Жерге ақы төлеудің негізі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Еуразиялық Технологиялық Университеті

Эссе

Тақырыбы : Жерге ақы төлеудің негізі
Орындаган : Аралбаева Жаннета

Эссе мазмұны

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды

Жерге ақы төлеудің негізі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері, жер туралы қатынастар барлық нормаларға сай дамып келеді. Елімізде Жер кодексіндегі барлық берілген міндеттер мен мақсаттарды дұрыс қолдансақ және пайдалансақ жер қатынастары дұрыс дамуы елімізге әлеуметтік - экономикалық құқықтық дамуына көптеп ықпалын тигізеді. Жер құқығының қатынастары мемлекетімізбен тұтастай байланысты. Қазіргі заманғы нарықтық экономикалық қатынастарға байланысты жерлердің мемлекеттік меншігінен жеке меншікке өтіуі де, жалға берілуі сияқты жер қатынастарының барлығы ақылы түрде жүзеге асырылады. Менің ойымша, бұл өте орынды.Себебі, жер мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуі бұл дегеніміз азаматтардың материалдық болсын , рухани болсын қанағаттандыру болып табылады. Жеке меншіктегі жерлерді әрбір тұлға Жер кодексінде көрсетілгендей иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырып, азаматтық мәмілеге түсу арқылы сатып және өзіне сатып ала алады. Еліміздегі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінің жеке меншікке сатылуы немесе жалға берілуі мемлекетке экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді болып табылады. Мемлекет жеке берілген немесе сатылған жерге мәжбүрлі түрде салық салу арқылы қаржыланады. Сонымен. Жерге ақы төлеу - бұл жер учаскелерін пайдаланудың экономикалық нәтижесінде байланысты болмайтын, белгілі бір жерде орналасқан, белгілі бір сапасы және шаруашылық маңыздыдығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген ақша сомасы дейміз. Жерге ақы төлеу жерге меншік иелері мен жерді пайдаланушыларды жерді қолданған үшін, жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстырып сатып алғаны үшін, немесе жерді пайдалану құқығы үшін немесе жер пайдалану құқығын өзіне алғаны да үшін белгіленген ақшаны айтамыз.
Қазақстан Республикасының жер заңдары жерге ақы төлеудің басты
мақсаты - жерді ұтымды пайдалану, қорғау мен игеру, топырақ құнарлығын
арттыруға ынталандырумен ұштасады. Жерге ақы төлеу сияқты құралды
қолдану әртүрлі сапалы жер учаскелеріндегі шаруашылық етудің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын теңестіруді қамтамасыз етуі, елді-мекенді жерлерде инфрақұрылымды дамыту, осы шараларды қаржыландыру мақсатында арнайы жер қорларын құруды қамтамасыз етуі қажет.
Экономикалық әдістердің басты мақсаты, шаруашылық қызмет субъектілерінің материалдық шығынды анықтай отырып, жерді ұтымды пайдалану мен жерді қорғауды арттыру және жерді қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде ластауды азайтуға мүдделі болуына бағытталған.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының, қоршаған ортаның байлығын пайдаланатын мекемелердің, кәсіпорындардың негізгі алға қойған мақсаты қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы байлығын молайту тиімді пайдалану болып табылады.
Жерді пайдалану мен қорғау үшін төленетін ақы табиғат пайдалану үшін төленетін ақылардың бір түріне жатқызылған. Табиғат пайдалану үшін төленетін ақылар өздерінің әр түрлі бағыттары мен мақсаттарына байланысты көптеген реттеуші қызметтерге ие. Ма қсаттары мен құқықтық сипатына байланысты табиғат пайдалану үшін төленетін ақы қызметі ынталандырушы, орнын толтырушы, есепке алушы және жазалаушы болып
бөлінеді.
Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдерінің экологиялық құқықтық
көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып
табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтайды. Себебі, жоғарыда
қарастырылған жер төлемдерінің түрлері экономикалық сипаттағы, жердің
кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі, өндіріс құралы және азаматтық
айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді қорғау үшін төленетін
төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: жерді ластағаны үшін ақы
төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді табиғи ресурс ретінде
молықтырғаны үшін ақы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге ақы төлеу
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Кепілдіктер мен өтемақылар
Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі
Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы
Пәндер