Шағын калибрлі винтовка



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Методика преподавания начальной военный подготовки бойынша

Тақырып Төтенше жағдайларда халықты қорғауды ұйымдастыру


(баға)
Комиссия мүшелері Қабылдаған: аға оқытушы

Орындаған: НВП 17-1 тобының
студенті Тамабай А.


Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

БЕКІТЕМІН
Факультет Тау-кен Каф. меңгерушісі __________
Кафедра КАжЕҚ _________________201_ ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Апаттық құтқару ісі пәні бойынша
НВП 17-1 тобының студенті Тамабай А.
___________________________________ _______________________________
Тақырыбы ТОЗ-8,ТОЗ-12 шағын кабирлі винтовкасын оқыту әдістемесі
___________________________________ _______________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі мәлеметтер әдістемелік нұсқау бойынша
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Тапсырма берілді ___ ___________________________________ _201_ ж.

Жетекші ___________________________________ _қолы______________

Студент____________________________ _________ қолы______________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

I.ТОЗ-8,ТОЗ-12 калибрлі мылтығымен жаттығу жасау ережелері
1.1.Шағын калиьрлі ТОЗ-8 винтовкасының сипаттамасы мен ату
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2.Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1.3.Ішкі және сыртқы балистика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.4.Винтовканы бөлшектеу және жинастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

II.Мылтық ату кезіндегі ату ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1. Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2. Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пйдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Атыс дайындығы атыс міндеттері. Нәтижелі орындауға атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке құрамды түрлі жағдайларында өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.
ТОЗ-8, ТОЗ-12 шағын калибрлі винтовкалары атқыштарды алғашқы атуға үйрету жаттықтыруға арналған.
Алғашқы әскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынандай бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі; атыстың тәсілдері мен ережелері.
Атыс негіздерінде атыс құбылыстары сондай-ақ оқтың ауада ұшу заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру және нысанаға дәлдеуде қаруды қолдана білу үшін қажет.
ТОЗ-8, ТОЗ-12 қаруын оқушыларға үйрету тәсілі. Қарудың материалдық бөлігі де қарудың құр, тағайындалуы , ұрыстың қасиеті оқытылып - үйретіледі. Қаруды қолдану түрлі жағдайлардағы атыс кезінде қарудың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде , ауа-райы , жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса көз алдында пайда болған немесе көзі алмайтын нысаналарды дәл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.

I. ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығымен жаттығу жасау ережелер.

1.1. Шағын калибрлі винтовка.
ТОЗ-8 (ТОЗ-12) шағын калибрлі винтовканың жалпы құрылымы, ұрыстың қасиеті, тағайындалуы.
Тула қару-жарақ зауытының ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы атқыштарды алғашқы атуға үйрету және жаттығуларға арналған .
Винтовканың ұрыстық қасиеті: калибрлі - 5,6 мм; массасы: ТОЗ-8 - 3,1 кг, ТОЗ-12 - 3,5 кг; оқтың бастапқы жылдамдығы - 310 мс-ге жуық; ату жылдамдығы - минутына 10-12 рет; көздеу қашықтығы - 250 м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы - 1200 м-ден 1600 м-ге дейін; оқтың қиратқыш күші 800 м-ге дейін.
Шағын калибрлі винтовканың негізгі бөлшектері мен механизмдері:
1) Ұңғы
2) Темір сынасы бар ұңғы қорапшасы , ағытқыш механизм , қақпақтың сырт жағы қалпақша ашық көздеуіш, қарауыл, бекітпе құндақ.
ТОЗ-12, ТОЗ-8 винтовкасының жақсартылған үлгісі болады .

Шағын калибрлі винтовкасымен ату ережелері.
Шағын калибрлі ТОЗ-8 винтовкасы атқыштарды алғашқы атуды үйретуге және жаттықтыруға арналған қару түрі
Алғашқы әскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынадай бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі; атыстың тәсілдері мен ережелер. Бұл ату ережелерін меңгеру және нысанаға дәлдеуде қаруды қолдана білу үшін қажет.
Атыс жүргізу. Атыс жүргізу үшін оқытушы немесе ағайы арқылы жүргізеді оның ат немесе тоқтат пәрмені арқылы. Атқышқа санаулы оқ береді сосын винтовканы оқтайды . Оқталуы оң қолмен жүргізіледі бекітпені ашып жіне артқа қарай жылжытып, патронды бас және сұқ саусақтармен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.
Ат пәрменінен (сигналынан) Тоқтат пәрменіне (сигналына) дейін бөгде адамдарға атыс шебіне бөлу тыйым салынады .
Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай бұрышын 60 градустан асырмай жоғары қарата ату бағытында ғана ұңғының ауыз жағымен атыс шегіне ұстап тұруға міндетті. Қаруды қалдырып кету немесе басқа адамға беру тек қана атыс басшылығының пәрмені бойынша орындалады. Бұл жағдайда алдын ала қарудың оғын алып онда патрондардың қалмағанына көз жеткізу керек. Атыс аймағында немесе жануар көрінген сәтте атыс дереу тоқтатылады.
Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану , көздеу және шүріппені басудан тұрады. Кіші калибрлі винтовкамен ату үшін түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы: тұрып ату , тізерлеп ату, жатып ату және жүгіріп келе жатып ату.
Атуға ең ыңғайлы жағдай - жатып ату тәсілі , өйткнні ол атқышпен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Көздеп ату. Көздеу дегеніміз - қарудың ұңғы арнасына нысанына жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.
Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып , ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап , қарауыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттермен бірдей болатындай етіп бұру керек.

1.2. Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері.
Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға тұрақты дағдыларды жаттықтыру қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, көздеу жүрітпені басудан тұрады.
Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану атыс дәлдігіне шешуін әсер ететін винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Атуға ең ыңғайлы жағдай - жатып алу , өйткені ол атқыш пен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жатып атуға оңтайлануға ату үшін ыңғайлану , оқтау мен винтовканы орнықтыру жатады.
Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қаратып, оң қолда ұстап тұрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық адым жасайды. Алға қарай еңкейіп сәл тізесімен тұрады. Сосын, сол қолмен жерге тіреліп, сол аяқтың жасбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып , аяқтарына ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25 -30° болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салнады.
Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолмен жүргізіледі. Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып , патронды бас және сұқ саусақтармен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.
Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолмен шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі . Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусақпен бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп , оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі.
Атысқа оңтайланып болған соң, орналасу жағдайының дұрыстығына көз жеткізуі керек. Ол былайша жүргізіледі:
Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтаған соң көздеуге кіріседі. Сосын бірнеше секундқа екі не сро көзін ашып (егер атқыш сол қолмен ататын болса), қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.
Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға қарай орналасқан болса, онда бүкіл денесі сол жақ шынтақты қозғамай, солға бұрады. Егер винтовка оңға қарай бағытталған болса да, тура осыны қайталайды. Егер винтовка төмен қарай бағытталған болса, онда дене тұрқын артқа шынтақты орнынан қозғамай шегіндіреді, ал керісінше , егер винтовка жоғары бағытталған болса, онда алға жылжытады.
Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астына қаратып жағдай дұрыс болып есептеледі.
Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреу ретінде құмы не үгінділері бары көп қолданылады. Тіреуден ату кезінде сол қолдың саусақтары тіреуге қойылады да , оның винтовка сағатымен қойылады.

Тіреуден атыс жүргізу кезіндегі жағдай үстіне винтовка сағатымен қойылады. Тіреуге қатысты алғанда дене тұрқының дұрыс жағдайына атқыш оны өзіне ыңғайлы және дұрыс қалыпқа келгенше , аз ғана алға не артқа жылжытады.
Спорттық ату практикасында тіреуден атудың басқа тәсілі де бергілі. Оның алдыңғыдан айырмашылығы - винтовка тіреуге қойылады да , сол қолмен дүм төмен қарата ұсталады.
Көздеу дегеніміз - қарудың ұңғы арнасына нысанына жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.
Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап , қарауыл ойықтың ортасында , ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай етіп бұру керек.
Қарауылдың мұндай жағдайы Тегіс қарауыл деп аталады.Қарауылдың кқздеу ойығына дұрыс орналасуына басты назар аудару керек- тек көздеуге түзету енгізу үшін жанарын көздеу нүктесіне кезеңмен ауыстыруға болады.
Диоптриялық көздеуішпен атыс жүргізгенде көздеу едәуір жеңілденіп , өйткені атқыш , қарауылды диоптр ортасына дәлдеп , атыс кезінде тек екі нүктенің - қарауыл ұшы мен көздеу нүктесінің бірігуін бақылауға мүмкіндігі болады.
Қара шеңберлі (алмамен) нысанаға атыс жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде алма (нысана) жартысын және қарауыл ұшын айқыш көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу керек. Жарық сәулесінің көлемі атқыш көруінің ерекшелігіне байланысты, ол әрбір ату кезінде бірдей болуы керек. Үйренуші атқыштардың көздеу кезіндегі орын алатын қателіктері мынаоар: ұсақ қарауыл кезінде ойылмалартөменде болады, ірі қарауылда - көздеу нүктесінен жоғары болады. Қарауылды оң жақта немесе сол жақта ұстап тұру (бұл қарауыл есікке қысылған жаққа қарай нысананың ауытқуына ықпал етеді);винтовканың оң немесе сол жақта құлауы (бұл кезде ойылмалар винтовканың құлау жағына немесе астында болады).
Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды әсер етеді. Егер шүріппені басу кезінде дем шығарылса, онда қару көлденең және тік бағытта тербеледі, өйткені дем шығарукезінде төмен түсіріледі, ұшы жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда керісінше болады. Бұл жағдайларды болдырмау үшін көздеу және шүріппені басу кезінде дем шығару керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем шығару және 7-10 ден шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен шүріппені басу үшін жеткілікті.

1.3.Ішкі және сыртқы балистика.
Оқтың ұңғы ішінде қозғалысы.
Ұңғы оқтардың негізгі бөлігі: Ол ату кезінде оқтың снярядтың ұшуын бағыттауға, оған тұрақтылығын беруге және оққа бергілі бір бастапқы жылдамдық беруге арналған , ұңғылар ойықты және ойықсыз болып жасалады, ұңғы ұзындығы қарудың арналуына байланысты болады. Ұңғы ішінде оқтың қозғалуына , жылжуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын калибрлі ТОЗ-8 винтовкасының сипаттамасы мен ату ережесі
«Мылтық ату» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Мылтық ату әдістері
Автоматпен ату реті
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрету
Атыс негіздері
Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері
Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы
Оқ тигендегі жарақаттар
Пәндер