Құқықтық норманың жалпы түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері
2. Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы
3. Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже - қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Ғылыми жаңалығы. Заң нормасы - құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір - біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық - бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бөзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Тақырыптың зеттеу деңгейі. Осы күрделі ғылыми тақырыптағы мәселені қоғамдағы орны мен оны одан әрі дамыту, қолдану көптеген ғалымдардың ат салысуын қажет етеді. Құқық ғылымдарының ролі орасан зор, соның ішінде құқық нормасы - бұл саладағы туындаған қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Диплом жұмысына отандық және алыс-жақын шетел заңгер ғалымдарының ғылыми еңбектері қолданылды.

үлгісін жасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері

1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, адам - машина , адам мен еңбек құралдары, адам және өндіріс, адам- табиғат (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың Субъективтік құралы тек адамдарға ғана қатысты емес.
Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мысалы, кейбір топтағы техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына байланысты әлеуметтік нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық - заңдылық сипаттағы нормалар атауына ие болады. Ол дегеніміз - техникалық жағдайлар, әртүрлі мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды, темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті сақтау). Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады: мүліктік, әкімшілік - құқықтық және қылмыстық - құқықтық.
Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар құқықпен жанаспайды, сондықтан оларды бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы,әртүрлі тұрмыстық заттарды пайдалану - телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны жөндеу соның иесіне жүктеледі).
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі - оң және теріс мінез - құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады.
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым - қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым - қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
Біріншісі - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық);
Екіншісі - өз мүдде - мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым - қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым - қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс - тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының үлгісінәжасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:
1. норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым - қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде - қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже - қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
1.2 Құқықтық норманың құрылым, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 - бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі - моделі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабында, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтарының айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады;

айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;

сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 - ші бабы). Гипотезаның үш түрі болады:

егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;

егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды;

егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:

абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:

салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);

альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл - шаруашылық құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық - пролцессуалдық, қылмыстық - процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді: нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар - мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар - істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым - қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
Әлеуметтік нормалардың жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін белгілі нормалардың жиынтығы.
2 Құқық нормаларын қолдану актілермен логикалық құрылымы.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан - жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Көрсетілген құқық пен мемлекет қоғамның эканомикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым - қатынастарын реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процес. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуды:

қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауды;

қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын - ала нормативтік актілерді дайындау;

қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.

Құқықтық нормалар қоғамның эканомикалық - әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқықтық кек қоғамның әлеуметтік - эканомикалық даму процесін басқару мен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым - қатынастарын да реттеп, басқарып отырады.

Субъективтік құқықтың белгі - нышандары:

Субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;

Ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;

Субъектілердің бостандығы, құқықтарының дұрыс дамуы мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:

құқықтық әдет - ғұрып, салт - дәстүр;

құқықтық прецедент;

Нормативтік шарттар;

Нормативтік құқықтық актілер.
Республика Констетуциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары Констетуция мен Республика заңдараның негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика
Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің Констетуциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
2. Констетуцияда және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі:
3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай - ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәсенлелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
4. Республиканың эканомикалық және саяси - әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Констетуциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің номативтік қаулылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық норманың негізгі сипаты
Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Құқықгы жүзеге асыру
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
Құқықтық реттеу механизмі
Құқық нормаларының құрылымы
Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері
Пәндер