Денсаулық сақтау жүйесінде пайда болған мәселелердің шешу жолдарын іздеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінгі Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Кіріспе
Денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының ажырамас бөлігі болып табылады және әлеуметтік-экономикалық өсудің негізін құрайтын, еңбек ресурстарының көбеюі мен сапасын қамтамасыз ететін аймақтар мен елдің бірыңғай экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың денсаулығына инвестиция салу экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік пайда әкеледі - азаматтың өзіне, отбасына және мемлекетке жауапкершілікпен қарау жоғары әлеуметтік келісім мен жоғары азаматтық қоғамның қалыптасуына әкеледі. Денсаулық өмірімізге қажетті мінез-құлық, әлеуметтік және басқа да өмірлік дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту мақсатында қолданылады.
Менің бұл тақырыпқа тоқталуыма бірнеше себеп әсер етті. Біріншіден, денсаулық адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады және сол себепті мемлекет халқының игілігі үшін денсаулық сақтау саласына қажетті назар аударуы тиіс. Емханада тиісті емді қабылдай алмаған адамдар саны көбейген уақытта мемлекет жұмыс күшінен айырылады, ал ол өз кезегінде экономика мен өзге салалардың әлсіреуіне әкеледі. Осылайша, денсаулық сақтау саласының атқаратын рөлі маңызды екенің анықтаған соң, оны мінсіз жағдайға жеткізу керек. Екіншіден, бүгінгі күні аурудың сан алуан түрлері жыл сайын пайда болуда және әлем бойынша таралуда. Аталмыш құбылыстың таралуы әлем елдерінің денсаулық сақтау орындарында білікті мамандар мен жаңа технологиялардың бар болуын талап етеді. Осыған орай, біздің емханалардың осындай ыңғайлылықпен қамтамасыз етілуі жайлы зерттеуге мені аталған жағдай итермеледі. Үшіншіден, өкінішімізге орай елімізде соңғы жылдары біршама адамдар қатерлі ісік секілді қатерлі ауру түрлерімен ауыруда және оны жеңу үшін шет елдерге барып, емделуге мәжбір болып табылады. Осы сәтте, еліміздің тұрғындары да Отандық денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейге жетуін қалайды және бұл мақсатқа жету барысында басты мәселелерді анықтау арқылы оларға шешу жолдары ұсынылуы қажет.
Адамзаттың ой-өрісі күннен күнге ілгері басып келе жатыр. Алуан түрлі салалардағы ғалымдар ғылымда жаңа зерттеулер мен ашылулар жасауда. Адамның денесі мен денсаулығы генетик-ғылымдарымен зерттеледі және оның дамуына әлем елдері қыруар қаражат жұмсауда. Сол себепті, бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау тақырыбы өзекті болып табылады және әрбір елдің медицинасы жоғары деңгейде болуын талап етеді.
Менің курстық жұмысым мынадай зерттеу сұрақтарын енгізді:
ҚР денсаулық сақтау саласының жеткен жетістіктеріне зерттеу және баға беру;
ҚР мен шетелдік денсаулық сақтау жүйесін салыстырып баға беру;
Отандық емханаларда кездесетін проблемаларды зерттеу;
Денсаулық сақтау жүйесінде пайда болған мәселелердің шешу жолдарын іздеу.

Негізгі бөлім
А)Зерттеу сұрақтары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және тұтастай алғанда денсаулық сақтау саласы мемлекеттік мекеме ретінде белсенді институционалдық қайта құру кезеңінде, яғни саланың барлық деңгейлеріндегі адами ресурстарды дамыту және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету дәрежесінде, осылайша оның басты мақсаты медициналық көмек жүйесінің қол жетімділігі мен тиімділігін арттыру, жақсартылған денсаулықты қамтамасыз ете отырып, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету сапасын дамыту болып табылады. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында, Қазақстан-2030 стратегиясында көрініс тапқан, онда ҚР тұңғыш президенті медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту саласындағы саладағы реформалардың бағытын көрсеткен.
Денсаулық сақтау саласының даму үрдісі институт ретінде қалыптасуға тең, яғни денсаулық сақтау саласындағы үйлестірілген тұжырымдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, технологиялық және басқа да жүйелік қайта құру процесі ретінде қарастырылады. Жүйенің кез-келген түрленуі сөзсіз оны өзгертудің белгілі бір шығындарымен байланысты, ал ол өз бетінше қазіргі жүйеден перспективалық жүйеге өтудің ұтымды жолына әкеледі. Алайда, қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік мекеме ретінде жеткілікті зерттелмеген, бұл оның одан әрі даму мәселелерін сапалы шешудің мүмкіндіктерін түбегейлі шектейді. Сол себепті, аталмыш сала тиянақты түрде зерттеу мен болашаққа мүлтіксіз түрде жасалған стратегиялық жоспарды қажет етеді. [1](аударылған)

[2]
Жоғарыдағы кестеде медициналық ақпараттық жүйелердің іске қосылу динамикасы көрсетіліп тұр. Әкімдіктердің хабарлауынша, 2018 жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау ұйымдарының 90%-дан астамына медициналық көмек көрсету стандарттарын енгізу жоспарланған. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстары мен Астана қаласында IIA-ны іске асырудың төмен динамикасы алаңдаушылық тудырады.[2](аударылған)
Мақсатты цифрландыру моделі пациенттің айналасындағы барлық құбылыстар мен мәліметтер ағынын және денсаулық сақтаудың сандық ортасын құруды қамтиды. Сандық ортада әр түрлі деңгейдегі медициналық қызмет көрсетушілер өз әрекеттерін жақсырақ үйлестіре алады және науқастарға кешенді көмек көрсете алады.
Барлық ақпараттық жүйелер денсаулық туралы негізгі ақпаратты электрондық паспортқа және бірыңғай деректер қоймасына бере отырып, ұлттық деңгейде интеграцияланатын болады. Электрондық денсаулық паспортын қолдана отырып, дәрігерлер пациенттің денсаулық жағдайы, медициналық тарихы, созылмалы аурулары, аллергия және қабылданған дәрі-дәрмектер туралы толық ақпарат ала алады. Адам денсаулығы туралы барлық маңызды ақпарат, медициналық қызмет көрсету орны мен медициналық ұйым пайдаланатын ақпараттық жүйеге қарамастан, бір құрылымдалған мәліметтер базасында жиналады. Сондай-ақ, пациенттер бұл ақпаратқа, медициналық көмекке қол жетімділікті жеңілдететін электрондық қызметтерге қол жеткізе алады және медициналық ұйымдардың жұмысын бағалай алады. Министрлік статистика, аналитика және саланы басқару үшін қажетті мәліметтерді алады.
Кейінірек, 2018 жылдың қазанның 2 жұлдызында ҚР денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов жыл бойы жүргізілген зерттеуде басты 6 мәселелеік топтың анықталғаны жайлы жариялады. Бұл медициналық қызметтердің сапасы; білікті кадрлардың жетіспеушілігі; дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықты жаңарту; халықты МӘМС енгізу туралы ақпараттандыру; денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы; азаматтардың денсаулығының төмен деңгейі.[3](аударылған) Сонымен, жылдың басында жасалған жоспардың іске аспаған соң, ҚР денсаулық сақтау саласының аталған мәселелеріне шешу жолдарын ұсыну қажет.

В)Зерттеу әдісі
Курстық жұмысты жазу барысында бірнеше зерттеу әдістері қолданылды, олардың қатарына ғаламторда ақпарат іздеу, сауалнама және сұхбаттасу жатады. Алдымен, ғаламтормен жасалған жұмыс арқылы қажетті мәліметтер табылады және осы проблемаға қатысты көрініс көрсетілетін болады. Сауалнаманы жүргізу арқылы еліміздің тұрғындарының нақты осы проблемаға қатысты көзқарастарын білуге болады, сондай-ақ сандық ақпаратқа ие боламыз. Сонымен қатар, аталмыш екі зерттеу әдістерінде табылмаған мәлімет көздерін білікті маманнан сұхбат алу арқылы қол жеткізе аламыз.
Алғашқы зерттеу әдісінде ғаламтор арқылы әртүрлі ақпараттың сандық және сапалы түрлеріне қол жеткіздік. Алайда, ғаламторда көптеген мәліметтер ескі және шынайы болмағандықтан, арнайы мемлекеттік ресми парақшалар (zakon.kz; kazpravda.kz) қолданылды. Пайдаланылған парақшалар арқылы статистикалық ақпарат түрі жиналды және сарапталды. Табылған сапалы мәліметтер арқылы ҚР денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайына баға берілді. Зерттеудің аталмыш әдісі арқылы басшылық көп ақпаратқа ие болды және онымен жұмыс жасау тиімді, әрі қолайлы болды.
Екінші зерттеу әдісі ретінде сауалнама тәсілі қолданылды. Сауалнамаға 100 адам қатысты, себебі бұл санды пайыздық диаграммаларға өткізуге ыңғайлы болып табылады. Сауалнама онлайн түрде болғандықтан, жүйе арқылы 100 респондент жиналып болған соң, сауалнамаға ары қарай адамдар қатыса алмады. Сонымен қатар, бұл әдістің ерекшелілігі оның анонимді(жасырын) түрде жасалғаны болып табылады, яғни әрбір респондент шын жауап беруге мүмкіндік алады. Бұл әдіс ғаламторда жүргізілгендіктен, оған әртүрлі жас аралығындағы адамдар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары қатысты. Сауалнама 10 жабық сұрақтан тұрды, яғни респонденттер тек ғана бір немесе бірнеше нұсқаны таңдай алады, бірақ ашық жауап қайтармайды. Бастапқы бірнеше сұрақ респондент жайлы болады, яғни оның жасы, жынысы және еліміздің қай өңірінің тумасы болып табылатыны жайлы ақпарат алу мақсатында қойылады. Сауалнама сұрақтары мен олардың жауаптарын төменде оқуға болады.
Алғашқы сұраққа жауап бергендердің жарты бөлігі (49) 15-25 жас аралығындағы жастар болса, 26-36 жас аралығындағы 30 респондент табылды, ал 15 адам 37-47 жас шамасында болса, қалған 5 адам егде жастағы респонденттердің қатарына қосылды.

Екінші сұрақта екі нұсқаны қолдағандар шамамен тең болғанымен, әйел адамдардың саны(53) 6 адамға ер адамдардың санына(47) қарағанда көп болды.

Онлайн сауаланма ғаламтордың ішінде желі қолданушылары арасында таралғандықтан, респонденттер еліміздің түрлі өңірлерінен сауалнамаға қатысты. Зерттеу жұмысы Түркістан облысында және Шымкент қаласында жүргізілгендіктен, жауап берушілердің басым бөлігі (59) еліміздің оңтүстік өңірінен, кейін орталық(14), солтүстік(13), шығыс(9) және батыс(5) өңірлерінің тумалары осы қатарда орналасты.

Төртінші сұрақтың жауаптарына сүйенсек, ҚР денсаулық сақтау саласы 54 адамның көңілінен шықса, 37 респонденттің көңілі толмаса, қалған 9 сауалнамаға қатысушы жауап беруге қиналып, үшінші нұсқаны таңдады.

Бесінші сұрақтың нұсқаларына нақтылығы үшін әрбір өңірдің атауы мен келісім жауабын жазылғаның қалағанымызбен, парақшаға 10 түрлі нұсқа симағандықтан, 3 нұсқаны ұсынуға мәжбүр болдық. Сонымен, 73 адам жергілікті емханалардың қызметіне көңілдері толғанымен, 23 респонденттің көңілінен шықпаған. Бұл көрсеткіш жаман емес, алайда респонденттердің бір бөлігіне ұнамағандықтан, денсаулық сақтау жүйесінде мәселелер бар дегенді білдіреді.

Жылдан жылға қатерлі аурулар емдеу және профилактикалық мақсатта шетелдік медицинаға жүгініп жатқан адамдардың саны толығып келе жатыр, сол себепті алтыншы сұрақ осы жағдайға қатысты болды. Сонымен, 46 респондент Отандық емханаларды артығырақ көрсе, 19 адам шетелдік емханаларға жүгінеді. 7 адам жауап беруге қиналса, 28 респондент мүмкіндік болса, шетелдік медицинаға басымдылық беретіні жайлы жауап берді.

Жетінші сұрақта респонденттер бір уақытта бірнеше нұсқа таңдау мүмкіндігіне ие болды. Жиі кездесетін проблема электронды құжаттардың қызметінде(27 %) және жабдықтардың жетіспеушілігінде(28%) кездеседі, дәрігерлердің аздығы орташа көрсеткешке ие(20 %), ал дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі(12%) мен медициналық қызметтің төмен сапасы(13 %) респондттермен аз кездескен мәселелрдің қатарына жатады.

Сегізінші сұрақтың жауаптарына сүйенетін болсақ, 51 респондент оң жауап қайтарса, 32 адам кері нұсқа таңдаған және қалған 17 адам бұл сұраққа қатысты ақпаратқа ие болмағандықтан, үшінші нұсқаны таңдады.

Тоғызыншы сұрақта сауалнамаға қатысушылар бірнеше нұсқа таңдау мүмкіндігіне ие болды. Берілген шешу жолдарының арасында шетелдік жабдықты сатып алу(28%) және кадрлардың санын көбейту(26%) басымдылыққа ие болды, кейін элоктрондық медицинаны дамыту идеясы 24% қолдауға ие болса, қалған 22% дауыс медицинаны парақорлықтан тазарту ойына берілді.

Соңғы сұрақтың жауаптарына сүйенетін болсақ, 83 респондент болашақта ҚР денсаулық сақтау саласы дамиды деген ойда, ал 11 адам оған қарсы ой білдірсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Адам ресурстарын басқару стратегиясы
Валют-Транзит-Банк АҚ менеджмент ұйымының анализі
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері
Валеологиялық білім беру
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Пәндер