Зият ауытқуларының түрлері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары»
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: Асабай Айсара, 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы
Ақтау-2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Батауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Асабай Айсара
Тақырыбы: « Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары»
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
- Ақыл -ойы кем болып туылу салдары;
- Ақыл-ойы кем тарлықтың деңгейлері;
- Оқу материалдырын қабылдай алуларына байланысты түрлері;
Негізгі әдебиеттер:
- “Арнайы педагогика”, Заркенова;
- «Кемтар балаларды əлеуметтік жəне медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңы. -Алматы, 2002.
- Сулейменова Р. А. :Проблемы создания и развития. Алматы, 2001.
Курстық жұмыстың көлемі: 32 ___ бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Зиятында ауытқулары бар тұлғалар туралы жалпы түсінік
1. 1. Ақыл-есі кем балалардың ауытқу ерекшеліктері . . . 3-4
II. Зият ауытқуларының түрлері
2. 1. Зият ауытқуларының себептері, ауытқулардың жалпы түрлері . . . 5-11
2. 2. Оқу материалдарын қабылдауына қарай бөлінетін түрлері . . . 12
2. 3. Олигофренапедагогика . . . 13-14
2. 4. Арнайы түзету мекемелері . . . 15-20
2. 5. Г. Е. Сухараева зерттеулері . . . 21-23
ҚОРЫТЫНДЫ Зиятында ақауы бар балаларға педогогикалық-психологиялық қолдау көрсету . . . 24-25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
1. Зиятында ауытқулары бар тұлғалар туралы жалпы түсінік
1. 1. Ақыл-есі кем балалардың ауытқу ерекшеліктері
Интеллект бұзылысы бар (ақыл-есі кем) балалар категориясына бас ми қырытысының диффуздық органикалық зақымдануы себебінен бүкіл танымдық іс-әрекеті мен эмоционалды-еріктік аймағының тұрақты бұзылыстары бар балалар жатқызылады. Кемістіктің деңгейі зақымның ауырлығы, оның таралуы, пайда болу уақытына байланысты. Ақыл-есі кемдік жағдайында жоғары психикалық қызметтер бұзылысқа ұшырайды. Бірінші қатарда танымдық процестер зақымданады: түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін, эмоционалды-еріктік аймақ, моторика және жеке тұлғаның бүкіл дамуында бұзылыстар бақыланады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1994 жылы (МКБ - 10 В03) қабылдаған классификацияға сай, ақыл-есі кемдіктен (негізгі) интеллекттің төмендеу дәрежесі қарастырылады: жеңіл (F 70), орташа (F 71), ауыр (F 72) және терең (F 73) . Ақыл-есі кем балаларды, олардың интеллектуалдық бұзылыстарының деңгейіне сай бөліп оқыту мақсатымен арнайы мектептің білім беру стандартына 2 типті оқу жоспары енгізіледі.
Оқу бағдарламасының І типі - интеллектуалдық дамуында жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектебінің жалпы қабылданған бағдарламасы. Бұл категорияға дебилділіктің жеңіл және орташа деңгейіндегі олигофрен-балалар қосылған, олардың танымдық іс-әрекеттері мен ойлауының күрделі қалыптарының жетілмеуі нақты анализаторлардың ауыр бұзылыстарымен толықтырылмайды және эмоционалды-еріктік аймақтары шамалы жақсы сақталған. Бұл балалардың ерекшеліктері - шамалы жақсы деңгейде сақталған іс-әрекет шеңберінде түсінікті тапсырмаларды мақсатқа қоя отырып, орындауға қабілеттілігі. Қалыпты есту мен сөйлеу ағзаларының құрылымында анық ауытқушылықтардың жоқ болу жағдайында экспрессивті және импрессивті сөйлеу тілі тежеледі, моториканың күрделі түрлері дамымай қалады. Бұл топтағы балалардың психикалық процестеріне тежелу мен инерттілік тән.
Оқу бағдарламасының ІІ типі - интеллектуалдық даму бұзылыстары орташа деңгейдегі балаларға арналған және арнайы мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. Бұл категориядағы балалар клиникалық және психологиялық тұрғыдан түрлі топтар болып табылады.
Ақыл-есі кемдіктің орташа деңгейінде бас миының жетілмеуі немесе оның ауыр деңгейде органикалық зақымдануымен анықталатын биологиялық фактор маңызды орын алады. Мұндай тұлғалардың психикалық, тілдік және қозғалыстық дамуы өте баяу. Олар өздеріне қызмет көрсету дағдыларын кеш меңгереді, қарапайым мектептік білімдерді көбісі меңгере алмайды, ал меңгергендердің оқу, санау, жазу дағдыларында кемістіктер көп және олар әлеуметтенуге көмек бере алмайды. Бірақ, арнайы ұйымдастырылған үйрету нәтижесінде балалардың көбісі қажетті іс-әрекет ережелерін меңгеріп, арнайы жағдайларда еңбектене алады. Мұндай тұлғалар қарапайым әрекеттерді үнемі бақылау және жетекшілік жасау, олардың жеке және жекетұлғалық қасиеттерін ескеру, тұрақты қоршаған орта мен оларға қойылатын талаптардың тұрақты болу жағдайында орындай алады. Олар тұрақты әлеуметтік қорғау мен көмекті қажет етеді.
Ақыл-есі кемдіктің жеңіл деңгейіндегі балаларға арнап жалпыға білім беру мектептерінде арнайы сыныптарды ашқан тиімді: күннің бірінші жартысында олармен арнайы педагог жұмыс жасайды, ал екінші жартысында балалар барлық құрдастарымен қатар қосымша білім беру шараларына, тәрбиелік іс-шараларға қатысады.
Арнайы сыныпты ашуға қиындықтар туындағанда, контингенттің жетіспеуінде немесе ата-аналардың қалауынша, жеңіл деңгейде интеллектуалдық бұзылыстары бар 1-3 баланы жалпыға білім беру мектептің қалыпты сыныбының құрамына қосуға болады. Бұл балаларды мектептік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мамандарының (олигофренопедагог, психолог, логопед) көмегімен қамту керек.
Ақыл-есі дамуы жеңіл деңгейдегі балалар жалпыға білім беру мектебінде интеллект бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері бойынша оқытылады.
Эмоционалды-еріктік аймағында, сонымен қатар ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары.
Эмоционалды-еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың көмегімен, жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныбында оқи алады.
Коммуникативтік және әлеуметтік даму мүмкіндіктері сақталған оқушылар арасында, оларды мектепте оқуға толық бейімдеу мен интеграциялау үшін, кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу қажет.
II. Зият ауытқуларының түрлері
2. 1. Зият ауытқуларының себептері, ауытқулардың жалпы түрлері
Ерте балалық шақ аутизмі синдромы - психикалық дамудың зақымданған нұсқасының клиникалық моделі. Мұндай жағдайда кейбір психикалық қызметтері баяу, ал басқалары өте тез дамиды. Нақты өмірден қашу, сыртқы әсерлерге жауаптың жоқтығы немесе парадоксалдылығы, қоршаған ортамен байланыста белсендігі төмен немесе жоғары деңгейлі сезімталдық - аутизм деп аталады (К. С. Лебединская) .
Жеке тұлғаның аутисттік бұзылыстарының клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездемелері күрделі, көпбейнелі. Л. Н. Каннер бойынша ЕБА синдромының негізгі көрсеткіштері болып, үш түрлі симптомдардың бірлесуі табылады: аутизм аутисттік уайымдармен; стереотиптік ұстамдылық элементтерімен бір типті іс-әрекеттер; тілдік даму бұзылыстарының ерекшеліктері. Аутизм 3-5 жаста өте анық көрініс табады.
Мұндай диагнозы бар балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мектептерінде, жалпы мектептердің арнайы сыныптарында, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұрады. Қазақстан Республикасында ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды оқыту, әлеуметтендіру мәселелерімен «Ашық әлем» қоғамдық ұйымы айналысады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.
Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т. б. ), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т. б. Сонымен бірге ұрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.
Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық -токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т. б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.
Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, қантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрықтын, миынын дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған дәрілік препараттарды қолдану ұрықты уландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақтанбауы, әртүрлі дене және психикалық жарақаттар, әйелдің зиян өндірісте жұмыс істеуі, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикалық ауруы түрінде көрінетін, анасы және ұрпақ арасындағы резус - фактор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бұзылысының себептерінің бірі.
Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жарақат етеді.
Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоэнцефалит т. б. ) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себептері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.
Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында қызылшамен аурса болашақ баланың ақыл ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.
Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің құрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы -олигофрения (олиго-аз, френос- ми) . Олигофрендер дамуға кабілетті, бірақ ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін құрайды.
Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ - бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды - деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысалы: 4 жастағы балада деменция фразалық сөйлеуін, өзін-өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығынын төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының зақымдалуымен қатар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байқалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байқалады. Ақыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-құлық, әрекетті реттеу бұзылыстары.
Ақыл-ой кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш денгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік, нақұрыстық.
Батыс Европа және АҚШ - та бұл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалық тәжірибеде, жалпылаушы анықтама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың ұйымы (ДДҰ) қабылдаған топтастыру бойынша зият төмендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті: шамалы, орташа, ауыр, терең.
Зият төмендеуінің сапалы сипатын салыстыру, мынадай байланысты береді:
Дебилдік - ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Ақыл ойы кемдіктің 70 -80% осы топты құрайды.
Дебилдік деңгейдегі олигофрен-балалар қалыпты дамитын құрдастарынан барлық жағынан артта қалып қояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды.
Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайга қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.
Түзетушілік оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып қалыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен ойнауда мақсатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындык әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны жүргізу) . Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. Сюжетті-релдік ойыны арнайы түзетушілік оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды.
Зиятында ауытқуы бар баланың қалыпты дамыған балалармен арақатынасы қиындаған. Ақыл ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т. с. с), оны қалыпты құрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады.
Мұндай бала жалпы үлгідегі бала-бақшада, қарапайым математикалық елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты қиындықты сезінеді. Егер бала балабақшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы қалыптаспайды.
Жеңіл зияты бұзылған балалар - жалпы балабақшада тәрбиеленеді, себебі олардың артта қалуы анық білінбейді. Бірақ жалпы білім беру мектебіне түскенде, олар бірден математиканы, қазақ тілі, әдебиет сабақтарын меңгеруде қиындықтарды сезінеді. Көбінесе екінші жылға қалады, бірақ қайталап оқытуда да бағдарламалық материалды жетік меңгермейді, қиындық себебін ертерек анықтап, балаға арнайы педагогикалық көмек көрсету үшін, оны ПМПК-да психологиялық -медициналық - педагогикалық тексеруден өткізу керек, ал қажет болған жағдайда, оған арнайы мекте оқыту ұсынылады.
Елестерін қалыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртүрлі іс - әрекеттің тежелу қиындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар балаларда дамуға мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақты көрнекі сипатындағы ойлауы сақталған, бірақ олар практикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыққа қарағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен қатысады.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және құралдарын кажет етеді. Олардың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабақшадағы арнайы топтар арқылы білім беру жүйесі ұйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын құрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жағымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.
7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.
Кіші қалаларда жалпы мектептерде зияты бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мектеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жұмыска орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын құрып, балалары болады.
Бұл адамдарды қоғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұраға ие болуға, жергілікті басқару органдарын сайлауға қатысуға қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коэффициенті IQ 50-69.
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың түйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу қалыптасады. Бұл өзгешілік барлық психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. ( Рубинштейн С. Я. )
Көру арқылы қабылдаудың баяулығы мен аз көлемін К. И. Вересотская, Нудельман М. М. дәлелдеген. Қабылдау кезде ақыл-ойы кемтар балалардың ұқсас заттарды ажырата алмауы да арнайы зерттеулермен дәлелденген (Кудрявцева Е. М., Шиф Ж. И. )
Бір нәрсеге назар аудару кабілеті де төмен дамығандықтан, зейін тұрақтылығы әлсіз. Осы себептен ақыл-ойы кемтар балалардың 50 % сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды дұрыс пайдалана алмайды. Еркінше зейін қалыптасуы қиын түседі (Леонгард Э. И. ) . Зейн тұрақтылығын құбылмалы өзгеруі қозғыш және тежелу физиологиялық процестер арасындағы баланс бұзылуына байланысты (Певзнер М. С. ) .
Зейін көлеменің аз болуына себепті бұл балалар заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байқамайды.
Бір әрекеттен басқаға ауысу зейін кемістігін көрсетеді. Олар бір орындап жатқан істе тоқтап қалады. Ал бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау мүмкін емес жағдайдың бірі.
Ал, ойлау процестің ауытқушылығы - ақыл ойы кемтар балалардың ең негізгі көрсеткіші.
Ойлаудың жетілмеу қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болғандықтан, ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезенінде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақтайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы қиындықтар туғызады. Ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, абстрактілі ойлау өте қиын. Ойлаудың тағы бір кемістігі жасаған қателерін байқамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу қызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоқтығымен сипатталады. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар құрастыралмайды.
Ақыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сөйлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтықпа мен сөздік қорының аздығы. Сөйлеу тілі тежеліп дамиды, бірінше сөздер 2-3 жасында, аграмматикалық сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытқа дейін өз бетімен пайдаланбайды.
Жазбаша жұмыстарында көптеген қателер кездеседі.
Есте сақтау қабілетінде ауытқулар бар. Ақыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда қиындықтармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сақтау үшін қалыпты балаларға қарағанда көп қайталауды қажет етеді (Замский Х. С., Леонтьев А. Н., Занков Л. В. )
Ақыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі -имбецильдік, барлық ақыл-ойы кемтар тұлғалар ішінде 10 %, ал зият коэффициент IQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік - ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төмеңде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы бұзылғандықтан, өзін - өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, өз бетінше ұғымдық ойлауға қабілетсіздігі. Сөйлеу тілінің дамуы қарапайым, өз сөйлеу тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz