МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Маметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырып:Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың теориялық негіздері

Пәні:Табиғатпен таныстыру

Орындаған:Серикбай Г.

Топ:МДБ-Н-16

Тексерген:Дилманова Ғ.

Қызылорда 2020ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ (ҚЫС ЖӘНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІ)
3:
КІРІСПЕ: 1. 1. Табиғаттағы қысқы құбылыстар мен жазғы құбылыстар туралы жалпы түсінік
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысында көріністерді қолдану арқылы ақыл - ойын және сенсорлық қабілетін дамыту
3: 9
КІРІСПЕ: 1. 3. Мектеп жасына дейінгі әр жас топтарындағы балаларды қыс және жаз мезгілдерімен таныстырудың бағдарламалық мазмұны
3: 11
КІРІСПЕ: ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
3:
КІРІСПЕ: 2. 1. Эксперимент
3: 22
КІРІСПЕ: 2. 2. Тәжірибелік жұмыс
3: 25
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 28
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 30

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ -психологтар: Г. С. Батищев, В. Н. Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г. С. Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В. Н. Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л. С. Выготский, А. М. Коршунов С. Л. Рубинштейн, С. М. Жақыпов, т. б. Л. С. Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А. М. Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С. Л. Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С. М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты : мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың тұла бойында дүниетанымдық қасиеттерінің пайда болу ерекшеліктерін анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балалар танымдарына жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, олардың ауы су ықпалын анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру жұмыстарының мазмұнын талдау

Зерттеудің әдістері: философиялық, педагогикалық-психологиялық т. б. әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды теориялық талдау; Теориялық зерттеу нәтижелерін жүйелеу, бағалау, зерттеу барысында жинақталған теориялық және эмпирикалық материалдарды зерделеу, мазмұндық жалпылау, салыстыру, модельдеу, ойша жобалауәдісі; Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау.

Зерттеудің болжамы:Б алалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың әдістемелік негізі.

Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ (ҚЫС ЖӘНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІ)

1. 1 Табиғаттағы қысқы құбылыстар мен жазғы құбылыстар туралы жалпы түсінік

Қыстың басталуы мен аяқталуы. Астрономдар 22 желтоқсанды қыстың басталған күні деп есептейді. Бұл - қысқы күн тоқырауының бір күні. Бұл -қыс күн тоқырауының бір күні. Бұл кезде Жердің Солтүстік полюсі оған жарық пен жылуды өте аз жіберіп тұрған Күннен басқа кездегіге қарағанда, едәуір ауытқиды. Қыс 21 наурызда аяқталады.

Фенологтар қыстың басталуын су қоймалары қатып, тұрақты қар жамылғысы түзелген кезден бастап есептейді; оның аяқталуын жер ала кеуімдене бастаған кезде жатқызады, бұл ұзақтар ұшып келетін мезгілге сәйкес болады. Қысты шартты түрде екі кезеңге бөледі.

Бірінші кезең - жайлы қыс -аяз бен қардың жаууы (әсіресе желтоқсанның аяғы мен қаңтардың алғашқы жартысында) жылымықпен кезектесіп отыратындығымен сипатталады.

Екінші кезең - суық қыс - қаңтардың ортасынан басталады. Бұл кезде күн едәуір ұзарады, ашық болады, бірақ әлі де күн нашар қыздырып, өте суық аяздар болады. «Қаңтар - қыс ортасы», «Қыстың көзі - қырау», «Қыс келеді қылышын сүйретіп»деп сипаттайды халық арасында қыстың екінші жартысын.

Өлі табиғаттағы құбылыстар. Қыстың басталуын білдіретін су қоймаларына мұз қатуы жер - жерде бір мезгілде өтпейді. Алдымен тоғандарға, одан соң өзендер мен көлдерге мұз қатады. Жұқа мұз мөп-мөлдір болады; оның өте жұқа, шыныдай жалтыраған қабаты арқылы шалшықтардан ағаштардың түскен жапырақтарын қарап көруге болады.

Қарашаның екінші жартысында тұрақты жер жамылғысы түзіледі. Жаңа жауған қар аппақ әрі үлпек болады, өйткені ол арасындағы кеңістіктерге ауа толған мұз кристалдарынан тұрады. Қар тығыздалғанда немесе ери бастағанда өзінің аппақ түсі мен үлпектігінен айрылады.

Қар ұшқыны дегеніміз өте биікке көтеріліп, онда тез суынатын су буларынан түзілетін жеңіл кристалдар. Олар алты бұрышты жұлдыздарға ұқсайды және алуан түрлі болады. Олардың көлемі мен пішіні ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты.

Ауаның едәуір жылы қабаттарында олар еріп, бір-біріне жабысып, қар үлпегін түзеді. Күшті жел кезінде қар ұшқыны сәулелері сынып, жерге қар тозаңы түседі. Аласа бұлттар бүкіл аспанды торлап жататын кездегі ауаның күшті қарсы ағыны мен шамалы аяз кезінде қар баяу, ұсақ қиыршық түрінде түседі. Аспан ашық болып, қатты аяз тұрған кезде кристалдар кішкентай ине түрінде түседі. Күшті аяз кезінде табан астындағы қардың сықырлағаны естіледі - бұл ұшқыны қатты қар сәулелерінің сынуы.

Ауа температурасы төмендеген кезде терезе шыныларының сыртқы бетінде әр түрлі өрнектер пайда болады. Бұл - су буларының тез қатып, мұз кристалдарына айналуы.

Қар ұшқыны, қырау, қылау, терезедегі мұз өрнектері - мұның бәрі күшті суынудан қатты күйге өтіп, кристалдар формасына ие болатын су булары.

Ақпанның соңы мен наурыздың басында ерте көктемгі жылымық болады. Күндіз шатырлар мен ағаштардан қар еріп, су тамшылай бастайды. Күн суытатын түнгі мезгілде мұз сүңгілер пайда болады. Қар еріп, нығыздалады, ол өзінің шаңқан реңінен айрылады. Егер осындай жылымықтан соң күн суытса, онда қатты мұз қабыршағы - мұздақ түзіледі.

Наурыздың ортасында қар ери бастайды; алаңқайларда, оңтүстікке қарған қия беткейлерде ала кеуім тартқан жерлер көріне бастайды. Қыс аяқталып, көктем басталады.

Өсімдіктердің қысқы тыныштық күйі. Қыста өсімдіктер аса терең тыныштық күйде болады. Қар жылуды нашар өткізеді. Жерді көрпе тәрізді жауып қалатын қар қыстап шығатын өсімдіктерді үсіп кетуден сақтайды.

Жерде бір жылдық өсімдіктердің тұқымы жатады. Күздік өсімдіктер қар астында бүкіл қыс бойы көк қалпында болады. Қара күзге дейін гүлдейтін кейбір өсімдіктердің (жұмыршақ, шегіргүл ) жапырақтары мен гүл шанақтары қар астында сақталады да, көктемде гүлдей бастайды.

Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері тіршілігін жояды, ал олардың жерде қалатын пиязшықтарын, түйнектері мен тамырсабағын қар суықтан қорғайды.

Қылқанды ағаштардан басқа ағаштар мен бұталар жалаңаштанып сидиып тұрады. Бұл өсімдіктердің тіршілігі бүршіктерде сақталады. Тығыз қабыршақтар оларды суық пен ылғалдан қорғайды. Ағаштардың қоректенуі мен ондағы сөл жүру процесі уақытша тоқталған.

Күн сәулесінің барған сайын молаюы әсерінен қыстың екінші жартысында көптеген ағаштарда ерте көктемгі «күнге күю» процесі басталады; олардың қоңырлау бояулы қабығы қызғылттау (талда, қайыңда, жөкеде) немесе күлгін - көк (қандыағашта) түске көше бастайды. Бұл құбылыс поэзияда да жырланған, мысалы ол туралы В. А. Жуковский «Күн сәулесінен қара орман алау тартты . . . » десе, А. А. Фет «Тал түсте күн әзер қыздырса, жөке биікте қызғылттанад . . . » деген.

Қыстың екінші кезеңінде көптеген ағаштар мен бұталардың тыныштық күйі аяқталады; жылы орынға әкелінген бұтақтар бірнеше күннен соң жапырақ шығарады. Әсіресе терек, қайың, орман жаңғақ, мойыл, қарақат тез бүршік атады.

Ерте көктемде ағаштардың қызуы қоршаған ауаға қарағанда едәуір жоғары болады, сондықтан олардың діңінің айналасындағы қар ери бастайды.

Жәндіктер . Қар еріп, оның астыңғы жағына су жинала бастайтын жылымық кезде түбірлер мен бұталар маңынан олардың астында қыстайтын жәндіктер: қанатсыз масалар - хионеялар, өрмекшілерге ұқсайтын қар бүргелері шыға бастайды. Әсіресе «қар құрты» - жұмсақ денелі қоңыздың барқыттай қара личинкаларын жиі кездестіруге болады.

Балықтар мен қос мекенділер. Мұз қатқан су қоймасындағы балықтар қыста мелшиіп қатып қалғандай болады, ал терең суларда бұрынғысынша жүзе береді. Бақалар тоғандағы қайраңға көміліп, ал құрбақалар ескі түбірдің астыңғы жағындағы қуыстарда қыстайды.

Қыстап қалған және өлкемізге қиыр солтүстіктен ұшып келген құстар ормандарда, парктерде, бақтарда мекендейді. Олардың бір тобы ағаштар мен бұталардың тұқымдары және жемістерімен, екінші тобы - ағаш қабығының қуыстарынан тауып алатын жәндіктердің личинкаларымен қоректенеді.

Орманнан қыста тоқылдақтың қимылын бақылауға болады. Ол бұтақтардың ашасына немесе ағаш діңінің қабығына шырша немесе қарағай бүрлерін жасырып қояды. Бүрлерді «өңдеп», ішіндегі тұқымын алу үшін құс бүкіл қысқы күн ұзағына тоқылдатумен болады.

Тоқылдақтың маңайынан олардың тоқылдатуынан жан - жаққа ұшатын тұқымдарды теріп жейтін королек, шиқылдақ, сары бауыр шымшық секілді ұсақ құстардың тобын жиі көруге болады. Өздерінің дабыл көтеретін үнімен олар тоқылдаққа төнген қауіпті сездіріп, көп ретте алғыстарын білдіргендей болады.

Шырша орманынан қыста әдетте қайшыауыз ұшырасады. Қатаң аязды күндері биік шыршалардың тығыз бұтақтары астына олар ұя салып, балапан шығарады да, оларды қылқанды ағаштардың бүрінен алатын тұқымдармен азықтандырады.

Жапырақты ормандарда ағаштардың жәндіктерді тауып алатын сары бауыр шымшық, қайың және қандыағаштың тұқымымен қоректенетін чечеткалар мекендейді.

Ормандар мен парктерде қыста қызыл түсті әдемі суықторғайлар кездеседі. Оларды әсіресе шетен мен шағаннан жиі кездестіруге болады, өйткені олар осы өсімдіктердің жемістерімен қоректенеді. Ақпанның аяғында бұл құстар солтүстікке қоныс аударады.

Қыста адам мекенінің айналасына қарға, шауқарға, сауысқандар ұшып келіп, сыпырынды салынатын шұңқырлардан қорек іздейді. Олар парктер мен бақтардағы ағаштарда түнейді.

Көшелерде торғайлар көбейе бастайды. Суық күндері олар жүні үрпиіп отырса, жылымық күндері өзара шоқысып, қарға «шомылады».

Қыста, әсіресе көк тайғақ кезде сары бауыр шымшық, сары торғай, чечетка, суықторғай, шыбжық секілді ұсақ құстар өзіне қорек таба алмай, көбіне аштық пен суықтан қырылады. Қиын кездерде бұл құстарға жәрдемдесу, оларды қоректендіру керек. Парктер мен бақтардағы ағаштарға арнаулы жемшашар кішкентай столдар немесе жақтаулар тақтайшалар орнатады; олардың үстіне нан үгінділерін, дән, арам шөптердің тұқымын, шетен, шәңгіш, арша жидегін салады.

Аңдар. Қысқы қолайсыз ауа - райы жағдайларына аңдар түрліше бейімделген.

Қыста кейбір аңдар организмінің барлық физиологиялық процестері төмендеп, олар ұйқыға кетеді. Кірпі ағаш тамырының астыңғы жағында, жапырақтардан салынған төсеніште ұйықтайды. Қар жамылғысы орныққанға дейін - ақ май қорын жинап алған аю апанына кіріп, бүкіл қыс бойы ұйықтайды. Бірақ бұл жағдай кірекейге ақпанның ортасында да өте кішкентай 2 - 4 қонжық тууға кедергі етпейді.

Қысты қимыл жағдайында өткізетін аңдардың терісін қалың әрі ұзын жүн басады. Қар бетіне жаңа түскен іздерге қарай отырып, қандай аңдардың ұйқыға кетпегенін білуге болады. Тышқандардың кішкентай іздерін және қоян табанының өзіне тән таңбаларын - қатар түсетін екі және бірінен соң бірі түсетін екі шұңқырды байқау қиын емес. Кейде кішкентай және үлкен иттің ізіне өте ұқсайтын түлкі мен қасқырдың іздерін, бұланның тұяғы мен күзде жасырған шошқа жаңғақтарын, жаңғақтарды тауып жеу үшін жерге түскен тиін табанының таңбасын кездестіруге болады.

Түлкі егістік пен шалғындықтардан жүгіреді, қоян және тышқан аулайды. Аш қасқырлар орман мен егістіктерді бүкіл отбасымен шарлап, кейде азық іздеп қыстақтарға да келеді. Бұландар көбінесе жапырақты ормандарда мекендейді, өйткені мұндағы ағаштардың қабығы қыста оларға азық болады. Тиіндер бүрлердің тұқымын аршып алып өзегін ғана қалдырады. Қатты аяздарда тиін көрінбейді: олар өз ұяларына кіріп алып мамық жүнді құйрығын жамылған күйде ұйықтайды.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысында көріністерді қолдану арқылы ақыл - ой қабілетін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.

Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс. Д. Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы - формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.

Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау - белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары. К. Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді. Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т. б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын. Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді.

Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян « . . . осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л. С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады.

Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады

1. 3. Мектеп жасына дейінгі әр жас топтарындағы балаларды қыс және жаз мезгілдерімен таныстырудың бағдарламалық мазмұны

Сәбилер тобы. Табиғаттағы қысқы құбылыстар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: суық түсті, қар жауып тұр, адамдар тон, жылы малақай, етік, пима киді; балалар шанамен, шаңғымен серуендеп, коньки тебеді, аққала жасайды. Қардың жаууын, құстардың әрекетін бақылау.

Ауа райын бақылау. Күнделікті серуен кезінде балалар ауа райын бақылауды (күн шығып тұр, қар жауып тұр, күн жылы, суық ) одан әрі жалғастырады, олардың киімдері мен ойындары ауа райына тәуелді екеніне назар аударады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz