Айналым құралдары мен айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату көрсеткіштері


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
I-тарау. Ұйым экономикасы . . . 4
- «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі . . . 4
- «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің шаруашылық қызметін жоспарлау . . . 7
- «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің негізгі және айналым капиталы . . . 14
II-тарау. Қаржылық есеп . . . 22
2. 1 «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің есеп саясаты . . . 22
2. 2 «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің ақша қаражаты және есеп айырысу есебі . . . 23
2. 3 «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі . . . 28
2. 4 «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есеп айырысу есебі . . . 37
III-тарау. Аудит . . . 43
3. 1 «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің жұмысының құрылымы және ұйымдастырылу. Аудитордың қызмет міндеттері . . . 43
3. 2 Аудитті өткізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері . . . 45
3. 3 Ұзақ мерзімді активтер аудиті . . . 51
IV- тарау. Салық және салық салу . . . 59
4. 1 Корпоративтік табыс салығын есептеу . . . 59
4. 2 Қосымша құн салығын есептеу . . . 63
4. 3 Мүлік салығын есептеу . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 75
ҚОСЫМША . . . 76
КІРІСПЕ
Мен Масимжан Рахман 13-ші мамырдан 14-ші маусым айларының аралығында «Анадолу Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте оқу тәжірибеден өттім.
Осы оқу тәжірибедегі мақсатым - «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік - қаржылық қызметін меңгеріп, толығымен танысып, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін, қаржылық жағдайын зерттеп, қарастыру. Сабақ барысында алған теориялық білімімді тәжірибеде іске асырып, өзімнің қаржылық есеп, аудит, қаржылық талдау, салық салу салаларында білімімді бекіту болып табылады.
Оқу тәжірибені орындау барысындағы басты міндеттерім:
- Кәсіпорынның есеп саясатымен, жарғысымен, басты ұйымдастырушылық
құжаттарымен, құрылымдық құжаттарымен, бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтерімен толық танысу;
- Кәсіпорынның бас бухгалтерімен бірлесіп тәжірибенің күнтізбелі
жоспарын құрып, жоспарға күнделікті жазбаны түсіру;
- Кәсіпорынның ішкі шаруашылық қызметінің анықтама, сипаттамасын
жасап, қызметіне талдау жасау;
- Кәсіпорынның қызметін қаржылық талдау, яғни қаржылық
тұрақтылығын және қаржылық жағдайын бағалау;
- Тәжірибе жетекшісінің тапсырмасына сүйене отырып, кәсіпорынның
қаржылық - шаруашылық қызметінің мәліметтері мен құжаттарын жинақтап, іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге құрастыру;
Оқу тәжірибемді өткен ЖШС «Анадолу Маркетинг» кәсіпорыны 1998
жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорынның басты мақсаты табыс табу және басты қызметі Түркия Қытай Ресей мемлекеттерінен көтерме бағамен тауар алып Қазақстан нарығында тарату және Қырғызстанға экспорттау болып табылады.
Мен ЖШС «Анадолу Марктинг» кәсіпорында тәжірибе өту барысында
қаржылық есеп, бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу салаларының бөлімшелерінің құрылымымен, бухгалтерлік есептің қалай ұйымдастырылып, есептелетінін, құжаттарының қандай ретпен, қай жағдайда толтырылатынымен таныстым.
I. Ұйым экономикасы
- Кәсіпорын ұйымының құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
- Әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорынның құрылтай құжаттарының типтік формалары
«Анадолу Маркетинг» ЖШС Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңының, және осы жарғының негізінде әрекет етеді, ерікті негізде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Негізгі мақсаты: пайда табу. ЖШС-ң мекенжайы: индекс 050034, ҚР, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 351 «В».
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналады, бұл қызметкерлердің бір жылда орта есеппен алғандағы саны 100 адамнан аспайтындығы және орташа жылдық табыстың бір жылда орташа есеппен алғандағы құны тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 300 000 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтындығын білдіреді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің бір жылмен алғандағы саны сол субъектінің филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшау бөлімшелерінің қызметкерлерін қосқандағы бүкіл қызметкерлерді ескере отырып белгіленеді.
Серіктестіктің Құрылтайшысы болып табылады:
Түркия Республикасының азаматы Озтуран Юсуф туылған жылы 02. 09. 1988, Түркия азаматының төлқұжаты U 02300652, Зейтинбурну тарапынан 20. 05. 2011 ж. Берілген, шетелдік тұру ықтиярхаты №025549244, ҚР IIM тарапынан 14. 11. 2011 ж. Берілген, ЖСН 880902399064 тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Курильская көщесі, 28 үй.
Жарғы капиталындағы қатысу үлесі - 100% - 150 630 000 (жүз елу миллион алты жүз отыз мың) теңге.
Жарғылық капитал серіктестікті тіркеу мерзіміне қатысушылармен қалыптастырылған. Қолданатын заңдармен тағайындалған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен азайтылуына жол берілмейді. Серіктестіктің мүлігі қатысушылардың салымдары, серіктестіктің тасыстары есебінен және заңнамамен тиым салынбаған өзге қайнар көздерден қалыптасады. Серіктестіктің мүлігі оның балансында есепке алынады.
Мекеменің жұмыс тәртібі; Еңбек ұжымының мүшелері еңбектік құқықтарға ие және міндеттерін ҚР еңбек туралы заңдарына сәйкес атқарады. ЖШС барлық мәселерді ҚР Еңбек туралы заңдары шектерінде шешеді. Қызметкерлердің еңбекақысы мен басқадай табыс түрлерінің қалыптары, төлеу жүйесі ЖШС Директорымен ҚР Заңдарына сәйкес анықталады.
- Құрылтай шарттары мен жарғыларын дайындау ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс.
Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін.
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.
Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді.
Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс.
Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.
Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мақсаттары және тәртіптерімен, мемлекеттік тіркеу процедурасын жүргізу үшін қажетті құжаттар тізімі
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады және өзінің жеке бизнесін құру кезінде жеке және заңды тұлғаларда көптеген сұрақтар туындайды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестiгiн тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 (ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылдың 18 маусымында №11384 тіркелді) заңды тұлғалардың реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы өтініш тапсырады. Содан кейін ХҚКО-ның қызметшілері ҚР Заңында қарастырылған тәртіпте Әділет басқармаларына, яғни тіркеуші органдарға ұсынылады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі болып қол қояды.
Егер де заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініште шетел қатысуы орын алса, онда (ҚР бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе) өтініштен басқа қосымша келесідей құжаттар тапсырылады:
1) шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;
2) алып тасталды - ҚР 2012. 12. 24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынуға тиіс.
Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсырған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу баламалы түрде субъектілердің ықыласына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілуі мүмкін. Ол үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Ал, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат ретінде ҚР-ның Үкіметімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші органмен ұсынылатын анықтама болып табылады.
Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар) мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізімін ұстаушылардың белгісі бар өтініш тапсырады.
Қазақстан көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
Егер серіктестік құрылтайшылары өз қызметін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш ұсынылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал және оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:
- кез келген қатысушының талап етуі бойынша тәуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;
- сот шешімі бойынша;
- әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша - қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәлімделген жарғылық капиталы нақты жарғылық капиталынан асып кеткен кезде серіктестікке қатысушылар кредит берушілер алдында жарғылық капиталдың өз капиталынан асып кеткен сомасында серіктестіктің борыштары бойынша ортақ субсидиялық жауапкершілікті мойнына алады.
- «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің шаруашылық қызметін жоспарлау
- Бизнес-жоспарларды даындау үшін орындалатын жұмыстар
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің қызметінің негізгі мақсаты таза табыс табу болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- коммерциялық қызмет ( cауда-cатып алу іс-әрекеттері, сауда делдалдық қызмет, дүкендер, дүңгіршектер, сауда уйлерін ашу және пайдалану, делдалдық қызмет көрсету, көтерме-бөлшек, комиссиялық сауданы ұйымдастыру) ;
- ғылым зерттеу ашуларын өңдеу және еңгізу;
- ғылыми техникалық, патенттік және инжиниринг, маркетинг, консалтинг, сипатында экономикалық ақпараттық қызмет атқару;
- ғылыми технологияларды енгізу;
- ғылыми техникалық қызмет;
- жарнамалы ақпараттық қызмет;
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет, әр түрлі тауарлардың экспорты мен импорты, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірге халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу үшін шетел мамандарын шақыру, рұқсатнама құжаттарын дайындауға көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге қызмет түрлері.
Кәсіпорын үшін жоспарлау есеп және бақылау сыртқы ортамен байланыс құралы ретінде көрінеді. Ақша қорының әрбір қолдану бағытына сәйкес қайнар көзі. Ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау. Ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың қорытынды кезеңі оның қаржы жағдайын зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды, әсіресе, өнім өндіру мен өткізу жоспарларын орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етпей қоймайды.
Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі.
Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
- кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды;
- кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;
- дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
- фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
- жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін арттыруды, өнімдердің және ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуге байланысты қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, өндірісті басқарудың және иелік етудің формаларының тиімділігін, иесіздікті жоюды, кәсіпкерлікті күшейтуді, бастамашылықты арттыруы және т. б. талап етеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда иелік ету субъектілерінің қызметіне экономикалық талдау жасау маңызды роль атқарады. Оның көмегімен кәсіпорынды дамытудың стратегиясы мен тактикасы жасалады, жоспарлар мен басқарма шешімдері тұрақтанады, олардың орындалуына бақылау жасау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері белгілі болады, кәсіпорынның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметінің нәтижелері бағаланады.
- Тауар немесе қызметке сипаттама
Өндіріс көлемі мен өнімдерді сату бір-біріне тәуелді көрсеткіштер болып табылады. Шектеулі өндірістік мүмкіндіктер және шектеусіз сұраныстар жағдайында, өнім өндіру көлемі бірінші орынға қойылады. «Анадолу Маркетинг» кәсіпорыны ең бірінші Түркия, Ресей, Қытай елдерінен өнімдерді импорттап Қазақстан бойынша бөлімшелеріне таратады және Қырғызстан мемлекетіне экспорттайды. Тауар ассортименті өте көп және тағам өнімдерді, консервтерді және гигиеналақ өнімдерін алып сатады.
Сонымен өнімдердің кейбір түрлеріне мәліметтер берсек:
ПеченьелерСозылмалы печеньесі
«Детское» (өлшенбелі)
Сонылы қант- май құрамды печенье.
Энергетикалық құндылығы 405 ккал
100 грамм өнімде:
Ақуыз 8, 0 грамм
Май 9, 6 грамм
Көмірсу 71, 1 грамм
Құрамы: бидай ұны, қант, маргарин, крахмал, жұмыртқа ұнтағы, қопсытқыштар: Е500, Е503; ас тұзы, эмульгатор-лецитин Е322, ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш, қышқылдандырмауыш Е223.
Вафли«Каприз» (өлшенбелі, термопленка)
Карамель-ванильдің хош иісі бар, арасына нәзік сүт салмасы салынған үш қабат вафли тілімі.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5, 8 грамм
Май 26, 9 грамм
Көмірсу 60, 7 грамм
Энергетикалық құндылығы 510 ккал
Құрамы: қант, бидай ұны, кондитерлік май, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, эмульгаторлар: лецитин Е322, ас тұзы, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас крем-карамель, баяу пісірілген сүт, ванильді хош иістендіргіштері.
Агар зефирі«Зефир глазированный» (өлшеніп салынған 460 грамм)
Жеміс езбесін қосып, жұмыртқа белогы мен агар сиропына бұлғанған масса. Жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған глазурмен глазурленген жартылай домалақ өнім, зефир.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1, 9 грамм
Май 10, 2 грамм
Көмірсу 72, 4 грамм
Энергетикалық құндылығы, 380 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, кондитерлік май, какао ұнтағы, жұмыртқаның ақуызы, жележасағыш - агар Е406 агенті; қышқылдылықты реттегіш - сүт қышқылы Е270; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер; эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476. Ауаның (8-24) °C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 3 ай.
- Сала және сату нарығындағы істердің жағдайын талдау
Қазақстан нарығында тәтті өнімдерінің сатылуының 20% үлесі Ресейге, 25% үлесі Украинаға тиесілі, қалған пайыз бөлігін еліміз өзі өндіріп, қазіргі таңда өзімізді қамтамасыз ете алып отырмыз.
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-гі Қазақстан нарығындағы үлесі 10%, «Рахат» кондитерлік фабрикасымен бәсекелес бола отыра өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр.
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-гі жылына 20 мың тонна тәтті өндіреді. Кондитерлік фабриканың кедендік одаққа кіріп, біріңғай экономикалық нарықта жұмыс істеуі Қазақстан үшін өте тиімді болып табылады. Осы уақытқа дейін жалпы өнімнің 3-5 пайызын құрап келген «Анадолу Маркетинг» ЖШС-гін мемлекетіміз одан ары ұлғайтуды жоспарлап отыр.
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-гі өз үлесін жалпы ішкі өнімнің артуына ғана емес, 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп отыр, барлық қалаларда франшиза ашлыған жағдайда тағы 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылатыны сөзсіз.
- Өндіріс алаңдарындағы және бөлмелердегі өндіріс жабдықтарына, шикізаттар мен материалдарға қажеттілікті есептеу
Өткен жылда кәсіпорынның баланс құрылымында өзгеріс болғаны көрініп тұр. Кәсіпорын мүлігінің өтімі 471856 мың теңгеге артты, яғни бұл дегеніміз жыл басымен салыстырғанда 17%-ға артық. Өсімнің көп бөлігінің 97, 9%-ы өндірістік қорға жіберілді. Бұл еңбек өнім өтімінің белсенді бөлігін көбейтті.
Кесте - 1. Кәсіпорындағы мүліктік жағдайдың өзгеруі, 2018ж.
- Қызметкерлердің санын еңбекақы қорын есептеу
Еңбекақы - қызметкерлердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазымы нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем, кепіл төлемақы және т. б. болып табылады.
Сәйкесінше «Анадолу Маркетинг» ЖШС-де 344 жұмысшы бар. Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын Еңбек туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, Қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді. Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режимін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындармен төлемдерді негіздеу мақсатында қажет. Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе ұжымның жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны - мерзімдік және кесімді қолданады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу ведомосі деп атайды.
Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі.
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің жұмыскерінің жалақысы штаттық кесте бойынша 105 000 тг деп белгіленген, жалақысын негізгі еңбекақы бойынша есептеймін.
МЗЖ= 105 000*10%=10500тг
ЖТС= ( жалақы -МЗЖ - ең төменгі жалақы) *10%
Осы формулаға сала отырып жеке табыс салығын табамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz