Алтай өңірінен Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстаған түркі халықтарының түп аталары -- байырғы сақтар әлемдік мәдени өмірде өнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған. Оны ғылымда зверинный стиль деп атау қалыптасып кеткен. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, бұл атауды жан-жануар көп бейнеленген өнер кезеңі деп түсінуімізге болады. Академик Әлкей Марғұлан айтылмыш өнер кезеңіне аңдабы мәнер деп ат берген. Есік обасынан қазылып алынған Алтын адам киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған. Алтын адам тәжіндегі өрнектерде жоғарыда келтірілген сарында аталып өткен Көктеңіз (Мұхит), Тәңіртау, Бәйтерек (ғылыми тілде Өмір діңгегі өрнегі) бейнеленген. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері, осылайша, түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлерімен тікелей сабақтасып отырады.
Халық аузында: Жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен деген ұғым бар. Бұл аталы сөздің төркіні де жаратылыстағы табиғи үйлесімді мадақтау мен қастерлеуден туған. Себебі, адам мәңгібақи табиғатпен етене қатыстылықта болып келді. Табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі десе болғандай.
Арыға барсақ, аяғын қаз-қаз басқан неандерталдық пен кроманьондық сатыға жетіп, белін тіктегенше таяққа сүйенген. Белін тіктеу халіне көтерілген адамдар қолындағы қажетсіз болып қалған таяқтың ұшына үшкір тас байлап, қару орнына жұмсаған. Ағаштың жасыл жапырағын жастық, құрақ бұтағын отын еткен. Алғашқы қауымдық кезең жұрағаты үшін, жеке жортқан түздік үшін ағаш -- ызғырықта ықтасын, аптапта сая болған. Ағаш, оның ішінде Бәйтерек ауыз әдебиеті нұсқаларынан өте мол орын алған. Қозы Көрпеш -- Баян сұлу жырында Қозы шоқ теректі мекен қылады. Қозы мен Баян өлген соң қатар өскен қос бәйтерекке айналып кетеді. Осы дәлелдің өзі-ақ қазақ халқының табиғатты аса ардақтағанына мысал бола алса керек.
Ертеректе көшпенділер ағаш еккенге, оның төңірегіндегі алты адым жер, құдық қазғанға, оның қапталындағы қырық қадам жер жеке меншігіне көшеді деп түсінген. Бұл қағидаға хандар да, билер де қарсы тұра алмаған. Ізгі ниетті мұндай іске бөгет болу қай дәуір үшін де табиғат қамын ойламау болып шығар еді ғой. Осы салтты жақсы білген ұсталар әулеті, мүмкіндігінше, тоғай ағашын емес, ұсталық қажетке жарату үшін өздері арнайы еккен бау ағашын пайдаланатын болған. Сыр өңірінде мұнан сексен-тоқсан жыл бұрын арнайы егілген бау ағаштарының жұрнағы әлі де ұшырасады. Бір өкініштісі, мұндай екпе баулар төңкерістен кейін, егіндікке жер аршу кездерінде арнайы өртелген.
Әрине, жасөспірім арасынан ағаш оюды меңгеру үшін ескілікті таным-түсінік пен наным-сенім тарихын білудің қажеті қанша деушілердің табылып қалуы да мүмкін. Көңіліңе ондай ой түскен талапты жас, ағаш ұқсату шеберлігін белгілі бір деңгейде меңгергенімен, тамыры тереңде жатқан ою-өрнек өнершің мән-мағыналық парқын жіті пайымдай алмайды. Себебі, кез келген көркемдік мәні бар заттың өңіне таңбаланған оюдың әрбір жосығында тарихи мағұлмат, символдық мән бар. Ұлттық таным, ұлттық түсінік бар. Беймәлім тілді үйренбей, ести сала бірден ұғу мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Сол секілді, ою-өрнектің де белгілі бір ұлтқа тән өзіндік сипатын тікелей көріп таныспай, түбегейлі зерттеп, зерделемей меңгеріп кете алмайсың. Сондықтан, біз, сендердің көздеріңді әбден қанықтыра түсу үшін ағашқа салынған қазақтың ұлттық ою үлгілерін кітапқа бар мүмкіндігінше молырақ қамтуды көздедік. Музыкалық туындыны тыңдап қана түйсінуге болатын тәрізді, ою өнері үлгісін көріп қана көңілге тоқи аласың.
Енді бір есіңде болуға тиісті жайт, кәсіп пен өнердің арасында айтулы айырма барлығы. Мысалы, балташы жасаған ат арбаның, тоқушы өрген ергенектің, темір ұстасы соққан тағаның өнер туындысы қатарына қосылуы екіталай. Бұлардың көркемдік мәні жоқтың қасы. Десек те, көркем жасалған күймелі арба, тарту ретінде әсем соғылған сый тағаның өнер шығармасына айналып кетуі де ықтимал.
Сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншелермен сақтар ертұрман әбзелдерін көркемдеген. Ағаш табыттарды безендірген. Сақтар мен байырғы түркі өнерінде, мүсін негізінен аңдабы мәнерінде көрінсе, монғол шапқыншылығына дейінгі өнерде діни мазмұн алып отыр. Құйрықтөбе өрнегінде бертінгі ою үлгілермен сабақтастық бар. Көңіл бөле қарашы, бұғақтағы қошқар мүйіз өрнегінің киіз үй туырлығындағы өрнектен айырмасы жоқ. Дәл осы пішіндес қошқар мүйіз өрнегінің мәнері кесесалғыш өрнегінде де, кебеже өрнегінде де, бағандағы бедерде де, жастықағаш оюында да бар. Ахмет Иассауи сәулет ғимараты көрініс-терінен бірнеше сурет берілген.

1.2 Ағаштан жасалған ұлттық бұйымдарды зeрттeу aрқылы
студенттердің кәcіби шeбeрлігін қaлыптacтыру

Соңғы кездерге дейін тунгустар ағашты кескенде, ағаш ауырсынып жылайды-мыс деп сеніп келген.Белорустарда ертеректе шетен ағашын қиған адам өледі, сықырлап тұрған ағашты қиюға болмайды, себебі онда адамның қиналып тұрған жаны бар, немесе сондай ағаштан салынған үйдің тұрғындары көкжөтелмен ауырады; безі бар ағашты қиған адамға жара шығады, өсіп тұрған ағаштың қабығын аршыса мал қырылады-мыс деген сенім болған.
Поляктар жай соққан ағашты, өзегі бар қарағайды құрылысқа пайдаланбайды. Әсіресе қураған бұтағының орны қуыс болып қалған ағаш өлім шақырады деп қатты қорқады.Орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген сенім болған.Ежелгі Римнің тарихшысы әрі жазушысы Танит: Байырғы германдықтардың емен мен қарағай киелі ағаш, оларда бүкіл тіршілік иелерінің жаны мекендейді, деп сенгендігін жазады. (Лес и человек. 1979. Ежегодник; изд. Лесная промышленность).
Сол сияқты қазақта да ағашты бейберекет кесуге тыйым салатын көптеген ырымдар бар.Егер науқастың беті бері қарамай, қатты қиналып жатса, қиналмай тез үзіліп кетсін деп, үйдің уығын немесе тамның арысын жонатын ырым бар.Мінеки, халқымыздың ағаштың әртүрлі қасиеттерін жоғары бағалап, одан тұрмыста тұтынатын әртүрлі бұйымдар жасап, Әкеден мал қалғанша тал қалсын, Бабын тап та бақ өсір деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.
Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт. Олар ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, дәмі, тұтқырлығы, Жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б.Музыка аспаптарын дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштардан жасайды.Ағаштың безінен жасалған бұйым өте әдемі әрі берік болады. Ұстала келе қызыл қоңыр, шұбар түсті әдемі табиғи өрнегі (текстурасы) ашыла түседі. Одан шеберлер әртүрлі құты ыдыс-аяқ, музыка аспаптарын әзірлейді.Заманымыздың дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров Саптаяқ деген өлеңінде осы қайыңның безінен ойылған саптаяқты былай жырлайды:Қабаққа біткен қайыңның Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ аюдың Әкемнен қалған көз еді.
Ақ ырғайын қияның құлақ қылған қобызым, -- дейтіні, музыка аспаптарының құлағын ырғай, шырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейтіні.Осы аталған ағаштарды жеке-жеке талдасақ.Ағаштардың ішіндегі ең шешені сөйлегіші қарағай деп санайды шеберлер.
Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды, немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады. Шеберлер сан жылдаған тәжірибенің нәтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару (резонанс) қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып таба білген.
Әдетте халық шеберлері домбыра жасау үшін ұрғашы қарағайды таңдап алады.
Ұрғашы қарағай дегеніміз -- таудың теріскей беткейіне (қапталына) өскен қарағай діңінің солтүстік жағындағы жартысы. Ұрғашы қарағайда яғни ағаш діңінің солтүстік бағыттағы жартысында бұтақ болмайды, жылдық сақиналары жиі, әрі шайыры аз болғандықтан дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.[26, 15б]
Күн көзі ағашқа тура түссе ағаш жарылып, іске жарамсыз болып қалады. Ертеректе халық шеберлері ылғал ағаштың қабығын аршып өн-бойын тұтас сиырдың жапасымен сылап, көлеңке жерде кептірген.
Немесе қабығы аршылған ағаш діңін көңнің арасына көміп қойып та кептіреді.
Сол сияқты ағаш дайындамаларды құрғақ құм, топырақ, ағаш үгіндісі мен құрғақ жапыраққа көміп қойып та кептіруге болады.Байырғы шеберлер ағаш неғұрлым ұзақ кепсе (сақталса) соғұрлым сапасы жоғары болады деп есептеген.
Ағашты жармай, шірітпей, ағашжегі сияқты құрттар мен әр түрлі бактерияға шалдырмай кептіру үлкен өнер.Қазір ағашты арнаулы ыстық ауамен немесе пештің қызуымен кептіретін арнаулы өндірістік қондырғыларды да пайдалануға болады [29, 21-22бб.].
Ағаш ылғалдылығы да шеберлердің назарында болуға тиіс. Аспап бөлшектері қүрастырылғанға дейін әбден кептірілу керек.Аспап жасалып біткеннен кейін кептіру мүлдем дүрыс емес. Өйткені, ағаш неғүрлым кепкен сайын соғүрлым жиырыла түседі, тіпті күш түскен бағытта майысып, толқып кетуі де мүмкін. Дымқыл ағаштан жасалған дайын аспап ыстықта түрып, күнге қүрысса бөлшек-тердің қиысқан, түйіскен, жымдастырылған жиектері ажырап кетеді. Ал, кептірілгеннен кейін қүрастырылған бөлшектер әр түрлі жағдайда бойына ылғал жинап, көлемін үлғайтып, біршама ісінеді де, бір-біріне беки түседі. Бүл аспаптың мығымдығын, беріктігін арттырады. Аспап жасаушы шебер ағаштың тығыздығын да ескеріп отыруы керек. Ағаштың бойындағы клетка қуыстары және клеткалар аралығындағы кеңістіктер неғұрлым аз болса, тығыздығы да соғұрлым жоғары болады. Ағаш тығыздығы оның ылғалдылығына да байланысты. Ылғалдылығы көбейген сайын тығыздығы арта түседі. Тығыз ағаш ауыр, әрі мықты да төзімді келеді. Тығыздығына қарай ағаштар үш топқа бөлінеді:а)тығыздығы жоғары ағаштар қызылқайың, аққараған,қызылтал және сексеуіл;ә) тығыздығы орташа ағаштар сағызқарағай, қайың, шамшат, шегіршін, алмұрт, емен, қарағаш, үйеңкі, шынар, жаңғақ, алма ағашы т.б;б)тығыздығы төмен ағаштар қарағай, шырша, майқарағай,самырсын, терек, жөке, тал, қандыағаш т.б.Музыкалық аспаптар көбінесе соңғы екі топқа кіретін ағапггардан жасалады.Ағаштың ендігі бір физикалық қасиеті -- дыбыс өткізгіштігі. Құрылысшы ағаштан еден салып, кереге көтергенде оның дыбыс өткізгіштігін міндетті түрде ескеріп, екінші бөлмеге жаңғырық естілмес үшін қосымша дыбыс өткізбейтін материал пайдаланады.
Ал музыка аспаптарын жасаушы шеберге ағаштың дыбысты неғұрлым тез және мол өткізгені қажет. Өйткені аспап өзі жасалатын материалдың ең әуелі сол қасиетіне негізделеді.Дыбыс ағаш діңінің бойымен тез тарайды. Егер ағаш ылғал болса, дыбыс баяу өтеді. Егер ағаштың тығыздығы төмен болса, оның дыбыс өткізгіштігі жоғары болады. Дыбыс өткізгіштігі жоғары ағаштар -- шырша, самырсын, қайың, қызылағаш, жаңғақ, шамшат, арша музыка аспаптарын жасауға жиі пайдаланылады.Музыка аспаптарын жасаушы жас ұста ағаштың сыртқы күштерге қарсылық көрсетіп, төзе алатын мүмкіндігін де білуге міндетті.Ағаштың мықтылығын созу, сығу, ию арқылы білуге болады. Мұндай сынға тек тығыздығы жоғары, ылғалдығы төмен, ақауы аз ағаштар шыдайды.
Мықты ағаштар музыка аспаптарының бас, бетқақпақ, кергіш, қүлақ, тиек шанақ т.б. бөлшектерін жасауға тиімді. Ағаштың қаттылығы оны кескенде, тілгенде, жонғанда, сүргілегенде айқындалады.
Ағаштың қаттылығы тығыздығы мен ылғалдылығына байланысты. Музыкалық аспап, көбінесе, жаңғырығы күшті жұмсақ ағаштардан жасалады.
Ағаштың тағы бір қасиеті -- оның көлемі мен тұрпатының өзгергіштігі. Сыртқы күштің белгілі бір мерзім ішіндегі әсерінен ағаш көлемін кішірейтеді немесе ұлғайтады. Кейде қайқайып, бұралып, болмаса басқа бағытта иіліп өз тұрпатын өзгертеді.Мысалы, ағаш өте құрғақ ауада, немесе ыстық жерде жиырылады да, ылғалда ісінеді. Сондай-ақ өте жоғары төмпературада ағаш қайқайып, иіледі. Студент-шебер ағаштың бұл қасиетін де үнемі жадында ұстауы шарт [32,23б.].
Ағаштың тұтқырлығы оның ылғалдығына тәуелді. Ылғалы жоғары ағашқа шеге еркін кіреді, әйтседе кепкен сайын ағаштың шегені ұстап тұру қабілеті кеми түседі. Тығыз, қатты ағаштардың тұтқырлығы жоғары болады. Ағаштың иілгіштігі музыка аспаптарын жасау барысында үнемі ескеріледі.
Көптеген аспаптардың шанағы ағаштардың осы қабілетіне сүйене жасалады. Қайың, емен, тал сияқты ағаштардың иілгіштігі қарағай, шырша, самырсынға қарағанда басым. Жаңғақ сарғыш, қоңыр, қара, ақ түсті болып келеді. Кескіні әдемі, тығыздығы күшті. Жеңіл тазартылады. Бояулар мен лактарды жақсы қабылдайды. Бұл ағаштан барлық музыка аспапта-рының басын, мойнын, құлағын, тиегін, шанағын, үрмелі аспаптардың шеңбері тағы басқа да бөлшектерін дайындайды. Жаңғақ ағашының фабрикада өндірілген жұқа қабыршықтарынан домбыра, шертер, жетіген, қобыз тағы басқа аспаптардың бетқорғандары және ою-өрнектері кесіліп салынады.Ал қызыл ағашты біздің өнеркәсіп орындарымыз көбінесе шетелдерден алдырады. Оның жалпы бітімі сұлу, сүйегі қатты, жаңғырғыштығы зор. Бұл ағаштан жұқа қабыршақтар алынады. Әсіресе ішекті аспаптардың шанағын, мойынын, тиек пен құлақты дайындауға жиі пайдаланылады.
Арша негізінен биік тауларда, күнгейлі беткейлерде өседі. Аршаны белгілі мөлшерде кесіп алып, табиғи кептіруден өткізгеннен кейін музыкалық аспаптар жасайды. Біздің халқымызда аршадан шауып-ойып жасалған домбыра, қобыз, шертер т.б. сазды аспаптар ерекше қастерлі саналған. Айта кететін жәй, бұл ағашты алыстан іздемей-ақ республикамыздың таулы өңірлерінен алуға болар еді. Бірақ оны тиісті өндіріс орындары пайдаланбай келеді.Қарағаш сулы жерлерде, орманда өседі. Ұзындығы әр өңірде әр түрлі болып келеді. Қара топырақты ормандарда 50-60 метр, тасты жерлерде 15-20 метрден аспайды. Бұл граб сияқты қатты ағаштардың қатарына жатады. Бітімі тығыз. Көп жасайтын ағаштардың бірі. Қарағаш биіктеп өскен сайын, бұтақтары жоғарылай береді. Төменгі жағында да бұтақ аз болады. Қара ағашты күз айларында кесіп, музыкалық аспап бөлшектерін дайындауға болады. Өзбек, тәжік, ұйғыр музыкалық аспаптары көбіне-көп осы ағаштан жасалынып жүр. Өйткені оның төзімділігі мықты. Әрлеп, әсемдеуге ыңғайлы. Бұл ағаш көбіне өзімізде өскендіктен, оны дайындап іске қосу арзанға түседі. Сондықтан бұл материалдан музыка аспабын жасау тиімді болмақ.
Тобылғы қызыл, күрең түсті болып келеді. Желтоқсан, қаңтар, ақпанда, нағыз бабында, толық жетілген шағы.Қазақтар тобылғыдан асатаяқтың сабын, дауылпаздың таяқшасын жа-саған. Тобылғы айтарлықтай жуан болып өспейді. Сондықтан ол табиғи жұмыр күйінде пайдаланылады. Тұрмыста қамшыға сап, сабау жасалады.Тасжарған ағашы тасты жерде өседі. Биіктігі 4-5 метрден аспайды. Шымыр, қатты ағаш. Тасжарғаннан музыка аспаптарының құлағын, тиегін, асатаяқтардың таяқшасын жасауға болады. Тасжарған аз өсетін ағаш. Бұл ағашты белгілі мамандар мен тәжірибелі адамдар ғана ажырата алады.
Халық өнерінің туындыларын зерттеуде Қазақстандағы музейлер қызметкерлері, ғалымдар, археологтар, өнер зерттеушілері орасан зор еңбек етті. Жинақталған көне бұйымдар республикамызда орналасқан тарихи - өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде сақталуда. Бұл музейлерден қазақ халқының тарихын, этнографиясын, ою-өрнектерін көрсететін көркем бұйымдардың үлгілерін көруге болады.
Көне өнер туындылары Алматыдағы Орталық музейде Республикалық халықтық қолөнер музейінде, Қазақстан ғылым академиясының тарихы, археология және этногрфия институтында сақтаулы.
Қазақтың көне сәндік қолданбалы өнерін зерттеу ертеден басталған. Мұндай зерттеуге көптеген саяхатшылар, коллекционерлер, ғалым-этнографтар, археологтар, суретшілер кеңінен қатысқан. Бұлардың қатыранан Аткинсон, Краплат, Стасов, Берштам, Массон, Чекалов сияқты көрнекті зерттеушілер орын алады.
Кеңес дәуіріндегі халықтың қолөнерін зерттеуге Г.В.Григорьев, А.Н.Бернштам, Ә.Х.Марғұлан, Т.Басенов, А.Қ.Жұбанов, Ә.Тәжімұратов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов сияқты ғалымдар қомақты үлес қосты.
Сәндік қолданбалы өнердің қазіргі үлгілерін зерттеуге К.Өмірғазин, Б.Өмірбеков, Е.Асылғанов, К.Ли, С.Оразбаев, С.Төленбаев, М.Әлімбаев, А.Ниязов сияқты өнер зерттеушілердің еңбегі ерекше.
Республикамызда қолөнер мәдениетін бүгінгі талғам биік дәрежесінде халықтық дәстүр негізінде дамыту - нарықтық экономикалық заманында тиімді. Қазіргі халықтық көркем бұйымдары музейлерге қою үшін жасалмай, өнер тұрмыста қолдану үшін жасаулы қажет. Оларды жасау технологиясы жетілдіре түсуді қажет етеді. Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.
Ұсталар ағашты кесу жұмыстарына ара мен балтаны, шабу ісіне түрлі шоттарды шапашот, тесе шот, ойыс жүздішот, тегістеу, типылдау үшін үстірікті, қырғьшы, жоңғыны, түрпіні, ішінара қашауды, ойып өрнек салу үшін бәкіні, пышақты ойма пышақ, қуыс құрсақ қашау, тесу үшін ұрғы мен үскіні пайдаланған. Әдетте, темір ұсталары да өзіне қажетті құрал-сайманның бәрін тікелей қолымен өзі жасап алған. Қазір ағаш өңдеу механикаланған. Механикаланған құрал-сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Алайда, бүгінгі күндері қолдан тақта даярлап жатудың қажеті жоқ. Ойып өрнек салу үшін дайын тақтай жеткілікті. Құрал сайманды да қорабымен дүкендерден ала аласың.
Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метрлік өлшегіш, сызғыш, ішкі өлшеуіш, деңгейлік рейсмус деп аталатын өлшеу-белгілеу аспаптары да, ұста балғасы, ағаш балға, қысқаш, тістеуік, егеу тәрізді көмекші аспаптар да қажет. Ағаш оюға қажетті ең басты құрал қашау (стамеска). Қашау тік жүзді қашау, құрсақты қашау құрсақ ауқымы, яки, жүзінің доғалық шеңбері түрліше бола береді, бұрышты қашау жүзі үш бұрышты, т. б., қиғаш қашау жүзі қиғаш болып бөлінеді. Суретте ең көп қолданылатын үш түрін құрсақты қашауды, тік жүздісі мен қиғаш жүзді қашауды және шапашот пен ыңғыру ойықтың өңін тегістеуге қолданылатын құрал түрлерін көрсетіп отырмыз. Көрнекілік үшін берілген тақтайдан құрсақты қашаумен салынған ойықтың жосығын қара. Әрине, мұны жүзі тік қашаумен ойып шығу мүмкін емес. Сондықтан, ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін ескермей болмайды. Қашаудың ұзындығы 80-120 мм, жүзінің ауқымы 2-3 мм-ден 40-50 мм-ге дейін болғаны ыңғайлы. Онда қашауды қайраққа қайрау үшін қолды қалай ұстау әдісі, қайраққа қашаудың тию деңгейі, құрсақты қашауды киізден жасалған шарыққа шарықтау сыртқы жүзін, көнге жану тәсілдері көрсетілген қашауларды жанығанда, қайрағанда, шарықтағанда білуге тиіс ережелерді толық сақта. Және де құрал сайманды ашық қалдырма, жас балалардың қолына ұстатпа. Әдетте, ағаш оюмен мүшел жастан өткен ұл балалар шұғылданады. Ең абзалы, ағаш ою шеберлігін қашан толық меңгергенше көкең мен ағаңнан, немесе еңбек пәні мұғалімдерінен, ағаш мамандарынан кеңес алып отыр.Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты.
Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты , құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі[45,76-78бб.].
Ағашты күйдіріп әшекейлеу (өрнектеу) дегеніміз -- ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткен бетіне қыздырылған металл қалыптармен, біздің ұшымен қарып өрнек салу, жазу т.б.Осы әдісті домбыраның шанағын, қақпағын, мойнын әшекейлеп, өрнектеуге де қолдануға болады. Ол үшін домбыраның әшекейленетін бетіне қарындашпен өрнектің нобайын сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген арнаулы металл (темір) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып шығуға болады.
Ертеректе шеберлер ру таңбаларын, адам аттарын да қарып ағаш бұйымдарға түсірген.
Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) аша (айқындай) түсу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту үдерісі
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер