Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Есеп саясатының мәні мен мақсаты
Есеп саясатын қалыптастыру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне есеп саясаты термині кезіндегі Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 13 қазан 1996 Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама деп аталған қаулысымен енгізілген.
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі-мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі-ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты:
- есеп саясатының мақсаты мен мәнін, мазмұнын ашу;
- қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларға ұйымдардың есеп саясатын қосымша түсіндірілетін ақпарат көзі ретінде тәжірибеде қолданудың қажеттігін қарастыру;
- бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын және ұйымдардың есеп жүргізу ерекшеліктерін көрсететін есеп саясатының қажеттілігін көрсету;
- есеп саясатының қандай мақсаттарға және не үшін қалыптасатындығын түсіндіру;
- есеп саясатын қалыптастырудың тәжірибедегі құрылымы мен қолдану бағытын және есеп саясатын өзгеріске түсіретін жағдайларды қарастыру.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады. Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты- қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы және ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек.
Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы- материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану.
Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса және таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді. Сонымен есеп саясаты деп- ұйымдар шаруашыық қызметі өрісінің іс- тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп прициптері, әдістер мен ережелер және ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

1.1 Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда: біріншісі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты; екіншісі- ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторлаға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсатына жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаииайды. Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі жорамал принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандартына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілердің толықтылық принциптері жатады. Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік байланыс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды. Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады, Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі жоғарыдан және төменнен реттелетін жағдайда қалыптасады. Бірінші, жоғарыдан реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер және бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші, төменнен реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялық ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты- арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін және шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылады.

1.2 Есеп саясатын қалыптастыру

Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде- кім жақсы білуі қажет. Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек. Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы, ақпараттарды өңдеу технологиясы т.б. көптеген бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәселелерді зеделей білуі керек.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:
- осы ұйымның активтері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Есеп саясатын талдау
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
БТА Банк» акционерлік қоғамының персонал басқару жүйесін талдау
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
Мемлекет және құқық теория негіздері
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Пәндер