Реттік нивелирлеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Мұнай-газ факультеті
«Геология және геофизика» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы : «Геометриялық нивелирлеу тәсілдері»
Мамандықтың шифры мен атауы : 5В071100 Геодезия және картография
Орындаған: Аджибаева Л. А. : ГК- 18/1 қ/б
Тексерген: доцент Ежирова А. У.
Атырау 2019 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Мұнай-газ факультеті
«Геология және геофизика»кафедрасы
«Бекітемін»
«Геология және геофизика» кафедрасы меңгерушісі
г. -м. ғ. к. Нұрсұлтанова С. Н.
«___» 20__ ж.
Тапсырма
курстық жұмысқа
Студент Аджибаева Лаура
Мамандығы Геодезия және картография
Тобы ГК- 18/1 қ. тобы
Тақырыбы: «Геометриялық нивелирлеу тәсілдері»
Кафедра жиналысында бекітілді № «___» 20 ж.
Курстық жұмыстың жарамдылығы: 2019 ж. « » дейін.
Жұмысты қорғау: 2019 ж. «» бастап «» дейін
Жұмыстың бастапқы деректері
I. Кіріспе. 1. Геометриялықлық нивелирлеу тәсілдері. 2. Нивелирлер және нивелирлік рейкалар. 3. Нивилирлердің тексерулері мен жөндеулері. 4. Техникалың нивелирлеу. 5. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өндеу. 6. Профильді салу.
Негізі бөлім
1. Геометриялықлық нивелирлеу тәсілдері. 2. Нивилирлердің тексерулері мен жөндеулері. 3. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өндеу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Грюнберг А. В. Картография с основами топографии - Москва 1990 г.
2. Андреев Н. В. Основы топографии и картографии- Москва, 1972 г.
3. Қалыбеков С. Топография негіздері - Алматы 1993 ж.
4. Бахрамелев А. Картография -Москва 1986 г.
5. Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер -ХБГ, 2001, N 4.
6. Полярлық координаттар. - Физика және география. 2005, N 6.
7. Госпадинов В. Г. Топография - Москва 1974 г.
8. Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер. -
9. География және табиғат -2006, N 2.
10. Коринский В. А. , Щенев В. А. , Душина И. В. - Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы, 2001.
11. Төкенов Б. Географияны оқыту әдістері -География және табиғат. 2003, N 6 .
12. Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005, N 3 .
13. Топографиялық карталар. - География және табиғат . 2004, N 6.
Графикалық материалдар тізімі
1-сурет. Геометриялық нивелирлеу. 2-сурет. А және В нуктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік. 3-сурет. Жүйелі нивелирлеу. 4-сурет(а, б) . Техникалық Н-3 нивилері. 5-сурет. Тұтас және бүктемелі ағаш рейкалар. Кесте №1. Техникалық нивелирлеу жүрісінің мүмкін ұзындығы. Кесте №1 Техникалық нивелир. 6-сурет. Геометриялық шартты тексеру. 7-сурет. Реттік нивелерлеу. 8-сурет. Профильді салу
Жұмысты тапсыру мерзімі: « » __ 20__ж.
Жоба жетекшісі: Ежирова А. У.
Қабылданды: « » __ 20__ж.
Студент: Аджибаева Лаура
Жоспар
Кіріспе . . . 4
1. Геометриялықлық нивелирлеу тәсілдері . . . 5
2. Нивелирлер және нивелирлік рейкалар . . . 6
3. Нивилирлердің тексерулері мен жөндеулері . . . 8
4. Техникалық нивелирлеу . . . 9
5. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өндеу . . . 12
6. Реттік нивелирлеу. Х, плюс және байланыстырушы нүктелер . . . 14
7. Профильді салу . . . 15
Қорытынды . . . 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 19
Кіріспе
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салы с тырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және : олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.
Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (1-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бүдан кейін 3 және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:
Һ=3-П.
Егер «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік һ оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады.
![]()
1. Геометиялық нивелирлеу тәсілдері
Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні На белгілі болса, онда келесі В нүктесініқ биіктік белгісінін мәні Нв бұрынғы нүктенің биіктік белгісінің мәні На мен олардың арасындағы салыстырмалы биіктігінің қосындысына тең болады
Нивелирдің нысаналау сәулесінің теқіз денгейінен биіктігі аспаптық горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:
Алға қарай нивелирлеуде (2-сурет) бастапқы А нүктесіне нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка қойылады. Содан кейін рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің окулярынық центріне дейінгі вертикаль ара қашықтықты, яғни нивелирдің биіктігі болып саналатын қашықтықты өлшейді. 2-суреттен көрініп тұрғандай, А және В нүктелерінің арасыпдағы салыстырмалы биіктік (һ) мынаған тең болады.
Ортадан нивелирлеудің алға қарай нивелирлеумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары болады: еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары; нивелирлеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады.
Едәуір ара қашықтықта орналасқан А
және D) нүктелерініқ (3-сурет) арасындағы салыстырмалы биктікті анықтау кезінде, егер нивелирдің орналасқан жерінен осы екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу қолданылады. Ол үшін шеткі нүктелердіқ ара қашықтығын ортадан нивелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы байланыстыру нүктелеріні4 арасындағы салыстырмалы биіктіктерді жүйелі анықтап, олардын қосындысын тауып,
![]()
бастапқы А және соңғы В нүктелерініқ арасындагы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі нүктеніқ арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері арасындағы салыстырмалы биіктіктердің алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуына ортақ нүктелерді байланыстыру нүктелері деп атайды.
Lі станциясына нивелирді орнатады да артқы З және алдыңғы П х рейкалардан есептеулер алады. Содан кейін А нүк-тесіндегі рейканы В х нүктесіне апарып қояды да станциясынан 3 2 және П 2 есептеулерін алады, осылайша жүйелі түрде барлық жүрісте нивелирлеуді жүргізеді.
Егер рейканы аралықтағы бір нүктеге (Ә) қойып, одан (І есептеуін латын болсақ, онда оның биіктігі яғни кез келген нүктеніц биіктік елгісінін мәні аспаптын горизонтымен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудін айырымына тең.
Егер байланыстыру нүктелерінің биіктік белгілерініц мәнін анықтаудың қажеті болмаса, онда соңғы Ә нүктесінің биіктік белгісінің мәні.
Геометриялық нивелирлеу мейлінше дәл тәсіл болып табы-лады, сондықтан бұл тәсіл еліміздің барлық территориясында тірек пункттерінің биіктік жүйелерін жасауда және де әр түрлі инженерлік-техникалық есептерді шешуде кеңінен қолданылады
2. Нивелирлер және нивелирлік рейкалар
Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап нивелир деп аталады.
Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылады:
Н-05 - оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі морте жүрісте 0, 5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ нивелирлері - дәл, 1 км екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.
Н-10, 2Н-ЮЛ, Н-ІОК, Н-ЮҚЛ нивелирлері -техникалық, 1 км-лік екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 10 мм-ден аспайтын орташа квадаттық қателіктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейдің көмегімен тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлардың көмегімен өзінен-өзі жасалады.
Инженерлік-техникалық нивелирлеу кезінде кеңінен қолданылатын техникалық Н-3 нивелирін (4-сурет) қарастыралық.
Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациялық винтпен (2) орындалады, ол деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндерін сәйкестендіруден түрады. Цилиндрлік деңгейдің қақпақпен жабылған төрт түзету винттері болады.
![]()
Бөліктер қүны 15" цилиндрлік деңгей қорапта (6) орналсқан, ондағы призмалық құрылғы арқылы деңгей үлбіреуігшің шеткі кескіндері екі жартылай түрде дүрбінін көру аланына беріледі (4, б-сурет) .
Нивелирдің вертикаль осін шамамен тік жағдайға келтіруге арналған дөңге-лек (12) үш түзету винттерімен
жабдықталған. Невелир дүрбісін горизонталь жазықтықта жобалай айналдыру қыспа винтті (10) босатылған кезінде қолмен жасалалынады да, ал дәл затты нысаналау қыспа винт бекітулі кезде жетекші винтпен (11) 'жүргізіледі. Жіптер торының айқын кескінделуін окулярдың ди-оптриялық сақинасын (3), ал рейканың айқын кескінделуін фокустау құрылғысы-ныц маховигін (9) айналдыру арқылы келтіріледі. Дүрбіні жобалай нысаналау қарауылдың (7) көмегімен жасалынады. Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (5-сурет) қолданылады, олар үзындығы 3-4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2-3 см бітеу түтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ак майлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі Онда әрбір деаметр жазылады, ал сан тиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілде ту үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.
Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.
Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды текссріп алған жөп. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен децметрін өлшейді. Онық дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ кателіктері ±1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік ±2 мм-ден аспауы тиіс.
![]()
3. Нивилирлердің тексерулері мен жөндеулері
Нивелирлерді қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы байқаудан өткізеді, жиынтықтығын тексереді, дүрбінің, деңгейдің, көтеру, элевациялық және жетекші винттерінің түзулігіне көз жеткізеді.
-Далалық жұмыстарды бастар алдында аспаптың осьтер жүйелері мен нивелирді конструкциялаудың негізгі схемасына енгізілген геометриялық сәйкестікті келтіру мақсатымен тексерулер жүргізіледі. Нивелирлер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1. Нивелирдің дөңгелек деңгейінің осі нивелирдің вертикаль айналу осіне параллель болуы тиіс. Тексеру үшін деңгейді кез келген екі көтеру винттерінің аралығына қояды да, оларды әр жаққа бұрау арқылы деңгейдің үлбіреуігін ортасына келтіреді, содан кейін үшінші винттің көмегімен оны нөл-пунктке тұрғызады. Егер нивелирдің жоғарғы бөлігін 180°-қа айландырғаннан кейін бұл үлбіреуік деңгейдің ортасында қалса, онда осы шарттың орындалғаны болып саналады. Деңгейдің үлбіреуігі екі көтеру винтінің бағытында жылжып кеткен жағдайда, оның центрден ауыткуының жартысы деңгейдің түзету винттерімен реттелінеді, ал одан кейін үлбіреуіктің қалған жартысын көтеру винттерімен нөл-пунктке келтіреді. Нивелирді 90°-қа бұрып, тексеруді үшінші көтеру винтінің бағытында қайталайды. Деңгейдің үлбіреуігі центрінен ауытқыған жағдайда, оның ауытқуының жартысьш түзету винттерімен центрге жақындатады да, қалған жартысын 1 тиісті көтеру винтімен теңестіреді. Тексеруді нивслирді ось төңірегінде айналдырғанда нөл-пункттен деңгейдің үлбіреуігі ауытқымайтын болғанша бірнеше рет қайталайды.
2. Тордың вертикаль жібі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Нивелирді орнатып, оның айналу осін вертикаль жағдайға дөңгелек деңгей көмегімен келтіреді де, жіптер торының неғізгі горизонталь штрихын нивелирден 15-20 м қашықтықта орналасқан жақсы көрініп тұратын нүктеге нысаналайды. Жетекші винтпен нивелирдің дүрбісін азимут бойынша ақырын айналдырып, горизонталь штрихтың бақыланып отырған нүктеден шығып кетпеуін қадағалайды. Егер осы кезде горизонталь штрих нүктеден 1 мм-ден артық шығып кетсе, онда торды орнатуды түзету керек. Түзету тордың дифрагмасын бүру арқылы оның вертикаль жібі тіктеуіштің жібімен беттескенше жасалынады.
3. Цилиндрлік деңгейдің осі дүрбінің нысаналау осіне параллель болуы тиіс. Тексеруді алға екі мәрте нивелирлеумен орындайды. 50-75 м қашықтықта екі қазықшаны немесе үлкен шегені қағады. Нивелирді (6-сурет) А нүктесініқ үстіне орнатып, нивелирдің биіктігін і\ рейкамен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшейді де, В нүктесіне қойылған рейкадан П х есептеуін алады.
Содан кейін нивелир мен рейканың орындарын ауыстырып, і 2 және П : өлшеулсріи алады. Бұдан кейін деқгейдің осімен дүрбінің нысаналау осінің параллель шартының қателігінің сақталмауын (х) мына формуламен есептеп шығарады:
Егер х қателігі 4 мм-ден артып кетсе, онда элевациялық винтпен орта- жіпті рейкадағы П2 /= =П 2 - х дүрыс есептеуге нысаналайды да, деңгейдің вертикаль түзету винттерімен деңгей үлбіреуігінің шеттерінің кескінін дәл беттестіреді. Деңгейдін орналасуын тексеру мен түзетуді х-тің шамасы 4 мм-ден аспайтын болғанша қайталай береді.
![]()
6-сурет . Геометриялық шартты тексеру
4. Техникалың нивелирлеу
Техникалық нивелирлеу 1 : 500- 1 : 5000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін күру мақсатымен, сондай-ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады.
Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзындығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады (1-кесте) .
1-кесте . Техникалық нивелирлеу жүрісінің мүмкін ұзындығы
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады:
- артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулералу;
- алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.
Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс:
- артқы рейкадан есептеу;
- алдыңғы рейкадан есептеу;
- нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық шамаға өзгерту;
- қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу;
- қайтадан артқы рейкадан есептеу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе бір жақты рейкаларды қолданғанда 5 мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі қиыспаушылық мұндағы жүрістің км-лік ұзындығы.
Барлау траншеясының трассасын нивелирлеу кезіндегі станциядағы жұмыс атқару ретін қарастырып көрелік. Нивелирді шамамен 0 пикет 10 пен байланыстыру нүктелерінен бірдей қашықтыққа орналастырады; ал байланыстыру нүктелеріне екі жақты рейкаларды қояды. Аспапты жұмыс жағдайына келтіріп, дүрбіні соңғы нүктеге нысаналайды да рейканық қара жағынан 0902 (1) (2-кесте) есептеуін алады, содан кейін дүрбіні алдыңғы нүктеге нысаналап, рейканық қара жағынан 1731(2) есептеуін алады. Есептеулерді нивелирлеу журналына енгізеді. Осыдан кейін рейкашылар рейкаларынық қызыл жақтарын бақылаушыға қарай айналдырады, бұл кезде бакылаушы 6418(3) және 5587(4) есептеулерін алады. Қара 0902-/1731 = 829(5) және қызыл 5587-6418=--831 (6) есептеулерінің айырымы +4 мм-ден аспауы тиіс. Енді салыстырмалы биіктіктің 1 мм-ге дейін дөңгелектеніп алынған (-830 мм) орташа мәні 7-графаға жазылады.
2-кесте
![]()
Бұдан кейін артқы рейкашы № 1 пикетке, ал бақылаушы 2-станцияға көшеді, № 0 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын нивелирге қарай қаратады. Нивелирді горизонталь жагдайға келтіргеннен кейін рейканың қара жақтары бойынша есептеулер алынады; ал соңғы 0509(7) және алдыңғы 2532(8) рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қаратқаннан кейін, бақылаушы 721(9) және 5198(10) есептеулерін алады. Осыдан кейін салыстырмалы биіктікті қара 0509-2532=-2023 және қызыл 5198-7219=- 2021 . есептеулермен шығарады да, айырмашылығы +4 мм-ден аспайтынына көзі жеткеннен кейін орташа салыстырмалы биіктік -2022-ні тауып, оны 7-графаға жазады. Одан кейін № 0 пикетте тұрған рейкашы +26 аралық нүктеге көшіп, оған рейканы қойып, қара жағын нивелирге қаратады. Бақылаушы рейкадан 0929(11) есептеуін алады. Аралық нүктеден (+26) рейкашы № 2 пикетке көшеді, бақылаушы ни-велирді 3-станцняға апарады, ал № 1 пикетте түрған рейкашы рейканың қара жағын бақылаушыға қаратады және т. с. с. жалғаса береді.
Әр станциядағы жүмыс салыстырмалы биіктікті есептеп шығарумен және оларды 9-кестенің 7-графасына жазумен аяқта-лады. Бақылаушы есептеулер мен есептеп шығарулардық дұ-рыстығына көзі жеткенде ғана станцияны тастап кетеді.
Барлық байлау нүктелерінің белгілері артық артқы бөліктің белгісіне кезекпен қосу арқылы есептеледі. Есептеулерді бақылау түзетілген тең мөлшердегі түзетулерден асып кеткен жағдайда соңғы және бастапқы беткі қосындысына тең болуынан тұрады
Егер барлық қорытынды бақылау есептеулерден тұрса, онда барлық жағдайда соңғы есептелген белгі оның толық мәніне тең болуы керек.
Нивелирлеудің түпкілікті өңдеу журналын құрылыс профильін жүзеге асыру үшін қолданады. Байланыстыру нүктелерінің белгілері кестеде келтірілгенге ұқсас болып келеді. Станциядағы аралық нүктелердің белгілерін есептеу үшін, алдымен артқы нуктедегі қара сілтемені қосу арқылы көкжиектің құрал белгісін табу керек. Аралық нүктелердің белгілері рельсте тұрған тиісті көрсеткіштердегі көкжиектің құрал белгісінен шығару арқылы алынады.
Нивелирлеу журналын есептелген биіктікке түзетулер енгізе отырып, құралдың бір горизонты бар бір жақты рельстермен өңдеуге болады
Сонымен қатар нивелирлеу сапасы әдеттегідей бағаланады, ал барлық нүктелердің белгілері құрал көкжиегі арқылы есептеледі.
Беткі бөлігін бақылау есептеулердің дұрыстығы есептегі белгілер бағанындағы парақтағы соңғы және бірінші белгілер мен есептелген артық мөлшері арасындағы айырмашылықтың теңдігі. Содан кейін қалдық қозғалыс бойымен екі жақты рельстер сияқты бірдей қағида бойынша бөлінеді, бірақ есептелген белгілер түзетіледі, осылайша түзетудің біркелкі ұлғаюымен соңғы белгілер жалпы қалдықпен түзетіледі. Станциядағы аралық нүктелердің барлық белгілері станциядағы артқы нүктенің белгісіне енгізілген түзету үшін түзетіледі.
Жол бойындағы есептеулердің дұрыстығын қорытынды бақылау - бұл соңғы нүктенің есептік мәнінің оның шын мәніндегі теңдігі
5. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өндеу
Геометриялық нивелирлеуді ғылыми өндеу далалық журналдардағы жазулар мен есептеп шағаруларды тиянақты түрде қарап шығудан және бақылаушы жасайтын әр беттік тексеруден басталады. Әр беттік тексеру жасалып біткеннен кейін, жүрістің қиыспаушылығын есептеп шығаруға кіріседі.
- 3-графаға артқы рейканың қара және қызыл жақтары бойынша алынған барлық есептеулердін қосындысын жазады да, олардыаәрпімен белгілейді.
- Алдыңғы рейкадан дәл осылай алынған барлық есептеулердің қосындысын 4-графаға жазып, оны б әрпімен белгілейді.
- Рейкалардық қара және қызыл жақтарының көмегімен алынған салыстырмалы биіктікті есептеп шығарады. Салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы қос рейканы тақаларынын айырымын есепке алғанда 10 мм-ден аспауы тиіс.
4. Онан әрі салыстырмалы биіктіктің орташа мәнін анықтайды
5. Әр беттік тексеруді орындағаннан кейін төменгі шарт орындалуы керек.
6. Әр беттік тексеру біткен соң жүрістің қиыспаушылығын есептеп шығаруға кіріседі. Еғер нивелирлік жүріс тұрақты геодезиялық биіктік нүктелерінің - реперлердің арасында салынған болса, онда нивелирлеуден алынған салыстырмалы биіктіктерінің қосындысы соңғы Н с және бдстапқы Н 6 реперлердің биіктік белгілерінід айырымына тең болуы тиіс
Егер нивелирлеу екі нивелирмен жүргізілген болса, онда бірінші нивелирмен алынған салыстырмалы биіктіктерінің қосындысы Ейоі екінші нивелирмен алынған салыстырмалы биіктіктерінің қосындысына тең болуы тиіс.
Еғер нивелирлеу тура және кері жүрістермен жасалса, онда тура жүрістің салыстырмалы биіктіктерінің қосындысының абсолют шамасы кері жүрістің салыстырмалы биіктіктёрінің қосындысының кері шамасына тең болуы керек.
Тұйықталған нивелирлік жүрісте салыстырмалы биіктіктердің қосындысы нөлге тең болуы тиіс.
7. Егер фактіге негізделген қиыспаушылық мүмкін қиыспаушылықтан кем болса , онда фактіге негізделген қиыспаушылықты жүрістің барлык салыстырмалы биіктіктеріне тепе-тең етіп кері танбамен бөледі, яғни салыстырмалы биіктікке мынадай түзету енгізіледі:Түзетулер 1 мм-ге дейін дөңгелектенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz