Қарғам сөзінің толық тұлғасы - қарағым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БЕЙНЕУ ГИМНАЗИЯСЫКММ
Жоба авторы: Есімхан Ұлар Досымханқызы, Бейнеу гимназиясы КММ- нің 9-сынып оқушысы
Жоба атауы: The differences and similarities of color patterns in Kazakh and in English perspectives
Бағыты: этномәдениетттану
Секциясы: тіл білімі
Ғылыми жетекші:
Жетекші: Іскендірова Сәния Аманжолқызы, Бейнеу гимназиясы КММ- нің ағылшын тілі пәні мұғалімі
2019-2020жж
Аннотация
Зерттеу тақырыбы: The differences and similarities of color patterns in Kazakh and in English perspectives
Зерттеу мақсаты:
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Зерттеудің жаңалығы:
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Зерттеудің қорытындысы:
Аннотация
Тема работы:
Цель работы:
Научный прогноз исследования:
Этапы исследовательской работы:
Проблема:
Методы и приемы исследования:.
Вывод работы:
Annotation
Theme:
The purpose of work:
Scientific forecast of the research:
Stages of research:
Problem:
Methods and techniques of research:
Conclusion of work:
Зерттеу жұмысының жоспары:
I. Кіріспе
Түр- түс саласының әлі ашылмаған құпия сырлары көп. Ғалымдар түр- түс атауларын адамның тану әрекетімен, мәдениетімен, сол халықтың өзімен байланыста қарап, түр- түстану деген бір саланың негізін қалап, тың зерттеулер жүргізіп жатыр. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сарқылмас қазынасы болып табылатын өзіндік тарихы, мәдениеті, салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы бар. Міне, осы мәдениетті, тарихты, дәстүрді түр мен түссіз елестету мүмкін емес. Түстердің символикасы ежелгі тарихқа ие. Астрологияда спектралдық 7 түс беретін Күн сәулелері 7 негізгі планеталарға сәйкестендіріледі: қызыл - Марстың түсі, көк - Венера түсі, сары - Меркурий түсі, жасыл - Сатурн түсі, қоңыр қызыл - Юпитер түсі, қызғылт сары - Күн түсі, күлгін түс - Ай түсі.
Түстермен сонымен қатар адамдардың қоғамдағы жағдайы мен мәртебесін, олардың түрлі психологиялық ерекшеліктерін де белгілеген. Ол киімді таңдауда, халық мақал - мәтелдерінде, салт - дәстүрлерінде және т. б. көрініс табатын болған. Түстердің этнопсихологиялық ерекшеліктері де бар. Түрлі халықтар әрбір түске түрліше мағына берген
Дәстүрлі лингвистикалық зерттеулерге сүйеніп, анықталған ғылыми тұжырымдарды келтірер болсақ, ақ, сары, қызыл, қара, көк түстік лексемаларының ілкі табиғаты етістік екендігі оларға еркін жалғана беретін етістік жұрнақтары арқылы да дәлелденеді (ақ-ағыл, сары-сарыл, қара-қарал, қызыл-қызын, көк-көгер). Етістік, одан сын есім, одан зат есімге айналып, бір-бірімен омонимдік қатар түзе алатын осы топтағы сөздердің барлық уақытта болмаса да, абстрактілік деңгейінде өз тірек-негіздік болмысына сұранып тұратыны когнитивтік саралауда байқалмай қалмайды.
Ақ - сын есім ретінде қараға-қарама қарсы (жарықтың екі шегінде) реңкті белгілейтін сөз. Ақ сөзінің этимологиясы жөнінде түрлі пікірлер бар. Э.В.Севортян аға және әке деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі ақ - оқ (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер ақ түбірінің көне түркі тілінде шынымен қартаю, жан ұлғаю) синкретикалық мағынасы болса, онда қосағыңмен қоса ағар деген тілек мәнді тіркестегі ағар сөзі де жоғарыдағы ақ түбірімен төркіндес болуы ықтимал.
Бұл болжам негізсіз емес. Себебі қазақ тіліндегі ақсақал, шашы ағару, ақ кірсе де, ақылы кірмеген, ақ жаулықты ана т.с.с. тіркестерде де қартаю, жасы жету мағынасы меңзеледі. Жоғарыда келтірілген Қосағыңмен қоса ағар деген алғыс сөздегі Қосақ (қосығ) - әйел, жар мағынасын береді. Сонда түркі тектес халықтарда көбінесе бата, алғыс сөздердің ер адамға қаратыла айтылатынын ескерсек, бұл алғыстың мәні қосылған жарыңмен бірге қартай болып шығады. Сары сөзі де жиі қолданыста болатын түсті білдіретін лексема. Бірақ ол да кез-келген қолданысында түсті білдіре бермейді. М.Томанов Қазақ тіліндегі сары сөзінің бастапқы қалпы сарығсарық болғандығын (-ығ,-ық - етістік түбірге жалғанатын қимыл-сын қосымшасы) айтады. Сары сөзі жер-су атауларымен тіркескенде сар тұлғасында қолданылатынын байқау қиын емес. Ғалым Е.Қойшыбаевтың көрсетуінше сар сөзі топонимдік атаулармен тіркескенде көбінесе айқын, кең, негізгі, басты деген мағыналарда жұмсалатынын айтқан. Р.Сыздықова Сары алтын дегендегі сары сөзінің мағынасы қоспасыз, таза, ал сары уайым дегендегі сары - парсы тілінде уайым, қайғы екендігін айта келіп, сары уайым тіркесі бір мағынадағы екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда болған бала-шаға (шаға да бала деген сөз), бекер-босқа сөздері сияқты бір сыңары парсыша - уайым (сар), екіншісі - қазақша уайым сөздерінен жасалған плеонастық тіркес болып табылады, - дейді .
Е.Қойшыбаевтың сары туралы айқын, анық көрінген, басты деуі де қисынды пікір. Бұлай болғанда сары уайым - негізгі, анық уайым, ал сарыла күту төзіммен, ұзақ шыдаммен шын күту дегенге де келеді.
Сары сөзінің тағы бір мағынасы ақыл толысуды, тәжірибелілікті, парасаттылықты білдіретінін мынадан байқаймыз: сары кідір - жас ортасына келген ер адам; сары қарын бәйбіше (әйел) - орта жастан асқан тоқтамды парасатты ана; сары тоқым ұры - әккі, тәжірибелі, ысылған ұры, сары тіс айғыр - әккі, кәрі айғыр; ақ сақалды, сары тісті бол (бата) - көп жаса, т.с.с. Ал сар желу бір қалыпты көсіле шабу мәнін білдіреді.
Қара - қазақ тіліндегі ауыспалы, шартты, символикалық мағыналары көп түстің бірі. Жалпы тілімізде бұл сөзге қатысты тұрақты тіркестер көп, уақыт өтуімен байланысты олар жаңғырып үстемелеп отырғандығы да байқалады.
Қазақ тіліндегі қара сөзінің бір мағынасы үлкен, зор, көп екенін зерттеушілер айтып жүр. Мысалы, қара қыпшақ дегендегі қара қыпшақтардың түр-түсін таныту үшін емес, қалың қыпшақ, көп ру дегенді білдіретін перифраз. Осы секілді қара сөз - үлкен сөз. Қара шаңырақ - үлкен, қасиетті шаңырақ, Қара күш - жойқын күш, Қара зіл - аса ауыр т.с.с.
Қара жеке тұрғанда аққа қарама-қарсы бояу түсін білдіруімен қатар, сұлба, адам, жоба, нәсіл т.б. мағыналарда да жұмсалады. Тіліміздегі қарашық (көздің қарашығы, қарасы) сөзінің негізі қарақ болған. М.Қашқарида қарақ көздің қарашығы, қара көз мәнінде түсіндіріледі. Осыған байланысты еркелету мағынасындағы қарғам сөзі де қарға құс атына байланысты емес, жоғарыдағы ұғымымен мәндес. Қарғам сөзінің толық тұлғасы - қарағым.
Қазақ тіліндегі қарығу сөзінің этимологиясы жөнінде Б.Қыдырбекұлы былай дейді: Қарығу - көздің суықтан, әсіресе, қарлы далада ұзақ жүруден болатын ауру, көздің төңірегінде иненің жасауындай-ақ бөрткеннің пайда болуы, ол көзге тікендей қадалып тұрады.
Көк сөзі де түркі тектес халықтарға ортақ. Заттық ұғымдағы көк (аспан) пен сын есім көкті синкретикалық түбір деп қарастырып жүр. Аспан ұғымындағы көк сөзімен онымен түстес нәрселердің салыстырылуы нәтижесінде көк аталуы әбден мүмкін. Негізінде бұл екі ұғымның қайсысы бірінші қалыптасқанын ешкім де дәл айырып бере алмайды.
Түркі тектес халықтардың ішінде қазақта көк күшейту мағынасында көкпеңбек болып қолданылады. Бұл көк пен көк, яғни көкпен бірдей деген ұғымға келеді. Әрі сөздің екі рет қайталануы оның реңдік мәнін әсірелеп, үдетіп жіберген.
Көктің бір мәні - құдірет, тәңір. Қазақша көкірек көтеру - өзін жоғары санау. Көкірек - денедегі биік, жоғары тұрған мәнді мүше. Көкей де осы секілді.
Қ.Жұбанов теңіз және тәңір ұғымдарын бір сөз ретінде қарастырады. Теңіз - жердегі, тәңір - көктегі құдірет күш.Түркіше тәңір, тең әк - аспан.
Аспан әлемін - тұңғиық, жұмбақ әлем деп түсінген адам оны тәңірге балаған. Тақ да осы негізден өрбіген. Сөйтіп барлық жерлік емес құдіретті сана халық ұғымында көкпен байланыстырылады [11].
Долы, ашушаң, айғайшыл, байбалам мағынасындағы көк ауыз, көк айыл, көк езу тәрізді қолданыстар от ауызды, өрттей ұғымымен барабар. Ал етістік негізді көку - көкі сөзімен сабақтас. Көкі - көп сөйлеу, берекетсіз әңгіме айту мағынасымен ұштасады. Бұл көкек - көкі-ек құс атына да қатысты ма дейміз. Құстың дамылсыз ку-ку, ку-ку деп дыбыс шығарып қайталауы да осы сөздің шығуына түрткі болуы ғажап емес.
Қызыл сөзіндегі ыл жұрнақ, қыз - өлі түбір Н.Баскаковтың да пікірінше, қыз түркі тілінде от мағынасында жұмсалған. ХІ ғасыр түркі тілдерінде қыз сөзінің - қызыл түс мағынасында қолданылған айтылады. Сонымен қыз түбірі ерте замандарда синкретизм ретінде бірде етістік, бірде сын есім мағынасында қолданылған [13].
Жасыл. Жас сөзінің бастапқы мағынасы Жаңа шыққан көк, өсімдік деп ұйғаруға болады. Жастың бұл мәні жаңа өсіп келе жатқан балаға, одан кісінің өмір сүру жыл санына ауысқан. Көк өнімдіктің дымқыл, ылғал болуымен, әсіресе, таңертеңгі шық түскен кездегі күйімен байланысты көз жасы деген ауыспалы мәнге ие болған тәрізді. Мысалы, қазірде әзірбайжан тілінде йаш деген сөз дымқыл, сулы, көк деген ұғымды білдіреді, - деп беріледі этимологиялық сөздікте [13].
Найзағайдың тілімізде жасын, жасыл, жай аталуы жай - от, жалын мағынасымен мәндес болуы керек: Жасыл түсті - көк түсті (Көк түскен жер тақыр-ды. Қыз Жібек) тіркестері тіпті жарыса да қолданыла береді. Тағы бір назар аударатын жайт жаңбыр, жауын, жайылым, жайылу, жайлау, жас шөп, көктеу, көк, от (отқа жайылу) сөздерінің тарихи тамырластығы. Яғни әуел баста жасыл (ілкі түбірі жа) - сулы болуымен қатар жалынды, қуатты болуымен де байланысты.
Қазақтың салт-санада сәндік қолданбалы өнерге шығармашылық үрдіске пайдаланылатын заттарға, ою-өрнектерге, өндіріске байланысты белгілі бір желі анық байқалады. Халық шеберлері қоршаған орта символикисы (көрініс-кейпі) саласында білгірлік танытып, өз ортасының эстетикалық философиялық танымдарын білдіруші болуы тиісті. Демек қолданбалы өнер шығармалары синкретикалық сипатта болып, олар практикалық (тәжірибелік), эстетикалық, сиқырлық салт пен саналық қызметтер мен қатар этноаймақтық белгілерді білдірсе , ал киім-кешектер мен зергерлік безендірулер бұған қоса жыныстық, жастық, мүліктік айырмашылықтарды да бейнелейді.
Қазақтардың аса мол әшекейлік ою-өрнек желілерінің (космогониялық заттық, геометриялық, зооморфтық, өсімдік,) заттық-тұрмыстық және антропоморфтық семантикалық мазмұны ежелгі мифологиямен, заман ағымымен фолклорленген тотемистикалық, инимистикалық және фетишистік ұғымдармен тығыз байланысты болып келеді. Көптеген әшекейлік желілер қорғаушы немесе онды құбылыстар үшін ұйтқы күйге ие деген ұғым болды. Бұл ою-өрнектер уақыт озған сайын өзінің о бастағы мәнін жоғалтып жаңа ассоциациялар (баламалар) негізінде топшыланып, жаңа атауларға ие болды. Ою-өрнектердің мәндік маңызы әлсіреп, деректік-символогиялық ұғымдар тұрмыстық реңге ауыстырылады.
Басты сәндік құралдарыдң бірі - түс (реңк) болды. Ою-өрнек тәрізді адамға белгілі бір психологиылқ (мінез-құлықтық) ықпал ете алатын түс идеялық-мәндік сипатымен айқындалады. Қолданыс тапқан әр түске оның символоиялық маңызына қарай нақтылы мағына берілді. Мәселен, қызыл түс жалын атқан отқа, өмірлік күшке, сары түс-күнге, жасыл түс өсімдіктер әлеміне баланды . Салттық санада түрік тілді халықтар Көк тәңірі басты діни дәстүріне балаған сапан символындай көк түске ерекше құрмет көрсетіледі. Ал ақ түс болса, күні бүгінге дейін молшылыққа, бақытты тұрмысқа балама ретінде аталады.
Сонымен, бұл тармақта негізгі жеті түстің (ақ, сары, қара, көк, қоңыр, қызыл, жасыл) шығу негізіне қатысты деректер бойынша мәлімет берілді. Бұл жердегі негізгі мақсат - түс атауларын зерттей отырып, қазақ және ағылшын дүниетанымындағы түстердің символикалық мағынасын ашу және салыстыра зерттеу.
II. Зерттеу бөлімі
Көк, сары, қызыл, жасыл хроматты түстердегі негізгі алғашқы түстер, қоюкөк, күлгін, қоңыр, қызғылт сары қосымша түстер деп, ал ақ, қара, сұр - ахроматты нейтрал түстер деп есептеледі. Әрбір халық, әрбір этностық топ қоршаған ортадағы түр- түс ұғымын өздерінше танып, өз дүниетанымында тұжырымдайды. Қоршаған әлемдегі түр- түс ұғымдары кез- келген ұлт мәдениетінің феномені.Осы ахроматты түстердің ішіндегі ақ түстің дана халқымыздың көзқарасымен қараймыз:
Ақ- бояусыз реңк.Бұл түсті қолдану ежелден бастау алған. Оған дәлел түрлі жартастар мен үңгірлердегі әктас пен бормен салынған суреттер.Ақ түс- қазақ ұғымындағы ең қасиетті, ең ардақты және ең сүйкімді бояулардың бірі.Ал, Еуропа елдерінде соның ішінде Ұлыбританияда ақ пәктіктің,тазалықтың,қасиеттіліктің белгісі болып табылады. Ол қалыңдықтың көйлегінен көрініс табады.Қазақ халқының түсінігінде бұл түс қызыл сәукеле мен бешпент киіп келген қыздың ақ босағаны аттап,беташар рәсімі өткеннен кейін отбасылық өмірге қадам басқандығын аңғартып,қыздың келіншек атанғанын білдіру үшін басына ақ желек орамал жапқан. Қазақстанның кейбір өңірлерінде келіннің бетін ашарда оның басына жабылған ақ жаулыққа байланған орамалдардан түстердің мән- мағынасын басқа бір қырынан байқаймыз. Қызыл- қыз баланың өз елінде,ата- анасының жанында бұлғақтап, еркелеп өскен дәуірі ал,ақ-ақ босаға аттап, ұрпақ жалғастырып, ана атануға қадам басу болса, жасыл түс- жас отбасының жапырақтары жайылып, көгеріп көктесін деген мағынаны білдіреді. Ежелден ен даланы мекен етіп, көшпелі өмір салтын ұстанған жомарт халқымыз сүт өнімдерінен жасалатын сусындарды да бір сөзбен ақ деп атаған. Ақ мол болсын, аузы аққа тиді деген сияқты тіркестер мен жыланның басына ақ құйып шығару дәстүрі осыған дәлел бола алады. Қазақ халқы дүние тұтқасы, барлық тіршіліктің бесігі, адамзат өмірін өрбітуші ананы ақ ана дейді, оның махаббат, мейірімімен, іңкәрлік сезімімен қайнар бұлақтай құйылған тірішлік нәрін ақ сүт атаған. Сондықтан қазақ үшін ең жоғарғы адамгершілік парыз ананың ақ сүтін ақтау болып саналады. Ақ жаулықты ана, ақ сақалды әке, ақ сәлделі және ақ шапанды қария тіркестерінен ақ түстің этносимволикалық мәні парасаттылықты, әулиелік пен абыздықты білдіргенін аңғаруға болады.Ұлыбританияда, ағылшын халқында бұл түс жағымды да, жағымсыз да символикалық мәндерге ие.Оған дәлел ретінде мына тілдік оралымдарды қарастырып көрейік:
raise a white flag- жеңілу, берілу мағынасын білдіреді (ақ ту көтеру) ;
whitе-tie- қонақтардан ақ киім, ер адамдардан ақ галстук тағу талап етілетін шара (ақ галстук);
white as a sheet - адамның қатты қорыққанда өңінің бозаруы (ақ парақтай қуару)
white- lie- ешкімге зияны жоқ, сыпайылық үшін немесе біреуді ренжітпеу мақсатында айтылған зиянсыз өтірік (ақ өтірік). Ал, біздің түсінігімізде ақ адалдық пен әділдікті, қара- әділетсіздік пен жалғандықты білдіреді. Оған дәлел, істің ақ қарасын айыру.
white elephant- пайдасы жоқ, қажет емес қымбат мүлік (ақ піл). Ағылшындардың заттарды практикалық қажеттілік тұрғысынан бағалауының өзі осыған дәлел бола алады.Біздің ағылшын халқының көзқарасынан ерекшелігіміз- кез- келген сыйлықты ақ көңілмен қабыл алатындығымыз. Оған дәлел: Орамал тон болмайды, жол болады тіркесі.
Сол себепті ақ түс әлемдік дүниетанымда жақсылық, ізгілік,адамгершілік т.с.с ұғымдардың бәрімен де шектесіп, астарласып жатады. Басқаша айтқанда, аталмыш ұғымдардың барлығы да осы ақ реңкпен ассоцияланады.
Әйтсекте кей жағдайда ақ түс қайғы- қасіретпен де сипатталып жатады. Мысалы өмірден өткен адамды ақ жауып арулаған және Қазақтың әдет- ғұрпы кітабында қаралы үйдің адамдары жетісіне дейін беліне ақ белбеу тағып жүрген деп жазылған.
Шығыс Азия елдерінде ақ реңк сұрқай, қызықсыз өмірді білдірсе, Қытай елінде өлген адамды шығарып саларда ақ киімдер киген. Ал, Еуропа елдерінде жаназа рәсімі кезінде қара түсті киім кию қалыптасқан.
Жалпы қара түс қазақ дүниетанымының басым бөлігінде жамандық, арамдық,әділетсіздік пен теріс әрекеттерді сипаттаған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz