Парламент палаталары депутаттары
Жоспар:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Заң шығарушы билік түсінігі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Қазақстан Республикасы Парламенті.Парламент палаталары, депутаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.Заң шығару бастамашылығының субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ..13
4.Парламент депутаттарының өкілеттілігі.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
5.Әр түрлі саяси жүйедегі Парламенттің орны ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты. Жалпы заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықаралық шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген. Міне осындай міндеттерде көпшілік қауымның санасына сіңіру мақсаты көзделген.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды
Курстық жұмыстың міндеті. Заң шығарушы биліктің тарихын түсініп, оның бөлімдерін жекелеей ашып көрсету және де Қазақстандағы заң шығарушы органдағы парламенттің орнын құқық қорғау органдарының қатынасын ашық көрсету болып табылады. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шетел авторларының еңбектері қолданылды. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарауда заң шығарушы органның түсінігі, тарихы жайлы баяндалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Парламеньі туралы мәлімденеді.
ІІ-тарауда Заң шығарушы биліктің басқа құқық қорғау органдарында алатын орны және заң шығарушы биліктің Қазақстан Республикасындағы даму үдерісі жайлы баяндалады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдардың көзі ашық және зайырлы мемлекеттің құқығын қорғай алатын азамат болыу үшін, ең алдымен заң туралы сана қалыптасу үшін өзекті, сол сияқты Парламенттің қызметін тануда үлкен рөл атқарады. Қоғам заң туралы санасы қалыптасса, үлкен өзекті мәселеге жол бермейді және осы қоғамға, мемлекетке өз үлесін қосады деген сенімім бар.
1.Заң шығарушы билік түсінігі
Заң шығарушы билік - демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді - заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің - үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде - өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімі сақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.
Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл .
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Заң шығару биліктің атқаратын қызметін 1-сызбадан көре аласыздар.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Мемлекетте болып жатқан өзгерістер мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген. Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға
атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген. Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.
Заң шығарушы билік
Соғыс ашып,әскермен қамтамасыз етеді
Заң қабылдайды
Заң шығарады
Сауданы реттейді
Салық салуды анықтайды
Оны бекітеді
Сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды
Өзгертеді немесе жояды
Үкіметті тағайындайды
Бюджетті бекітеді
Саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды
Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды
Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т.б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.
ХІІ-ХІП ғ. пайда болған, сословиелік - өкілдік сипатта болған Парламент монархтың шексіз билігін шектеуте бағытталған болатын. Олай болса, бұл органның дүниеге келуінің өзі - сол кезде қоғамда болған сословиелердің ерік біддіруінің және өз құқықтарын қорғауының нәтижесі. Англияны мысалға алған З.М.Черниловский онда бұл органның пайда болуын былай нақтылай отырып, яғни "1265 жылы Англияда қалалықтар мен рыцарлар коалициясы барондарды жеңіп, яғни Англия тарихында алғаш рет Парламент атын алған сословиелік жиналысты қалыптастырды. 1295 жылдан бастап ол Англияның түрақгы заң шығарушы жиналысына айналды" дей отырып, Англияда Парламенттің рөлінің өсуін, оның төменгі палатасының ролінің өсуімен байланыстырады. Ашып көрсетсек, корольді өлім жазасына кесу туралы мәселе бойынша екі палата арасында туындалған дауда қауымдар палатасы өзінің лордтар палатасынан және өзге биліктерден басымдығын былай жариялайды: "Халықпен сайланған қауымдар палатасы мемлекетте жоғары билікке ие. Қауымдар палатасының заң деп хабарлағаны лордтар мен корольдың қарсылығына қарамастан заң болып табылады ".
Әлемдік тәжірибе көп елдерде екі палатадан тұратын заң шығарушы органның қызмет етуін көрсетеді. Бұл ретте АҚШ Парламенті екі палатадан тұратын және оларды құруда тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдаланған алғашқы Парламенттердң бірі. Мұндай елдерде екінші (жоғары) палата аристократияның өкілдігін және төменгі палатаны тежеу үшін енгізілген. Көптеген ғалымдар жоғары палатаны Парламенттің интегральдық бөлігі ретінде қажет деп белгілей отырып, оны төменгі палатаға қатысты тежеуіш ретінде ойластырылған дейді. Дж. Адамс Сенаттың өкілеттігін төменгі - өкілдер палатасын ауыздықтауы тиістігімен байланыстырса, Медисон "Сенат төменгі палата өз билігін асыра ("во зло") пайдаланған жағдайда қажет" деп жазды. Парламенттің екі палаталы құрамының қажеттігін біраз адамдар мемлекеттік құрылыстың федерация нысанына таңды. Ал унитарлық мемлекеттер үшін екі палатаның болуы ешбір саналы негіздемелерге ие емес деп есептеді.
Қазақстан елінде қызмет атқарған Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.
Бүгінде Парламент заң шығару қызметімен айналысатын жоғары өкілді және бүкілхалықтық орган. Сондықтан, Конституциямен оған барша халықтың, мемлекеттің атынан өкілдік ету мәртебесі берілген. Қазақстан Республикасы азаматтарымен құрылатын Парламенттің негізгі, басты мақсаты - міндеті заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу .
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздігін жариялауының алдыңғы жылдарында мемлекетіміздің зандылық негізі ҚазКСР заңдары мен жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының заңдарынан пішілген "құрақ" тәрізді болды. Ең бастысы - мемлекеттік биліктің конституциялық базасы қарама-қайшылықта қалды. Сонымен, соңғы он жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандық Парламентаризм дамудың келесідей үш сатысына
1978 жылғы ҚазКСР Конституциясының 97-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына сәйкес бірден - бір заң шығарушы және жоғары өкілді орган (62-бап) болып табылатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі;
1995 жылғы Конституция бойынша заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып табылатын қос палаталы Парламент
2. Қазақстан Республикасы Парламенті. Парламент палаталары депутаттары
Парламент (ағылшын тілінде parlament,французша parler-сөйлеу)жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып, парламент заң шығарушылық қызметті атқарады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 палатадан тұрады.
Парламент
Мәжіліс
Сенат
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі -- бес жыл Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
3-сызба. Парламент құрамы
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады .
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi (4,5-сызба).
Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сессиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа, қандай да болсын аманат пен тапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалаушы кеңесінің құрамына кіруі, сондай-ақ, жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.
Парламент Палаталарының төрағалары
Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды
Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды
палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады
Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады
Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi
өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады
4-сызба. Парламент Палаталары төрағаларының міндеттері
Мәжiлiс Төрағасы
Парламент сессияларын ашады
Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады
5-сызба. Мәжіліс төрағасы міндеттері
Депутат өз мәртебесін пайдалана отырып, халық ішінде болып, олардың талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруі керек. Сөйтіп, парламент депутаттары халық пен билік арасындағы көпір іспеттес деп айтуға болады. Сондықтан да депутаттыққа білімі жоғары, парасатты, адамгершілік қасиеттері мол, өз мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, ділін құрметтейтін тұлғаның сайланғаны дұрыс болар еді. Кейде мұндай талаптарға сай келмейтін депутаттардың да сайланып кетіп жатқаны бар. Бұл - халықтың ренішін парламентке деген сенімін азайтып жіберетін факторлар. Әрине ондай депутаттар төбе көрсетіп қалатыны рас. Жалпы Қазақстан парламентінің бесінші шақырылымына дейін халыққа танымал тұлғалар депутаттыққа көп сайланды. Олар осы парламент мінберінен халықтың мұң-мұқтажын қорықпай, ашық айта отырып, ел сенімінен шыға білді. Осындай еңбегінің арқасында нағыз құрметті азаматтарға айналды. Айталық, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Бекболат Тілеуханов, Нұрлан Өнербаев, Нұртай Сабильянов, Сәт Тоқпақбаев сынды депутаттар өз мәртебелерін дұрыс пайдалана отырып, халықтың үмітін ақтай білді. Өздерінің азаматтық борыштарын халық алдында абыроймен атқара білді, шын азаматтық келбеттері танылды. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 16-бабында Парламенттің заңдар қабылдау жөніндегі құзыреті былай деп көрсетілген:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiнде;
7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Осыған қарап, парламент депутаттарының құзыретінің кең ауқымды екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Сондай-ақ парламент сессияларындағы талданған мәселелер ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі шынайы түрде жеткізіліп тұрады.
3.Заң шығару бастамашылығының субъектілері
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң шығару бастамашылығы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады, делінген. Осы тармақтың конституциялық ережесінен заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына осыған құқығы бар субъекті ғана енгізе алады дегенді түсінуге болады. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiсінiң Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң шығару бастамашылығы болып табылады.
Заң шығару бастамашылығы тек қана Мәжілісте жүзеге асыру деген Конституцияның 56-бабының 1-тармағына сәйкес заң жобасын қарауға қабылдау Парламенттің осы Палатасының қарауына ғана жатқызылғанын білдіреді. Заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында (Республика Парламентiндегi заң шығару процесi деген ІІІ тарауда) белгіленеді.
Сөйтіп, заң шығару бастамашылығы көрсетілген үш субъекті Қазақстан Республикасы Парламентінің шеңберінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы өкілеттігі Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңда реттелген. Осы Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес заң шығару бастамашылығы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді, заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Парламент Конституцияда белгiленген тәртiппен жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президенті заң шығару бастамашысы болу құқығына 2007 жылдан бастап қана ие болғанын атап өткен жөн, 2007 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде заң шығару бастамашылығы құқығына ие тұлғалардың субъективті құрамы кеңейтіліп, оның құрамына Қазақстан Республикасының Президенті енгізілді. Бұрын Президенттің заң шығару бастамашылығы құқығы болмаған еді, алайда ол Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсыратын (Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңның 14-бабының 7) тармақшасы), сондай-ақ Үкіметке заңнамалық тапсырмалар беретін еді (Конституцияның 44-бабының 3) тармақшасы).
Мемлекет Басшысы алғаш рет заң шығару бастамашылығы құқығын Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын Парламенттің қарауына енгізе отырып 2007 жылғы мамырда іске асырды.
Заң процесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz