Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 636 (075)
Қолжазба құқында
Мұхтар Алмат Қайратұлы
ҚОЙДЫҢ ПОСТНАТАЛЬДЫҚ ЖЕКЕ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҮН ТҮСІНІҢ ДЕПИГМЕНТАЦИЯЛАНУЫ
6М60800-Экология (бейіндік) мамандығы бойынша жаратылыстану білім магистрі акедемиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Шымкент, 2019 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғауға жіберілді
Биология және химия кафедрасының меңгерушісі
_______ б.ғ.к., Пошаева Г.
____________ 20___ ж.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
бөлімінің меңгерушісі
__________ аш.ғ.к. А.Қ. Қосауова ____________ 20___ ж.
Магистрлік диссертация

Мамандығы: 6М060800-Экология (бейіндік)
Магистрант ___________ Мұхтар А.
Ғылыми жетекшісі__________ а.ш.ғ.д., профессор Байбеков Е.
ШЫМКЕНТ, 2019
МАЗМҰНЫ
КIРICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1
Әдебиетке шолу
7
1.1
Тері - жүн жамылғысының пигментациясы және оның маңызы ... ... .
7
1.2
Қаракөл қойының түс реңінің генетикасы ... ... ... ... ... ... ... ...
14
1.3
Қаракөл қойының түр - түсінің әртүрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2
ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... .
38
2.1
Тәжірибені жүргізген аймақтың табиғи климаттық және шаруашылық жөніндегі қысқаша мәліметтер ... ... ... ... ... ... ...
38
3
Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
41
3.1
Қара түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41
3.2
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
57
3.3
Көк түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60
3.4
Рең деңгейіне байланысты әр түсті қаракөл қойларының өсіп-жетілуі мен өміршеңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
63
3.5
Әр түсті қаракөл қойлардың елтірілік өнімділігі ... ... ... ... ... ...
70
3.6
Қазақы сұр қаракөл қойы жүніндегі талшықтар құрамы ... ... ...
76
ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
79
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
81
Кіріспе
Диccepтaциялық жұмыcтың өзeктiлiгi. Қаракөл қой тұқымынан алынатын негізгі өнім-қаракөл елтірі-түсінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді, тіпті мұнда басқа қой тұқымдарында сирек кездесетін түстер мен реңдер кездеседі.
Қаракөл шаруашылығы тұтынушылардың талғамына және талаптарына байланысты елтірінің әр түрлі түстеріне және елтірілік типтеріне сай мамандандырылады. Қаракөл қой тұқымын өсіруде, популяцияның алуан түрлілігі - осы қой тұқымының шөл және шөлейт аймақта, гендік қорын сақтаудың басты кепілі.
Малдың жеке даму кезеңі оның өсіп - даму ортасындағы қойдың мекеніндегі болатын тұрақсыздыққа бейімделуіне бағыт береді. Мұнда, жеке дамудың кез-келген фазасында мал ағзасында болатын барлық өзгерістер реттеліп отырады.
Ағзасының эмбрионалды даму кезеңінде сыртқы орта факторлары оған шешесінің ағзасы арқылы әсер етсе, ал постнальды кезеңде сырқты ортаментікелей әсерге түседі. Демек, төлдің ата-анасынан алған нәсілдік информациясы онтогенезде сыртқы орта факторларының белсенді әсерімен, ретімен іске асады.
Қаракөл қойының жүн жамылғысы постанальды даму кезеңінде депигментацияға ұшырайды, ал оның қарқыны малдың генотипі мен ортаның өзара әсерлеріне байланысты.
Қойдың жүн жамылғысының депигментациясы ағзасының физиологиялық, биохимиялық процестерге әсер ететін болғандықтан, оның тұқым қуалау дәрежесін терең зерттеп, елтірілік өнімділікке әсерін нақтылауды қажет етеді.
Сондықтан популяциядағы әр түстегі қаракөл қойларының онтогенезінде пигментация мөлшерінің деңгейіне қарай топографиялық бөліктердегі депигментация процесінің жүру қарқынының өзгерісін, осыған байланысты сыртқы орта факторларына бейімділік қасиетін және елтірілік белгілерге тигізетін әсерін зерттеу-өзекті мәселе.
Ғылыми ізденіс Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді.
Жұмыстың жаңалығы. Әр түсті қаракөл қозыларының постиатальды даму кезеңіндегі жүн жамылғысының депигментациялық ерекшеліктері анықталды. Алғаш рет зерттеу нәтижесінде жүн жамылғысындағы өну процесіндегі жүру қарқыны жүннің түсі мен рең қанықтығына қарай өзгергіштігі анықталады және депигментация деңгейінің алынған қозылардың елтірілік өнімділігі анықталады.
Бірыңғай түсті реңдердің жоғары деңгейіндегі мал түрінде жеке даму кезеңінде өсу қарқыны қалған деңгейдегі мал түрімен салыстырғанда баяу өтеді. Малдың рең қанықтылық деңгейі мен олардың сыртқы ортаға бейімделу қабілетінің байланысы анықталды. Пигментация минималь деңгейіндегі ашық реңдегі мал тұқымы сыртқы орта факторларына төзімділігі төмен болса, максималь деңгейдегі малдар жоғары бейімділігімен ерекшеленеді және алынған қозылардың елтірілік өнімділігі де жоғары болып келеді.
Зepттeу ныcaны. Зерттеу нәтижесінде әр түрлі қаракөл қойының жеке өсу дәуіріндегі жүн жамылғысындағы депигментация процесінің өтуі және осы малдардың табиғи бейімділігінің анықталуы, қаракөл қойының өсіруге экологиялық аймағын таңдағанда кез-келген түсті рең қанықтылығындағы тиімді генотипті қаракөл қойларын ұсынуға толық мүмкіндік береді.
Зepттeу пәнi. Химия пәнi бoйыншa Жoғapы oқу opнындa химияны oқытудa жaңa пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялapды қoлдaну тaқыpыбын иннoвaциялық тeхнoлoгиялap нeгiзiндeгi әдicтeмeлiк жұмыcы.
Диccepтaциялық жұмыcтың мaқcaты. Зерттеу мақсаты - әркелкі генетикалық топтағы қаракөл қойларын постанальды даму кезеңінде жүн жамылғысындағы депигментация процесін анықтау.
Ocы мaқcaтқa cәйкec диccepтaциялық жұмыcтың мiндeттepi:
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қамтылды:
әртекті генетикалық топқа жататын мал түрін таңдап, оны жасақтау;
әр түсті қаракөл қойының рең қанықтылығы байланысты постанальды даму кезеңінде жүн жамылғысының депигментациялану мөлшерін зерттеу;
ЭПР-спектрометрия тәсілі бойынша қаракөл қойларының жүн талшықтарындағы меланин мөлшерін анықтау;
Зepттey әдicтepi. Жұмыcтa тeopиялық тaлдay әдicтepi, бaяндay, caлыcтыpy, capaптay, мoдeльдey, жинaқтay, жүйeлey, тaлдay, қopытy, тәжipибeдeн өткiзy, бaқылay әдicтepi қoлдaнылды.
Зepттey жұмыcының жapиялaнyы.
1. Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы. Магистр KZ журналы (Шымкeнт 2019).
2. Қapa түcті қapaкөл қойлapының жүн жaмылғыcының депигментaциялaнуы Жapaтылыcтaну ғылымдapының өзeктi мәceлeлepi Ұлaғaтты ұcтaз б.ғ.д., пpoфeccop Ә.Н.Хaлилaның 70 жылдығынa apнaлғaн ғылыми-тәжipибeлiк кoнфepeнцияcының eңбeктepi (Шымкeнт 2019) бөлiмiндe жapиялaнды.
Мaгиcтpлiк диccepтaцияның құpылымы. Диccepтaция кipicпeдeн, үш тapayдaн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттepдeн тұpaды.
1. Әдебиетке шолу
1.1 Тері - жүн жамылғысының пигментациясы және оның маңызы
Ағза жеке дамудың кез-келген сатысында сыртқы орта факторлармен әрекетке түседі. Ағзаның бейімделу кезеңіндегі зат алмасу сипаты, ағзаның морфологиялық системасы, жеке жасушалардың, ұлпалардың, органдардың функциясы, тіпті малдың мінезі де өзгереді.
Бұл процестерге сыртқы орта факторлары қозғаушы күш ретінде жасушадағы, ұлпадағы, органдағы орналасқан реттегіш системалар онтогенездің әр сатысында іске қосылып отырады.
Сырттың көптеген факторлары, ағзадағы физиологиялық процестердің қалыпты жүруін баяулатады. Тірі ағза өзінің қызметін қалпына келтіруге қабілетті. Олардың жас кезінде көп жағдайда жұлынып қалған органдары қайтадан өсіп шығады. Бұл тірі жаратылыстың өзінің органдары морфологиялық структурасын реттей алатындығын көрсетеді.
Қаракөл қойы өсетін шөл аймақтағы климаттың өз ерекшеліктері бар.
Мұнда жаз айы ұзақ, ыстық, ауа өте құрғақ болады. Жауынның біркелкі түспеуі мал жайылымындағы өсімдіктердің өсуін тежеп немесе күйіп кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан, шөл аймақта өсетін суды өте аз қолданып, оның буланып кетуіне жол бермейді.
Қаракөл қойы шөлейт аймақтың тақыр жайылымын басқа малдардың түрімен салыстырғанда толық пайдаланады. Ол үшін, өзіне қажетті жем шөп мөлшерін жинау үшін қой сөткесіне күнделікті 10-20 км, ол кейде 18-20 км жол жүреді. Сондықтан, олардың дене бітімі айрықша, денсі жеңіл, тұяқтары қатты болады.
Ағзаның сыртқы орта факторына бейімделуі, дамудың әрбір сатысында жеке дамудың энергетикалық үнемділігі принципіне жүргізіледі.
Қаракөл қойы тұқымының басты ерекшелігі оның қосымша салмаққа энергия шығынының төмен болуы және жайылымның жазда күйіп кеткен кезінде, қыстың өріске шыға алмай қалған кезінде қойдың құйрығында, денесінде жиналған майын өте қажетті энергия қоры ретінде падалануы.
Қаракөл тоқтыларында табиғи көбею мүмкіндігі ерте 7-8 айлығында басталғанымен, жас малдың ол кезде физиологиялық толыспауынан оларды қашырмайды. Жас кезінде қашырылған малдың өсіп - жетілуі тежеліп, өнімділігі төмендейді. Қойдың физиологиялық толық жетілуі 18 айда аяқталғандықтан, оларды осы жастан ұрықтандыруға жібереді.
Қаракөл қойының шөлейт аймақтың жаздағы ұзақ, ыстық күні мен қыстағы суығына бейімделуіне, оның жүн жамылғысындағы пигментациясының маңызы жоғары (Васин Б.Н. [1, 15-25бб.]).
Мал ағзасын күн исоляциясынан қорғайтын меланин түрлі-түсті қойларда қарамен салыстырғанда төмен болады.
Сонымен бірге терморегуляция прецесіне пигментациямен бірге, жүннің фракциялық құралымының да әсері байқалды.
Сұр және көк қойларда жүн жамылғысының структурасын зерттегенде оның өзгешелігі байқалды. Қара түсті қаракөл қойларында түбіт жүнінің мөлшері сұр және көк малдыкінен төмен, қылшық жеңілдетіп, ультракүлгін сәулесінің өтуін реттейді (Ерофеев В.С., Шулов В.В. [2, 30-37бб.]).
Жүн дегеніміз кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйізтәрізді құрылымы дене түгі. Тоқыма өнеркәсібінде қойдың, түйенің , ешкінің, сиырдың жүні ж қоянның түбіті қолданылады.
Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астына жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті.
1 -- қабыр-шақты қабат; 2 -- қабықты қабат; 3 -- өзекті қабат.
1-сурет. Жүн талшығының құрылымы
а -- түбіт; 6 -- ауыспалы талшық; в -- қылшық; г -- өлі талшық;
2-сурет. Жүн талшықтарының түрлері:
Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтылдауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.
Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын , серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат болып табылады.
Өзекті қабат талшықтың ортасында болады. Ол ауатолған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн талшықтарының мынандай типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, қылшық.
Түбіт - қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы.
Қылшық - түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес тік. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады.
Аралық жүн -- түбіт пен қылшықтың ортасы. Бұдан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түктен тұрады. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады.
Өлі түк - нашар боялатын, өңдегенде оңай сынатын дөрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі. Өлі түк үш қабаттан тұрады: қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады.
Қойдан қырқып алынған тұтас жүн жабағы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де төмендегідей түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм-ға дейін ); оны биязы жүнді қойлардың алады да, жоғарғы сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады:
жартылай биязы жүн (25 -- 34 мкм) -- түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайдаланады;
жартылай дөрекі жүн (35 -- 40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін жартылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады;
дөрекі жүн (40 мкм - ден жоғары)-- құрамында талшықтың барлық түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып ірі шұға мата алуға пайдаланады. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы зор.
Жүн талшығының ұзындығы 20 мм-ден 450 мм аралығында. Біртекті жүндер ұзындығына байланысты қысқаталшықты --55 мм-ге дейін, және ұзынталшықты -- 55-ден артық болып бөлінеді.
Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігі сонымен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болса соғұрлым бұралаңы көп болады. Бұралаңның биіктігіне қарай қалыпты, биік және жатық бұралаңқы болып бөлінеді.
Биік ирелең қысқаталшықты жүн жуан әрі үлпілдеген аппараттық (шұғалық) жіп иіруге пайдаланылады. Жатық бұралаңқы ұзынталшықты жүн жіңішке тегіс тарам жіп иіруге пайдаланылады.
Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтікі 50-90 мкм, өлі шаштікі 50-100 мкм.
Жүн талшықтарының мықтылығы оның жуандығы мен құрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн-- жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН-қа дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар - 30 сН-ге дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8 - 13,5 сНтекс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегңнде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенімен мықтылығын арттырмайды.
Құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40% .
Толық ұзарудың әжептеуір үлесі (7%-ке дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформацияға келеді, солардың әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.
Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті,ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі - сұр, қызғылт, қара.
Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына байланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді жылтыратып тұрады. Майда, талшыққа жабыспайтын қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді.
Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың сыртқы бетін түзіп, қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, механикалық факторларын қорғайды және жүннің жылтырлығы мен ұйысуына әсер етеді.
Қабыршақты қабат көптеген жалпақ, дұрыс емес мүйізділген қабыршақтан тұрады, ол мөлшерімен өз ұзындығының 23 немесе жартысына дейін бірінің үстіне бірі орналасады. Қабыршақ пішіні бойынша: шатыр тәрізді және тәж тәрізді болып негізгі екі топқа ажыратылады. Қабыршақ пішіні мен орналасуына байланысты шаш типі мен қойдың өнімділік бағытын анықтауға болады. Қабыршақтың шет жақтары тегіс, тісті немесе толқынды жабынды болып келеді.
Қабыршақ орналасуына байланысты:
сақина тәрізді - әрбір қабыршақ шаш маңайында толық сақина түзеді. Сондықтан төменгі қабыршақтың төбесін жоғарғының негізгі жабады да, бір сақина, екіншісіне киіліп тұрғандай болады. Мұндай қабыршақ формасы түбіт үшін тиімді.
сақиналы - торлы - қабыршақ тор тәрізді және талшық маңына қатармен орналасады. Ол биязы жүн үшін тиімді.
торлы - қабыршақ талшық бетіне тордың дұрыс емес пішінін түзеді. Қабыршақтың мұндай орналасуы - қылшықты жүнге тән. Талшық салмағының 2-3 % -ын қабыршақты қабат құрайды.
Әрбір қабыршақ 3 қабаттын: эндокутикула (ішкі бөлігі), экзо - кутикула (ортаңғы бөлігі) және эпикутикула (үстіңгі бөлігі) тұрады, олар кератин ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Эпикутикула (жуандығы 50-100 мкм) - қабыршақтың ең бірінші қорғаныс қабаты. Ол химиялық тұрақтылығы өте жоғары және жүнді зиянды химиялық әсерлерден сақтайды, мысалы, аммиактың және т.б. Ал талшықты механикалық зақымданудан көп дәрежеде: экзо және эндокутикулалары қорғайды.
Қыртысты қабат қабыршақты қабаттың астында орналасады, ұршық тәрізді көп түйіршікті клеткалардан (ұзындығы 80-150 мкм, жуандығы 4-10 мкм) тұрады. Қыртысты қабат клеткасы 2 типті: неғұрлым ірісі- ортокортекс (ортокор) және тығыз орналасқан біраз ірілеу келетін - паракортекс (паракор). Әр типтегі талшық клеткалары - доғалы құырылымды түзеді. Бұл бөлік түбітте ширатылған (спиральді), тұрақты иректің сыртқы жағында әрқашанда ортокортекс, ішкісінде - паракортекс.
Ал қылшықта және аралық талшықта олар әр түрлі жағдайда береді: ортокортекс - қылшықта, ал паракортекс шеткі аймақтарда біркелкі емес орналасуы мүмкін және жеке клеткалармен де болады.
Қыртысты қабат клеткаларында пигмент грануллары - меланин бар. Гранула ұзындығы 0,5-1,3 мкм, 0,16 -0,43 мкм, биіктігі - енінен қарағанда екі есе аз. Паракортекс клеткаларында ортокортекс клеткаларынан қарағанда меланин көп.
3-сурет Меринос қойларының жүн талшығы (сызба - нұсқа)
1- қабыршақты қабат, 2- ұршық тәрізді клетка , 3 - қыртысты қабаттың ортокортикальді клеткалары, 4 - қыртысты қабаттың паракортикальді клеткалары, 5- өлі клеткалардың ядро дегенерациясынана кейін қалған бос кеңістік.
Түбітте қыртысты қабат 90 %, қылшықта - 60-70%, өлі талшықта тек 5-6 %.
Қыртысты қабатты күкірттің негізгі көлемі түзіледі. Сондықтан бұл қабат жүнді: мықтылық, созылғыштық, серіпімділік және т.б. қасиеттермен қамтамасыз етеді.
Өзек қабаты - бұл құрғақ клеткалар мен ауамен тастырылған талшық ішіндегі сызық. Ол үздіксіз түзу (қылшықта) және үзік-үзік сызық (аралық талшықта) болуы мүмкін. Түбітте өзек болмайды. өзек талшықтын беріктігін төмендетеді, бірақ, оның жылу сақтағыш қасиетін жоғарылатады. Өзек талшығы көбінесе әкті - ақ түсті болып келеді, ол бет жағындағы ауа, көпіршіктерінің жарықтың жақсы түсуінен.
Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшығы көбінесе кератинді белоктар тобынан тұрады. Кератинді басқа белоктардан көтеріңкі мөлшерде 3-5% күкірт түзуімен ерекшеленеді. Күкіртпен жүннің технологиялық қасиеттері белгілі, бір дәрежеде байланысты. Жүнден күкірттің жақсарады, жүн талшығының беріктігі жоғарлайды. Күкірт қылшық жүннен қарағанда меринос жүнінде көбірек.
Цистин - құрамына жүн талшығына қажет барлық дерлік күкірт кіретін, амин қышқылдары болып табылады. Қой организімінде цистин түзілмейді, ол азықпен түсіп отыруы қажет. Мұнадй азықатрға: көк шөп, сапалы сүрлем мен пішендеме, кұнжара жатады.
Жүн кератині құрамына 18 аминқышқылы кіреді.
Әр түрлі типтегі жүн талшықтары амин қышқылдарының түзілуіне байланысты ажыратылады.
Жүн кератині: А кератині және С кератині болып екіге бөлінеді. А кератині қабыршақты қабат, С кератині - қыртысты қабат пен өзек заттарын түзеді. С кератині тирозин аминқышқылын, түзентіндігімен А кератинінен ерекшеленеді.
Жүннің химиялық құрамы (%): көміртегі -49,8 -52,0; сутегі 6,36 -7,37; азот 15,7 -20,8; оттегі 17,1-24,0, күкірт -2,0-5,0.
Сілтінің әсерінен жүн талшықтары бұзылады, ал өсімдік талшықтар (зығыр, мақта, вискоза және т.б.) сақталады. Әлсіз қылшық ерітіндіде жүн құрамы өзгермейді, ал өсімдік талшықтары бұзылады. Жануар мен өсімдік талшықтарының табиғатын осындай, жолдармен анықтауға болады. Өнеркәсіпте әр түрлі талшықтарға химиялық әдіспен әсер етуді пайдаланады. Мысалы, жүн қиын алынатын арамшөппен (ошағын т.б.) ластанған, оны 5-6 % күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4 ) жуса, жүн құрамы бұзылмайды, ал өсімдік қоспалары ериді. Бұл үрдіс жүн карбонизациясы деп аталады.
Қой малының тері жабынын құрайтын, жүн талшықтарының жиынтығы, қой шаруашылығында жабағы деп аталады. Ол қой малынан қырқылғанда алынған жүн өнімінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын объект болып табылады. Жүн талшықтары өзара тек түзілу ерекшелігі мен қой төлінің жатырда даму кезеінде ғана емес, сонымен қатар жас төлдің және ересек қойлардың жүннің өсу үрдісі кезінде қалыптасатын морфологиялық белгідері мен техникалық қасиеттеті бойынша ажыратылады. Қой шаруашылығында, осыған байланысты жүн талшықтарын ең негізгі 6 морфо-техникалық типке жіктеу ұсынылған: 1. түбіт, 2. қылшық; 3. өтпелі немесе аралыө талшық; 4. өлі; 5. құрғақ ; 6. жабында шаш.
Кесте. Жүндегі амин қышқылының түзілуі,
(100 г жүндегі көлемі, г)
Түбіт - ең жіңішке, өзек қабаты жоқ талшық. Көбінесе қалыңдығы 15-25 микрометр (мкм), ал ұзындығы 5-15 см болады. Түбіт әрқашан толқынды немесе иректелген болып келеді. Ол қылшық жүнді және будан қой малдары жүнінің негізі болып табылады және көп жағдайда оның көлемі қабатын құрайды, сондықтан түбітті кейде, биязы жүн деп атайды. Түбіт жүннің ең құнды құрамды бөлігі.
Қылшық - біркелкі емес қылшық және ұяң жүннің құрамына кіреді. Ол түзу немесе өте аз иректелегн ірі талшық. Ұзындығы бойынша түбіттен ұзын, тек роман қой тұқымында ғана түбіт қылшық жүнмен ұзын. Қылшық 3 қабаттан: қабыршақты, қыртысты және өзектен тұрады. Неғұрлым дамымаған болса, жүн соғұрлым құнды. Жүн жуандығы 51-ден 155 мкм және одан көбірек ауытқиды.
Аралық талшық - жуандығы бойынша түбіт пен қылшық жүннің орташа аралығы болып таылады. Жуандығына байланысты егер өзек қабаты жақсы дамыса, қылшық жүнге, егер өзек нашар дамыса түбітке жақын келеді. Аралық талшық: қыртысты қабыршақты қабаттан және үзік-үзік өзек қабатынан тұрады.
Биязылау жүнді қой малдарының жүн жабының көбін аралық талшық құрайды, ал барлық қылшық және ұяң жүнді қойларда бұл талшық кездеседі. Аралық талшық техникалық жағынан- әр түрлі қасиеттімен құнды. Ол: иректілігімен, өте жақсы серпімділігімен және мықтылығымен ерекшеленеді. Аралық талшықтың орташа диаметрі көбінесе, 26 - дан 50 мкм-ге дейін ауытқиды.
Өлі талшық - өте ірі қатты, сынғаш, шыны түстен, боялмайды және иректілігі жоқ. Мата үшін өңдеуге жарамсыз. Өлі талшық жуандығын 100-ден 400 мкм және одан да жоғары. Өзек қабаты өте жақсы дамыған. Өзек қабатын микроскоппен қарағанда қара сызық түрінде көрінеді. Егер өзек каналынан, ауа шығарылса, онда өлі талшық ақшыл түсті болады. Жүн құрамында өлі талшықтың болуы жүн сапасын күрт төмендетеді.
Құрғақ талшық - бұл жоғары бөлігінде шайыры жоқ, ұзын қылшық. Соның салдарынан бұл талшық қалыпты қылшықпен салыстырғанда сыртқы орта әсерінен қатты, жылтырлығы жоқ және қатты болады. Жүннің құрамында құрғақ талшықтың көп болуы құндылығын төмендетеді.
Жүнді әр түрге бөлу ондағы талшықтың біркелкілік дәрежесіне, құрамына кірген талшықтарға және оның жуандығына негізделген.
1.2 Қаракөл қойының түс реңінің генетикасы
Тұқым қалау лабораториялық жануарларда жан-жақты зерттелген. Көк түсті тышқандар екі геннің доминантты аллелі альбинос болады. Екінші геннің доминантты аллелі жүн талшығының түбі мен ұшына пигменттің жиналып орналасуын қадағаласа, оның рецессмвиі аллелі талшықтың ұзына бойына пигменттің біркелкі орналасуын қамтамассыз етеді. Дегетерозиготты көк екі тышқанлы өзара шағылыстырғанда гибридтер жүннің түсі бойынша 9 агути, 3 қара жүнді, 4 ақ жүнді қатынасында бөледі.
Қаракөл қойында қара және көк түстердің тұқым қуалау дәрежесі жоғары және басқа түстермен шағылысқанда доминантты. Сондықтан жоғарыда аталған екі түс те жан-жақты зерттеліп, нәтижесі өндіріске толық енгізілген.
Сұр түсті қаракөл қойлары шыққан жеріне қарай үш типке бөлінеді: бұхара сұры, қарақалпақстан сұры және сұрхандария сұры.
Сұр түсті қойдың шығуы жөнінде, бірыңғай тұжырым жоқ. Сұр сөзі қызыл деген мағынаны білдіреді және аталған түстің қаракөл қойына жайдары қой тұқымымен шағылысуынан келегнін айтады.
Н.С.Гигинейшвили [3, 291б.], Ю.Д.Джуманиязовтар [4, 179б.] мұндай пікірге қарсы шығып, көршілес жатқан қой тұқымдарының ешқайсысының ішінде сұр түсті жоқ екенін, сондықтан бұл түстің қаракөл қойына берілуі мүмкін еместігін дәлелдеді.
В.Н.Погодин [5, 47-52бб.] жоғарыда айтылғандай пікірді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп сұр түстің популяциядағы рецессивті мутацияны сұрыптау нәтижесінде шыққанын айтады.
Қарақалпақ сұрының ұзақ жылдары халық селекциясының нәтижесінде шығуы да осыны қуаттайды (Закиров М.Д. [6, 8-9бб.], Ю.Д.Джуманиязов [7, 417-421бб.]).
Бұл айтылған ғылыми тұжырымды Н.С.Гигинейшвили [3,291б.] сұрхандария мұр қойларын шығару кезінде іс-жүзінде қолданды. Сұрхандария сұры қоңыр түсті қаракөл қойларының ішінен сұр белгісі бар малды сұрыптау нәтижесінде шығарылды. Жұмыстың алғашқы кезінде талшық бойындағы сұр түсті күшейту және осы белгіні қой денесінің барлық бөліктеріне бірдей таралуына селекциялық жұмыстар жүргізілді.
Қаракөл қойында сұр түстің тұқым қуалауына көп зерттеу жүргізілмеген, ғалымдардың бұл жөнінде бірыңғай пікірі қалыптаспаған. Б.Н.Васин [8, 102б.] өзінің теориялық зерттеулерінде күміс сұр мен күл реңді түстің қараға доминант болатынын атаған. Бірақ бұл теориялық тұжырым кейін жүргізілген тәжірибелерде расталмады. Бұхара сұр қойын қара түсті қаракөл қойымен шағылыстырғанда бірінші ұрпағында 95-98% қара қозылар туылды. Осындай нәтижелер қарақалпақ және сұрхандария сұр қойларымен жүргізілген эксперименттерде алынды. Ю.Д.Джуманиязов [7, 417-421бб.].
Жилякова В.С. [9, 150б.] қара түстің генін-А, сұр түстің генін-S әріптерімен белгіледі, және ол гендер бөлек хромосомада орналасқанын атап көрсетті. Ғалымның пікірі бойынша сұр түстің тұқым қуалауы Мендель заңдарына толық сәйкес келетінін атады.
Бұхара сұр қошқарын қара саулықтармен шағылыстырғанда бірінші ұрпағында 3-13% сұр түсті төл алынса, осындай нәтиже қарақалпақ және сұрхандария саулықтарында да алынды (Ахметшиев А.С., Анефияев Е. [10, 17б.], Алибаев Н. [11, 22б.]).
Сұр түсті қаракөл қойларында жүн талшығының түссіз ұшына селеуция жұмысы үнемі жүргізіліп келеді. Жаңа туған қозыларда аталған белгінің параметрі жалпы талшық ұзындығының 13,(14) және 15 бөлігінде орын алған. Осы белгі бойынша сұр қойларды жұптастырғанда оның тұқым қуалау дәрежесі ата тегінде аталған белгінің қанықтығына байланысты екені анықталды.
Сұрхандария және қарақалпақ сұр қойларында түстің қанықтығы мен констрастылығы белгілері бұхара сұр қойлармен салыстырғанда фенотипіндегі өте айқын берілген.
Сұр қойларда жүн талшығының түссіз ұшының мөлшерінің қохыларды селекциялық іріктеу кезінде көзбен бағалау, осы белгінің дәл мәніне сәйкес келмейтіндігі, микроскопиялық зерттеу нәтижесінде анықталды. Аталған белгінің мәні бөхара сұр қозыларында 1,17 - 3,39 мм аралығында екені анықталды. Талдау нәтижесінде осы тәсіл бойынша бонитировкалық бағалау кезінде түгелдей жоғары бағаланған қозылар, статистикалық мөлшерден соң олардың тек 2,9% ғана осындай баға алып, 97,1% қозы төмен дәрежелі екенін көрсетті.
Мұның басты себебі, біріншіден бұхара сұр қойларында аталған белгі мөлшері төмен екендігі, екіншіден қаракөл қозыларындағы жүн талшығының бұйрасының әсерінен екені анықталды (Байбеков Е. [12, 35-36бб.]).
Ауыл шаруашылық малдарының шаруашылыққа тиімді белгілерін тұрақты түрде сұрыптай отырып, оларды тиімді пайдалану жолдарын малшылар қауымы ерте кезден ойластыра бастаған. Көптеген жылдық іс-тәжірибелері нәтижелерін пайымдай келе, олар жануарлар түстері неғұрлым қою болса, олардың тіршілікке бейімділігі де, соғұрлым жоғары болатынын байқаған.
Әр түрлі өнімділік бағытындағы мал тұқымдарын өсіруде, басқа да қажетті белгілерімен қатар, олардың түр-түс ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Осы бағыттағы ізденістер нәтижесінде, қаракөл қойларының түсі мен тіршілікке бейімділігінің арасындағы байланыстың байқалуына орай, оны зерттеудің де ғылыми және іс жүзіндегі маңызы зор деп саналады.
М.А. Придорогин [1, 15-25бб.]: өзінің маңызы жағынан жануарлардың түсі мен реңдері оның басқа да, шаруашылыққа қажетті белгілермен бірдей болмағанымен де, сұрыптау жұмыстарында ескерілуі қажет, - деп есептейді. Бұған мысал ретінде, ол романов қойларындағы түстердің тіршілікке бейімділігімен байланысын айтады. Романов қойлары негізінен қара түсті болып туылады. Есейе келе қара түсті жүн талшықтарының арасынан ақ түсті талшықтар өсіп шыға бастап, бірте-бірте сақа қойлар өзіне тән көк түске енеді. Қолайсыз ауа-райының әсерінен, немесе дұрыс күтіп-бағылып және азықтандырылмаған жағдайда, олар өздеріне тән түсін жоғалтып, одан бетер ашық-боз түске енеді. Сонымен қатар, бұл қойлардың төлдегіштік көрсеткіші төмендейді, жүнінің жібектілігі нашарлап әрі тері қабатының беріктігі әлсірейді, өсіп-жетілу қарқыны бәсеңдеп, бұл өз кезегінде сойыс шығымының азаюына алып келеді.
М.А.Кошевой, Э.М.Хасанов, Б.Л.Исаянц [2, 30-37бб.] Өзбекстанның таулы алқабына жақын орналасқан далалы аймақта өсірілетін қаракөл қойларының қабырғалы және жалпақ гүлді елтірілік типтерінің сапалық көрсеткіштерін салыстыра келе, олардың жоғары өнімділікке ие екендігін атап көрсетеді. Авторлар: жайылымдық жағдайды қатаң ескере отырып, осы бағыттағы селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізе беру керек, - деген пікірге келеді.
Авторлар жаңа аймаққа әкелінген малдар ішіндегі әр түрлі конституциялық типтерге жататын қаракөл қойларының физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп салыстыра келе, келесі қортынды жасайды: Оңтүстік Қазақстан аймағы жағдайында Өзбекстанмен салыстырғанда сыртқы ортаның жоғары температурасына қаракөл қойларының жауап реакциясында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Бірақта, нәзік конституциялық типіндегі қойларда, қоршаған ортаның температурасы 15-320С шамасында, дене қызуының реттелуінде біршама ауытқулар болатыны байқалады. Мығым конституциялық типтеріндегі қойларда, дөрекі және нәзік типтегі малдармен салыстырғанда қоршаған ортаның бірдей температурасы жағдайында, дем алу жиілігі бойынша біршама айырмашылықтар болады. Мығым конституциялық типтеріндегі қойлар, ауа температурасының жоғарылауы жағдайында, кеуденің терең тыныс алуы арқылы, ағзаға қажетті газ алмасу қарқындылығының артуын қамтамасыз ете алады.
Әр түрлі түстердегі қаракөл қойларының күннің ыстық мезгілдеріндегі физиологиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижесінде, дене температурасы, жүрек соғуы және дем алу жиіліктері бойынша біршама өзгешеліктер болады. Яғни мал организмінің күн инсоляциясынан қорғануы, олардың жүн қабатындағы меланин мөлшеріне байланысты.
Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Иноятов, А.П.Воробьевский [3, 291б.] шығу тегі және түр-түсі әр түрлі қаракөл қойларының тері пигментациясы мен меланин мөлшерлерін салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесінде олардың әр түрлі деңгейде болатынын анықтаған. Авторлар: пигменттену дәрежесі мен мал ағзасында жүретін терморегуляция процесстерінің арасындағы байланыс бар, - деген пікірге келеді.
В.С.Жилякова [4, 179б.] қара және сұр түсті қойлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттей келе, сұр түсті қойлар дене бітімі жағынан босаң түріне көбірек ауытқитынын және мұның олардың өміршеңдігіне кері әсер ететінін тілге тиек етеді. Автордың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, сұр елтірінің бұйралары өз құрылысы жағынан қара елтірінің бұйраларына ұқсас екенін, алайда, бірқатар физика-механикалық қасиеттері жағынан олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары барлығын анықтаған. Сұр елтірілердің бұйра сапасы, қара түсті елтірілермен салыстырғанда ендері жуандау, бұйрасы тығыз емес, жүнінің талшықтары ұзын болады. Гүлінің бұйралығы көбінесе қажетсіз (сақина, айналма бұршақ түрінде) болады, ал ондай жағдай елтірінің көрінісін нашарлатады және кавказ тобы қаракөліне жататын елтірілер үлесінің көбеюіне алып келеді
Д. Баатар [5, 47-52бб.] қаракөл қойының сапалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатындағы өз ойын келесідей тұжырымдайды: жакеттік елтірілі типті малдардың үлесін көбейтуге бағытталған селекциялық жұмыстардың нәтижелерінің тиімділігі төмен болуының басты себебі, қаракөлдің негізгі типтерінің пайда болуын айқындайтын генотиптердің, белгілі тепе-теңдігін анықтауға алып келген, селекция жұмыстарының тиімділігін арттыратын қара түсті қаракөл қойларының, әр түрлі елтірілі типтеріндегі малдарымен үнемі араластырылып отырылғанына байланысты.
Баяғы замандардың өздерінде-ақ, адамдар малдарды таңдағанда, ең алдымен олардың түр-тұлғасына және қандай аймақта өсірілгендігіне көп көңіл бөлген. Өйткені, малдардың бойының өсуі мен дамып-жетілуі, олардың осы және басқа белгілерін жылдамдататын немесе тежейтін факторлардың бірі - қоршаған орта жайылымдық жағдайы әсерінен барынша айқын көрініс береді. Сондықтан, өнімділік қасиетімен тығыз байланысты екені пайымдалған болатын.
Малдардың тұқымдық негізінде берілген мүмкіндіктерінің толық қанды іске асып, өсіп - дамуы, олардың осы белгілерін жылдамдататын немесе тежейтін сыртқы факторлардың әсеріне тікелей байланысты болады. Қоршаған ортаның жағдайы неғұрлым жайлы болған сайын, мал тұқымында гендік деңгейде берілген өнімділік және биологиялық ерекшеліктерінің толықтай көрініс беруіне мүмкіндік туылады.
Г.Сартбаева [6, 8-9бб.] Қаратау сырты-Мойынқұм экологиялық типіне жататын Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңіріндегі қаракөл қойының генетикалық топтарының өсіп-жетілуін зерттей келе, олардың ішінде айтарлықтай ерекшеліктер болатынын анықтаған. Мұнда, қара түске қарағанда, түрлі-түсті қаракөл қойының салмақтарының біршама төмен болуы, олардың қоршаған орта жағдайына бейімділігінің төмен екендігін көрсетеді, ─ деп тұжырымдайды.
Өнімділігі әр түрлі бағыттағы қойлардың ас қорыту органдарының, сүйек бітімінің, ет ұлпаларының, терілерінің, тері асты клетчаткаларының дамып-жетілуінде айтарлықтай айырмашылықтар болады. Жүн, ет және сүт бағытындағы қойлардың денесінің жекелеген бөліктерінің салмақтары, сондай-ақ, ішкі мүшелері мен ұлпаларының ара-қатынасында бір-бірінен айырмашылықтары болатынын келтіреді. Мәселен; ет және сүт бағытындағы қойлармен салыстырғанда, жүн бағытындағы қойлардың терісі мен сүйек қаңқасы салмақтырақ болады. Ет және сүт бағытындағы қойларға қарағанда, жүн бағытындағылардың ет тканьдері мен тері асты клетчаткалары нашарлау дамыған. Сүт бағытындағы қойлардың ас қорыту органдары мейлінше жақсы дамыған болса, бұған керісінше тері бағытындағылар нашарлау, ал жүндес қойлар бұл жағынан орташа дамыған аралық деңгейде орналасады.
Қаракөл қойының тұқымын Орта Азия халықтары шөл және шөлейт аймақтардың қатал жағдайында іскерлікпен сұрыптау және жұп таңдау арқылы шығарған. Ондағы табиғи-климаттық жағдайлар қаракөл қойларының организміне, экстерьеріне, физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне әсер етті. Сондықтан қаракөл қойларын арнайы жетілдіру және өнімділігін арттыру организмнің биологиялық заңдылықтарын, онда өтетін биологиялық құбылыс табиғатын, орта жағдайына бейімделуін, өнімділік сапасына жақсартатын орта әсерлерін, селекциялық-асылдандыру жұмыстары-ның әдістері мен амалдарын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Қаракөл тұқымы - әлемдегі ең әйгілі қой тұқымдарының бірі: ол Еуропаның, Азия, мен Американың ондаған елдерінде өсіріледі. Қаракөл қойы өсірілетін ұланғайыр аумақтың климат және азық жағдайы, селекциялық-асылдандыру жұмыстарының деңгейі, малдың биологиялық және өнімділік ерешеліктеріне әсер етеді.
Мәселен, шөбі сирек өсетін оңтүстіктің құмды шөлінде бағылатын қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға, артық ыстықты шығаруға мейлінше бейімделген. Олардың дене құрылымы тез, әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді, ал иілімді жүн жабыны біршама қою, жүн шайыры шамалы, оған жел тез өтеді, әрі артық жылуды шығаруға бейімделген. Қойлардың дене пішімі біршама созылыңқы, жүні едәуір өскелең, көбінесе қара түсті.
Тау етегіндегі шөлейт және құмды-сазбалшықты шөлде шөбі біршама қалың өскен, көксоқта қар жауатын және салқын жаңбырлы күндері жағдайында қаракөл қойлары басқаша бейімделуді қажет етеді. Мұндай жағдайда қойлардың жылуды аз шығаратын және ширақ қимылдайтын қабілеті бар. Бұл қойлардың сүйектері мен бұлшық ет жүйесі жақсы жетілгендіктен, суыққа төзімді, әрі қолайсыз жер жағдайына бейімделген. Бұған қой жүнінің біршама қоюлығы, жүнінің шайырлығы және өскелеңдігі, денесі мен сүйектерінің мығымдылығы ықпал етеді.
Организмнің қоршаған ортаға серпілісі және қолдан сұрыптау кезінде тұқымда әртүрлі типтер пайда болды. Қаракөл қойлары тұқымының үш негізігі конституциялық типі бөлінген: мығым, дөрекі және нәзік. Алайда қозылардың және сақа қойлардың кейбір конституциялық типтері бір-бірінен бірқатар биологиялық және шаруашылық-құндылық белгілерімен өзгешеленеді.
Жалпы алғанда қаракөл тұқымы қойларының конституциясы ашаң, әрі мығым, сүйектері берік, бұлшық еті күшті, ширақ қимылдайды, әрі төзімді. Табиғи және қолдан сұрапталу арқылы қаракөл қойлары табиғат жағдайына жақсы бейімделген. Қойлар жайылымда ширақ жүреді, ішкен суы жақсы минералдайды, құбылмалы ауа температурасына төзімді. Қаракөл қойының тыныс алу типін өзгертуге тез бейімделуі, өкпесінің демалу қасиетінің жоғарылығы, қандағы эритроциттер мен құрғақ қалдықтар мөлшерінің тез азаятындығының айрықша маңызы зор. Алайда осындай қасиеті бола тұрса да, ауа райының мейлінше қатал жағдайы малға қатерлі болуы мүмкін.
Қаракөл қойларының денесі біршама созылыңқы, саулығының - бөксесі едәуір ауқымды (алмұрт тәрізді). Кеудесі терең, құйымшағы салыңқы, мойыны орташа ұзындықта, басы сүйір, дөң маңдайлы, тегіс, қатқыл, жылтыр қылшықты, құлақтары салбыраңқы, ұзындығы 18 см-ге дейін, жылтыр биязы жүнді. Саулығы мүйізсіз. Қошқары иірмелі қайқы мүйізді. Сирақтары қысқа, мығым, тілерсек буыны мен тізесіне дейін қалың бұйралы жүн өскен, ал одан төмен - сәл бұйралы немесе тегіс, жүні қатқыл, әрі жылтыр. Құйрығы ұзын, жалпақ, нығыз, төмен қарай сүйірленген және иректелген жіңішке ұшы тілерсек буынына дейін түседі.
Қаракөл тұқымы қойлары өнімділігі бойынша елтірілік - сүтті тұқымға, ал морфологиялық белгілері, ең алдымен құйрығының пішімі мен көлемі бойынша майлы құйрықты қойларға жатады.
Қаракөл қойлары басқа тұқымдардың арасында кеш жетілетін қойлар тобына жатады. Ұрғашы тоқтылардың көпшілігі 6-7 айлығында жыныстық жетілуі болғанымен, алғашқы шағылысуы 1,5 жасында болып, екі жасында қоздайды.
Қаракөл қойының ең негізгі бөлу критериясы - түсі. Себебі оның шаруа-шылық үшін маңызы үлкен және ол көптеген селекциялық белгілермен коррелятивті байланысты, ал оның генотипі өсіруге сай келетін жағдайдың белгілі бір зоотехникалық сұрыптау жүйесін қажет етеді.
I.C.Mendel [7, 417-421бб.] қаракөл қойы түсінің генетикасы бойынша көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізінде ол елтірі түстерінің бөлінуі моногибридті тұқым қуалау заңдылығына сай келетіндігін айтты.
Мал тұқымын асылдандыру бағытындағы іріктеу, сұрыптау жұмыстарында қара түсті қаракөл қойларымен селекциялық шаралар жүргізу күрделірек болып саналады. Мұнда түстер бойынша малдарды гетерогенді іріктеуде кейбір қасиет ұрпақтарда тұқым қуалаудың жоғарғы тұрақтылығына ие бола алмайды [8, 102бб.].
Б.Н.Васиннің [9, 150б.] анықтауы бойынша, доминанттық қара түс оңтүстік қара түс деп аталады және D символымен белгіленеді. Екі туыстасынан тұқым қуалау генін алған гомозиготты қойлардың қара түсі DD белгіленеді, ал тек бір туыстасынан осы генді алған гетерозиготты қойлар - Dd белгіленеді.
Қара қаракөл қойлары түсіне және түс түрлеріне бөлінбейді, бірақ қара түстері қарқынды - қара, қалыпты-қара және шамалы қара болып бөлінеді.
Қаракөл қойлары арасында қара түстілері көбірек кездеседі, әрі әдетте осы қой тұқымын сипаттайды.
Қара қаракөл қойларының қозылары жетілген сайын түк түсі өзгереді. Мәселен, 4 айлық қара қозылар тобында, яғни енесінен айырған кезде біршама түрлі түсте болады. Бір жарым жасында, яғни ұрықтандырар кездегі қара қойлардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде ағарады, ал үш-төрт жасында олардың жабағы жүнінің жартысына жуығы қара және жартысы ақ жүн талшықтарынан тұрады. Бұл орайда қылшығы мен түбіті бірдей дәрежеде ағарады. Ал басы мен сирақтарындағы жүн өмір бойы қара күйінде қалады.
Қара түс көгіне қатысы бойынша рецессивті, қоңыр мен сұрдан басым. Қара DD х DD біртекті жұптау тек қара түсті қозылар береді.
1.3 Қаракөл қойының түр - түсінің әртүрлілігі
Г. Лаханова, Х.Ы. Үкібаев, Н.Әлібаев [13, 22б.], Г.Лаханова, [14, 21б.] қаракөл қойларындағы түстерді еркін комбинациялайтын фендердің біріккен түрі ретінде қарауды ұсынды. Автор, фенетикалық классификацияның негізінде қара түсті алып, алған алуан түрлі түстерді төрт жүйедегі ауытқудың әр деңгейіндегі комбинациясынан тұратынын атады. Фендер:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz