Гранит қабатының қалыңд
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
МІ және Г кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні:ГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыбы:ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ
Орындаған:Тулешова А.Ж.
Тобы: ГД19-2
Қарағанды 2020
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жер қыртысы
Жер қыртысы құрылысының ең маңызды ерекшелігі
Жер қыртысының құрамы мен құрылыс өзгерістері
Жер қыртысының типтері
IV.ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тектоника (грекше tektonіkos - құрылыс), геотектоника - геологияның Жер қыртысының құрылысын, ондағы тектоникалық құрылымдарды және олардың орналасу, даму заңдылықтарын зерттейтін бөлімі. Тектониканың негізін 17 ғасырда даниялық ғалым Н.Стенон (1638 - 1686) қалаған. 18 ғасырда М.В. Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 - 1797) жер қыртысы құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады. 19 ғасырдың басында бұл болжамды Германия ғалымдары А.Гумбольдт (1769 - 1859) пен Л.Бух (1774 - 1853) одан әрі дамытты. 19 ғасырдың ортасында геосинклиналь туралы ілімнің негізі болып саналатын жапсарлық (контракция) болжам (жер шарының суынуынан көлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы) дүниеге келді. Оны француз геологы Эли де Бомон (1798 - 1874) ұсынған. Бұл болжамның дамуында үлкен рөл атқарды. 1930 жылдардың басында ғалымдар бұрынғы КСРО-ның ұсақ масштабты тектоникалық карталарын жасады. Терең жарылыстар және тектоносфераның жақпарлық құрылысы жөніндегі теория дамыды. Геосинклиналдар мен платформалар туралы жаңа көзқарастар пайда болып, мұхит түбіне арнаулы тектоникалық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан геологтары да бірнеше дәл тектоникалық карталар жасап, терең сейсмикалық қималардың көмегімен жер қыртысының құрылысы жөнінде деректер алды. Тектоникалық құрылым және тектоникалық қозғалыстар тектониканың басты негіздері болып табылады. Тау жыныстары жатысының әр тектілігі тектоникалық құрылымды қалыптастырады. Мұндай әр тектілікке жер қыртысындағы және одан да тереңдегі тектоникалық қозғалыстар себеп болады. Зерттеу әдістерінің сипатына қарай тектоника бірнеше салаға бөлінеді. Морфологиялық тектоника немесе құрылымдық геология жер қыртысының тектоникалық қозғалысы салдарынан қалыптасқан құрылымдық пішіндерді зерттеп, оларды жіктеумен айналысады. Тау жыныстары қабаттарының және олардағы тектоникалық бұзылыстар қалыптасуының физикалық жағдайларын анықтаумен Тектониканың геомеханика тарауы айналысады. Аймақтық геотектоника әр түрлі тектоникалық бұзылыстардың қазіргі жер қыртысындағы таралуын зерттеп, тектоникалық карталарда көрсетілетін жеке геоқұрылымдық белдемдерді белгілейді. Тарихи геотектоника жер қыртысының тетелес дамуын және осы дамудың геологиялық тарихи сатылары мен кезеңдерін анықтайды. Мұның бір тарауы ретінде қазіргі геологиялық дәуірде жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалыстарын саралайтын неотектоника (ең жаңа тектоника) пәні оқытылады.
Жалпы (теориялық және динамикалық) геотектоника геотектониканың барлық салалары мен ғылыми пәндері арқылы анықталған мәліметтерді жинақтап, тектоникалық қозғалыстардың уақыт пен кеңістікте көрініс беру заңдылықтарын, құрылымдар қалыптасуының Тектоникалық режимін және олардың бір-біріне ауысу (мысалы, қозғалмалы белдеудің платформаға және керісінше) заңдылықтарын нақтылап, Жер ғаламшары пайда болуының геологиялық эволюциясын түсіндіреді. Тектоникалық бұзылыстар пайда болуының физикалық себептерін зерттейтін жалпы Тектониканың тағы бір саласы - эксперименттік тектонофизика. Тектоникада физикалық әдістер негізінде жеке құрылымдар мен құрылымдық белдемдердің моделі жасалады, ал оның деректері жер қыртысы мен тектоносферадағы құбылыстарды түсіндіруге пайдаланылады. Қолданбалы геотектоника іздеу-барлау жұмыстарын дұрыс бағыттау үшін пайдалы қазындылар таралуының тектоникалық жағдайларға байланыстылығын анықтайды. Тектониканың бірнеше зерттеу тәсілдері бар. Құрылымдық талдау тәсілі геологиялық картаға түсіру, геофизикалық зерттеу, т.б. нәтижелері бойынша тау жыныстары қатпарларын, жарылыстарды, магмалық тау жыныстарының жатыс жағдайларын зерттей отырып, құрылымдық карталар, қималар, т.б. жасау арқылы белгілі аудандағы жер қыртысы деформацияларының механизмін және жеке құрылымдық пішіндер қалыптасуының тетелестігін, сол ауданның тектоникалық құрылысын анықтайды. Салыстырмалы тектоника әдісі бір-бірінен алшақ орналасқан, бірақ тектоникалық табиғаты мен құрылымдарының типі мейлінше ұқсас келген жер қыртысы бөліктерінің құрылымы мен даму ерекшеліктерін салыстыра келе әрқайсысына тән жалпы заңдылықтарды анықтап, ондағы пайдалы қазындылар болу ықтималдылығын болжайды. Геофизикалық әдістер қазіргі тектоникалық қозғалыстарды байқауға және бұлардың Жер шарының әр жеріндегі бағыты мен жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Геоморфологиялық әдістер теңіз, өзен террассаларының, рельефтің геологиялық кезеңдердегі және қазіргі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижелерін саралауға негізделген. Таскелбеттер (жер қыртысындағы) мен қабат қалыңдықтарын талдау тәсілі жеке құрылымдардың дамуын және тектоникалық қозғалыстардың тарихын зерттейді. Көлемдік тәсіл таскелбеттер мен қабат қалыңдықтары картасы бойынша жасы, типі әр түрлі шөгінділердің көлемін анықтау арқылы көтерілулер мен төмендеулердің шамасын, уақыт бірлігі ішіндегі дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Үзілістер мен үйлесімсіздіктерді талдау тәсілі тектоникалық дамудың жаңа сатысы басталғанға дейін белгілі ауданның құрылымын бейнелейтін карталарды пайдаланып, зерттелетін құрылымның қалыптасу тарихын зерттейді. Бұлардан басқа формацевтикалық, эксперименттік, математикалық тәсілдер де қолданылады. Тектоника мәселелері Халықаралық геологиялық конгрестің сессияларында талқыланады. [[1]]
III.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.ЖЕР ҚЫРТЫСЫ
Жер қыртысы -- литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 -- 45 км-ден (платформаларда) 45 -- 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд. 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 -- 12 км-ге дейін өзгереді. Жер қыртысы төмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8 -- 2,5 гсм3), гранит -- метаморфты (2,5 -- 2,7 гсм3) және базальтты (2,7 -- 3,0 гсм3) қабаттарға бөлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және төм. сатыда метаморфталған шөгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1 -- 2 км, терең ойыстарда 10 -- 20 км жетеді. Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 -- 20 км, тау жүйелері табанында 15 -- 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габбро және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тұран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 -- 45 км, Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 -- 50 км, Орт. Қазақстанда 50 -- 55 км. Жер қыртысының үнемі дамып өзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының дамуының басты себептері -- Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында өтетін процестер.
2.Жер қыртысы құрылысының ең маңызды ерекшелігі
Жер қыртысы құрылысының ең маңызды ерекшелігі - тік және көлбеу бағыттарда байқалып, анық білінетін әркелкілігі.
Тік бағыттағы әркелкілік[өңдеу]
Жүйелі зерттеулер негізінде жер қыртысының құрамында үш қабық (немесе қойнауқат) бөлінген. Олар құрамы, қасиеттері және жаралуы бойынша әр-түрлі таужыныстардан тұратын стратисфера (шөгінді қабық), гранитті және базальтты қабаттар.
Стратисфера (латынша "стратум" - қабат) шөгінді және жанартаулық-шөгінді, яғни саз бен сазды тақтатастардан (42%), құм (20%) мен жанартаулық (19%) таужыныстардан тұрады. Бұл қабық Жер бетін толығымен дерлік жауып жатады әрі терең ойпандарда оның калыңдығы 20-25 км шамасына (мысалы, Каспий маңы ойпаңы) жетеді. Оның жер қыртысы бойынша орташа алғандағы қалыңдығы 3 км.
Шөгінді таужыныстарға шамалы дислокациялану, біршама төмен тығыздық пен диагенезге сәйкес келетін шамалы өзгерісгер тән. Жанартаулық таужыныстар шектеулі таралған. Барлық шөгінді таужыныстардың орташа тығыздығы 2,50 гсм3, оның мәні 2,28- 2,80 гсм3 шамасында болады. Шөгінді тыста серпімді толқындар таралуының жылдамдығы оны құрайтын таужыныстардың заттық құрамына, нығыздалу дәрежесіне байланысты болып, 1,8-5,0 кмс аралығында өзгереді.
Стратисфераны құрайтын таужыныстарды зерттеу алғаш олардың суда (сулы ортада) осыдан 3,8 - 4,0 млрд жыл бұрын жарала бастағанын көрсетеді. Ол кезде атмосфера ауыр және ыстық болған, қазіргі Айдағы жағдайға жақын келеді. Сондықтан жер бетін құраған бастапқы магмалық таужыныстар күшті кышқылдар буына канықкан атмосфераның ықпалынан қарқынды ыдырауға ұшыраған. Ыдырау өнімдері уақыт өте келе шайылып, сушараларға барып тұнып, шөгінді таужыныстар түзілген.
Гранитті қойнауқат деп шартты түрде оны құрайтын таужыныстардың граниттерге ұқсастығына байланысты атаған. Ол гнейс (37,6%), гранодиорит (19,9%), гранит (18,1%), амфиболит (9,8%), кристалды тақтатас (9,0%), сонымен қатар габбро, мәрмәр, сиенит, т.б. таужыныстардан тұрады.
Гранитті қойнауқатты құрайтын таужыныстар заттық құрамы мен олардың дислокациялану дәрежесі бойынша әр-түрлі. Олар өзгеріске түспеген әрі метаморфталған таужыныстардан тұрады. Гранитті қойнауқаттың тығыздығы таужыстардың құрылысы мен құрамына байланысты 2,60-2,80 гсм3 шамасында өзгеріп, оның орташа мәні 2,70 гсм3 болады.
Гранитті қойнауқат шөгінді қабықтан күрт сейсмикалық шекара бойынша бөлінеді (шекарада жылдамдықтың секірісі 0,7 кмс). Гранитті қойнауқаттағы серпімді толкындар таралуының қабаттық жылдамдығы 5,0-6,5 кмс аралығында өзгереді, орташа мәні 6 кмс шамасында. ТМД аумағында гранитті қойнауқаттың қалындығы 6 км- ден 40 км-ге дейін. Бұл қойнауқат кейде қимада жоқ болуы да мүмкін. Гранитті қойнауқаттың төменгі шекарасы Конрад сейсмикалық беті (шекарасы) деп аталады.
Базальтті қабық - жер қыртысының үшінші қойнауқаты. Ол кристалды ауырлау таужыныстардан тұрады. Олар қасиеттері бойынша базальттарға - магмалық таужыныстарға жақын. Қойнауқат әр-түрлі дәрежеде метаморфталған магмалық таужыныстардан тұрады. Кей жерлерде базальтті қойнауқат пен мантия аралығында базальттан тығыздығы жоғары таужыныстар орналасады, олар эклогит қабаты деп аталады.
Базальтті қойнауқат таужыныстарының орташа тығыздығы 2,9 гсм3 ал тығыздық мәнінің өзгеруі 2,8-3,2 гсм3 аралығында. Сейсмикалық толқындардың (Vp) таралу жылдамдығы 6 кмс-ден 7,5 кмс-ке дейін. Толқындар таралуының ерекшеліктері базальтті қойнауқаттың тік бағыттағы қимасында петрографиялық құрамы әркелкі комплекстер болуымен сипатталады.
ТМД аумағының континенттік бөлігі аукымында базальтті қойнауқаттың орташа қалыңдығы 20 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz