Оқыту әдіс - тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы қазақ ұлттық педогогикалық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жаңартылған білім бағдарламасында жазу және
оқу сауаттылығы мәселесінің берілуі.

Тапсырған: Бағашар Аружан
Тобы: 101
Қабылдаған: Балтабаева Жаңалық

Білімнің бастауы - мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы - бастауыш білім беру саласы екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Әлем алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.
Оқытудың әдіс - тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар,критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек деп айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірде - бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша саралау. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп,әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны,қалай ойланғаны бағаланады. Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал -- критерий арқылы бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі,белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ - ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану . Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ). Баланың жан -жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур,Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мазмұнында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Сондықтан қазір кездегі жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал - білім. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан білікті маман даярлау және білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес реформалау мәселесіне баса назар аударды. Еліміз білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан,бұл сала барынша қолдау көрсетті. Себебі қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау керектігін дәлелдеп отыр. Әлем өзгеріп отыратындықтан, халықаралық стандартта үнемі өзгерісте болып тұр. Ал оны үйретуші мұғалімнің қазіргі кезде өзгеріссіз қалуы өте қауыпты екендігі бәрімізге мәлім. Мұғалімдеріміздің әр түрлі педагогикалық тәсілдер, нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қажеттігі туралы білмеуі, жаттанды сабақпен шектелуі, оқушы білімін дұрыс бағаламауы, теориялық білім таяздығы еліміздің болашағына кері ықпал келтіретіндігі белгілі. Керісінше, әлемдік көшке ілесудің, өркениетті мемлекет болудың, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген инновациялық технологияны меңгерген тұлғаны тәрбиелейтін ұстаз қабілеті қандай болу керек ? Жаңашыл мұғалім ХХІ ғасырдың дағдыларына қарай икемделген проблемаларды шеше білетін, ізденімпаз, сын тұрғысынан ойлауды іскерлікті, креативті бағалай алатын болуы керек. "Сабақ беру -үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жанадан жананы табатын өнер"деп бір ғасыр бұрын Жүсіпбек Аймауытов көрегендікпен мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары
Оқыту әдістері және тәсілдері
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Оқыту әдістері
Пәндер