Салыстырмалы талдау
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
Текстология және оның білім беру саласындағы рөлі
2019 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Текстология көне мұрамызды жаңғыртады
2.2 Қазақ текстологиясының ғылыми-теориялық негізі
2.3 Текстологияның білім жүйесіндегі алатын орны
ІІІ. Зерттеу бөлімі
IV. Қорытыңды бөлім
Аңдатпа
Зерттеу мақсаты:
Көне мәтіндердің, қай тарихи дәуірге, қай авторға тиесілі екенін анықтаумен қатар, сол мәтіндердің мазмұнын талдап талқылау білім беру жүйесіндегі ролін анықтап маңыздылығын көрсету
Болжам:
Оқулықты құрастыру кезінде қолданатын мәтіндер текстология ғылымының негіздеріне сәйкес болса, онда білім жүйесіндегі оқулықтардың тиімділігі артады
Зерттеу кезеңдері:
Материалды жинау
Теориялық және практикалық материалдарды оқу
Материалды жіктеу
Салыстырмалы талдау
Сауалнама, сұхбат
Қорытынды
Эксперимент әдістері: Салыстырмалы талдау, жіктеу, әлеуметтік сұрау
Зерттеу нысаны: мәтін
Зерттеу жаңалығы және жұмыс нәтижелері: Текстология ғылымының білім берудегі үлесі қарастырылып текстологиялық жұмыстардың маңыздылығы ашылды. Қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мәртебесі мен маңызына сәйкес реставрациялау, консервациялау және олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау жолдары қарастырылды;
Қорытынды және практикалық пайдалану: Текстология ешқандай кәсіп емес, ол-бірнеше ғылымның тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, тапқырлық талантының нағыз ашылар көзі екендігі дәлелденді. Әдеби шығарманың немесе тарихи құжатты ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, баспаға әзірлейтін мәтінді қалыптастыру түрлері жүйеленді. Оқулықты құрастыру кезінде қолданатын мәтіндер текстология ғылымының негіздеріне сәйкес болса, онда білім жүйесіндегі оқулықтардың тиімді болатыны дәлелденді.
Аннотация
Цель исследования:
Показать важность роли текстологии в системе образования, выявление, обсуждение и анализ содержания текстов на основе текстологических исследований
Гипотеза: Если при сборке материалов учебника в системе образования составлять в соответствии основами науки Текстология то повысится эффективность образовательного процесса.
Этапы исследования:
Сбор материала
Теоретические и практические материалы, учебные
Классификация материала
Сравнительный анализ
Анкетирование, интервьюирование
Заключение
Методика эксперимента: Сравнительный анализ, классификация, социальный опрос
Объект исследования: текст
Новизна исследования и результаты работы: В работе впервые рассматривается значимость и необходимость работ текстологических исследований в современной системе образования. Установление соответствия рукописей на казахском, реставрация, консервация и сохранность письменного наследия создаст благоприятные условия при изучении текста для будущего поколения.
Выводы и область практического использования результатов: Доказана гипотеза что если при сборке материалов учебника в системе образования составлять в соответствии основами науки Текстология то повысится эффективность образовательного процесса. Систематизированы литературные произведения требующие текстологического анализа. И наконец доказана актуальность науки Текстология как вспомогательная дисциплина при составлении учебников.
Abstract
The purpose of the study:
To show the importance of the role of textual criticism in the system of education, exposure, discussion and analysis of the content of texts on the basis of the textual research
Hypothesis:
If the Assembly of materials of the textbook in the educational system be in conformity with the foundations of the science of "Textual criticism" that will increase the efficiency of the educational process.
The stages of the research:
:: Collection of material
:: Theoretical and practical materials, training
:: Classification of material
:: Comparative analysis
:: Questionnaires, interviews
:: Conclusion
The experiment:
Comparative analysis, classification, social survey
Object of study: text
The novelty of the research and the results:
For the first time considers the importance and necessity of work textual studies in the modern education system. The mapping of manuscripts in Kazakh, restoration, conservation and preservation of written heritage will create favorable conditions in the study text for the future generation.
Insights and practical utilization of the results:
Proved the conjecture that if in the Assembly of materials of the textbook in the educational system be in conformity with the foundations of the science of "Textual criticism" that will increase the efficiency of the educational process. Systematic literary work requiring textual analysis. And finally proved the relevance of the science of "Textual criticism" as an auxiliary discipline in the preparation of textbooks.
І. Кіріспе
Текстология - көпжақты, түрлі ғылымдардың салаларын қамтып жатқан, кең сфералы сала. Ол - бір ғана құжаттың, мәтіннің дәлдігі мен нақты-лығын қалпына келтіру арқылы тарихтың, тілдің күй-қалпын, тұтас бір кезеңнің жайын танытады және сонымен бірге тарихи шындықты қалпына келтіруге, ғылымда кейде белең алатын саяси астарлы әділетсіздіктің жолына тосқауыл қоюға, т.б. септігін тигізеді.
Ол адамдардың ойлау деңгейімен, ойлау қабілетімен тікелей байланысып, астарласып жататын әлеуметтік лингвистика, қоғам мен тіл арақатынасы сынды күрделі де зерттелуі толық жолға қойыл-маған тіл салаларының табиғатына тере-ңірек қарауға ұласатын, сондай-ақ өзге де қоғамтану, гуманитарлық ғылымдар мен кітап шығару, баспа, баспасөз өндірісі проблемаларымен байланыста қарағанда ғана жан-жақты ашылатын, зерттеушіден де жан-жақтылықты талап ететін сала екені белгілі.
Әрине, бұл айтылған тұжырымда ауызша-жазбаша мәтін қисынына толық тірек, нақты негіз бола алмайды. Бұл тұста әлі де болса шұқшия зерттелетін, кең пішіп, терең толғар жалпы филологиялық мәселелер жеткілікті. Әдебиетшілер, алды-мен, дәстүрлі жыраулар мектебінің өмір-шеңдігінің бізге беймәлім қыры мен сырын аша түссе, тілші ғалымдар осы ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы лұғат кешенді зерттеп, мұра тілінің бар байлығын тұтас қамтыған сөздік (лұғат) түзілуі қажет.
Сонымен бірге көне поэзиядағы теңеулер мен метафоралар жүйесін терең-деп зерттеу, аламандық пен жаугершілікке тән ұғымдарға түсінік беру, ең бастысы Ноғайлы Ордасына енген өзге туыстас ұлттар (ноғай, құмық, татар, т.б.) әдебиетімен, олардың сол тұстағы әдеби тілі тарихымен сабақтастыра зерттеу ғана көптеген күмәнді сауалдарға тосқауыл қоя алары сөзсіз.
Түйіндей келгенде, біз қазір жазып, айтып жүргендей, оқып жүргендей, көне мұралар тілінде (фольклорда, жыраулар поэзиясында, халық әндерінде, т.б.) ана сөз олай емес, былай дегендей талдаулар - мәтінтанулық зерттеу емес, мәтінта-нушының қолындағы зерттеу құралы ғана. Ал шын мәніндегі мәтінтану жаңа зерттеу әдістері арқылы және ауызша-жазбаша мәтін қисынымен ғана жүзеге асуы керек.
Мәселен, қазақ әдебиетінің классигі Махамбет өлеңдері мәтінін алалық. Ғасыр басында Қазан (1908), Орынбор (1910-1912) шаһарларында басылып шыққан жинақтардағы бірді-екілі өлеңі болмаса, негізінен ақын мұрасы 1925 жылы Тәшкеннен шыққан кітаптан алынып келді. Махамбет өлеңдерін шәкірті Қуан жырау, Кішкене Қобланды ақындар жатқа білген, - дейді зерттеуші Қ. Сыдиқов. - Олардан Мұрат ақын үйренген. Мұрат білетін өлеңдерді Ығылман жаттаған. 1925 жылғы жинаққа енген Махамбет өлеңдері Ығылман айтуынан жазылған. Бұл жинақтың ақын өлеңдерінің басылымда-рын дайындағанда бірден-бір сүйенетін сенімді нұсқа болатын себебі де сондықтан [8].
Ал ақын өлеңдерінің Ығылман Шөрекұлынан жазып алған, хатқа түсірген, бастырып шығарған - Х. Досмұхамедұлы. Авторлық мәтін үлгісі мен оның жазбаша нұсқасы аралығында бір ғасырлық кеңістік жатқандықтан, біз оны ауызша-жазбаша мәтін деп айрықша атап көрсете отырып, ауызша-жазбаша мәтіннің өзге жазба мұралардан айырмашылығын да ашып бере алдық деп ойлаймыз.
Шығармашылық та, сол шығарманы қабылдау мен түсіну де - процесс. Бұл процесс шығарманы оқыған кезде ерекше сезіледі. Ал шығарманың бар қалыбын, түзілу ерекшелігі мен сөз астарын, көркемдік белгілері мен стильдік ерекше-ліктерін тану, сондай-ақ таныту - мәтін-талдауға да, мәтінтануға да ортақ деуге келеді. Өйткені, мәтін деген категориалды ұғымды тілдік тұрғыдан ұғыну үшін мәтінге байланысты аталған екі қыры да, диахрондық және синхарондық, толық зерттелуі тиіс, теориялық қисындары нақтылануы керек. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысы көтеріп отырған мәселе өзекті болып табылады.

Текстология - тіл білімінің маңызды саласы. Онсыз ескі жазбалардағы ойды, мән-мағынаны түсіну мүмкін емес. Қадым замандардан бүгінгі күнге дейін жеткен әртүрлі қолжазбалар, шайырлардың өлең-жырлары, дастандар мен аңыз-әңгімелер, хикаялар мәтіні, ондағы қолданылған сөздер түсініктемені, түсіндіруді қажет етеді.
Тіл білімінде мәтінге байланысты жүргізілетін зерттеулерді мәтінтану (текстология) бағытындағы және мәтін лингвистикасы бағытындағы, дискурстық зерттеулер бағытындағы деп аражігін ашып көрсеткен дұрыс. Зерттеу нысанына қарай жалпы тіл білімінде, әдебиеттануда антикалық әдебиет текстологиясы, жаңа әдебиет текстологиясы, медиевистикалық текстология, түпнұсқалық және аударма мәтіндер текстологиясы, дискурстық талдаулар т.б. бөлінеді. Мәтінтану мәтін тарихын зерттеумен, көне мәтіндерді танумен байланысты ұғым. Қазақ мәтінтануы туралы айтар болсақ, оның тарихы да, қалыптасуы да бөлек.
Қазақ мәтінтанушылары жүргізген зерттеулер көне, орта түркі ескерткіштеріне жасалған талдаулардан, жыр жолдарындағы, көркем шығармалардың мәтіндеріндегі ауытқуларға арналған. Тарихи мәтіндердің сырын ашу фольклордан бастап көне және орта түркі жазба ескерткіштерін тануға бағытталады. Қазақ мәтінтануы ауыз әдебиетін қағазға түсірген кезден басталды деуге бола ма? Мәтінтанушылық бағыттағы ең алғашқы еңбектердің бірі ретінде М.Мағауиннің Ноғайлы жырларына байланысты жазылған зерттеулерін, кешенді тілдік талдаулар берілген, сөздігі бар, түсініктемесі жүйеленген орта түркі жазба ескерткіштерінің зерттеушілері Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Ал аударма мәтіндердегі автор еркі мен автордың түпқазық ойлары сақталуын саралау, пайымдау жөнінде қазақ мәтін теориясында түрен салынбағанын мойындау керек. Аударма сапасын авторлардың өздері қадағалайтыны туралы мақалалардан, естеліктерден оқығанымызбен, салыстырып, талдаған еңбекті кездестіру қиын. Бұл пікір, әсіресе, көп тілдерге аударылған авторлардың шығармашылығына байланысты. Осы орайда үштілділіктің көмегі бір тиетін жер осы болар-ау деген ойдамыз.
Мәтіннің әр түрі болады. Атрибуциясына қарай тарихи мәтіндерге байланысты алғанда авторлы және авторсыз мәтіндер болады. Көптеген әндер халық әні болып саналады. Демек, авторсыз мәтіндерге жатады. Мұндай ерекшелік фольклорлық мәтіндерге тән.
Мәтінтану мен мәтінге тілдік талдау жүргізуге байланысты басты ұғымдары туралы түсініктер беріліп, зерттеушілер ізденісі арқасында баламалар ұсынылуда, қазақ мәтінтануының ерекшеліктері туралы айтылуда. Ал шығарма иесі мен ол дүниеге әкелген туындының тілдік сипатын ашу деген - тұтас бір тарихи кезеңге тән тілдік, көркемдік-стильдік ерекшеліктерді анықтаумен пара-пар.
Көне мәтіндер бүгінгі заманымызға жеткенге дейін, автор көшіруші, редакциялаушы қызметін атқарады. Сондықтан соған қарай факсимеле, канондық мәтін, негізгі мәтін, архаикалық мәтін деген түрлері айқындалады. Көшірме мәтіннің қайсы сапалы, қайсы түп негізге жақын ол ең құнды тізім болып есептеледі. Көне мәтіндердің канондық мәтінін табу өзекті мәселе.
Қазақ көне мәтінінінің табиғаты деген мәселеге келсек, өзге озық жұрттың бұл саладағы тәжірибесіне көңіл қойсақ, оларда хат мәдениеті ерте дамығандықтан, ең басты ұстаным - жазба нұсқаның (автограф, тізбе т.б.) сақталуы. ХХ ғасыр басындағы қуғын-сүргінге түскен қазақ зиялыларының да көбінің қолтаңбалары сақталмаған. Фольклорлық мұра мен аты бүгінге жеткен ақын-жырауларымыздың негізгі туындылары ел аузынан ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында ғана жазылып алынған, кітап болып тасқа басылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Осы орайда қазақ филологиясына ауызша-жазбаша мәтін деген жаңа әдістемелік бағытты ұсынатын пікірлер бар, соны қолдаған жөн. Әрине, осы қос ұғымды атаудың соңғы жазба сыңары классикалық ұғымдағы автографтар (қолжазба, тізбе немесе тізім, көшірме), әр жылдары жарық көрген басылымдар. Осылайша қазіргі кезде штамп, қайталама деп, үлкен күмәнмен қарап келген тұтас шумақтарға қазіргі мәтін және мәтінтану тұрғысынан екі түрлі көзқараспен қарап, бағалауға болады. Мұра ретіндегі көне мәтіндерді тану барысында аталған тұтас шумақтарға автордың өзіне дейінгі танымал ақындардың шығармашылығынан өзгеріссіз пайдаланған дәйексөзі, я болмаса сілтемесі ретінде қарау керек болса, қазіргі мәтіндердегі штамп, стандарт, қайталамалар автордың стильдік ерекшелігі және қайталамалардан тарихи ұқсастық байқалса, алдыңғы дәуірмен сабақтастық, дәстүршілдік ретінде бағаланады.
Ташкент орталық кітапханасында Орта түркі жазба ескерткіштерінің 25 мыңға жуық қоры бар. Ең негізгі қорлар Түркияның Ыстанбұл қаласында. Зерттелу деңгейі де айтарлықтай жоғары. Теориядан гөрі, сөздіктер құрастыру, текстология жасау жолға қойылған. Қазан қаласына конференцияға барғанымда татар елінде қолжазбалар ұқыпты сақталғанына көзім жетті.
Қолжазбаларды зерттеуге байланысты қалыптастырған ғылыми мектептері бар. Қытайды алсақ, жазба мәтін, яғни, қолжазбаларды сақтау жүйесі ғасырлар бойы жолға қойылған. Сондықтан оларда мәтінтану ғылымы дамыған деуге болады. Мен жыл сайын Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университетінде Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінен дәріс оқимын. Сонда байқағаным, олар тіпті ауызша әдеби тіл деген ұғымға аса ден қоймайды. Бірақ біз қазақ әдеби тілінің табиғаты бөлектігін, ондай ұғым бар екенін, оның қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген академик Р.Сыздықты, сонымен қатар қазақтың ескі жазба әдеби тілі туралы түсінік барын айтып жүреміз. Оларды біздің үлкен баға жетпес құндылығымыз екеніне де тоқталамыз. Өйткені орта түркі ескерткіштерін өзбек ағайындар кеңестік кездің өзінде-ақ көне өзбек тілінде жазылған (памятники староузбекской письменности) деп, ал татарлар көне жазбалардың дені көне татар тілі ескерткіштері (памятники старотатарской письменности) деп иемденіп алғаны белгілі. Ал жоғарыда аты аталған Қ.Өмірәлиев, Б.Сағындықұлы, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдар кейбір жазба ескеркіштердегі сөздердің 60-70 пайызға дейін мағынасы жағынан қазақ сөздерімен дөп түсіп жататынын дәлелдеп, сөздіктерін шығарып қойғанын ғылыми дәлел ретінде ұсынамыз. Қытайда қандас ғалымдар тұрады. Олардың ішінде Қазақстанға келіп, дәріс оқып, конференцияларда баяндама жасап жүрген Еркін Ауғали, Дүйсенәлі Әшімұлы, Айдар Міркамал сынды ғалымдар тарихи мәтіндерді тануды ілгерілетеді деп ойлаймын. Өйткені олар үш-төрт тілді еркін меңгерген, ханзу, жапон тілдерін және ескі ханзу тілін білетін ғалымдар. Бізге беймәлім қытай архивтерінде сақталған қолжазбаларды тануға көмектеседі деп ойлаймын. 2012 жылы Одесса қаласында конференцияда болдым. Қырым түбегінен келген ғалымдар тарапынан Түркі халықтарының ішінде қазақтарда ауызша мәтінді өзгертпей, дәл жеткізу кәсіби деңгейге жеткен дегендерін естідім. Сонымен қоса, қазақ халқында белгілі адамдардың сөзін сыйлау, сөзге тұру, айтқандарын өзгертпей жеткізу деген ұғымдар бар. Осыдан келіп ауызша әдеби тілдің құқығы артады. Хандық тұсында ханның сөзін өзгертпей жеткізу үлкен мәртебе саналған. Бізге негізгі тілдік бірліктердің өзгермей, түпнұсқа күйінде жетуі де содан болар. Сырттан бақылайтын ғалымдардың қазақтың осындай қасиетін байқап, айтып жүргені бізді қуантты. Біздің мәтінтануда жасаған зерттеулеріміз осы ұстанымдарға негізделсе құба-құп.
Қазір мәтін лингвистикасы мен дискурс деген жаңа лингвистикалық бағыттар дамуда. Дискурстың ерекшелігі ауызша мәтіндерге жақын болуында. Мәтін қағазға түскен өнім болса, дискурсқа қарапайым сырласу мен сұхбатты жатқызамыз. Менің түсінігімде дискурс тіл үйренушілерге аса қажет. Себебі сөйлеушінің екпіні, интонациясы, дауыс ырғағы әуезділігінің өзгеруінің өзі мәтіндердегі сөздердің мағынасына әсер етеді. Бұл дискурстық талдау нысанына айналады.
Қазақ әдеби тілінің тарихы курсын оқыту барысында, көп жылғы жинақталған тәжірибе негізінде Қазақ әдеби тілінің тарихы оқулығы (2011 ж. ҚРБжҒМ грифімен) дүниеге келді. Сонда байқағанымыз, қазақ әдеби тілінің тарихындағы әлі де жете зерттеуді қажет ететін бір мәселе Ноғайлы дәуіріне байланысты.
Екінші мәселе - армян-қыпшақ ескерткіштері туралы студенттердің хабарының аздығы. Бұл жазбалардың Мәдени мұра бағдарламасы аясында Қазақстанға келуіне армян-қыпшақ жазба ескерткіштерінің бірден-бір маманы Сейсенбай Құдасов деген зерттеуші әріптесіміз өз үлесін қосты. Ол: ХVІ-ХVІІ ғғ. жеткен армян әліпбиімен жазылған қыпшақ тіліндегі жазба мұралар тілін қазақ әдеби тілі тұрғысынан зерттеу маңызды. Олар Кодекс Куманикус тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерін жалғастырып жатыр, оларды танып-білудің тарихи-генетикалық сабақтастықты тануға, ареалдық белгілерін айқындаудағы маңызы зор деп біледі. Белгілі дәрежеде көкжиегі көрініп тұрған тарихи зерттеулердің өрісін кеңейтетіні де сөзсіз.
Үшінші мәселе - репрессияға ұшыраған Алаш азаматтарының мұраларын мәтінтану тұрғысынан да, мәтін талдау тұрғысынан да зерделеуге байланысты. Бұл - қазақ әдеби тілі тарихын тұтас тану үшін қажетті қадам. Қазақ әдеби тілі тарихының кеңестік қуғын-сүргінге дейінгі кезеңі, қалай десек те, алдыңғы буын ағалардың еңбегі арқылы жақсы зерттелген, ал бізге ең жақын репрессия кезеңі ақтаңдағы мол, аз зерттелген кезеңге жатады. Сол кездердегі газет-журналдар тілі, жалпыұлттық Қазақ газетінің лексика-грамматикасы, оның қазақтың жаңа әліпбиін, емлесін қалыптастырудағы рөлін, Шәкәрім мұраларының тілін, алғашқы қазақ оқулықтарының, әдістемелік құралдарының тілін, аударманың жай-күйін т.б. мәселелерді зерттеу керек. Міне, қорыта келгенде, мәтінтану және мәтін талдау қаншама мәселелермен сабақтасып жатқанын аңғару қиын емес. Дегенмен, мәтін лингвистикасы мәтін талдау мен дискурс туралы айтар нәрсе көп.

Текстологиялық зерттеу - өте күрделі және ұзақ уақытты қажет ететін аса жауапты шығармашылық жұмыс. Негізінен текстология бұрын библиографияның құрамдас бөлігі ретінде ғана қарастырылып келсе, 1917 жылдан кейін дербес ғылым деп танылды. Ал бұл дегеніміз текстология мәселелерінің о бастан қазіргі кезге дейін әлі де өзекті екендігін дәлелдейтін тәрізді. Сөйтіп, текстология - мәтін туралы ғылым, ол көне мәтіндердің, қай тарихи дәуірге, қай авторға тиесілі екенін анықтаумен қатар, сол мәтіндердің мазмұнын да талдап талқылайды. Филология, әдебиеттану, тарих, мәдениеттану және басқа да қоғамдық пәндер бойынша терең біліктілікті қажет ететін заман талабынан туындап отырған сала. Әдебиеттану терминдер сөздігінде текстологияға байланысты Ө.Күмісбаев: Қазақ әдебиеттану ғылымында текстология - әлі бұғанасы қатпаған жас ғылым. Қазіргі әдебиетімізде бұл ғылымның әліппесі өте қажет. Текстология табиғатын, мән-жайын, кешегісі мен бүгінгісін түсіндіретін аударма оқулық кітап жоқ...,- деп атап көрсеткен [1, 93]. Белгілі бір шығарманың мәтінін зерттеу үшін әлі күнге дейін орысша әдебиеттерге сүйенуге тура келеді. Ал қазақ әдебиеті шығармалары мен тарихи жазба мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктері текстологияның орысша әдебиеттерде берілген теориялары тұрғысынан қарауға сай келмей, өзіндік қиындықтар тудыратыны белгілі. Сондықтан қазақ текстологиясы бүгінде арнайы теориялық оқулыққа мұқтаж. Текстология ғылымының мақсаты - әдеби шығарманың немесе тарихи құжатты ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, баспаға әзірлейтін мәтінді қалыптастыру. Кез келген мәтіннің баспада жарық көруінің екі жолы бар: бірі - мәтіннің қалың оқырман қауымға арналуы; екіншісі - ғылыми зерттеу жұмысына арналуы; бұдан бөлек үшінші бір түрі - мәтіннің балала тіліне лайық жеңілдетіп басылуы. Мәтінді балалар тіліне лайықтап құрылғанда мәтінгер көптеген қысқартулар, әсірелеу үшін өзгертулер жасауына болады. Дегенмен текстологияның теориялық әдебиеттерде мәтін басылымдарының осындай айырмашылықтарының болуын қостамайтын керағар пікірлер де бар. Көрнекті мәтінгер маман Б.М.Эйхенбаум мәтіндегі көне тіл элементтерін жаңаша беру тарихқа қиянат жасау деп есептейді. Ондай ерекшеліктерді түсіндірме коментарий арқылы берілуін қолдап есесіне мәтіндегі сөздердің көне қалпы оқырман қауымға ана тілінен хабар беретінін айтады. Сондай-ақ С.А.Рейсер мәтін басылымдарының бұндай айырмашылықтары оқырман ұғымында қайшылық тудыратынын айта келіп, бұның өзі сыни мәтіннің тұрақтануына көп кедергі келтіретінін ескертеді: Біріншісі - авторлық емес, жалпы жұртшылыққа кеңінен тараған, екіншісі - авторлық тек тарихи әдеби зерттеулер арқылы анықталған және көпшілік оқырман қауымға таныс емес. Бұндайда ол бірінші нұсқа тұрақты мәтін ретінде қалыптасуы мүмкін, - дейді [2, 85]. Бұл пікірдің орынды екені рас. Сондықтан мәтін басылымдарының қай түрі болмасын бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Тек қалың оқырман қауымға арналған мәтіндегі кейбір түсініксіз сөздер ғана сол бетте сілтемемен берілгені дұрыс. Кейде арнайы текстологиялық зерттеу жүргізілмей-ақ, мәтіннің жарыққа шығып жатуы да кездеседі. Қалың оқырман қауымға арналған мәтін, мүмкіндік болғанша, текстологиялық зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін ғана баспаға берілуі тиіс. Көп уақытқа дейін текстология прикладная филология деп аталып, практикалық пән ретінде ғана қарастырылып келді. Текстологияны кәсіп деп, ал әдеби шығармаларға сәтті жасалған текстологиялық зерттеулерді мәтінгердің талантына байланысты өнер деп қабылдаған кездер де болды. Дұрысына келсек,текстология ешқандай кәсіп емес, ол-бірнеше ғылымның тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz