Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Шахмардан Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.
Қазақ филологиясы кафедрасы.
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы.
Курстық жұмыс
Пәні: Ежелгі дәрір әдебиеті
Тақырыбы: Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Орындаған: КЯЛ-17-1 студенті
Туралы И.Д.
Тексерген: Қобланов Ж.Т.
2018 жыл
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1. Күлтегін жазуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3. Көркемдік ерекшеліктері... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі. . ... ... ... ... ... ...
2.5. Көркемдік тілдегі ортақ қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы - дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары - түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар - "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету ғылыми жұмыстың басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Тақырыбы мен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Курстық жұмыстың маңызы: Зерттеу жұмысын, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады.
Курстық жұмыстың дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, "Мектеп" 1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, "Жазушы" 2000ж. Батырлар жыры, "Бөген батыр" Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. "Ана тілі", 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. "Ана тілі" 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.
2.1 Күлтегін жазуы
Күлтегін жазуы -- ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8-ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 метр, ені 1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Алғашқы мәліметтер 19-ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастаған. 1893 ж. 25-қарашада Дания Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері "тәңірі" және "түрік" деген сөздер екенін жариялады. Сонан кейін академик Василий Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда "кіші жазу", ал екіншісі "үлкен жазу" деп аталып кеткен. Бұл екі дастанның да авторы -- өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8-ғасыр). "Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты 8 топтамадан тұрады. Әрбір топтама -- мазмұны жағынан бір-бір хикая. "Күлтегін" жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар) тұрады. Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Жырда Күлтегін түркі елінің "төрт бұрышындағы" барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: "Бастыны -- еңкейтті, Тізеліні -- бүктірді", -- дейді. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар -- елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. Күлтегін жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні - түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. Күлтегін жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар).
"Күлтегін" жыры -- елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылдың 18 мамырында Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин - угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол - чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi - бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол Үлкен жазу КТБ, ал 13 жол жазу кіші жазу КТМ деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда Марқұм Күлтегiн жазуы делінген.
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:
Он оқүлым, түргiс қағанынан Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi; Мазар тұрғызуға, Зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергершiсi Чаң сеңун келдi. Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi. Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын, Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық. Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi. деп келтіреді.
2.2 Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр
"Күлтегін жырындағы эпикалық дәстүрді қарастыру мақсатында Көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктер жылнамасы емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдеби үлгілер деген түйін жасаймыз"1,51 Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дәлелі шынын айтқанда, - деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалар төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалған деп атап көрсеткен. Бұл көрсетілген циклдар бойынша топтаманы түрколог ғалым Н.Келімбетов үш циклға бөліп көрсетеді.
Демек, А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, "Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай түрік халқының қалыптасу кезінде жазылған. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардың түрік қағанаты астына топтасқан үйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, алшын руларының мұралары еді деген тұжырым жасайды"- М.Жолдасбеков 3,48.
Сол себепті біз қазақ эпостарының әдепкі арналары түрік қағанатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик М.Әуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.
"Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған. Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жазылған болса, сол жырлардың ауызша айтылып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болуы мүмкін. Егер мұндай жыр аңыздарды оғыздар, түргештер және басқа да тайпалар шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті ІХ ғасырда емес, ҮІ-ҮІІІ ғасырда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға әсіресе, ділгір болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дәуірін айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет" деп атап көрсетті М.Әуезов "Уақыт және әдебиет" атты еңбегінде. Бұл пкірге біздің жылдардың берер бағасы құнды.
Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түрік тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені сөзсіз. Түрік руларындағы Азман атты Күлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобыланды, Қоңыраттағы Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М.Әуезов айтып отырғандай қаһарманы еді 5,41 М.Жолдасбеков. "Тастар сөйлейді" атты еңбегінде "Сөз тапқанға қолқа жоқ" деп, қашанда тұрлаулы сөздің мінін тосып оған төрелік беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен сөйлеген.
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың көбі тамсана жазған еді. Соның бірі академик В.Радлов былай дейді: "Қазақ, қырғыз шешен болған, олар түркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан басым сөзге ұста келеді. Сөйлей тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді... Көп уақытта қазақ, қырғыздың сөзі өлең жыр тәрізді болып келеді; сөздері ырғақты, ұйқасты шығады.
Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы мейілінше өркендеген. Қазақ-қырғыздың мақал-мәтелі болсын, айтыстары мен билік сөздері болсын бәрі де өлең, жыр болып келеді" В.Радлов айтқан пікір біз үшін құнды.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі - Күлтегін, білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл ескерткішті поэзиялық туындыға қатысты барлық белгілер бар, ежелгі түркілердің әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арыснда түрлі пікір таластар тудырып келеді. Ал, қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары эпикалық дәстүрдегі көркем туынды екені сөзсіз Н.Келімбетов
Орхон ескерткішін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған М.Әуезов руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп Күлтегін жырларындағы жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіптер де бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өмірдегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық барын атап көрсетті.
Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін осы орхон ескерткіштерінің бірін айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, жырдағы үндестікті, мәнерлікті күшейте түсетін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, жақсы меңгергені анық. Күлтегін жырындағы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептәуір ажар береді.
2.3.Көркемдік ерекшелігі

Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі - Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин - угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол - чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi - бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.

Он оқүлым, түргiс қағанынан
Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi;
Мазар тұрғызуға,
Зер салынған жазба тасты тұрғызуға
Табғаш қағанынан зергершiсi
Чаң сеңун келдi.
Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.
Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк.
Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,
Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма
жетiсiнде тегiз аяқтадық.
Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.
деп келтіреді.
Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді.
Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi деген еңбегінде Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн атап көрсеттi.
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша - Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Ескi дәстүр бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын,[7,4-б] ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады.
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған.
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон - Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) - ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.
Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақыл гөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш - жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.
Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.
Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі - Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі - академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар.
Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіпте бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, яки ритмге - үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі -- әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ - сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.
Мәселен, Күлтегін жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқыл әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:
Қырғыз, құрықан, отыз татар,
Қытай тататабы - бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша
Қырық жеті рет аттанды.
Күлтегін жыры және Тоныкөк
Күлтегін жырының авторы -- Йоллығтегін Түрік қағанатының күшқуаты артты, жері барынша кеңіді, ел түрмысы түзелді дегенді төмендегідей етіп суреттейді:
Ол кезде қүл -- қүлды болған еді, Күң -- күңді болған еді.Үлы әкесін білмес еді .
Сондай-ақ, Орхон жазуларында суреттеліп отырған нәрсені тағы да ажарландыра, қүбылта түсу үшін оны соған үқсас өзге затқа балау әдісін, яғни метафораны ше- бер қолданады. Бүл сөзімізге „Күлтегін жырынан мысал келтірейік:
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
Жаулары қойдай бопты.
Түргеш қағанның әскері Болшыда Отша, бөріше келді,
Соғыстық .
Мүндай метафораларға Тоныкөк жыры да бай.
Жауымыз тегіс жыртқыш қүстай еді,
Біз жемтік едік .
Немесе:
Екінші күні (тағы) келді,
Өртше жанып келді.
Соғыстық .
ТОНЫКӨК -- қағанның кеңесшісі, ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Сондықтан оның монологында перне- леп, астарлап нақыл-өсиет сөздер жиі-жиі қайталанып отырады:
Жүқаны бүктеу -- оңай,
Жіңішкені үзу -- оңай.
Жүқа қалыңдаса,
(Оны тек) алып бүктейді.
Жіңішке жуандаса,
(Оны тек) алып үзеді.
Ал енді Білге қаған мен Күлтегін батырдың кеңесшісі болған Тоныкөктің уағыз-өсиет сөздерінің сарыны одан мың жылдан кейін, яғни XVIII ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұқардың жырлары- нан айқын сезіледі:
Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң,
Қүлпырып түрған бәйшешек Қурай болар солған соң... .
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мүң болар,
Есіл көзден нүр тайса,
Бір көруге зар болар .
„Тоныкөк жырының авторы қүбылтудың гипербола, яки үлғайту әдісін шебер қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендіріп жібереді:
Табғаш, оғыз, қүтан --
Бүл үшеуі біріге қалса, біз
Өз іші-тысымызды сақтап қалаалмаспыз .
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері пе- рифраз секілді болып келеді. Мәселен, „Күлтегін жырын- да автор „адамдар деп айтудың орнына „ел-жүрт, „адамзат үлдары деген сөз тіркесін қолданады. Осы жыр- дың өзінен төмендегідей нақышты сөздерді оқуға болады:
Жоғарыдан тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса...
Енді Білге қаған жырынан бір мысал келтірейік:
Тоғыз оғыз халқы --
Өз халқым еді.
Көк пен Жердің ашуынан Ол (халық) бізге жау болды.
Ежелгі түркі поэзиясының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz