Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Қашықтықтан оқыту»
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: Урынбаева Құндыз, 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы
Ақтау 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Урынбаева Құндыз
Тақырыбы: « Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Қашықтықтан оқыту»
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
- Мүмкіндігі шектеулі тұлға дегеніміз кім?;
- Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру;
- Қашықтықтан оқыту дегеніміз не?;
Негізгі әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ;
- Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдемесі;
- Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- Қазақстандағы инклюзивті білім ;
Курстық жұмыстың көлемі: 31 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р.
___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-6
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ.
1. 1 Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі . . . 7-16
1. 2 Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру . . . 17-22
II. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУДЫҢ ВАРИАТИВТІ ФОРМАЛАРЫ
2. 1 Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және вариативті оқыту қарастырылады . . . 23-25
2. 2 Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту . . . 26-27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі:
Жұмыстың өзектілігі- мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды. Білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше бұқаралық балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосуы тиіс.
Курстық жұмыс мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қазіргі заманғы қоғамның қарым-қатынасын өзгертуді іске асыру арқылы балалардың оқу процесінде өз қабілеттері мен жетістіктеріне жетуі мамандандырылған оқу орнында емес, кәдімгі жалпы білім беру мектебінде жүзеге асуын қамтамасыз ету.
Курстық жұмыс міндеті:
Қазіргі қоғам даму жағдайында осы проблеманы шешу маңыздылығын көрсету. Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу. Бүгін танда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар - бұл әлеуметтік бейімделген, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: балалардың ерекше қажеттіліктерін және мектептегі білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында технологияны қолдану даярлығының нәтижесін жорамалдауға болады, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияныпайдалану даярлығының теориялық негіздері анықталып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі мен оның тиімділігін бағалайтын, эксперименталды түрде дәлелденген инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыратын арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орнында педагогикалық үдеріске енгізілсе, ондастуденттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану дағдылары дамып, кәсіби шеберлігі артады, өйткені осындай модельдегі болашақ маманды дайындау қоғам сұранысына сай сәйкестендіріледі
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізілген ғылыми және практикалық негізгі нәтижелері арнайы курс пен арнайы әзірленген оқу бағдарламасында жүзеге асырылды. Білім берудегі ақпараттандыру құралдарын пайдалануда болашақ мамандарды жүйелендірілген және кеңейтілген түрде дайындау үшін 15 «Бастауыш білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты базалық цикл таңдау пәндеріне арналған арнайы курсының бағдарламасы әзірленді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, әдістемеден, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні: Инклюзивті оқыту.
Зерттеу әдісі: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің маңыздылығы ашып көрсетіледі.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, « . . . мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары) . Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т. б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды. Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
- Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz