ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Кіріспе
3
I. Нарықтың әлеуметтік - экономикалық мазмұны
1.1. Нарықтың мәні мен негізгі қызметтері
4
1.2. Нарық тауарлы - ақша қатынасы түрі ретінде
8
1.3. Нарықтың инфрақұрылымының рөлі
16
II.ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
2.1.Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері, мақсаты мен қызметтері
18
2.2Валюталық қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері
24
2.3.Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеу
31
Қорытынды
36
Пайдаланған әдебиеттер
38
Мазмұны
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi. Нарық -- тауар өндірісі мен айналым заңдары бойынша ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық -- нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизмі.
Қазақстанның әлемдік экономикалық және валюталық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: валюталық қатынастардың мәнін аша отыра, оны реттеудің нарықтық және мемлекеттік түрін талдау және екіншіден ҚР-ның валюталық қатынастарының даму барысына тоқталу болып табылады.
Нарықтық экономиканың қызмет ету механизмі мен нарықтық қатынастар жайлы оқып білу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жоспар, кіріспе, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Нарықтың әлеуметтік - экономикалық мазмұны.
1. 1. Нарықтың мәні мен негізгі қызметтері.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістігінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, гендік инженериямен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ, нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары мен әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажетті шаруашылық бірліктерін іріктеуден демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен қатар нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыру қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалда ұстап тұру мүмкін емес.
Нарықтық механизм ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оны қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы (Чалбаев К. К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар. М,, 1990 ж. 204 б.).
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық-Вопросы экономики, 1990 ж №1, 143 б.).
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы (Журавлева Г. Социализмнің экономикалық жүйесіндегі нарық-Экономические науки, 1990 ж №7, 32 б.).
Нарық - тауарды алып-сатуына байланысты орын алатын экономикалық жиынтық (Саяси экономика, Алматы, 1991 ж, 169 б.).
Нарық - тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық: табиғаты мен дамуы Э. П. Дунаев, И. Е. Рудакова редакциясымен, М., МГУ, 1992 ж, 81 б.).
Келтірілген көзқарастардың әрқайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе ол - нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алу шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайды, тауар-ақшаның қалай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек айрбаспен ғана шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылу, өзара тиімді байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы ғана емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайырымдылығы эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалы өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтама әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі, нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды қасиеттерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне тапшылықтың пайда болуына адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретінде ролінің жоғалуына әкеп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарықтың т. б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен қатар нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше оларды даму болашағы барына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады. Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметіне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету. Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасқанын және өмір сүруін дәлелдеп береді:
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- нарық инфрақұрылымының жасауы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқығы.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы. Екіншіден, меншіктік қатынастардың сан алуан түрлі нысандарының болуы (нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%-дан асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекеше өндірумен байланыстырды.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері бар: таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополиялық бәсеке, таза монополия. Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке деп бөлінеді.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі және ресми нарық деп атайды. Нарықтың даму сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және теңдестірілмеген нарық деп бөлу көзделген. Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды. Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсыным арасында толық сәйкестік болмайды, ол сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалмауына байланысты.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарықсалалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін, өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес саласының өнім болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды.
Нарықты көлемді тауар топтары (азық-түлік және өндіріс тауарлары), бөлек тауарлар (көкөніс, мата, аяқ-киім, теле-аппараттар, автомобильдер т. б.) нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан-бөлке, макарон өнімдері т. б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары болып көрінеді.

Өндіріс құрал-жабдықтар нарығы.
Өндіріс құрал-жабдықтар нарығы - бұл өнеркәсіп өнімдерін тиімді түрде сатып алуды, қажетті шаруашылық байланыстарын орнықтыру процесін ұйымдастырып қамтамасыз ететін айырбас саласы. Сатып алу-сату объектісіне негізгі және айналым қорлары, жер жатады. Бұл нарықта сатып алу-сату операциялары өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және тұтынатын кәсіпорындар арасында жүргізіледі.
Осы уақытқа дейін өндіріс құрал-жабдықтарының қозғалысы мемлекеттік материалдық-техникалық жабдықтау нысанында, яғни өндірушілер мен тұтынушыларды бір-біріне алдын-ала байластыру негізінде, ресурстарды орталықтан бекітілген жоспар бойынша бөлу орын алып келді. Бұндай нысан ресурстарды ұтымды түрде бөлу мақсатына жауап бермек түгіл, керісінше, белгілі бір шамада оған қарсы болды. Осындай бөлуде нарықтың маңызды белгілерінің бірі - өндірушілер мен тұтынушылардың арасында объективті түрде қалыптасатын шаруашылық байланыстардың жүйесі болмады.
Өндіріс құрал-жабдықтары нарығы көтерме сауда түрінде болуы мүмкін. Жалпы алғанда көтерме сауда көп каналды болып табылады, оған кәсіпорындар арасындағы тікелей коммерциялық байланыстар және еркін сайланған делдал арқылы болатын байланыс кіреді. Ресурстарды тікелей қор түрінде бөлуден көтерме саудаға көшу, өндіріс құрал-жабдықтары нарығына қаржы механизмі арқылы жүзеге асатын байланыстарды енгізуді қажет етеді. Себебі қаржы ресурстарының болуы және оларды бөлу құрылымы - тауарлы-материалдық игіліктердің қозғалысын белгілейді. Бұндай жағдайда көтерме сауда табыстың өсуіне, қаржы ресурстарының айналыс жылдамдығын барынша көбейтуге ынталандырады.
Өндіріс құрал-жабдықтар нарығының маңызды компоненттерінің бірі тауар биржасы. Ол экономикалық ойынға, баланың еркін қалыптасуына және олардың ауытқуына экономикалық ойын түрінде негізделген шарт жасасу орны болып табылады. Тауар биржасының негізгі атқаратын нақты (номинальды) құнымен және дауыс санымен шығара алады. Акция иелері ационерлік қоғамның пайщиктері, ал облигация иелері - оның несие берушілері (кредиторлары) болады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлердің арасында дивиденд деген табыс түрінде бөлінеді. Акция иелерінің акционерлік қоғамнан өздері салған капиталдарын қайтаруды талап етуге құқысы болмайды. Қоғам жойылған жағдайда олар акцияларды номиналды бағамен салған қаржыларын қайтарып ала алады.
Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: жабық - олардың акциялары оның құрылтайшыларына ғана тиісті болады және еркін нарықта сатылмайды; ашық - олардың акциялары еркін сатылады және сатып алынады.
Валюта нарығы.
Валюта нарықтық экономиканың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Валюта (құн,баға) - бұл тауарлардың құнының мөлшерін өлшеу үшін пайдаланылатын ақша бірлігі. Валюта деген түсінік үш мағынада қолданылады:
а) бір мемлекеттің ақша бірлігі және оның алтын, күміс, қағаз ақша түріндегі типі;
б) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сонымен бірге шетелдердің ақша бірлігінде көрінетін және халықаралық есеп айырысуда қолданылатын несиелік және төлем құралы; в) халықаралық (аймақтық) ақша-есеп айырысу бірлігі мен төлем құралы (ЭКЮ, СДР). Бұл шетел валюталарының банкноттар, қазыналық билеттер және монеталар, теңге түріндегі ақша белгілері: сатып алу-сату операциялары бойынша болатын қаржы экономикалық қатынастар жүйесі. Банктер, компаниялар және олардың клиенттері валюталық операцияның қалыптасушылары болып табылады. Көптеген валюталық операциялар делдалдық (брокерлік) фирмалар арқылы жүргізіледі. Валюталық нарықта сыртқы сауда, туризм, қызметтер, жеке адамдардың ақша аударуы, капиталдардың, жұмыс күшінің миграциясы т. б. бойынша кең ауқымды операциялар жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын трансұлттық компаниялар маңызды рөл атқарады.
Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің ақша бірлігіндегі бағасы болады. Бұны валюталық немесе айырбас курсы деп атайды. Басқаша айтқанда, валюталық курс - бұл шетел валютасының бірлігіне айырбастала алатын ұлттық валюта бірлігінің белгілі бір саны. Айырбасталу курсының мынадай түрлері бар:
1. Номиналды айырбас курсы, әдетте, белгіленген, сонымен бірге қалқымалы негізде әрекет ете алатын ұлттық валюта бірлігімен шетел валютасының ара қатысы түрінде көрінеді.
2. Нақты айырбас курсы - бұл екі елдің баға деңгейінің ара қатысын есепке алатын айырбас курсы. Ол номиналды айырбас курсын, салыстырылып отырған елдердің баға индекстерінің қатынасына бөлуден шығатын бөлінді түрінде есептеп шығарылады.
3. Өзгермелі айырбас курсы - ішкі нарықты теңгеру мақсатында айырбас курсын өзгерту жолымен жүзеге асырылатын мемлекетаралық есеп жүйесі. 70-жылдардың ортасынан бастап индустриалды мемлекеттердің көбі өз валюталарын құбылтудың белгілі бір нысандарына көшті.
4. Тіркелген айырбас курсы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасын орнықтыру және өзгермейтін жағдайда қалыптасатын жүйе болып табылады.
Валюталардың курсы оларға сұраным мен ұсынымның ара қатысымен анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерімен валюталық курстардың құбылуы күшті валюталарға да, сонымен қатар әлсіз валюталарға да тән болады.
Шетел валюталарына сұраным мөлшері мына факторларға тәуелді болады:
а) елдің импортта тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерінен;
б) туристердің шығынынан;
в) елдің міндетті түрде орындайтын әр түрлі төлемдерінен және т. б.
Валютаның ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен, мемлекет алатын займдармен және т. б. анықталады. Жалпы сұраным мен ұсынымға байланысты валюта курсының қалыптасуы, өздігінен валюталық ара қатысқа әсер ететін нақты процестер туралы ештеңе айта алмайды. Валюта курсына тікелей және жанама түрде елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарының барлық жиынтығы әсер етеді.
Валюта курсының динамикасына әсер ететін факторлардың ішінен мыналарды айтуға болады:
- ұлттық табыс және өндіріс шығындарының деңгейі;
- ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
- валютаның сұраным мен ұсынымына әсер ететін төлем балансының жағдайы;
- елдегі процент нарығының деңгейі;
- дүниежүзілік нарықта валютаға сенім және т. б.
Қолданылу саласы мен тәртібіне қарай валюталар а) еркін толық айналымды (конверсияланатын), яғни кез-келген шетел валютасына белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз айырбасталатын; ә) ішінара айналымды, яғни барлық валюталық операциялар бойынша айналымды бола алмайтын; б) айналымды бола алмайтын тұйық (конверсияланбайтын), яғни тек қана бір елдің ішінде ғана айналатын, басқа шетел валюталарына айырбастала алмайтын болып бөлінеді. Еркін толық айналымды валюталарға АҚШ-тың доллары, ГДР-дің маркасы, ағылшын фунт стерлингісі, швейцарияның франкісі және жапондардың иенасы жатады. Жыл сайынғы Лондонның валюталық нарығының айналымы - 187, Нью-Йорктігі - 129, Токионікі - 115, Цюрихтікі - 57 миллиард долларға жетеді. Француздың франкісі мен итальян лирасы ішінара айырбасталатын валюталар. Тұйық валютаға көптеген дамушы елдердің, кейбір Шығыс Еуропа елдерінің валюталары жатады. Ал ТМД елдерінің ақшасы мен Қазақстанның теңгесіне келетін болсақ, ол әзірше дүние жүзіндегі ең бір тұйық валюта болып қалып отыр.
Сонымен қатар, валютаның қаржылық және тауарлық конверсиялануы болады. Қаржылық - бұл шет мемлекеттердің валюталарында конверсиялануы. Тауарлық - кез-келген тауарды сатып алу қабілеті.
Конверсиялануына қарай валюталарды сыртқы және ішкі валюта деп айырады. Валютаның сыртқы конверсиялануы - бұл ұлттық валютаны ел ішінде де, одан тыс жерлерде де шетел азаматтарының пайдаланылуына және Азия даму банкілерімен, сондай әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жеткізілуі. Дегенмен, ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның халықаралық деңгейде сатып алу қабілетін орнықтыру біздің еліміздің ішкі потенциалымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, байыпты түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ.
Валютаны тұрақтандырудың нулификация, девальвация және ревальвация сияқты әдістеріне де тоқталу жарамсыз деп жариялауы.
Девальвация - ұлттық валюта курсын шетел валюталарына немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысты ресми түрде төмендету.
Ревальвация - бұл егер инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жай қарқынмен өсетін, төлем балансы белсенді, ал несие берушілер мен импортерлердің мүддесі қарыздарлар мен экспортерлердің мүддесінен басым түскен жағдайда жүзеге асырылатын ұлттық валюта курсын шетел валюталарына қатысты ресми түрде көтеруі.
Кейбір елдерде деноминация жүргізіледі. Бұл ақша белгісінің өз құнын ұлғайту және оларды жаңа ақша бірлігіне айырбастау. Осымен бір мезгілде бағалардың, тарифтердің, жалақының ара қатысы да қайта есептеледі.
Қарыз нарығы.
Бағалы қағаздар нарығы, маңыздылығы жағынан кем түспейтін қаржы нарығының бір саласы қарыз нарығымен толықтырылады және онымен бірлесе әрекет етеді. Қарыз нарығы - бұл қаржы нарығының бір бөлігі, оның өткізу объектісі - ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларға уақытша пайдалануға берілетін уақытша бос ақша құралдары болып табылады. Ол бос ақша ресурстарын қайта бөледі және жаңаларын жасайды, оларды қайтарып беру, төлеу және мерзімдік шарттарымен береді. Қарыз несие түрінде мынадай негізгі қағидаларға (принциптерге) сүйенеді: а) қарыз дәл белгіленген мерзімге беріледі, ол аяқталғаннан кейін банкіге қайтарылуы тиіс; ә) кәсіпорындар мен жеке адамдар қарызды қандай мақсатқа алған болса, сол мақсатқа жұмсауы қажет; б) олар қарызды алып пайдаланғаны үшін банкіге белгіленген мөлшерде процент төлейді.
Банктер беретін несие қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді несие, әдетте, бір жылға дейін, негізінен айналым құралдарын жасауға беріледі. Орта мерзімді несие екі-үш жылға - жаңа құрылысқа, өндірістік техниканы қайта жарақтандыруға, жаңартуға және жабдықтарды жаңартуға үш жылға дейінгі мерзімде өтелетін жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуге беріледі. Он және одан да көп жылға берілетін ұзақ мерзімді несие кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады. Сонымен бірге ұзақ мерзімді несие тұрғындарға да жеке үй, пәтер, бақ үйлерін салуға және сатып алуға, басқа да қажеттіліктерге беріледі.
Несиенің әр түрлі формалары бар: а) банктік; б) чектік; в) коммерциялық; г) тұтыну; д) халықаралық. Банк несиесінде, банк клиенттің векселін есепке ала (дисконирование) отырып, оған осы векселінің құны орналасатын есеп айыратын шотын ашады. Чектік несиеде, банк клиентке төлем жасауға қажетті соманы қарызға алуға мүмкіндік беретін чек жаздырып береді. Белгіленген уақытта борыш өтелуі қажет. Коммерциялық несие - қысқа мерзімді несие (төлемді кейінге қалдыру), ол банкпен кәсіпорынның уақытша мұқтаждықтарына беріледі. Тұтыну несиесі - бұл тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерді кейінге қалдырып төлеу үшін пайдаланылатын несие түрі. Халықаралық несие - бұл шет елдерге берілетін немесе олардан қарызға алынатын, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайтын несие.
Несие өзінің қызметін банктер арқылы атқарады. Саяси - экономикалық тұрғыдан алғанда, банктер, кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың бос ақша құралдарын тартатын және жинақтайтын несие - қаржы мекемесі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, банк жүйесіне Орталық банк, банктердің басқа да ұйымдық формаларымен мамандандырылған мекемелері, коммерциялық, жинақ және инвестициялық банктердің үлкен тобы, ал бірқатар елдерде ипотекалық банктер кіреді. Осы мекемелердің әрқайсысы өзіне тән қызметтер атқарады. Орталық банк ақша шығарумен (эмиссия), мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен, коммерциялық және жинақ банкілерінің несие резервтерін реттеумен айналысады. Коммерциялық банктер компаниялар мен кәсіпорындардың ақша құралдарын шщоғырландырады, тұрғындардың бір бөлігіне коммерциялық қысқа және орта мерзімді банк несиесін береді. Жинақ банкілері тұрғындардың сақтық қорларын шоғырландырып, өздерінің қаржыларын ,негізінен, мемлекеттік бағалы қағаздарға салады. Инвестциялық банктер бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты делдалдық операциялармен және өнеркәсіпте консультациялық қызмет көрсетумен айналысады. Ипотекалық банктер жылжымайтын мүліктер кепілдігімен (залог) несие береді.
Біздің елімізде банк жүйесіне мыналар кіреді: а) ұлттық мемлекеттік банк, оның мекемелері (кеңселері, бөлімшелері) барлық облыстарда, аудандарда және қалаларда құрылған; б) заңды мекемелерге және жеке адамдарға несие-есеп айыру және басқа да банктік қызмет көрсетуді шартты негізде жүргізетін коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер меншіктің әр түрлі нысанлдарының негізінде болуы мүмкін, оның ішінде акционерлік, кооперативтік, шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен құрылатын жеке банктер және т. б. бар. Коммерциялық банктердің алғашқы капиталы немесе оның бір бөлігі мемлекеттікі болуы мүмкін. Банктің одан кейінгі әрекеті тәуелсіз болуы керек, ал өкімет банктің шаруасы үшін жауап беруге міндетті емес.
Біздің елімізде коммерциялық банктер дамудың тек бастапқы кезеңінде ғана тұр. Қазір Қазақстанда ұлттық мемлекеттік банкіден басқа 118 банк, яғни 74 коммерциялық, 13 кооперативтік және 31 жеке банкілер әрекет етуде. Бұл банкілер, негізінен, заңды мекемелер мен жеке адамдардың қорлану көздерінен құралған капиталдың базасында пайда болған, олар негізінен тікелей банктік несиелеумен айналысады. 30 жылдары ТМД елдерінде дәлелсіз кеткен классикалық қызмет көрсету тұрғысындағы коммерциялық банктер вексельдік айналыс негізінде жұмыс жасаған болатын. Коммерциялық несиенің көрінісі болып табылатын вексельдік айналыстың үлесі салыстырмалы түрде онша көп болмаса да, ол кәсіпорындардың жұмысын тауар айналымы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді.
Банк мекемелерінің басты табыстарының көзі - оларды қарыздар бойынша алатын проценттері болып табылады. Сонымен қатар банктердің өздеріне қажетті ғимараттарды, банк құрал-саймандарын сатып алу немесе жалға алу, қызметкерлерді жалдау, сондай-ақ басқа ақша капиталдарын және жинақтарды жұмылдыруға, жинақ бойынша проценттер төлеуге байланысты шығындары да болады.
Банк ресурстарын құрайтын және оған табыс әкелетін несиелік операциялар - активтер, ал банк ресурстарын орналастыруға байланысты операциялар - пассивтер деп аталады. Қазіргі несие-банк мекемелер жүйесі бірнеше негізгі нысандардан тұрады, олардың арасындағы ерекшеліктер активті және пассивті операциялармен анықталады.
Несие-банк мекемелері
Түрлері
Активті операциялар
Пассивті операциялар
Эмиссиялық (орталық) банктер
Коммерциялық банктерге және мемлекетке қарыз беру, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу
Банкнот шығару, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару
Коммерциялық банктер
Қысқа және орта мерзімді қарыздар, мемлекеттік облигацияларды сатып алу, басқа мүлікті басқару
Кәсіпорындар мен халықтың ақша салымдары (жинақтары)
Инвестициялық банктер
Акциялар мен облигацияларды орналастыру, қаржы операцияларындағы делдалдық
Банк несиелері
Жинақ банктері
Ұзақ мерзімді қарыздар
Халықтың ақша салымдары
Сақтандыру қоғамдары
Ұзақ мерзімді қарыздар, жеке облигацияларды сатып алу, акцияларды сатып алу
Сыйлықтарды (премия) жеке адамдар мен кәсіпорындардан сақтандыру
Инвестициялық компаниялар
Басқа облигациялар мен акцияларды сатып алу
Халыққа өз акцияларын сату
Зейнетақы қоры
Қарыздар, облигация мен акцияларды сатып алу
Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің төлемдері
Банк ресурстарына банктердің өз капиталдары және олардың клиенттеріне тиісті ақша салынымдары немесе депозиттер кіреді. Депозиттер әдетте банк ресурстарының басым бөлігін құрайды, оның шұғыл депозиттер және сұрап (іздеп барып) алатын депозиттер деген түрлері болады. Шұғыл депозиттер алдын-ала белгіленген мерзімге жасалады, оны банктен тек сол уақыт өткеннен соң ғана алуға болады. Сұрап алатын депозиттер ақша салушылармен кез-келген уақытта талап етілуі мүмкін. Бұл депозиттердің басым бөлігі ағымдағы шотқа салынған ақша түрінде болады. Оның иелері банктен чектік кітапша алады және салынған ақша мөлшерінің шамасында кез-келген сомаға чек жаздырып алу құқығы болады.
Активті операциялар вексельдік, тауар астындағы, қор және бланкілік болып бөлінеді. Кәсіпкерлер қолдарында бар вексельдерін олардың төлеу мерзімі өткенге дейін жиі-жиі қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүр, ал ол банктермен вексельдік операциялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл операциялардың ішіндегі бастысы - вексельдерді есепке алу мен вексель бойынша қарыз беру болып табылады. Бірінші жағдайда, банк вексельді оның иесінен сатып алады, ал оған есеп проценті дегенді шегергеннен қалған, бірақ вексельде белгіленген ақша сомасын береді. Екінші жағдайда, вексель берілген қарызды қамтамасыз ететін құрал ретінде банкке уақытша ғана өтеді, кейін ол мерзім өткеннен соң борышқормен сатып алынуға тиісті.
Банктердің тауар астындағы операциялары деп тауарлардың немесе тауарға байланысты құжаттардың кепілдігімен берілетін қарыздарды айтады.
Банктердің қор операциялары акция, облигация сияқты бағалы қағаздармен жасалатын операциялар болып табылады. Оларға бағалы қағаздар және банктік инвестиция бойынша берілетін қарыздар жатады.
Вексельдермен, тауарлармен, бағалы қағаздармен қамтамасыз етілмеген операцияларды бланкілік несиелер деп атайды.
Соңғы 10-15 жылда банктердің қызметінде лизинг, факторинг және қаржылы-трансттық операциялар сияқты жаңа формалар ерекше мәнге ие болды.
Лизинг (ағылшын көзі) мүлікті (машина, жабдықтар және т.б.) уақытша пайдалануды, арендаға беруді немесе алуды білдіреді. Лизингті уақытты (1 жылға дейін) прокаттан (немесе рентингтен) айырмашылығы - оның жабдықтарды пайдалануына қарай арендатор фирмаға қарызын бірте-бірте өтейтін қылып, әдетте 5-8 және одан да көп жылға арендаға беруінде тұр. Лизингтік контракт мерзімі біткеннен кейін мынандай жағдайлар болуы мүмкін: қалған құны бойынша арендатордың жабдықтарды сатып алуы; мерзім прологнгациясы - жаңа келісім жасау; лизингтік компанияға материалдық байлықтарды қайтару. Қазақстандық және шетелдік мамандар лизингтің негізгі түрлеріне қаржы лизингін және операциялық (оперативтік) лизингті жатқызады. Қаржы лизингіне арендаға берушінің капиталының толық амортизациясына жеткілікті және оған белгілі-бір пайданы қамтамасыз етуге қабілетті бар соманы қатаң белгіленген мерзім ішінде төлеуді ескеретін контрактілер кіреді. Ал оперативті лизингке арендаға алынған мүлік келісілген кезең ішінде толығымен амортизацияланбайтын жабдықтарды арендалаудың барлық қалған жағдайлары жатады.
Соңғы уақытта әр түрлі банктер лизингте белсенді роль атқара бастады. Егер банктер машиналарды және жабдықтарды уақытша пайдалануға өзі беретін болса, онда олардың лизингке қатысуы тікелей болып саналады, ал егер лизингтік компанияларға қарыз беру жолымен қатысатын болса ол жанама болып есептеледі. Әсіресе осы облыста американдық банктер белсенді қызмет етуде. Оны мына мәліметтерден көруге болады: 70-жылдардың өзінде активі 100 миллион доллардан астам әр бесінші американдық банк тікелей лизингке қатысты, ал лизингтік операциялар жүргізетін банктердің жалпы саны 500-ден астам болды. Қазақстанда лизингтік арендаға беру нысандары жаңа ғана қалыптасып келеді.
Факторинг - банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының, кәсіпорындардың борышы (жеткізілген тауарлар және орындалған жұмыс пен қызметті төлеу міндеттемелері), өз міндетіне алуды көрсететін қаржы коммерциялық қызмет түрі. Факторингтік қызметтерге сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар үшін төленген чектерді сатып алу, қарыздарды өткізу, несие беру, тауарлардың, материалдардың қоры немесе тұрақты активтер мөлшерінде болуын ақшалай қаржыландыру, не болмаса маркетинг саласында, сату және басқару саласында, қосымша қызмет атқару жұмыстары жатады.
Банктердің транстік операциялары - бұл сенім берілген адам правосында клиенттердің тапсырмасына және мүддесіне сай, заңды мекемелердікімен қоса жеке адамдардың да мүлігін басқару жөніндегі коммерциялық банктердің операциялары. Оны жүзеге асыру кезінде банк комиссиондық ретінде табыс ала отырып, тек агент ретінде ғана қатысады. Сенім бойынша банк өзінің клиенттерінің қаржысын басқарады және де бұл құрал-жабдықтарды акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздарға салады. Қазіргі кезде біздің еліміздің коммерциялық банктері қаржылық-трансттық операцияларды өткізуге жаңа кірісіп отыр.
Қазақстан Республикасының экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған бағдарламасында есеп айырысу тәжірибесіне чектер, вексельдер, электрондық төлемдер енгізілетін болады деп көрсетілген.
1.3. Нарықтың инфрақұрылымының рөлі
Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани) және сатып алу-сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды, бір-бірімен байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен, өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндірістік құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы нарық қатынастар объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал), еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмысты жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді. Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне - тауар, шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.
Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі жоғарғы талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің еліміздің ішінде көптеген әдеттегі шаруашылық байланыстардың, жолдардың болмауынан және әр түрлі көлік құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен жеткілікті түрде өткізілмей отыр. Байланыс құралдарынсыз қажетті ақпараттық құрылымдарды да құру мүмкін емес. Нарықтық экономика қалааралық және халықаралық байланысты, телефаксті, автоматты жүйелерді және байланыс саласындағы басқа да ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды дамытып жақсартатын жаңа техникалық негізде қайта құрылған байланыс жүйесін талап етеді.
Дамыған нарықтық инфрақұрылымда кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеу едәуір жеңілдетілген. Мұндай инфрақұрылым әр түрлі субъектілермен, мемлекеттік жүйенің қатысуымен банк несиесін, сонымен қатар құрушылардың қаржыларын тарта отырып құрылды.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс процесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында нарықтық инфрақұрылымның инвестициялары, қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.
ІІ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
2.1. Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эваолюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон - Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайск валюталық жүйесi.
6. Европалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
- циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
- құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
- ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ - ның Британ - Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бриттан - Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВК - ға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi ХВК - дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
* Алтын - девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
* Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.
СДР-дiң қызметт етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;[11,27б]
Европалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады . Европалық экономикалық қоғамдастық - бұл батыс европа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi, ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz