Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Инженерлік технологиялар және көлік кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Көлік экономикасы пәні бойынша

Тақырыбы: Теміржол көлігінің Қазақстандағы экономикалық маңызы

Орындаған: Қыдыр Айдос Серікұлы
5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Күндізгі оқу бөлімі, 4 курс
Тексерген: Утегенова Ж.С. аға оқытушы

Көкшетау 2019
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..
Теміржол көлігінің Қазақстандағы экономикалық рөлі
1.1.Теміржол көлігінің экономикалық маңызы мен орны
2.2.Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы теміржол көлігінің дамуын талдау ... ... ... ...
Теміржол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары ... ... ..
3.1.Теміржол көлігінің даму перспективалары ... ... ... ...
3.2.теміржол көлігін дамытудағы мемлекеттік басқарудың экономикалық әкімшілік механизмдерін жетілдіру

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға өту жағдайындағы мемлекет ролінің мәселесі Қазақстан үшін актуальді болып табылады. Ол әліге дейін дискуссия және түрлі бағалау пәні болып қалады, бірақ экономикалық өсудің міндетті және маңызды құраушысы сияқты белсенді саясатты өткізуге көну керектігі мағыналас.
Қазақстан Республикасының темір жол саласы экономикасы тиімді мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық сұрақтары саланы зерттеу әлі өзіндік зерттеу пәні болмады. Темір жол саласының экономикасын мемлекеттік реттеудің қалыптасуы, басқа рынок біздің мемлекет ерекшелігін ескеретін жаңа ғылыми құрастыруды енгізуді талап етеді. Бұның барлығы осы мәселелерді терең зерттеу қажеттігін алдын ала анықтайды.
Темір жол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Темір жол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Поездар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының 70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.
Қазақстан темір жолы көлігін реформалау 1997 жылы үш Қазақстандық темір жолды жаңадан құрылған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамына біріктіру және сол мезетте оның құрамында алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін "Қазақстан темір жолы"ҰК" ЖАҚ кәсіпорынның қаржылық және өндірістік жағдайын айтарлықтай жақсартқан іс-шаралар кешенін жүргізді. Алайда кәсіпорын жұмысының тиімділігін оңтайландыру және күшейту жөніндегі резервтер негізгі қорларды қайта өндіруге инвестициялық ресурстар тапшылығы активтер мен жұмыс көлемінің үйлеспеуі сияқты саланың құрылымдық проблемаларын шешу үшін жеткіліксіз. Қазіргі кезеңде темір жол көлігін басқару негіздеріне әсер ететін, институционалдық өзгерістер жүргізу, бірқатар нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ, реформалар процесін мемлекеттік қолдау қажет. Жолаушылар тасымалын субсидиялау проблемаларын шешу сияқты міндеттер деңгейі және олардың әлеуметтік мәні мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді. Бұл проблемаларды одан әрі тек жалғыз "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ-тың күш салу есебінен шешу Қазақстанның темір жол саласындағы инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды жаңартуға, босайтын өндірістік қуаттар мен персонал, соның ішінде күрделі қалпына келтіріп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және құрастыру жөніндегі зауыттар негізінде жаңа жолдарды салуға тарту қажет.

І.Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі.
1.1. Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бастаптеміржол көлігінің маңызы өте зор.себебі теміржол арқылы еліміздің 85 пайызы дәл осы көлікпен бір ұзақ қаладан екінші ұзақ қалаға немесе көрші мемлекеттерге және басқада мемлекеттерге барады және тауарларын жеткізе алады.Қазіргі кезде Қазақстанның дәл осы теміржол көлігі өте кең тараған себебі оның Қазақстанның теңізге шығалмауы және батыс Қытай мен еуропа және көрші Ресеймен теміржол көлігі арқылы сауда қатнас жасау мұндай алпауыт мемлекетттермен сауда қатнас жасау Қазақстан үшін оп-оңай біріншіден бұл мемлекеттер жақын және теміржол көлігі тиімді әрі арзан көп зат тиеуге,тасуға жақсы екіншіден бұл мемлекеттердің экономикасы мығым. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Қазақстан 5 халықаралық темір жол көлігінің дәліздерімен өз инфра - құрылымы арқылы транзит көлемін кө - бей - ту мүмкін - шілігіне ие.Олардың
негізгісі болашақта оңтүстік Шығыс Азия-Батыс Еуропа теңіз қатынасына бәсекелес бола алатын Трансазиялық бағыт. Тынық мұхит жағалауларынан бас - талып, Батыс Еуропа шекараларына дейін трансазиялық бағыттың жалпы ұзындығы 11000 шақырымды құрайды, оның 4000 шақырымы Қытай жерінде болса, 1800 шақырымы Қазақстанда. Трансазиялық бағыт бойынша жүк тасымалдау 23-26 күнге жетеді, ал қашықтығы Транссібір бағы - тына қарағанда 2000-3000 шақырымға қысқа. Осы орайда Қазақстанның зор мүмкіншілігін пайдалану керектігін Ел - басы басты мәселе етіп көтергені белгілі Қазақстан 2030 стратегиясында.соның бір парсы шығанығындағы елдерге шығу.Біздің елге алдын тек каспий арқылы шығатын Иран мемлекетімен шығатын мүмкіндік бар. Қазақстан аумағы арқылы 13 трансконтинентальдық маршруттардың ішінен Достастық мемлекеттердің 6 халықаралық темір жол маршруттары мен тармақтары өтеді. Оның бірі - ұзындығы 12233 шақырымдық Польша, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, ҚХДР елдері арқылы өтетін маршрут. Онан кейінгі "Солтүстік" деп аталатын 8048 шақырым көлік желісі Ресей, Қазақстан, Қытай арқылы өтеді. Оның негізгі бөлігі Петропавл - Астана - Достық арқылы, бір тармағы Ресейдің Дома, Қарталы және республиканың Тобыл - Астана стансалары арқылы өтеді. Онан кейін Венгрия, Словакия, Украина, Молдава, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Қытай жерімен өтетін 11539 шақырым желінің негізгі бөлігі Петропавл Ақтғай Достық стансалары арқылы, енді бірі Озини, Арыс, Луговой, Алматы, Ақтоғай жол тармақтарында. Қалған бағыттардың барлығын тізіп жатудың қажеті шамалы. Қай бағыт болса да Қазақстанның транзиттік әлеуетіне тиімді. Қалай болғанда да Қазақстант географиялық орналасуы жағынан өткізу қабілетіне келгенде ұтып тұр деуге әбден болады. Еуразиялық трансконтиненталдық маршруттар Қазақстан темір жолының Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Ортазиялық көліктік дәліздері қызметін пайдаланады. Тасымалға тиімді Солтүстік дәліз - Қазақстанның өнеркәсіпті аудандары арқылы өтіп, елдің орталығы - Астананы, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Екібастұз секілді ірі өнеркәсіп кешендері бар аймақтарды қамтиды. Қазақстанның көліктік инфрақұрылымының басты элементі бола отырып, теміржол саласы КСРО құлдыраған соң Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық үрдістерден құтыла алмады. Алдыңғы он жыл ішінде тасымалдар көлемі ұдайы төмендей отырып, 1999жылы 1991жыл деңгейінің 26 пайызын құрады да, тек 1999 - 2000 жылдардың соңынан бастап өсу басталды.

1-кесте Қазақстанның теміржол көлігінің келтірілген өнімі.
Көрсеткіш-тің атауы
Жылдар
2003ж
1993ж-ға пай-ызбен
(%)
2003ж
2002ж-ға пайыз-бен
(%)

1993ж есеп
1994ж есеп
1995ж есеп
1996ж есеп
1997ж есеп
1998ж
есеп
1999ж есеп
2000ж
Ессее
2001ж есеп
2002ж ессее
2003ж есеп

Келтірілген өнім млн.т.км
209556
166076
137655
126877
119226
110546
100559
135198
183771
178661
202737
96, 7
113,5
Жолау-шылар айна- лымы
млн.жол.-км
20585
18830
13159
14188
12801
10669
8859
10215
10384
10449
10686
51, 9
102, 3
Жүк айналы мы
млн тенге
188972
147247
124496
112689
106425
99877
91700
124983
135653
133088
147672
78 ,1
111,0
Тиеу мың тонна
218194
172888
157174
140130
137731
129932
123911
156306
165050
163335
185445
84 ,9
113 ,5
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі мәліметтері.
1999-2000 жылдардың оң үрдістері тасымалдар көлемі төмендеуінің төменгі нүктесінен өтетін деуге негіз береді.
2003 жылы келтірілген өнімнің көлемі 13,5 пайызға (202737млн. тонна км ге дейін) өсті.(1- кесте)
Егер 1993жылы Қазақстан темір жолдарының келтірілген өнімдері 209,6 млрд. келтірілген тоннакм құрады. Ал, 2003 жылы 202,7 млрд. тонна- км-ге, яғни 96,7 пайызың құрады.
2003 жылы жүк айналымы 1993 жылғы деңгейдің 78,3 пайызына, ал тиеу жұмыстары 84,9 пайызға жетті. Жолаушылар айналымының төмендеуі бұдан да шапшаң болды. 2003 жылдың деңгейі 1993 жылғы деңгейдің 51,9-ын ғана құрады. .
ІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары.
3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары

Темір жол көлігін дамытудың негізгі мақсаттары:
қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, республиканың жолаушылар, жүк, почта және багаж тасымалына қажеттілігін толық және толассыз қанағаттандыру;
саланың 2006 жылға қарай одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа сапалы деңгейге көшіру;
отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын төмендету, көлік қызметтерінің сапасын арттыру, олардың ассортименттерін кеңейту;
теміржол көлігінің қызмет етуінің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
баламалы көлік коридорлары арқылы тасымалдар бәсекелестігінің тұрақты үдеуі жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру;
жоғары технологиялық импорт алмастырудың көлемін арттыру болып табылады.
Темір жол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлігінің тұрақты жұмыс істеуі шикізаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуінің ажыратылмас шарты болып табылады.
Сала дамуының жаңа деңгейі Қазақстан темір жолының техникалық жарақталуын айтарлықтай жақсартуға, оны 2015 жылы дүниежүзілік стандартқа жақындатуға, транзиттік әлеуетті арттыру арқылы бәсекелестіктің жоғары деңгейіне, жылжымалы құрам паркін отандық жаңа локомативтермен және вагондармен жинақтауға, ипорт алмастыру деңгейін арттыруға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.
Отандық өндірістік өнімдердің өзіндік құнындағы көліктік шығындарды азайту экономикалық өсуге және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға әсер етеді.
Отандық көлік жүйесінің экономикалық қауіпсіздік проблемасы республика қауіпсіздігі үшін ерекше маңызы бар, сондықтан оны шешу үшін мемлекеттің жан жақты қолдауы қажет. Қандай да болмасын жағдайда экономиканың өмірлік маңызды қажеттіліктерін және тұрғындардың тасымалға деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әрі төтенше жағдайларда оның жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ете алатын көліктің даму деңгейін қамтамасыз ету талап етілді, оның өзіндік ішкі және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алуы қажет.
Жүк айналымы көлемін болжамдық есептеу өткен жылдар динамикасын, 2003 жылғы шын мәніндегі мәлеметтерді талдаудың негізінде және Қазақстанның, Рессейдің және басқа да ТМД елдерінің, Қытай мен басқа да елдердің келешектегі ІЖӨ болжамдары ескеріліп жасалған. Барлық жүктердің транзиттік тасымалының жүк айналымы дүниежүзілік экономиканың дамуы жөніндегі мәлеметтер ("Plan Ekon Peview and Out Cook for the Former soviet Replics" басылымы) негізінде болжанады.
Автомобиль көлігі жағынан бәсекелестіктің дамуымен байланысты 2004 жылы тасымал көлемі азаяды және тұрғындар санының әрі республика экономикасы дамуының тұрақтануы, тұрғындар кірістерінің кезең кезеңмен өсуі және жолаушылар тасымалы көлемінің өсу қарқыны бұдан әрі жыл сайын 1%-ға дейін артады деп болжамдауға мүмкіндік береді.
Темір жол көлігімен жүк тасымалаы мен жолаушы тасымалы көлемінің өсуінде қалыптасқан пропорциялар ескеріліп даму жоспарында жүк айналымы мен жолаушылар айналымының тиісті өсу қарқыны көзделген. Оның өзінде жүк айналымының өсуі 2005 жылға бардық жүктер бойынша былай деп болжамданып отыр:
республикаішілік қатынаста-15,0%
экспорттық-10,5%
импорттық-22,5%
транзиттік-15,9%
Тасымалдау процесі теміржол көлігінің негізгі өндірісі болып табылады, сондықтан оны ұйымдастыру "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ- тың барлық техникалық кешеніне қойылатын сандық және сапалық талаптарды анықтайды, оның салдары ретінде оны жүзеге асырудың қажетті материалдық және еңбек рессурстарын белгілейді.
Дүниежүзілік тәжірибені алға тартсақ операциялық қызметті оңтайландыру жөніндегі іс шаралардан болатын тиімділікті тасымалдау қызметінің ағымдық шығындарын 7-10% үнемдеу деп бағалауға болады.
Тасымалдау процесін ұйымдастыру жалпы желілілік технологияның оңтайлы вариантын таңдауды және ең аз пайдалану шығындарды қамтамасыз ететін жоспарланып отырған жүк ағындарын (вагон ағындарын ұйымдастыру, поездар қозғалысының графигін әзірлеу, локомотивтер мен локомотив бригадаларыг үйлестіру және т.б) игеруді қамтамасыз етуі тиіс. Тасымалдау процесін тиімді басқару шын мәніндегі тасымалдау процесін жүзеге асыруда әзірленген графиктен ауытқуын азайтуға бағытталуы тис.
Қолданылып жүрген операциялық жоспарды қайта қарау дегеніміз ең алдымен станциялар жұмысының технологиялық процестерін жетілдіру және кірме жолдардың сұрыптау жұмысын азайту есебінен поездарды қалыптастыру жоспары мен поездар қозғалысының графигін оңтайландыруды, поездар құрамының салмағы мен ұзындығының нормаларын экономикалық негізде қолдануды, локомотивтер мен локомотив бригадалардың жұмысында айналымучаскелерінің тиімді сызбасын ізірлеуді білдіреді. Бұл ағымдық және күтіліп отырған жүк тасымалдарын жүзеге асыратын станциялардың және жылжымалы құрамның санын қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтсақ, жаңа операциялық жоспар "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ құрамынан шығарылуға тиіс артық активтерді белгілеуге мүмкіндік береді, яғни саланы қайта құрылымдау процесіне ықпал етеді.
Операциялық жоспар инфрақұрылымға қойылатын шын мәнінде ағымдық және жоспарлы тасымалдарға қажетті талаптарды нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл шамадан тыс жолдардың, сигнализация және байланыс құрылғыларының тізімін және т.б нақтылауға, сондай ақ инфрақұрылымның техникалық дамуының басымдылықтарын белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Жолаушылар шаруашылығының қызметін жетілдірудің ең маңызды бағыттарының бірі поездар қозғалысының мөлшерін (айналым кезеңділігін) және құрам сызбаларын қалыптасатын жолаушылар ағымдарына сәйкестендіру болып табылады.
Соңғы он жылдың ішінде тасымалдар көлемі айтарлықтай азайды, сондықтан бүгінгі күні Қазақстанның темір жол саласында артық активтер бар. Артық активтерді сәйкестендіру және жоюдың мақсаты оларды күтіп ұстаумен байланысты пайдалану шығындарын, сондай ақ оларды қалпына келтіру бойынша залалдарды азайту болып табылады.
Жүк тасымалдарының көлемін, құрылымын және бағыттарын өзгерту бір жағынан артық негізгі қорлар бар (локомотивтер мен жүк вагондары мүккәмал паркінің саны, станциялық жолдар мен аз пайдаланылатын желілердің пайдалану ұзындығы, станциялар мен бөліну қосындарының саны және т.б екінші жағынан жылжымалы құрамның кейбір түрлерінің жетіспеушілігімен ашықвагондар, мұнай құйатын цистерналар, магистральдық тепловоздар байланысты олардың тапшылығы байқалады, тасымал жиі болатынтелімдерде инфрақұрылым жағдайларының нашарлауына моральды және табиғи тозған, ескірген автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға әкеліп соқты. Негізгі активтерді оңтайландыру мақсатында олардың артықтарын жою және қолданылып жүргендерді қалпына келтіру әрі жаңа активтер сатып алудың өгжей тегжейлі бағдарламасын белгілеу керек. Басқа сөзбен айтатын болсақ саланың техникалық кешенін қолданылып жүрген және болжамданып отырған көлемдерге және тасымалдардың құрылымына сәйкеске келтіру керек.
ТЕМІР ЖОЛ
Қолда бар жолдарды талдау және оларға қойылатын талаптар оларды қысқартудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру қажеттілігіне нұқсайды. Азия даму банкімен Еуропалық қайта құру және даму банкі сарапшыларының бағалары бойынша бас, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығы 2014 жылға қарай 25% қысқарту керек. Негізінен станциялық және кірме жодардың, сондай ақ аз қолданылатын желілердің ұзындығын қысқарту керек. Сонымен бірге жүк жиілігі жоғары емес желілерде оларды қалпына келтіру үшін қажетті күрделі шығындарды азайту үшін қос жолды телімдерді қос қосындылы дара жолға ауыстыру қажет.
Жолдың ұзындығын қысқарту екінші қайта салуға жарамды жолдың үстіңгі материалдарының біразын алуға мүмкіндік береді.

ЛОКОМОТИВТЕР
Сарапшылардың пікірі бойынша айтарлықтай қысқартуды локомотив паркінде де жүргізу керек. 1997 Жылы басталған үрдісті жалғастыру үшін, қызмет ету мерзімі өтіп кеткен локомотивтер қалпына келтірілмей немесе жөнделмей есептен шығарылатын болады. Локомотивтердің мүккәмал паркі 2006 жылға қарай 1473 бірлікке дейін, яғни 25% қысқартылды және бұдан әрі локомотив паркін жоспарланып отырған жаңарту ескеріліп 2014 жылға қарай 1200-1300 бірлікке дейін қысқартылды.
Осы кезең ішінде барлық паровоздар есептен шығарылды, магистральдық тепловоз паркі 430 бірлікке дейін, электровоздар 500 бірлікке, маневрілік тепловоздар 380 бірлікке дейін қысқартылды.

ВАГОНДАР
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ- тың жүк вагондар паркінде қызмет ету мерзімі өткен вагондардың жеке салмағы үлкен қолда бар вагондардың 35% түзу күйде емес. 1993-2000 Жылдар ішінде мүккәмал паркінің вагондарын есептен шығарудың орта жылдық қарқыны 3%-дан астам болды. 2014 Жылға қарай қызмет ету мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеудің және вагондар сатып алудың жоспарланып отырған көлемі ескеріліп олардың паркін мың бірлікке жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде ашық вагондардың жеке салмағы көп болады. Астана және Алматы арасында қатынайтын жүрдек поездың тұрақты қатынасын 2004 жылдың үшінші тоқсанында қамтамасыз етуді межелеп отырмыз. 2003 жылдың шілде айында Қазақстанға жаң аүлгідегі 44 Тальго вагондары жеткізілді. Осы вагондардан жолаушылар құрамы жасақталынды.
Алматы - Астана учаскесінде қозғалыс жылдамдығын дамыту бағдарламасына сйкес биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 200 шақырым темір жол желісі күрделі жөндеуден өткізілмек. Жолдың жоғары құрылымын қайта жаңғырту жұмыстары қазіргі заманғы үлгідегі құрастыру әдістерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Қазастандағы көлік жолдары
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау ерекшеліктері
КӨЛІК ГЕОГРАФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Көлік түрлері. Теміржол көлігі.
Көлік жүйесін өңірлік дамыту
Пәндер