Сөз тіркесі түріндегі терминдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері.

Терминдер және олардың ғылыми-техникалық тұрғыдан сипаттамасы.

І. 1. Ғылыми-техникалық терминдердің жасалу жолдары.

І. 2. Аударма теориясы және аударудың негізгі тәсілдері

ІІ. Мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне

аудару ерекшеліктері.

ІІ. 1. Мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне

аудару тәсілдері.

ІІ. 2. Мұнай-газ терминдерін аудару принциптері .

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының тақырыбы.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі тақырыбы - Мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі.

Біздің зерттеу жұмысымызда қарастырылып отырған мәселе бүгінгі таңда өзекті деп ойлаймыз. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның осы тармағы едәуір күрделі сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі - дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілу; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік, экономикалық байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде нақты ақпараттарды жинау - қабылдау - жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аударма - осы іспен шұғылданушының кешенді филологиялық дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе аударылатын тілдің иесі - қазақ халқының тарихы мен әдебиетінен, мәдениетінен, ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар, бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары деңгейде көрінетін күрделі құбылыс.

Он мыңдаған американдықтар мен кеңес одағының іскерлері, ғалымдар, саясаткерлер мұхиттың ар жағындағы елдерге қонақ ретінде ғана барып қоймай, сонымен қатар заңды тұлға ретінде барып мемелекет аралық байланыстарды дамытуда. Олар қазіргі таңда бір-бірімен жақын да әр түрлі елдерде жұмыс істейді де, осы мақсатта аудармаға өте мұқтаж.

Сонымен қатар қазіргі таңда қазақ тіліне аударатын аудармашы ресми қазақ тілін толықтырған сөздендің толық және сәйкес баламаларын білуі тиіс, өйткені әр тіл үнемі өзгерәсте болып отырады.

Дамушы елдер мен дамыған елдерде өндірістік өнеркәсіпті кеңейту мен жақсарту тенденциясы қалыптасып келеді және бұл фактор ақпарат алмасу мұқтаждығын оятып, мұнай-газ өндірісі саласында жаңа терминдердің пайда болуына себепші болды. Мұнай және газ өндірісі дүниежүзілік дамуда онсыз адам баласы өмір сүре алмайтын маңызды бір салаға айналды. Өндіріске араласа бастағанда, қазақ тілі мамандары дүниежүзілік достық қарым-қатынсатардың оларға деген практикалық қажеттілік қана емес, сонымен бірге мұнай-газ секторларында олардың жұмыс жасауы үшін керекті құралдармен қамтамасыз етілу керек. Мұнай-газ өндірісінің өзінің белгілі бір терминологиясы мен грамматикасы бар. Мұнай-газ өндірісінің күнделікті дамуына байланысты көптеген сөздер ескіріп, жаңа сөздер пайда болды. Нәтижесінде жаңа терминдер пайда бола бастады. Сондықтан да көптеген сөздіктер мұнай және газ өндірісі терминологиясын толық дерлік қамти ала алмайды. Сол үшін де біз бұл тақырыпты маңызды да, көкейтесті деп санаймыз.

Аударма жұмысы - жеке адамның ойлау психикалық қызметінің жемісі. Аудармашының, яғни тәржімашының алдында екі жақты, бірі бірінен ауыр, екеуінің де таразысы тең қос міндет тұрады. Оның бірі: түпнұсқаның мазмұнын, сюжетін, түпнұсқа авторының негізгі идеясының мүмкіндігінше толық сақтау; екіншісі: аударылатын тілдің - яғни қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, нормалаларын қадағалау.

Дүниежүзілік қарым-қатынастарға тауарларды экспорттау мен импорттау жатады. Ол үшін аудармашы мұнай және газ саласына байланысты терминдер мен олардың қолданылуын, аудару жолдарын білу қажет, өйткені, қазіргі таңда экономиканың дамуымен байланысты шет мемлекеттермен қарым-қатынастың дамуына байланысты аударма теориясынан алған білімді одан ары қарай дамытып, терминдерді дұрыс аудару жолдарын түбегейлі, жете білу қажет. Сондықтан да біз зерттеп отырған мәселені маңызды деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Зерттеу жұмысының мақсаты - мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдарын қарастыру.

Жұмыстың мақсаттары.

Зерттеу барысында алға қойған мақсатқа жету үшін біз төмендегі міндеттерді орындауымыз керек:

  • аудармаға жалпы түсінік беру;
  • терминдерге жалпы сипаттама беру;

- мұнай және газ өндірісі терминдерінің құрылысын қарастыру;

  • мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдарын талдау.

Зерттеу пәні.

Зерттеу пәні - мұнай және газ өндірісі терминдері болып табылады.

Зерттеу нысаны.

Зерттеу нысанына мұнай және газ өндірісі терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару.

Зерттеу әдістері.

Зерттеу жұмысы барысында біз сипаттау, анықтау, талдау, салыстыру және аударма тәсілдерін қолдандық.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы .

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы ретінде И. С. Богацкий, Н. М. Дюканова, Сьюзан Норман сияқты белгілі ғалым, теоретик, аудармашылардың теорияларына сүйендік. Яғни біз осы аталған ғалымдардың еңбектерінін негізінде аудармаларды талдадық.

Зерттеу жұмысынық практикалық маңызы.

Зерттеу барысында орындалған практикалық материалдарды аударма теориясы сабағынан семинар сабақтарында, ауызша және жазбаша аударма сабақтарында оқу-әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылысы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, әдістер, теориялық және практикалық маңызы сипатталады.

Теориялық бөлімде белгілі ғалым, теоретик, аудармашылардың еңбектері зерттеліп, солардың негізінде мұнай және газ өндірісі саласының терминдердің құрылысына шолу жасалады.

Практикалық бөлімде жалпы терминдерді аударудың тәсілдерін қолдана отырып, мұнай және газ өндірісі саласының терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдарын қарастырдық.

І. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері.

Терминдер және олардың ғылыми-техникалық тұрғыдан сипаттамасы

І. 1 Ғылыми-техникалық терминдердің жасалу жолдары

Қоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастық ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жиі қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстың бірі ретінде сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Яғни қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналады. Сонда, тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да, қоғам дамуының белестері арқылы тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік алып отырамыз деген сөз бұл. Сөйтіп қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихы оның тілінде, яғни тіл фактілері арқылы біз халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.

Қоғам дамуы арқылы тіл де дамиды дейміз. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық ярусына бірден тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өріске онша көне бермейді (мәселен тілдің грамматикалық категориялары, дыбысталу жүйесі т. т. ) . Ал оның қайсы бір қатпарларын жаңалыққа иін беріп, жаңа мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткішінің бірі терминдік жүйелерінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын терминологиялық лексика. Неге десеңіз қоғам дамуы әлеумет өміріне алуан-алуан жаңалық әкеледі. Ондай өзгерістер, әсіресе революциялық дүмпулер ең алдымен елдің сауатын ашып, білімІн жетілдіреді, қоғам мүшелерінің өрісін биіктетіп, қоғамдық ой-сана мен дүниетанымды кеңейте түседі. Сауаты ашылып, көзқарасы көрегендене бастаған жұртшылық біртіндеп ғылымды игеруге бет түзеп, техниканың құлағын ұстай бастайды. Мәдениет пен өнерге құштарлық күшейіп, жаппай біліммен жарақтану кезеңі басталады.

Ұлы Октябрь революциясынан кейін өзгеше қаулап қанат жайған мәдени өміріміздің әрбір күні, әрбір сәті жаңа іс, жаңа қимыл, жаңа әрекетке толы болатын. Сауатсыздыққа қарсы шабуыл, неше алуан үйірме, бастауыш мектептердің ашылып, газет-журналдардың шығуы, қызыл бұрыш, кызыл отаулар т. б. саналы жоғары қазақ сөзі мен қазақ жазуына жаңаша өріс берді. Осы ұлы оқиғалар тұсынан бергі жердегі қазақ тілінің болмысына көз салсақ, оның ұлттық сипаты ғана күшейіп қоймай, сонымен бірге халықаралық ауқымы кеңейіп, қуаттана түскенін байқауға болады.

Қазақтың ұлттық тілі сөздік кұрамының қатарына революция, коммунизм, социализм, интернационал, совет, минист, комитет, парламент, партбилет, радио, комсомол, коммунист т . б. тәрізді толып жатқан кірме сөздермен бірге, терминдену нәтижесінде сапалық өзгеріске душар болған, қызмет аясы кеңейген, тұрақтанған, нақтылана түскен еңбек, екпінді, күрес, ой-өріс, іс тап, жиналыс, жоспар, құн, белсенді сияқты сан алуан сөздер жаңаша қолданысқа еніп, өрісі кеңейді. Бүл есепсіз мол қазына қатары күні бүгінге дейін толысып, молайып келеді. Яғни тіліміздің терминдену сапасы әлі жүріп жатыр. Тілдің осылайша толығуы, оның коғамдық қызметін күшейтіп, бұрынғыдан әлдеқайда әлуетті құралға айналдырды. Тілдің байлығын күшейтіп, қызметін арттырған, оның икемділігі мен дәлдігін дамытқан бұл лексикалық қабатты ғылым тілінде термин сөздер деп атау лингвистер түсінігінде дағдыға айнала бастады.

Терминнің күнделікті өмірде араласпайтын жері жоқ. Тіпті қазіргі кезеңде термин сөздердің ауызекі сөйлеу тілімізге де еніп, күнделікті өзара карым-қатынас кұралына да айнала бастағанын байқау қиын емес. Мұның өзі тілдің, атап айтқанда, әдеби тілдің қарқынды дамуын байқататын бір белгі . Керек десеңіз сан салалы ғылыми қажетімізді өтеуге қызмет етіп отырған әдеби тіл, ең алдымен осы терминологиялық лексиканың өрістеуіне тәуелді. Терминологиялық жүйесі жасалмаған, терминдік ғылымдары қалыптаспаған тіл, ол әлі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмаған тіл.

Термин ретінде мұны біліп қолданатындар да бар, термин екенін сезбей де қолданатындар бар. Тілдің мәдениетіне ойысатын мәселенің бұл жағы да зерттей түсуді тілейді. Сөйтіп, кім қалай қолданса да, термин сөздер-дің әлеумет өмірінің қатынас құралындық қажетін қамтамасыз етіп отырғаны даусыз. Яғни терминсіз сөз қолданыс болмайды, терминсіз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайды. Оның қанат жайғаны соншалық, қоғам өмірінің, қандай саласында да қазір терминсіз күн кешу мүмкін емес. Ол партиямыз бен үкіметіміздің қаулы, қарар, директиваларын, саясат пен идеологиямызды жұртшылыққа жеткізіп, насихаттап отырған баспасөз құралы, радио мен телевизия арқылы эфирден берілетін көпшілік-бұкара тілі, мыңдаған аудиториялар мен кластарда білімгерлер мен оқушылар санасына сіңіп жатқан неше алуан оқулықтар мен оқу құралдарының тілі, ең бастысы маркстік-лениндік идеология мен партиялық саясатты іске асырушы айбынды құрал болып отыр.

Ал енді бұл арнайы лексиканың аумағын саралап, оның ғылыми анықтамасын беру оңай іс емес екені мәлім. Сонда да қазіргі таңда бұл саладан едәуір жетістігіміз бар деп айта аламыз. Біздің елімізде терминология мәселесі о бастан-ақ социалистік интернационализм принципі

негізінде қарастырылып, шешім тауып келеді. Мұны басқаша айтар болсақ, терминология проблемасы халықаралық терминдер мен ұлттық терминдерді дәйекті үйлестіру аркылы дамытылып отыр. (Дешериев Ю. Д. )

Ғылыми-техникалық революция белең алып отырған қазіргі жағдайда мәселенің бұлайша қарастырылмауы мүмкін де емес. Өйткені терминологиялық лексика, әсіресе қоғамдық, табиғат және техника ғылымдары тілі бұл кезеңде өзгеше даму жолына түсіп, соған байланысты неше алуан күрделі проблемаларды алға тартады. Міне сондықтан ұғымдар жүйесін тіл материалы арқылы жабдықтайтын терминология кез келген ғылым саласының логикалық мазмұнын жасайтын негіз деп аталуға хақысы бар. Ендеше терминология дегеніміз ғылым тілі болып шығады .

« . . . ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктері, ғылыми-техникалық прогрестің жетекші бағыттарында ілгері озып шығу, шаруашылық механизмін, басқару жүйесін өзгерту негізінде халық шаруашылығын түбірімен қайта құру» . . . мәселесі көзделіп отыр.

Бұл ғылым мен техника дамуына бұрынғыдан да бетер даңғыл жол ашылады деген сөз. Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда қоғамдық ғылымның, оның ішінде лиигвистиканың үлесіне тиер шаруа да аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлык, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қайта құру кезеңі, әсіресе тілдің ең күрделі де бай қатпары - терминологиялық лексиканың реттелуін қажет етеді. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түсу мәселесі бір есептен сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесіне де тікелей байланысты деп түсіну керек. [12; 56]

Ал мәселенің бұл жағына келгенде әрбір тілдің өзіне тән міндетері айқындалып отыр. Совет заманында өзгеше өріс алып, дамыған тілдер қатарына қосылған қазақ тілінің терминологиясы түбегейлі зерттеліп, оның барлық мәселесі жан-жақты карастырылды, дәйекті шешім тапты деп әзір айта қою қиын. Рас, әдеби тілдің халықаралық сипатын танытатын терминдер жүйесін жасап, қалыптастыруда кезеңдік қажеттілікті талап ететін, практикалық рөл аткарған әрекеттер болды. Алайда, оның ғылыми-теориялық мәселелері әлі де түбірлі де терең зерттеуді керек етеді. Бүкіл қоғамдық өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде, сол өзгерістерге лайықты қызмет етуге, соны айна қатесіз, накпа- нақ білдіруге тиісті тіл десек, оның ішінде терминологиялық лексиканың, жөні мүлде бөлек. Неге десеңіз, халық шаруашылығы мен экономиканың дамуын жеделдету бағытында істеліп жатқан шаралардың бәрі де ғылым мен техника жетістіктерін нақты пайдалану нәтижесінде іске асырылмақ. Бұл ғылым мен техниканың, дамуына бұрынғыдан да бетер мүмкіндік туады деген сөз. Яғни, бұл жөнінде де партияның саясаты айқын да анық.

Ал енді термин қатарына қандай сөздер жатқызылатынынан жұртшылықтың жалпы мағлұматы болғанмен, бұл салада да түсінісер жайт көп. Оның анықтамасына келгенде, мәнін, құрамын анықтауда, жасалу принципі туралы әр алуан түсінік бар. Енді әңгіменің осы жағына ойысалық. Ең, алдымен, совет тіл білімпаздарының біразы бұл мәселе жөнінде сонау 20-30 жылдардың өзінде-ақ ой толғап, оның мәні, мазмұны, ғылым, білім игеруде жасайтын септігі жайында жазылған еңбектерді алдымен еске аламыз. Солар қандай ойға жетектейді, проблеманы қалай түсінеді, нендей түйінге келеді дегенге назар аудару керек сияқты.

Сонымен термин және терминология дегеніміз не? Оны сөздік құрамның өзге қабатынан қалай ажыратуға болады? Оның негізгі белгілері қайсы?

Біз бұл зерттеу жұмысымызда осы ұғымға байланысты туатын сұрақтардың бәріне бірдей түбегейлі жауап береміз дет айта алмаймыз. Тек күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орныға бастаған кейбір пікірлерді ғана саралап, салғастырып өтпекпіз. Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда жоғарыда аты аталған ғалымдармен бірге А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтын, Н. А. Баскаковтың, Г. В. Степановтын, С. Г. Бархударовтың, О. С. Ахманованың, И. Ф. Протченконың, В. И. Сифоровтың, Ю. Д. Дешериевтің, Қ. М. Мусаевтың, Р. А, Будаговтың, Л. И. Сквордовтың, В. П. Даниленконың, Т. С. Коготкованың, Т. Л. Канделакидің, А. В. Суперанскаяның, Б. 3. Букчиа-пьтың, В. Ф, Журавлевтің, И, Н. Волковтың, Б. О. Орузбаеваның, М, Ш. Гасымовтың, Т. Бертагаевтың т. б. зерттеуші ғалымдардың рөлі ерекше болды.

Бұл жайында орыс тіл білімін зерттеушілері мен түркологтар біраз пікір өрбіткен.

Термин жайында бүкіл түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде, сондай-ак, орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқталайық дейтін бәтуәлі пікір, ақиқат тұжырым тізгінін ұстау қиын. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жататынын елдің бәрі білгенмен, негізгі басты белгілерін ажыратып тануда әрқилы түсінік бар. Оған берілетін анықтаманың өзі де ала-қүла. Ғылыми әдебиетте қалыптаса бастаған пікірлердің қайсы біріне токталып көрелік.

Жалпы «термин» деген ұғымның өз басына келер болсақ, әлі күнге бұл жайында бірегей пікір қалыптаса алмай келеді. «Бұл еңбекте қабылданған көзқарас бойынша термин - бұл арнаулы колданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялык ұғымның атауы болып табылатын және дефинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі». Ұсынылып жүрген анықтамалар бірыңғай емес. Негізінде (принципінде) кез келген сөз термин бола алады, бірақ ол оның ерекше қызметіне (функциясына) байланысты. Өндіріс жағдайында терминдер белгілі бір адамдар (мамандар) тобының өзара қарым-қатынас кұралы есебінде пайдаланылады. Яғни олар маман ортада, арнаулы әдебиетте қолданылады.

Кәсіби терминология әдетте белгілі практикалық мұқтаждыққа, күнделікті қажеттілікке орай пайда болады. Әдеби тіл мен оның функционалдық стильдері пайда болмастан бұрын кәсіби лексика өзінше табиғи түрде жасалып отырады, кейде тіпті оның әрқилы жергілікті (территориялық) қосарлары (варианттары) да қабаттаса жүреді. Арнаулы әдебиеттердің, пайда болуы сөздік құрамның бұл саласының дамуына жаңа бір леп қосады, яғни дамудың басқаша арнасына түседі. Ол белгілі бір мақсатқа орай саналы түрде жасалған терминдермен толыға бастайды. Бұлардың негізгі көпшілігі нақты, тұрақты мағыналығымен, стандартталуымен ерекшеленеді. Адамдардың саналы араласуы термин жасау творчествасын бақылап қадағалап, жүйелеп отыруға мүмкіндік береді, термин сөздер жасау барысында мамандандырылған әдістерді іркіп қолданылып отыруға жағдай жасайды.

Термин жөнінде ғылыми және анықтағыш еңбектерде түрлі мәлімет беріледі. Тиянақты түйін мен дәл анықтамалар беруге тырысатын энциклопедиялық сөздіктерге үңілгенде мынаны байқадық: “Термин - рим мифологиясында шекара құдайы. Термин - терминалдар құрметіне арналған мейрам” дегенді мегзейді екен. Онымен бірге термин шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл 1980 жылы Москвада жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарь» деген еңбекте берілген анықтама.

Терминология мәселесімен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен мұның өзінің мазмұны мен мәнін ашып, анықтамасын айқындап беруге тырысып отырған. Әсіресе, бұл проблеманы лингвистер тереңірек қарастырып келді. Мысалы, бұл жайында О. С. Ахманова еңбегінен мынадай жолдарды оқуға болады. «Термин (ағыл. ) дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген) тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т. т. ) сөздер мен сөз тіркесі».

Онда бұл келтіріліп отырған екі анықтаманың өзара аздаған ғана айырмасы болғанмен, негізінен бір тектес. Термин болатын сөздің шегі, шеті, шекарасын анықтау керек дегенді мегзейді. Яғни оның өзге сөздерден айырмасы оның мағынасының шектеулі болатындығыны дегенді білдіретін тәрізді. [24; 58]

Бұл екі сөздікте «терминология» ұғымына да анықтама берілген.

Энциклопедияда берілген анықтама терминологияны белгілі бір ғылым, техника салалары мен өнер түрлері терминдерінің жиынтығы екеніне мән береді. Ал О. С. Ахманованың сөздігіңде осы айтылғандарға қоса мұның реттеуге, жөнінде мейлінше көнбіс лексиканың ерекше қабаты екені баса айтылады. Шындығында лексиканың өзге үңірлеріне қарағанда, мұның саналы әрекет арқылы реттелуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейтін деректерді ғылымның кез келген саласынан ойып алып ойға тірек етуге болады. Розенталь мен М. А. Теделкова терминнің анықталған белгілеріне қоса, бір мағыналылығы, яғни тілдегі сөздердің біразы кеп мағыналы- лығына байланысты пікір айтқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Ғылым тілі
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны
Стилистика ғылымы
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау
Кеңестік дәуірдегі дамуына орыс тілінің тигізген әсері
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz