Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Бизнес және құқық факультеті

Реферат
Тақырыбы: Экономикадағы бәсекенің мәні мен түрлері

Пән:Кәсіпкерлік
Орындаған: Садвокасова Ұлпан
РД-19-1к тобының студенті
Тексерген: Даулетова.А.М

2020-2021 оқу жылы
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
Экономикадағы бәсеке және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..7
Бәсеке - шаруашылық саланың қызмет етуінің негізгі элементі ... .8
Бәсеке және монополия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі ... ... ... ... ... ... ... .15
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Нарықтың бәсеке құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседі. Бәсеке нарығының ерекшелiктерi жетiлген бәсеке мен монополияга тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кiтап шығару, қызмет көрсетудiң басқа да көп түрлерi монополиялық бәсеке нарығының iс-әрекетi. Монополиялық бәсеке нарығы - көптеген сатушылардың ұқсас, бiрақ әртектi өнiмдi сатуынан құралады. өнiмдердi бiр-бiрiнен сапасы, қасиетi, сыртқы әрлеуi бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортиментi, қызмет көрсету бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігiн көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киiм, тағам өнiмдерi, жанармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.

Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай бекітетінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.

Негізгі бөлім
Экономикадағы бәсеке және оның түрлері

Бәсеке -- ол құрылыс фирмаларының нарығы жағдайында жан сақтап өмір сүру үшін, өзара жарыс пен бақталастықтың бір түрі. Бәсеке іскерлік қатынастардың әр субъектісінің өзінің экономикалық әлеуетін іске асыруға деген егемен құқынан туады.
Кәсіпкерлер арасындағы бәсеке -- ол жаңа, тиімдірек құрылыс өнімі мен қызметтерінің, жаңа идеялардың, жаңа жобалардың және басқасының алға өрлеуі. Нақ осы бәсекенің арқасында өмір бай, әрі қызықты бола түседі, ал экономика қарқынды адымдармен алға жылжитын болады. Бәсеке нарықтық экономика өміршеңдігінің негізі болып табылады.
Кәсіпкерлер арасындағы бәсекенің даусыздығы сатып алушылар мен сатушылардың нарықтық экономикадағы басымдығынан туған. Нарықтық экономика жағдайында бәсекенің үш: жасампаз, бейімделуші, қамсыздандырушы (кепілдік беретін) тұрпаты ажыратылады.
Жасампаз бәсеке орнағанда, бәсекелестердің іс-әрекеттері нарықтық қатынастардың әлдебір жаңа құрамдас бөлшектерін тудыруға бағытталған іс-шаралар жүйесінен тұрады: жаңа өнім, жаңа технологиялар, құрылыс өндірісін ұйымдастырудың жаңа әдістері, құрылыс өнімін сатудың жаңа әдістері және басқалары бәсекелестерден асып түсуге мүмкіндік берер еді. Жасампаз бәсекенің негізгі белгісі -- нарық субъектілерінің сұраныс пен ұсыныстың қолданылып жүрген құрылымын өзгертуге ұмтылуы.
Бейімделуші бәсеке құрылыстағы индустриялық-инновациялық өзгерістерді есепке алудан және бәсекелестердің құрылыс өндірісін жаңартуға байланысты іс-әрекеттерінің алдын алуға тырысудан тұрады.
Бейімделушілік бәсеке кәсіпкердің өзінің инновациялық мүмкіндіктеріне түпкілікті сенімділігі болмаған жағдайда қолданылады. Сондықтан кәсіпкер-құрылысшы, бәрінен бұрын, аз уақыт ішінде нарықтың осы бағытта жұмыс істейтін басқа субъектілерінің жетістіктерін көшіріп алуға ұмтылады.
Қамсыздандырушы бәсеке кәсіпкер-құрылысшының: өнім сапасын көтеру, құрылыс өнімі ассортиментінің түрлерін өзгерту, кепілді қызмет көрсетуге байланысты қосымша қызметтер көрсету есебінен нарықта қол жеткізген үлесін сақтап қалуға және тұрлаулы етуге ұмтылуына негізделген. Қамсыздандырушы бәсеке кәсіпкердің өндірістік, құрылысқа қатысты және коммерциялық бағдарламаларды айтарлықтай өзгерту мүмкіндігі жоқ және инновациялық мүмкіндіктері осал кезде қолданылады.
Бәсекенің бір немесе басқа тұрпатын кәсіпкер-құрылысшы бәсекенің әдістеріне байланысты қолданады. Бәсекенің: бағалық және бағалық емес деген әдістері ажыратылады. Бағалық бәсеке -- кәсіпкерлердің құрылыс өнімінің шығындарын (өзіндік құнын) азайту және оны сатып алушыларға өткізу (сату), осы өнімнің ассортименті мен сапасын өзгертпестен, оның бағаларын төмендету негізінде қосымша пайда табу жолындағы жарысы.
Бағалық емес бәсеке: біріншіден, құрылыс өнімінің қасиеттерін өзгертуді; екіншіден, сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңа (бұрын болмаған) құрылыс өнімін жасауды; үшіншіден, әлемдік құрылыс тәжірибесіндегі жаңа жетістіктерді ескере отырып, құрылыс өнімінің сапасын арттыруды; төртіншіден, құрылыс өнімін пайдалану бойынша кепілді қызметтерді жетілдіруді қамтиды.
Қазақстанның нарықтық экономикасы жағдайында бәсекенің бағалық емес әдістері басымдыққа ие. Бәсекенің стратегиясы мен тактикасын әзірлей отырып, құрылыс фирмасы, бэрінен бұрын, тұтынушылық сұранысқа қарай әрекет етеді. Ал енді осы тұтынушылық болжам шектерінде олар шығындарды азайту және бағаларды төмендету жолдарын белгілейді.
Бәсекенің бір немесе басқа түрін қолдану бәсекенің талаптарына, құрылыс фирмасының алдағы кезеңге деп әзірлеген бәсекелестік стратегиясына байланысты.
Бәсекелестік стратегия -- ол фирманың құрылыс өнімін сатуға белгіленген мерзімдерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерінің тұжырымдамасы. Бастапқыда (субъективтік мүдделерге сүйеніп) құрылыс фирмасының мақсаты құрылыс өнімі мен қызметтерді сату нарығында дара иеленушілікпен жоғары пайда алу үшін басымдыққа ие болуды көздейді.
Сонымен бірге нарықтық экономикасы бар мемлекеттің монополияға қарсы заңнамасы әрбір құрылыс фирмасының осындай субъективтік мүдделеріне қарсы әрекет етеді. Осы жағдайда әрбір құрылыс фирмасы жартылай стратегиялық ізденісті іске асырады, яғни өзінің қызметінде бір мезгілде кемінде екі стратегиялық ұстанымды -- түйсік (өзінің) деңгейінде нарықты, эрі ойын ережелерін ескере отырып, нарықтық мемлекетті монополиялау ұстанымын; өзінің құрылыстағы қызметін нарықтың осы саласының жұмыс істеуінің біртұтас үдерісіне ықпалдастыру ұстанымын қолданады.
Бірінші ұстанымға сәйкес, фирманың іс-әрекеттері кәсіпкерлік құрылыс құрылымдары бәсекелестерінің санын азайтуға, ал екінші ұстанымға сәйкес, консорциумдар, корпорациялар, қауымдастықтар түрінде басқа құрылыс фирмаларымен ұзақ және қысқа мерзімдік ынтымақтастық есебінен, яғни инновациялық техника, технология, ақпараттық технология және басқалары туралы ақпараттармен алмасудың деңгейлес және сатылас байланыстарын пайдалана отырып, тәуекелдік дәрежесін азайтуға бағытталған.
Бірінші ұстаным бастапқыдан-ақ бәсекелестерге қатысты кемсітушілік іс-әрекеттерді жорамалдайды: ол нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне келтіреді; екіншісі құрылыс фирмалары арасындағы қарама-қарсылықтың азаюын, құрылыс өнімі мен қызметтері нарығында тепе-тең жағдайдың сақталуын жорамалдайды.
Нарықтық экономикадағы ықпалдастық -- серіктестік ынтымақтастық емес, ол нарықтық тепе-теңдікті кез келген нарықтық мемлекеттің негізі ретінде түсінуге негізделеді. Стратегияны немесе стратегиялар үйлесімін құрылыс фирмалары бәсеке барысындағы рөл атқару және мазмұндық қызметтерге байланысты таңдайды.
Рөл атқару қызметіне сәйкес Қазақстанда құрылыс фирмаларын: а) көш бастаушыларға (нарықта 40% үлеспен); ә) көшбасшылыққа үміткерлер (нарықта 30% үлеспен); б) жетекке ілескендер (нарықта 20% үлеспен); в) жаңа келгендер (10% үлеспен нарық салаларында бұғып жатқандар) деп бөлуге болады.
Аталған топтардың төртіншісі нарық саласын іздестірудің және онда орын тебудің қамын жейді. Бұл саланың ауқымдары жеткілікті үлкен, әрі табысты болуға, өсетін әлеуеті болуға және бәсекелестердің (әсіресе ірі) қызығушылығын тудырмауға тиіс.
Үшінші топ бірінші және екінші топтар өкілдерімен текетіреске түспейді: жетекке ілескендер күштері мен қаражатын үнемдеп, ірі де мықты фирмалардың соңынан көшбасшылар салған жолмен біршама қашықтық сақтап жүріп отырады.
Екінші топтың бойынан шабуыл жасай алатын әлеует табылады, әрі оның өкілдерінің монополистік дәмегөйліктері кімнің соңына түскеніне қатысты және өздерінің арасында айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Көш бастаушылар ұстанымдары шабуылының жаппай (жан-жақты) сипаты болуы, демек, дереу көптеген бағыттарда (жарнама, бағалар, құрылыс өнімін жаңарту және т.б.) немесе қапталдық болуы, яғни бағыттардың бірі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірінші топ басқа көшбасшылар мен көш бастауға үміткерлердің шабуылдарын тойтаруға және жаппай және қапталдық шабуылдардың тәсілдерін қолдануға мәжбүр. Нарықтағы жағдайға байланысты көшбасшылар қапталдық шабуылдарды тойтару үшін қапталдық қорғануды, ал әртекті тосқауылдар (бағалық, лицензиялық, квоталық және т.б.) құру жолымен жаппай шабуылдарды тойтару үшін шептік қорғануды қолдана алады.

Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері.

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк - экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады. Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгi артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: "... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...". Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын "Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі" деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыз өткен жылы "Бәсеке қабiлеттi Қазақстан", "Бәсеке қабiлеттi экономика" және "Бәсеке қабiлеттi халық" деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Менiң бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ҚР-сы экономикасының тұрақты дамуының бiрден-бiр даңғыл жолы екендiгiн айтып өту болып табылады. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшiн мен курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей мiндеттердi айқындап алуым керек. Оларға:
Бәсекенiң мәнi мен түрлерi, оның экономикадағы орны;
Рынок құрылымына байланысты бәсекенiң ерекшелiктерi;
Жетiлмеген бәсекенiң негiзгi формалары монополия мен олигополияның рынокта қызмет етуiн;
Қазақстан Республикасындағы бәсекелiк ортаның қалыптасуы мен даму мәселелерiн және оны шешу жолдарын қарастыру.
Өнеркәсiптiк саланың бәсеке қабiлетiн арттыру және индустриялы-инновациялы экономика жүйесiн құрудың негiзгi бағыттарын қарастыру.

Бәсеке - шаруашылық саланың қызмет етуінің негізгі элементі.

Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: "... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...". Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады. Осыған бiрте-бiрте жүрiп отыратын төменде аталған ұдайы өндiрiстiк процестер жатады:
өндiрiс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерiн қалыптастыру;
өндiрiстi ұйымдастыру, оны шикiзатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндiрiстiк, несие-қаржылық және жобалау мекемелерiнiң бiр-бiрiне әсер етуi;
бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары өнiм өндiру;
өнiмдi сату. Бұл үшiн оның саны анықталады, өткiзiлетiн орны мен уақыты белгiленедi;
пайда есебiнен инвестициялық қор жасау және оны өндiрiстi кеңейту үшiн пайдалану.
Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi. Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
өндiрiстiң өсуi -- өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi, жоғары баға сақталады;
кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi "тиiмсiз бәсеке" деп атауға болады:
тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Қазiргi заманда "жетiлген бәсеке" концепциясы болып, өндiрiстiң экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi аталады:
жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
өндiрiс факторларының рыногы.
Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған, экономистер оны "өндiрiс функциясы" деп атайды.
Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: "... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...". Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң "көрiнбейтiн қол" мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсекенiң экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.

Бәсекенiң негiзгi қағидалары:
рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардң еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;
материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;
сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;
өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.
Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:
бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;
рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;
Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
Оптималды баға құру;
Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
Бизнестiң тиiмдiлiгi, басқашайтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс-қимылының жаңашылдығы;
Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;
Инновацияларды енгiзу.

Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi "тиiмсiз бәсеке" деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады. Оларға:
тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Стратегия
Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігі мен бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстандағы туристік кәсіпорындарды дамытудың негізгі маркетингтік тәсілдері және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Отандық білім беру
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Пәндер