Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар

инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету»

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы: 5В010200 - бастауыш сыныпта оқытудың педагогикасы мен методикасы

Орындаған: Шанбай Айдана, 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы

Курстық жұмысты

қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

Ақтау, 2020 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы : 5В010200- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тапсырма

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент : Шанбай Айдана

Тақырыбы: «Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету. »

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

  1. Көру қабілеті зақымдалған балалардың түсінігі бойынша теориялық негіздері
  2. Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер:

1. Агавелян О. К. Социально - перцептивные особенности детей с нарушениями развития. Ч: 1999

2. Астапов В. М. ВВедение в дефектологию с основами нейро - и патопсихологии. М: 1997

3. Астапов В. М., Ю. В. Микадзе Обучение и воспитание детей группы риска: Хрестоматия / Сост. . М: 1996

Курстық жұмыстың көлемі:37 бет

Курстық жұмыс тапсыру мерзімі :__ __ 2020 жыл

Курстық жұмыс жетекшісі: Ерубаева А. Р

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

  1. Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым және олардың ерекшеліктері . . . 5
  2. Көру қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық- ерік сферасын дамыту . . . 12

2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 16

2. 1 Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері . . . 16

2. 2 Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Кәзіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалар күн санап артуда. Сол балдарды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика - дефектологияның түзету педагогикасы. Ол арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі - осы мектепке дейінгі жасындағы көру мүмкіндегі нашар (бұзылған) балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, құқығын өзімен қатарлы қалыпты балалармен тең қылып, қалыпты және дені сау азамат етіп тәрбиелеу. [52, 62]

Ең бірінші көру мүмкіндігі бұзылған жағдайға психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көру мүмкіндігі нашарлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан алдындағы әйгілі «энциклопедиясында» (көру мүмкіндігі бұзылған жайлы) қарастырған. Д. Дидроның еңбектері қоғамның көру мүмкіндігі шектеулі адамдарған деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу қажеттігін дәлелдеді.

Көру мүмкіндігі шектеулі адам қараңғылықты сезбейді және түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көру м. мкіндігі шектеулі адамдар шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Өз еңбегінде А. В. Бирилев мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: «көзін байлаған адамның жарық көруі мен көру мүмкіндігі шектеулі адамның жарықты сезуінде айырмашылық бар» - деген.

Көру мүмкіндігі төмен бала өзінің көру мүмкіндігі нашар екенін ауырсынбайды және көруі нашарлаған деп те сезінбейді, оны тек әлеуметтік ортасы ғана сезеді деп санайды. Шындығында соқыр адамдардың икемділік қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді.

Белгілі мылқау, соқыр, саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көру мүмкіндігі нашардардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көру мүмкіндігі жоғары адамдар сияқты дамымаған. [12, 13]

Туа біткен көру мүмкіндігі нашар адамдардың қайғысы жүре біткен көру мүмкіндігі нашар адамдар қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді, - дейді Щербина. Ол өз басынан өткен мынадай бір жағдайға баяндады. Көру мүмкіндігі нашар балалар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретпегендіктен қолына қасық ұстауды да жат.

Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көру мүмкіндігі нашар баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастық шағынан, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек.

Ондай балаға көзің көру мүмкіндігі нашар екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көру мүмкіндігі нашар бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі, тәрбиелеу және оның ерекшеліктері.

Аталған жұмыстың басты мақсаты - оқыту үрдісінде балалардың көру қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.

Жұмыстың мақсатына сүйене отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будық:

  • 1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
  • 2. Мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі болып табылады.

Зерттеу пәні: оқыту үрдісінде балалардың көру қабілетін дамыту жағдайлары.

Зерттеу нысаны: Балалардың көру қабілетін дамыту үрдісі.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.

Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым және олардың ерекшеліктері

Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру бұзылысы кезінде көруі бұзылған және нашар көретін балалардың психикалық дамуындағы заңдылықтарды қарастыратын ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі - осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі « энциклопедиясында» (көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А. В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар, - дейді.

Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған. Туа біткен көруі бұзылғандардың қайғысы жүре біткен көруі бұзылғандардың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді, - дейді Щербина. Ол өзінің басынан өткен мынадай бір жағдайға тоқталады. Көруі бұзылғандар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген.

Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.

Көруі бұзылғандар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көруі бұзылған балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын.

Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0, 05 - 0, 2 дейін көру өткірлігі бар балалар. Нашар көргіштік организмнің жалпы аурларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.

Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т. б. жатады. Бір қалыптыға - даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады. Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі. Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады. Көруі бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі.

Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін.

Нашар көретін балалар қалыпты көретін балалар меңгеретін барлық ойын түрлеріне қатыса алады. Бірақ та жақыннан көргіштіктің жоғары деңгейімен сонымен қатар көз ауруларымен зардап шегетін балаға жылдам, әрі тез қимылды қажет ететін ойындарға қатысуға және физикалық ауыртпашылық түсіруге болмайды. Егер де дәрігер-офтальмолог балаға көзілдірік киюді нұсқаса, онда баланың ата-анасы көзілдірікті дұрыс тағуды, үнемі оны қолдануды сонымен қатар дәрігердің нұсқауымен бұлжытпай орындауды қадағалап отыруы керек. Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жөтіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.

Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады.

Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу - тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк тус беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады.

Нашар көретін балаларға арналған мектепте, мектеп аймағында өткізілетін экскуссияларға, саябаққа қыдыруға көп көңіл бөлінуі керек. Нашар көретіндерге арналған мектепте елестету мен қабылдау қорын кеңейтетін жүйелік жұмыстар жүргізіледі. Көру қабілетінің қатысуын керек ететін оқыту жұмыстры, ауызша сабақтар мен ауысып отырады. Нашар көретіндердің көру жүйесін сақтауда 10-15 минут сайын үзіліс жасау керек.

Нашар көретін балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады . Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады. Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыру мен түзетудегі арнайы міндеттермен сәйкстендiрiледi.

Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.

Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады.

Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді. Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін .

Бұл тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс - әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік - эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Біздің байқауымыз және зерттеуіміз баланың ақпаратты жеткізудің әртүрлі тәсілдеріне, түсіне қарым - қатынасы іс - әрекеттің мағыналық жағына үлкен әсер етеді деп көрсетті. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті. Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы және оның қызметі туралы сұрақ пайда болады.

Нашар көретіндер мен көруі бұзылғандарда таным процесінің бұзылғаны қоршаған ортаны спецификалық, эстетикалық тұрғыда меңгеруге әкеледі. Оқуда, ойында, еңбекте сезімсіз қабылдау деген болмайды. Себебі көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндер көзбен көре алмағандықтан, оны ұстап, көру арқылы оны көз алдында, ойына елестете отырып, оған өзінше баға береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Арнайы педагогика туралы
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz