Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Оқушылардың зерттеушілік ізденісін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардың зерттеушілік белсенділігін қалыптастыру әдістемесі
1.2. Оқушының зерттеушілік белсенділігін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі
1.3. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы әдістемелік ұсыныстар
2. Оқушылардың зерттеушілік ізденісін Салқындату жүйесі пәнінде пайдалану ерекшеліктері
2.1. Салқындату жүйесі тақырыбын оқытуда тиімді формаларды іріктеп алу
2.2. Салқындату жүйесі тақырыбын оқытуда көрнекі құралдарды іріктеп және және тиімді пайдалану
2.3. Салқындату жүйесі тақырыбы бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оқу материалын бекіту әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуына, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарында білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту көрсетіледі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекте бұрынғыдай оқушының пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып отыр [2].
Бұдан бүгінгі күні білім берудің басты мақсаты оқушыларды біліммен қаруландыру емес, оларда жалпы оқу біліктілігі мен дағды, құзіреттіліктерді қалыптастыру, басты міндеті оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін жағдай туғызу деген түйін шығара аламыз. Ол үшін әрбір баланың қандай да бір өзіне тән қабілетін ашу және дамыта түсу керек. Барлық баланың табиғатынан зерттеуші болуға, оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы жоғары болғандықтан, бала қабілетін ашу және дамыту құралдарының бірі, біздің ойымызша, зерттеушілік әрекет болып табылады.
Ү.Б.Жексенбаева Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру еңбегінде жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор деп көрсеткен.
Ү.Б.Жексенбаева дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі деген. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді өзі игереді[3, 17-19б.б].
Ш.Т.Таубаеваның монографиялық еңбегінде озық педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады[4, 17-19б.б].
С.М.Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен практикасы атты оқулығында мектепте балаларды оқытудың жекелік сипаты мен оқушының мүмкіндіктерін дамыту жолдары берілген, оның пікірінше, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру талаптары жаңа тұрпатты мұғалімдерді, олардың жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік ұстанымдарын қалыптастыруды көздейді[5, 188 б].
Сабақтарда зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру бойынша жұмыс жүйесіне: оқу сабақтарында (стандартты емес тапсырамаларды шешу мен зерттеушілік әрекетті белсендендіруге мүмкіндік беретін проблемалық жағдаяттарды жасау, білімді өзектендіру мен жорамалды құрастыру үшін күрделі сұрақтарды іздеу мен шешуде оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіру; экспериментті моделдеу, тәжірибе өткізу, бақылау, талқылаулар, шығармашылық жұмыстар, ойындарды қолдану); сыныптан тыс іс-әрекет (зерттеушілік және шығармашыл жобалар, олимпиадалар, конференциялар, пәндер бойынша КТК, байқауларды ұйымдастыру және өткізу). Зерттеушілік іс-әрекет деп алдын ала шешімі белгісіз шығармашыл, зерттеушілік тапсырманың оқушылардың жауабын іздеу әрекеттері түсіндіріледі. Яғни, оқушылардың жұмыстары олардың өздеріне білімді меңгеру қызықты етіп ұйымдастырылуы керек. Бірақ көпшілігінде оқытушыда осы қиындық туғызады.
Танымдық іс-әрекеттің өзбеттілігін анықтау негізіне келесі критерийлерді жатқызуға болады:
1. Оқушылардың тек білімді меңгеруі емес, сонымен қатар метабілімді меңгеруі, яғни білім туралы білімді - оқу материалының меңгеру тәсілдері мен құралдары туралы, жаңа білімді ашу, әртүрлі белгі формаларда берілген ақпараттарды өңдеу;
2. Оқуда материалмен жұмыстану тәсілдерін меңгеру және өз тәжірибесінде жинақталған нәтижелері ұсынылған оқушының өзбетімен қалыптасқан оқу жұмысының әдістері;
3. Оқылып жатқан объектінің тұтас бейнесін құру білігі мен оның мазмұнын әртүрлі белгі формаларда жеткізе білуі.
Оқытуда зерттеушілік тұрғыны қолдану оқушының өзбетімен танымдық әрекетті жүргізу тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етеді, ал ол тұлғаның өзбеттілік танымының басты атрибуты болып табылады. Танымдық өзбеттілікті дамытудың тиімді тәсілі оқушының жұмысын арнайы ұйымдастыру болып табылады, оған кіреді: оқушының жаңа жағдаятқа білімін ауыстыру және әрекеттер тәсілдер білігін, зерттеушілік білігі мен дағдысын қалыптастыру мақсатында оқу сабақтарын өткізуде дәстүрлі емес формаларды қолдану; оқушылардың әртүрлі танымдық өзбеттілікке, соның ішінде зерттеушілік әрекетке сатылы, бірізді және кешенді енуі. Осылайша оқыту үдерісін ұйымдастыру оқушылардың зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал етеді, ол өз кезегінде пәнге қызығушылығын арттырады. Элберд Хабберд : Баланы оқыту мақсаты оны мұғалімнің көмегінсіз дамуға қабілетті ету- деп жазды. Оқытудағы зерттеушілік тұрғы осы мақсатты жүзеге асыруға толығымен мүмкіндік береді деп есептейміз.
Оқушының зерттеушілік әрекеті зерттеушілік қабілетті арттыру, креативтілікті дамыту және белгілі бір тұлғалық қасиеттердің, соның ішінде ұжымда жұмыс жасау білігі, жауапкершілікті өзіне алу білігі, өз әрекеттерін талдау біліктерінің қалыптасуы болып табылады. Оқытуға зерттеушілік тұрғы ойлау біліктері мен дағдыларды дамуына мүмкіндік береді, жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастырады, арнайы зерттеу біліктері мен дағдыларын әзірлеуге көмектеседі. А. И. Савенковтың пікірінше, жалпы зерттеушілік біліктер мен дағдылар келесілер деп түсіндіріледі: мәселе көре білу, сұрақтарды құрастыру техникасын қолдана білу, зерттеушілік жорамалды тұжырымдау, түсініктерге анықтама беру, классификациялау біліктері, бақылау, эксперимент өткізу, қорытынды шығару білігі мен дағдысы, мәтінмен жұмыс жасау білігі мен дағдысы, конспектілеу дағдысы, өз идеяларын дәлелдеу және қорғау біліктері. Ұсынылған тізімнің толық болмауы әбден мүмкін. Бірақ, оның негізгі ұстанымдары сипатталатын құбылыстың болмысын ашады, ал мүмкін толықтырулар тек жеке сипатта болады. [6, 75 б].
Жұмыстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін арттыру жолдарына талдау жасау. Олардың танымдық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер қазіргі таңда маңызды саналатын өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық деңгейін дамытатын болсақ, онда оқушылардың танымдық қабілеттері артады, өйткені, ізденіс арқылы олар өздерін жетілдіріп отырады, сонымен қатар, естеу сақтау қабілеттері, қабылдауы, ойлау дәрежелері жақсарады.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасындағы оқушыларға арналған оқу үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес зерттеудің кезекті міндеттері анықталады.
Зерттеудің міндеттері:
- жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс;
- жаңа біліммен және білікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
- алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік;
- өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну;
- белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс [6, 246 - 247 б.б].
Бұдан шығатын қорытынды зерттеушілік іс-әрекет тек ақпарат іздеу, өңдеуден ғана емес, оны қорытындылап, өз ойын түйіп, нәтиже алу және оны өз ортасынада қорғай білу. Жоғарыда келтірілген ойлар білім беру ұйымында оқыту үдерісінде зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру үдерісі барысында өз бетімен белсенді ізденістің әртүрлі деңгейі және оқушылар үшін қолжетімді зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттері пен оқуға ынтасы артады.

1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - зерттеушілік қабілет пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде зерттеушілік қабілетті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда зерттеушілік қабілет қалыптасады. Зерттеушілік қабілет - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені, өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында зерттеушілік қабілет пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, зерттеушілік қабілетті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік - педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт. Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Оның Ұлы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық-дидактикалық бағыт. К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы" деп есептеді. Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал, К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады. Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, зерттеушілік қабілетті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс-әрекет, зерттеушілік қабілет,танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология-педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде зерттеушілік қабілетті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Зерттеушілік қабілетті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.

1.2. Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі

Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды. Педагогикалық мақсат дегеніміз - жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім, тәрбие беріп, қоғамға қажетті азамат етіп шығару.
Мұғалімнің шеберлігі - өз пәнін жетік меңгерген, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.
Мұғалімнің шеберлігі үш қырынан көрінеді:
- Ұйымдастыра білу шеберлігі;
- Қарым - қатынас шеберлігі;
- Ықпал ету, баланың іс-әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.
Ұйымдастыра білу шеберлігі - әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болып табылады. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценариін жазып, әр қатысушыға рөлдерін бөліп, ойнап шығуы керек. Ол үшін әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету.
Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі - балалардың іс-әрекеті, қатынасы-тәрбиенің негізгі тетігі. Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы білім, тәрбие, үлгі-өнеге алады. Сондықтанда қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-қатынастағы ең бастысы - оның мазмұндылығында.
Мұғалімнің қарым-қатынастық элементтері:
- қатынастың мақсаты мен мазмұны;
- шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру;
- ақ жарқын, ашық мінез танытып, ыстық суығына күйіну;
- шәкірттердің рухани байлығына ат салысу;
- шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып, баланы дұрыс жолға бағыттау;
- мұғалімде тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты дәлелді сөйлеу;
- пікір сайыс кезінде әдетті сақтай отырып шындықтың бетін ашып, әділ баға беру;
- мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б.
Қарым - қатынас жасай отырып, ықпал ету шеберлігі - мұғалім өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Сонымен қатар, мұғалім баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдерді, тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады.
Мұғалімнің шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар: дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.
Шебер мұғалім - әдіс-тәсілдердің көптеген түрлерін пайдалана отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек.
Ұстаздық ықпал етудің әдіс-тәсілдері:
а) ұстаздық өсиет; в) ұстаздық ақыл - кеңес беру;
б) ұстаздық үйрету; г) ұстаздық өзіне тарту;
Сабақтағы оқушылардың танымдық қызметін басқарудағы шеберлік бірнеше факторларға тәуелді. Маңызды факторлардың бірі;
-оқушылар үшін пәнді қызықты ету;
- сабақтың танымдық мазмұнын жетілдіру;
- оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес кері байланыс жасау.
Шеберлік негізі - жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы сапалар мен кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе.
Шебер мұғалім оқушылардың сабаққа, білім алуға қызығушылығын қалыптастыру және дамыту үшін мынадай келесі ережелерді басшылыққа алады:
1. Оқушылардың танымдық қызметін дамыту ол үшін зерделенетін пәнге, ақыл-ой еңбегі процесіне қатысты оқу әдістемелік дидактикалық материалды даярлау арқылы ұйымдастыру;
2. Оқу еңбегі кез-келген еңбек сияқты түрліше өтілсе;
3. Шебер мұғалім зерделенетін пәннің қажеттігін маңызын және мақсаттылығын өзі терең түсініп модульдік жолменен игеруге мүдделі болуы;
4. Жаңа оқу материалы бұрынғы оқылған, игерілген оқу материалдары мен байланыстары болса оқушылар үшін соғұрлым қызықты;
5. Оқу қиын болуы керек, дегенмен шамасы келуі керек;
6. Оқушылардың әрбір жұмысы жиі тексерілсе және бағаланса жұмыс істеу қызықты;
7. Оқу процесінде оқу материалының проблемалы мәселелері және оны шешудің жолдары шәкірттерге қатысты баяндалуы, қолданылуы пәнді игеруге ықыласты арттырады.
Осындай жұмыстарды танымдық қызметте басшылыққа алуы мұғалімнің оқу процесін басқаруын жеңілдетеді. Ең негізгісі сапалы меңгеруге жеткізеді.
Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып, толғанысқа келтіре алады. Мұндай ептілік өз пәнін тереңдей білген, өз білгендерін оқушыларға жеткізе алатын мұғалімге тән қасиет.
Шеберлікке жету кезеңдері келесідей: озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау; арнайы әдебиеттерді оқу; өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.
Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші - оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғауға үйрету.
Мұғалімнің міндеті - оқуға қажетті ұнамды көңіл шарпуларының сол оқу процесінің өзінен пайда ету. Сол үшін де ол жұмыс түрлерін ауыстырып отырады, оқушылардың белсенділігіне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайдалануымен бала қызығуларын оятады. Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан да жаңа тәсілдерді іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болуы қажет.
Шебер педагог - сабақ лекция, диспут сабағы, сабақ-экскурссия, қоғамдық байқау сабақтары және т.б. өткізуіне ерекше назар аударады. Оқушылардың ойлануын арттыру мақсатымен мүмкіндіктері мол шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер лекциялық баяндауларда:
- диалог құрады -
- сұрақ қояды
- қайталау
- ұқсастықтарды табу т.б.
Оқушылардың оқу процесінде ақыл-ойының белсенділігіне сәйкес білім алу заңдылықтарына қатысты семинар сабақтары себепкер болады. Шебер мұғалімдердің практикада диспут сабақтары маңызды орын алады. Шебер мұғалімнің шығармашылық сипаттағы мәні ұстаз бен оқушылардың бірлескен ақиқатты іздестіру еңбегі ол мәдени ойлаудың зертханасы. Олар оқушылардың үздік ойларын, тапқырлығын ынталандырады. Сонымен бірге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың оқу процесінде ақыл-ойының белсенділігіне сәйкес білім алу заңдылықтарына қатысты семинар сабақтары себепкер болады. Шебер мұғалімдердің практикада диспут сабақтары маңызды орын алады. Шебер мұғалімнің шығармашылық сипаттағы мәні ұстаз бен оқушылардың бірлескен ақиқатты іздестіру еңбегі ол мәдени ойлаудың зертханасы. Олар оқушылардың үздік ойларын, тапқырлығын ынталандырады. Сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың сабақта білімдерін игеру процесін дұрыс ұйымдастыру үшін шебер педагог кері байланысты ұтымды ойластырады. Кері байланысты ұйымдастырудың мәнділілігі:
- бақылау қабілетінің мәнділігінде;
-оқушылармен пікір алысудың әрбір педагогикалық қадамдарын ойластыруда;
- ойлау амалдарының шебер байланыстыруында;
Педагогикалық еңбектің шеберлері әрқашан сабақтың тиімділігін арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:
1. Ұйымдастырушылық кезеңге мейлінше аз уақыт жұмсау.
2. Жазбаша үй жұмысын сабақ үстінде тексеруге мейлінше аз уақыт бөлу.
3. Сабақ үстінде жеке оқушыдан ауызша сұрауға барынша аз уақыт жұмсау.
4. Сабаққа оқушының жаңа материалын меңгеруіне ықпал ететіндей өзіндік тапсырмаларды көбірек ендіру.
5. Оқушының өз бетінше меңгеруге қиналатын материалдары бойынша ауызша баяндауды пайдалану.
6. Міндетті түрде оқушыны сабақ үстінде өз бетінше білім алуға қабілетін дағдыға үйрету, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету.
7. Үй жұмысының сипатын өзгерту. Алған білімін үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен ізденіспен пайдаланатындай оқушыны өз бетінше ойланып, жол табуға итермелейтіндей, сабақта алған білімді практикада қолданатындай тапсырмалар беру.
8. Жаңа оқу материалын сабақ үстінде бекітуге көңіл бөлу.
9. Үйде осы есте бекіту жұмысы онан әрі жалғасын табатындай тапсырмаларды көбірек беру.
10. Үйге практикалық мазмұндағы тапсырмаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі
Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Педагогикалық психология
Оқушылардың оқу сапасын қалыптастырудығы рефлексияның тиімділігі
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Математиканы оқыту әдістері
Пәндер