Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіптік оқыту процесінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
Мазмұны:
Кіріспе
1. Кәсіптік білім беру жүйесінде түсіндірмелі иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану
1.1 . Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
1.2. Түсіндірмелі- иллюстративтік әдістің теориялық ұғымының мәні
2. Ауылшаруашылық машина пәнінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
2.1. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдісті Ауылшаруашылық машина пәнінде пайдалану ерекшеліктері
2.2 Зығыр жинайтын комбайндар тақырыбы бойынша мұғалімнің сабаққа дайындалу әдістемесі
2.3. Зығыр жинайтын комбайндар тақырыбы бойынша түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен сабақ жүргізу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол-болашаққа бастар жол Жолдауында: Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келемізБіздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз-Ел бірлігі болуы керек. Осындай жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз- деп атап көрсеткен [1]
Қазақстан өзін әлемге аймақтық аумағының кеңдігімен емес, халқының көптігімен де, тіпті алуан түрлі ұлттардың береке бірлігмен ғана емес, білімділігімен таныта алады. Халықты - халықпен, адамды-адаммен теңестіретін білім- деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым жоғары білім беру мәселесі тұрады. [2]
Әлемдік білім аймағына кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылуда, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің тереңдігі соншалық, білім берудің мақсаттарына құндылықтарына, әдістеріне және құралдарына қатысты және педагогтардың кәсіби санасын қайта құрумен байланысты. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер мен жаңалықтар енгізумен, жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Еліміздегі жүргізіліп жатқан зерттеулер , іс - тәжірибелер, атқарылып жатқан істер білім беру өызметіне жаңаша қарауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударуды, мұғалімнің іс-әрекетіне ерекше жауапкершілікпен қарап. Ұйымдастырушылық жұмыстарды жаңаша жүргізуді талап етеді. [3]
Қазақстанның ұлттық білім беру саясаты көкейкесті мәселе. Президенттің 2010 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы Жарлығында былай делінген:
- 2015 жылға қарай Қазақстанның жоғары мектебі Болон үрдісінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі табысты жұмыс істеуі керек.
- 2020 жылға қарай Қазақстанның жоғары білімінің сапасы білім саласындағы озық әлемдік тәжірибелерге сай болуы тиіс;
- отандық жоғары оқу орындарының түлектері сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті болуы керек. [4]
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға араналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны атап көрсетілген. [5]
Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде студенттерге көрнекілік әдіс-тәсілдер арқылы білімін жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқыту процесінде әдіс-тәсілдерге диагностикалқ талдау жасау.
- Оқыту процесін ізгілендіруді жүзеге асыру
- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз ету
Аталған мәндеттерді жүзеге асыруда Қазақсатанның болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда кәсіптік техникалық колледждерде әлеуметтік-этикалық және ұйымдастыру- басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау. Педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-техникалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби- педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман ретінде даярлау.

Ғылыми болжамы: Егер техникалық колледж студенттері үшін оқыту процесін пайдаланудың тиімді жолдарын , оның ішінде түсіндірмелі - иллюстративтілік оқыту әдісін қолдану арқылы оқытса, студенттің өздігінен білім алу сапасы артады.
Зерттеу объектісі: Техникалық колледжде оқу үрдісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен мазмұны: Курстық жұмыс анықтамалардан, сілтемелер мен белгілеулерден, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

1.1. Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Оқу әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі. Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:
1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше әдістері бар: түсіндірмелі - иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдармалап оқыту т.б.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы студенттердің танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер студенттердің танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі студенттер көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, студенттердің даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, студенттердің білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Білім алу көзі бойынша әдістер келесі топтарға бөлінеді.
1.Сөздік (әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, кітаппен жұмыс жасау т.б.)
2.Көрнекілік
3.Тәжірибелік
Әңгіме - оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
:: әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
:: әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
:: ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
:: әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
:: әңгіменің әсерлілігі;
:: тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
:: мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде студенттер білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
:: сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
:: себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
:: салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
:: жүйелілік.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім студенттерге мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, студенттердің шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы студенттердің іс-әрекетінің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттерді қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін студенттердің дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары студенттердің өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, студенттердің ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет.
Жақсы өткізілген пікірсайыс студенттерге білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.

1.2. Түсіндірмелі- иллюстративтік әдістің теориялық ұғымының мәні
Студенттердің таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды студенттерге түрлі құралдармен түсіндіреді, ал студенттер ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім - есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Студенттер - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Бұл әдістегі мұғалімнің ролі ақпаратты және іс-әрекеттің әдістерін студенттердің қабылдауын ұйымдастыруда. Егер оқушы оған берілген ақпаратты немесе ісәрекетті жүзеге асыру жолдарын қабылдап, оны практикада қолдана білсе онда білім меңгерудің белгілі бір деңгейі туралы айтуға болады. Мұғалім ақпаратты ауызша сөз (әңгімелеу, дәріс оқу, түсіндіру) арқылы, баспасөз(оқулық, анықтамалар, христоматия т.б.)арқылы, оқытудың көрнекі құралдары (демонстрация, кино-, видео-, диафильмдерді, сұлбалар және кестелер т.б.) арқылы, іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары(зертханалық жұмыстарды орындату, есептер шығару, жауаптың жоспарын құру және т.б.) арқылы іске асырады. Түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс білім берудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оның тиімділігін білім беретін әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл әдіс оқытудың әр түрлі сатысында және барлық елдердің мектептерінде нақты орын алып, қолданылады. Оқытуда тек осы әдісті қолдану жеткіліксіз. Себебі бұл әдіс оқушылардың әзір ақпаратты түсініп, қабылдап, еске сақтауын ғана көздейді. Ал қазіргі оқытудың мақсатына сәйкес оқушылардың жан-жақты дамуын көздейтін, яғни жаңа білімге мұғалімнің басшылығымен өз бетімен жетуге тиісті әдістерді қолдану керек. Бұл әдісті көбіне мұғалімдер жаңа тақырыпты қарастырудың басында немесе жаңа оқу материалының бір фрагментін қарастарғанда жаңа білімді меңгеру үшін оқушыларда қажетті білім болмаған жағдайда қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мұғалімнің мақсаты әр түрлі жағдайларда білім қалыптасыруды неден бастауды (сөзбен түсіндіру, оқулықтан мәтінді оқыттыру немесе көрнекілікті қолдану арқылы беру т.б.) анықтау. Осы мақсатты шешу қарастырылатын материалдың сипатына, оқушылардың дайындық деңгейіне және т.б. байланысты. Кәсіптік техникалық колледждерде түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс басқа әдістермен бірігіп қолданылады. Бұл колледждерде студенттердің психологиялық және жас ерекшеліктері жаңа оқу материалын қабылдап, меңгеруде олардың әртүрлі іс-әрекеттерін сабақта алмастырып отыруды қажет етеді. Ал жоғарғы курстарда түсіндірмелі - иллюстративтік әдісті оқу материалын дәріс түрінде беру көзделгенде бүкіл сабақ бойы қолдануға болады. Соңғы жылдары оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқушылар өз беттерімен жаңа білімді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар оның құрылымы мен білімге жетудің әдістерін де меңгереді.

2. Ауылшаруашылық машина пәнінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
2.1. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдісті Ауылшаруашылық машина пәнінде пайдалану ерекшеліктері
Техникалық колледждерде арнайы пән ретінде - Ауылшаруашылығында машина пайдалану пәні оқытылады. Пәннің қысқаша мазмұны ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық үрдістерді механикаландыру және пайдаланатын барлық ауылшаруашылық машиналарының, трактор автомобильдердің құрылысы, реттеулерін уйрету. Машина тракторлар паркін тиімді пайдалану, техникалық қызмет көрсету болып табылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты агрономияның негізін құрайтын топырақтану, агрономия, егін шаруашылығы мен өсімдіктер дүниесінің ғылыми сөздерін сонымен қатар ауыл шаруашылық мелиорациясы, көкеніс шаруашылығы, өсімдік қорғау т.б. салаларында кездесетін сөздермен терминдерді оқытып уйрету болып табылады. Пәнді оқыудың негізгі міндеті болып студенттерді ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық үрдістерді механикаландыру, білім алу және өндірісте машықты өту болып табылады. Студенттер осы пән нәтижесінде тракторлар мен автомобильдер құрылысын, құраушы агрегаттар мен механизмдерінің жұмыс істеу принципін, ауыл шаруашылық машиналары құрылысын, жұмыс істеу принципін, технологиялық үрдістерін және олардың реттеулерін, агрегатты есептеуді, құрауды, реттеуді, ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруде операциялық интенсивті технологиясының инженерлік негіздерін, ауыл шаруашылық жағдайында техниканы пайдаланудың ұйымдық түрін. Сондай- ақ, трактор мен механиздері мен жүйелерінің негізгі реттеулерін орындауы, технологиялық операцияны орындау талабына сәйкес машина мен құрал түрін тағайындауды, операция сапасын бақылауды, машина-трактор агрегатын тиімді құрауды, өндірістік бағдарлама орындау мақсатында қажет минералдық және техникалық құралдар қажеттілігін есептеуді игереді.
Ауылшаруашылығы машина пәнінде мұғалім түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану арқылы студенттерге дайын ақпаратты береді. СЗЛ-3,6 дән-тыңайтқыштар зығыр сеялкалары, ТЛН-1,5А зығыр жұлқылағышы, зығыр жинайтын комбайндар, зығыр молотилкалары, молотилка сеялкалар және зығыр сабанын жинауыштар жайлы осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпаратты студенттерге түрлі құралдармен түсіндіреді, ал студенттер берілген ақпаратты түсініп естерінде сақтайды. Зығыр жинайтын комбайндар жайлы материалдар слайд түрінде беріледі. Дән тыңайтқыш зығыр сеялкалардың себу технологиялары видероликтерден көрсетіледі. Бұл сабақты ақпараттық техникалық құралдар арқылы жеткізу өте тиімді. Ақпараттық техникалық құралдар дегеніміз ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізу. Зығыр жинайтын комбайндар тақырыбында конструкторлармен кезесу студенттердің комбайндарды көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну олардың ой-өрісінің дамуына мүмкіндік береді. Тақырыпты одан-әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді.

2.2. Зығыр жинайтын комбайндар тақырыбы бойынша мұғалімнің сабаққа дайындалу әдістемесі
Оқытуды ұйымдастыру формалары дегеніміз тарихи жағынан қалыптасқан, тұрақты және логикалық жағынан алғанда шыңдалған педагогикалық процес. Оқытуды ұйымдастыру формаларының негізінде қандай критерийлердің жатқандығына байланысты оларды келесі топтарға жіктеуге болады: оқушылардың саны, дидактикалық мақсат, қызметтің түрі, үстемдік етуші функция, оқу орны, сабақтың өткізілу уақыты. Оқытушының мұқият жоспарланған оқу жұмысы мамандықты жоғары дәрежеде дайындауға мүмкіндік береді. Әр оқытушы оқу семестіріне теориялық материалдың берілуін, оқу практикасының, зертханалық жұмыстардың, үйірмелердің өткізілуін жоспарлайды. Әр оқу семестріне пән бойынша оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін күнтізбелік-тақырыптық жоспар ( оқытушының жұмыс жоспары) құрастырылады. Зығыр жинайтын комбайндар тақырыбы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды №1 қосымшада көрсеттім.
Сабақ дегеніміз - оқу-тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады.
Сабақ беру - білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.
Сабақ жүйесін құрастыру процесі келесі компоненттерден құралады:
oo оқу курсындағы беірлген тақырыптардың орнын, оның мақсатын және қалыптастыратын білім,білік, дағдылардың мазмұнын анықтау;
oo жаңа оқу материалын студенттердің қабылдауына дайын болуын меңгеру;
oo оқу материалын меңгеруге студенттердің бар білімдерін анықтау;
oo теория және практикалық материалдарды жүзеге асыру жолдарын қарастыру;
oo дидактикалық мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиімді оқыту әдістерін іріктеп алу;
oo өзіндік жұмыстың көлемін, мазмұнын анықтау;
oo сынып жұмысы мен үй жұмысының байланысын анықтау.

Сабақтың тиімділігі мен нәтижелігі оның өзіндік құрылымына тығыз байланысты. Сабақтың құрылымы деп оның басты компоненттерінің дидактикалық тұрғыдан негізделген ішкі байланыстарын және белгілі бір мақсатқа сай болып келетін реттілігі мен өзара қатынастары. Дәстүрлі сабақтың құрылымы төрт басты элементтерден тұрады: сұрақтар беру, сабақты түсіндіру, оны пысықтау мен үй тапсырмасы.
Сабақ жоспары мынадай болу керек:
oo Жан-жақты қарастырылған;
oo Сабақ жеке бір сценарий, модель болуы тиіс;
oo Сабақтың білім беру, тәрбиелік, дамытушылық, дүниетанымдық мақсаттарын ашу керек;
oo Педагогикалық талаптарды, әдістерді көрсету қажет;
oo Пән аралық және сабақ ішілік байланыстарды орнату қажет;
oo Оқу мекемесінің профилін көрсете білу қажет;
oo Оқылатын материалдардың өмірмен байланыстылығын көрсету қажет;
oo Сабақ барысында оқу материалдарды қайталау, білім мен дағдыны тексеру, техникалық,көрнекілік құралдардың пайдалануын ескеру қажет;
oo Жоспарда сабақтың жеке құрамына бөлінетін уақытты, пайдаланылған әдебиетті ескеруі қажет.
Қазіргі кәсіптік техникалық колледждерде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу мен тәжірибе сабақтары
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау- қорыту сабағы.
7. Студенттердің білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ.
9. Өздігінен білім алу сабағы.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда сөз жоқ, бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 50 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмытпа!)
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қаншы жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктер болмақ. Бұл- педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Педагогиканың жалпы негіздері
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі
«Дарвинизм»
Дидактика жайлы жалпы түсінік
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Пәндер