Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы:Күрделі аталымдар құрылымы (түр-түс бірліктері)
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі
Орындаған: Рахат Айсұлу КОК-81
Тексерген: г.ғ.м,. аға оқытушы Мусин Л.Қ.
Бағасы:
Көкшетау, 2020
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
2.1 Күрделі аталымдардың басты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Күрделі аталымдардың уәжделу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3 Түр-түсті білдіретін күрделі аталымдар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..13
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .19
IY.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...21
Кіріспе
Зерттеу нысанының өзектілігі. Сөз байлығының тoлығу aрнaсы - тілдің сөзжaсaмы. Aлайда, сөзжaсaмның әлі де қaдaу-қaдaу зерттейтін қырлары бaршылық. Соның бірі - күрделі aтaулaр. Жaлпы қағидa бойынша қaй тілде болмaсын зaт пен құбылысқа ат беру - бірінші орында болатыны бәрімізге ақиқат. Тілдің лексикалық қaбaтын қaмтитын зaттың күрделі aтaулaры - атау ретінде, мағынаны белгілеуде, ұғымды таңбалауда, тиімді тәсілдің бірі десек, сол құбылысқа айдар тағып, ат берерде кез келген сөзбен таңбалай салмайды. Сол реалийлердің өзіндік сыртқы, ішкі белгілерін, ерекшеліктерін, қасиеттерін адам баласы ой елегінен, таңдап, талғап, санасынан өткізеді. Соның ерекше біреуі - таңдалым болып саналады да, атауға себепші негіз болады. Сөйтіп, атау беруде реалийлердің бүкіл ерекшелігі, қасиеті, табиғаты ескеріледі, сараланады .
Зат пен құбылыстың атауы - тек сыртқы тұрпат тұрғысынан таңбалау емес, ол танымның да көрінісі болып табылады.Себебі, аталым үрдісінде бір атауды екінші атаудан ажырата алатындай өзіндік ерекшелігі болуы қажет. Кез келген екі сөзді біріктіргеннен, тіркестіргеннен, атау тумайды. Демек, аталым мен реалийлердің арасындағы байланысты, себепті шешіп алмай, оның шығу тегін анықтау мүмкін емес екенін байқауға болады. Зат пен құбылыстың негізі белгілерін айқындап беру аталым теориясының негізгі міндеті болып табылады. Аталым шарты бойынша аталатын нысан мен атау арасындағы түрлі уәжденуші белгілер арқылы қалыптасатындығы айқындалады. Атаулардың қалыптасуындағы қоршаған ортаның(табиғат,қоғам,адамзат) түрлі қасиеттері мен ерекшеліктері негіз, атау жасайтын құрал бола алады. Мысалы: аяққап пен қолғап,шашқап пен уыққап, көрпеқап,кесеқап;аяқбау, шашбау, уықбау, желбау, атамекен мен атажұрт,атақоныс, атакәсіп пен атамұра осылардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар екенін байқаймыз. Сол сияқты ойтүрткі, пікірсайыс,текетірес,ізбасар, тұсаукесер, елтаңба, Елорда, атсайыс, атбегі, төраға, төрайым, жанбағыс, күнкөріс т.б. күрделі жасалымдар жаңа мазмұн алған лексемалар соның көрінісі.
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды. Туынды сөздің жүгі ауыр, әсіресе оған батыл барып,назар аударатын мәселелердің бірегейі - аталым, уәждеме салалары. Аталым ұғымы реалийлерге ат беруге байланысты қолданылады. Аталым атауды жасау үрдісі ретінде сөзжасамға енгізілген. Күрделі аталым - әр түрлі сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жасалынып, реалийлердің танымдық ұғымы мен белгісін айқындайтын таңбаның мағынасын бейнелеп беретін жаңа атау. Қазіргі таңда аталымды жасаудағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы лингвистикада кешенді түрде зерттелуде. Тіл мен ойлау - бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Қазақ тілін талдап тануда А.Байтұрсынұлының еңбегін ерекше атау керек. Тілші-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: ...қазақ сөзі не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту) не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі жасанды сөздер - деп жаңа термин ретінде өзі ендірген сөздердің қызметі жөнінде нақты пікір білдірген болатын. Тілдегі таным көрінісі болып табылатын таңбаны ғылыми тұрғыдан саралап-талдау қазақ тіл білімінде өзекті мәселе болып саналады. Таңба-аталым неден басталады, қандай заңдылықтармен жүзеге асады, белгілері қандай деген сауалдар, оның дамуы және қалыптасуын терең зерттейді және талдағанда ғана шешімін табады. Тіл білімінде сөзқосымға көбірек назар аударылды. Осы кезеңдерден бастау алып, күрделі сөздерге мән беріліп, қарастырыла бастады. Дегенмен,күрделі сөздің ішінде, заттың күрделі атаулары орыс тіл біліміне де, әсіресе, соңғы уақытта заман талабына сай, жалпы сипаттамадан гөрі, жекеленген мәселелеріне баса назар аударылып, олардың мағыналық құрылымына, мағыналық топтарына,қалыптасудағы теориялық заңдылықтарына , ерекшеліктеріне, аспектілеріне мән берілуде. Ал осы тұрғыдан алып қарағанда түркітануда күрделі сөздің мағыналық құрылымын терең зерделеп, оны уәждеме заңдылықтарымен сәйкестендіру негізінде аталым тұрғысынан зерделенуі, құрастырушы сыңарлардың қаншалықты дәрежеде уәжділіктің немесе уәжсіздіктің қатысы бар деген мәселелер сөз болып көтеріліп, арнайы тақырып болып, табиғаты белгілі дәрежеде айқындалып, зерттелген емес. Сондықтан, күрделі атаулардың осы тұрғыдан саралануы, айқындалуы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Жұмыстың нысаны. Күрделі аталымдардың ғылыит негіздері мен басты ұстанымын анықтау. Күрделі аталымдардың қолданыс аясын зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
-қазақ тіліндегі күрделі аталымдардың жасалуын қазіргі деректер ретінле зерттеу;
-күрделі сөздердің құрылымын анықтау;
Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалды:
-Күрделі аталымдар жайлы қазақ тіл білімінде қалыптасқан жалпы мәліметтерді толықтай қамту;
-Күрделі атаулардың жасалуы мен қолдану аясын қарастыру;
2.1.Күрделі аталымдардың ғылыми негіздері мен басты ұстанымдары
Қоғам өміріндегі қарым-қатынастың ең басты құралы саналатын тілді халық жоғары бағалайды және оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Әр түрлі құбылыстар, қоғамның дамуы,өмірдегі өзгерістердің бәрі де тілден көрініс тауып, аталым ретінде халық қазынасына айналып отырады. Оның басты көрсеткіштерінің бірі - оның сөзжасам, терминдік жүйесі. Тілде жаңа аталым және термин жасау, оның сөзжасамдық, терминдік жүйесін сөздік құрамын, реттеудің негізгі көзі біріншіден, ұлттық тілдің сөздік құрамы, лексикалық қабаты әдеби тілі, болып табылады.
Қазақ тілінде атау, сөз жасау күрделі мәселелердің қатарында жатады. Ол - негізінен тілдегі сөзжасам үдерісінің аясына кіретін мәселе. Сөзжасам үдерісінде, оның ішінде күрделі аталым мәселесінде тілшілердің тірек ететіні негізгі қазақ тілінің лексикалық қоры және оның негізгі сөздік құрамы. Жаңа аталым түбірлер негізінде ,сөздік қордағы байырғы сөздердің негізінде жасалады. Сөзжасам саласында әр түрлі құрылымдық типтер (түбір, туынды түбір, күрделі аталым (сөз), тіркесті атаулар т.б.) көп кездеседі.
Күрделі аталымның қоғамдық өмірде қолданыс аясы өте кең. Тіл білімінде тілдік бірлік ретінде танылатын күрделі сөзге тән және оны сөз тіркесінен ажырататын морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, семантикалық тұтастық құрылымдық белгілері алынады.
Түркітануда Ф.А.Ганиевтің Образования сложных слов в татарском языке деген еңбегінде татар тілінде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздердің құрылымы туралы:
сыңарлардың атрибутивтік қатынаста келуі;
сыңарлардың комплетивтік қатынастағы сөзқосымдар.
Ғалым қазіргі татар тілінде күрделі сөздің көбі сыңарлардың атрибутивтік қолданыста келуінен жасалған деген пікір білдіреді. Бұл тәсіл бойынша бірінші сыңар екінші сыңардың атрибуты ретінде қызмет атқарады. Күрделі сөздердің сыңарларының байланысы және арақатынасы жайында жаңа бағытта Б.Қасымның докторлық диссертациясында, теориялық негіздерін уәждеме және аталым теориясына негізделген ұстанымдарын көрсеткен. Күрделі аталымдардың сыңарлардың мағыналық үйлесімдік сәйкестігі, семантикалық үйлесімдік, қарым-қатынастағы мағыналық т.б. сыңарлардың мағыналық дәрежесіне қатысты шығады. Осыдан барып, күрделі сөздердің сыңарларының уәжділік дәрежесі қалыптасады, жалпы күрделі аталымның біртұтас мағыналық құрылымы қалыптасады:
Күрделі атау - тілдік аталым құралы, тілде туынды лексема ретінде қалыптасқан сөздер. Нақтырақ айтсақ, лексикалық күрделі атауларды қалыптастыру - тілдік қордағы бар байырғы сөздерді пайдалану, сөзжасамдық құралдарды қолдану, сол арқылы жаңа атау сөз жасау. Күрделі атаулар тілдік және тілден тыс ұғымдардың зат -- таным -- ұғым -- мазмұн -- мағына -- белгі -- таңба т.б. жиынтығынан тоғысып, бір-бірімен байланысып түзілетін лексикалық бірліктер болып табылады. Сөзжасам негізінде жасалған күрделі атауларды даяр тілдік бірліктер дейтін болсақ, олардың ішкі мағыналық құрылымы (ішкі мағыналық құрылым - внутрення форма слова) - жаңа күрделі аталымдардың табиғатын айқындауға жол сілтейтін, шешуге мүмкіндік жасайтын негізгі тәсіл. Ол күрделі атаудың мағынасын қалыптастырудағы негізгі құрал.
Ал сыңардың мағынасы жайлы түркологияда бірізге түсіп, толық жүйеленген жоқ. Бірақ мұны мүлдем айтылмаған деуге болмайды. Әр түрлі пікірде, әр түрлі дәрежеде зерттеулер бар. Мысалы, Э.В.Севтортян Словообразование в тюркских языках, Ф.А.Ганиевтің Образования сложных слов в татарском языке еңбектерін тілге тиек етсек болады.
Тіл ғылымында сөзжасамдық зерттеуге және оның қоғам үшін маңызын, мәнін, анықтап, саралауда Е.С.Кубрякова, А.И.Моисеев, О.И.Блинова, Н.Д.Голев, Б.О.Орузбаевалардың т.б. және қазақ тілі сөзжасамы және терминінің алғашқы іргетасын қалаушылар, негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов т.б ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл сала арнайы, белгілі бағыт-бағдары зерттеу нысаны бар, өте кең көлемдегі лингвистиканың саласына айналды. Осы саланы терең зерттеп, ой-пікір айтып жүрген тілшілер Н.Оралбай, Ғ.Қалиев, Ө.Айтбаев, Н.Уәли, Б.Қасым, А.Салқынбай, Ш.Құрманбекұлы т.б. сонымен қатар арнайы зерттеп жүрген жас тілшілерді атауға болады.
Жаңа термин, атау,жаңа сөз, жасаудың тілдерде оның ішінде, әсіресе түркі тілдерінде қалыптасқан бірнеше жолын атап айтуға болады: ситетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, семантикалық тәсіл және калькалау тәсілі. Бүгінгі күні баспасөз беттерінен көрініп жүрген, қалыптасып жатқан жаңа атауларды айтуға болады. Солардың бірі - күрделі аталымдар (сөздер). Күрделі сөзге қатысты әркімді толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен толымды ойлар мен ұсыныстар бар екені белгілі. Солардың бірі - күрделі аталымдардың жазу емлесі . Әлі күнге дейін дұрыс жүйеленбеген, бір ізге түспеген, жазу мәселесінде бірізділік байқала бермейді (нормаланбаған). Әлбетте, жазу емлесі барша жұртшылыққа бірдей болғандықтан, оның ереже-емлесі де қалың қауымға ортақ, көпшілікке тұрақты болуы тиіс. Жазу белгілі бір тәртіпке ,жүйеге бағыну керек. Ол сауаттылықтың ұстанымы, негізі болуы тиіс. Әсіресе, сөз тіркестері мен күрделі сөздер бір ізге түспегендіктен, БАҚ, бүгінгі баспасөз беттеріндегі,жарнамадағы қателіктерден аяқ алып жүре алмайсыз. Қалың жұртшылықты толғантып жүрген мәселе де осы күрделі сөздің төңірегінде. Мысалы, әлем тілдерінің ішінде: ағылшын, орыс, неміс тілдеріндегі күрделі сөздер номинациялық қызметке жетсе, оларды міндетті түрде бірге жазу принциптерін ұстайды. Дәлел ретінде мына сөздерді келтірейік: зубопротезирование, бензозаправка, грузотакси, цветомузыка, цветопсихолог т.б.
Қазақ тілінде соңғы оншақты жылдың ішінде әлеуметтік, саяси, мәдени өміріміздегі жаңа ұғымдармен байланысты қаншама күрделі сөздер еніп,пайда болып отыр. Бұл сөздер - жазу тәжірибемізде көп қиыншылық тудырып келе жатқаны да өзекті мәселе және бұл мәселе бізге белгілі. Мысалы ататек, , елбасы, елтаңба, төлқұжат,әнұран, елорда, ақорда, атазаң, тілашар, , отбасы, ойсана, ойтолқын, ойпікір, мерейтой әуежай, жұмыр жер, әуеайлақ, ұжымшар, мұражай, пікірхат, ғаламшар, ғарышжай, айыппұл, жолсерік, бетбұрыс, ақтаңдақтар, бағдаршам, зілзала, өмірдерек, тұрғынжай, ғарыш айлағы, қазылар алқасы, пресс-хатшы, пресс-брифинг, пресс-конференция, конгресс-холл, астана-холдинг, бизнес-семинар, көрме-жәрмеңке, ААҚ , КМҚК, ЭЕМ, ТМД, , ЖШС, ЕҚЫҰ, ЖАКҰҒА, т.б. осы сияқты сөздер жаңа мағынада жұмсалатын күрделі сөздер. Бірақ осы сөздердің жазылуы сөздіктерден бастап, күнделікті баспасөз беттеріндегі ала-құлалықты байқауға болады.
Күрделі сөздерді бірге немесе бөлек жазу үшін қағида, ережелер баршылық. Мәселе жазу ережесінде емес, соған сәйкес келетін күрделі сөздерді басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда. Ол үшін күрделі сөздің номинациялық негізін (мотивін) анықтап, сөздік дәрежесіне қай уақытта жетеді, соны шек келтірмейтіндей ғылыми дәрежеде дәлелдеп, анықтау керек. Күрделі аталым - дара сөз секілді қатысым және атаулық тілдік қызмет атқаруымен қатар, бірінші кезекте, тілдік атауыш) құралы, тілде туынды лексема ретінде қалыптасқан сөздер. Күрделі сөздер (күрделі зат есім де) бүкіл тілдік деңгейлердің жиынтығынан (ұғым, мазмұн, мағына, белгі, таңба т.б.) түзіледі. Сөйтіп, кез келген күрделі аталымның қалыптасуы тіл жүйесіндегі түрлі заңдылықтар мен сөзжасамдық үрдістерге байланысты қалыптасатынын байқауға болады. Демек, жаңа атау сөз - жаңа лексема. Сөзжасам негізінде жасалған күрделі атау сөздерді даяр тілдік бірліктер деп санап, олардың ішкі семантикалық құрылымынан жаңа реалийлердің табиғатын түсінуге болады. Сондықтан сөздік осы олқылықтың орнын толтыру үшін істеліп отыр. Бұл - күрделі сөздерді жүйелеуге ұмтылыс нышаны және дұрыс қолданудың қамы деуге болады.
Тілімізде соңғы оншақты жылдың ішінде терминдер мен жаңа атаулар қолданыс таба бастағанын білеміз. Олар баспасөзде де, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болды. Қалың көпшілік осы күрделі сөздердің беретін мағынасына келгенде және қалай жазылуы керек деген сұраққа жауап беруге қиналатыны анық. Оның себебі де түсінікті, өйткені кез келген күрделі сөзді (күрделі аталым) алсаңыз, жазу емлесі әр түрлі болып келеді. Сол себепті сөздіктердегі, жаңасы бар, бұрынғысы бар ақпараттар, баспасөз беттеріндегі, жаңа қолданыстағы күрделі зат аталымдарының басын жинақтап, тұңғыш рет қалың жұртшылыққа ұсынылған болатын. Әрине, бұл жерде Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, түркітанудағы, жалпы тіл біліміндегі соңғы жаңалықтарға сүйенді және негізге алған болатын. Әсіресе ғылым, техника, медицина, мәдениет, өнер, өнеркәсіп, шаруашылық, тұрмыс, жануарлар, өсімдіктер әлеміне т.б. салаларына қатысты қалыптасқан күрделі атаулар мен кейбір терминдердің түрлері өте жақсы қамтылды. Оларды құрамдық түріне қарай: біріккенкіріккен, тіркесті күрделі аталымдар, қосарлы аталымдар, қысқарған аталымдардың түрлері деп бөлінеді.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жазылуын заңдастыру, күрделі аталымдардың сөздігін құрау, оған емле ережелерін жасау, - бүгінгі қазақ орфографиясындағы басты мақсат болып табылады. Әрине, күрделі сөзге байланысты қазақ орфографиясында қайшылықтар мен кемшіліктер жоқ емес. Осы мәселенің басын ашып, бір ізге салудың жүйесі қарастырылды және келешекте қарастырыла бермек те. Бұл үрдіс - үнемі жүре беретін үрдіс. Сондықтан сол жүйеге сүйеніп, әртүрлі жазылып жүрген күрделі аталымның біразін біріккен сөз ретінде береді. Сөйтіп, өзара қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап және оны сол тілде сөйлейтін кез-келген адам жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да, сол бір саланың мамандары арасында ғана қолданылады.
Сөздіктерде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі аталымдар бар. Олар: ақ берен, ата мекен, су жылан, оқ жылан, бес атар, алты атар, бет ашар, боз қырау, боз торғай, қара торғай, суық торғай, ит аяқ, ит жуа, көк жөтел, құлақ бау, жел бау, жеті ата, ақ қайың, тоқ шек, ащы ішек, , ақ сауыт, кіндік шеше, аса таяқ, ас бұршақ, итала қаз, ақ құр т.б. осылар тәрізді сыңарлары бөлек жазылатын сөздер деп берілген. Ал осы бір ұғымды білдіретін атаулық мәнге ие, заттың атауы болғандықтан бұл күрделі атаулар бірге жазылуға тиіс.
Күрделі зат аталымдарының сыңарларының көбі атрибутивтік қатынасынан пайда болған. Өйткені, олардың құрамындағы сыңарлардың бірден алғашында басқа заттан ажырату ерекшелігін білдіретіндей дәрежеде қызмет атқарғанымен, кейін келе олар дербестігінен айырылып қалып, күрделі сөздің бір бөлігі ретінде көрініс табатын дәрежеге жеткен. Сөз тіркесі мен күрделі аталымның арасындағы осы ұқсастық жазу емлесіне де өз әсерін тигізуде. Мысалы, Жұма күні басталған ақжауын (күрделі аталым) басылар емес. Ақ қырау (түс) - қыстың негізігі белгілерінің бірі.
Сыңарлардың қатынасы тұрғысынан пайда болған күрделі аталымдардың бірінші сыңары барлық сөз таптарынан болуы мүмкін.
Тип: Зат есім+зат есім: Сужылан, оқжылан, жолаяқ, көзәйнек т.б.
Өсімдіктер: меңдуана, қарақат, адыраспан т.б.
Мекен: атажұрт, атақоныс, атамекен, ақорда т.б.
Туыстық атаулар: кіндіката, қайыната, қайынбике, қайынене, қайынсіңілі, қайынжұрт, кіндікбала, кіндікшеше.
Тип: Сан есім+зат есім: Үшбұрыш, алты алаш, алты арыс, жетіата, жету ру.
Тип: Сын есім+зат есім: аспабесік, аспашам, Ақ үй, сарымай, ақжацын, аққұман, ақөлең, қараөлең, қарасөз т.б.
Киім атаулары: ақберен, ақсауыт т.б.
Өсімдіктер атауы: ақтамақ, ақбаттауық, ақсора, ақселеу. т.б.
Жан-жануарлар атаулары: ақбалық, ақбөкен т.б.
Күрделі номинациялық атауды түрліше жазу негізгі өлшем еместігі өмір тәжірибесінде де байқалып жүр, бұл жерде негізгі ұстаным белгілі бір ұғым атауының негізделуі. Әрине, күрделі сөздерді бөлек жазғанда, ұтылатын жеріміз - сөздіктерде атаусөз сөз ретінде енбей қалуы. Бұл күрделі сөздердің сөздік қордан тыс қалуы деген сөз. Күрделі сөздер - сөздік құрамның баюының бір жолы, арнасы. Мысалы, қайнаға, қайны деген күрделі зат аталымдары біріктіріліп, кіріктіріліп жазылатындықтан, жеке лексема ретінде сөздіктерге еніп отыр. Ал, осы типтес қайыната, қайынене, қайынжұрт (Б.Қасым -біріккен сөз деп берген) т.б. тіркес ретінде бөлек жазылғандықтан, лексикалық бірлік, аталым ретінде алынбай, сөздіктерде ұяда берілген. Мұндай мысалдар қай сөздікті алсақ та, баршылық.
Ал, сөзжасамның аналитикалық тәсілі, оның да терминжасамға тигізер септігі мол. Бұл екі немесе одан да көп сөздердің біріктірілуі арқылы жасалынатын тәсіл. Сонымен бірге ол сөздердің немесе терминдердің тіркесімі арқылы да жасалады. Мынадай басты үлгілерді жіктеп көрсетуге болады: біріншіден, термин құрайтын екі сыңардың екеуі де бір-біріне тәуелсіз тең. Мағыналы төл түбірлер болып келуі: көзқарас, үшбұрыш, өнеркәсіп, еңбекақы, қолтаңба, өмірбаян. Сол сияқты төл түбір мен кірме сөздердің бірігуінен жасалған үлгіде қарастырылады: киножарнама.
Бұл ретте кейін күрделі термин жасауға септігі тиген байырғы қос сөздердің қатарын есте сақтауға тиіспіз: тәлім-тәрбие, үгіт-насихат, оқу-ағарту сияқтылар осы ретпен келіп қосылған күрделі аталымдар.
Қысқарымдар (Аббревиация) амалдары да сөзжасамда кеңінен қолданылады. Бұл біздің тілде ғана емес, басқа тілдерде де тіл дамуының негізінде орыс тілі арқылы пайда болған сөзжасам, терминжасамдағы жаңалықтың бірі саналады. Әр түрлі үлгімен қалыптасады:
Толық мағыналы екі не үш сөздің басқы буындарын қысқарта біріктіру арқылы жасалған, сондай-ақ бірінші сыңардың бірінші буыны мен соңғы сыңардың толық түрінен құралған терминдер.
Бірінші сөздің алғашқы буыны мен келесі сөздердің басқы әріптерімен қысқарған терминдер: ҚазҰПУ, ҚазҰУ, ТМД, Қазмұнайгаз.
Орыс тілінде қалыптасқан, қысқартылып айтылатын терминедер: ТЭЦ, ГРЭС, УАЗ, МИГ-28.
Аударма тәсілі. Бірі - мағыналық аударма, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі - мағыналық құрылымын беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Мысалы, бейнежазба (видеоапись), қайта өркендеу (возраждение), лауазымды адам, сап белгісі.
Қазақ тілінің бүкіл күрделі сөз байлығы осымен шектелмейді. Оның сан-саласы жетіліп, қалыптасып, даму үрдісін бастан кешіруде. Сөзжасамның өзіндік жасалу өрісі, қалыптасуы, даму тарихы бар. Сондықтан оның жазу ереже-емлесі де күн тәртібінен түспеуі тиіс.
2.2 Күрделі аталымдардың уәжделу жолы
Қазақ тіл біліміндегі уәждеме саласы - жаңадан қалыптасу барысындағы жас ілім. Оның аталым үдерісінің табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдерде баса назар аударыла бастады. Сөзқосымдағы уәждеме үрдісіне зерттеу жүргізген Б. Қасым бұл құбылысқа мынадай анықтама берді: Уәждеме - аталымның жасалуындағы алдын-ала жасалатын міндетті баспалдақ болып табыладыы. Сөзжасамдық уәждеме - құрастырушы сыңарлардың арасындағы қатынастар мынандай белгілерге ие болады: бір сыңардағы мағына толығымен екінші сыңардағы мағынамен мағыналық үйлесім жасап кірігеді, екі сыңар да күрделі сөз жасауға қатысады, кіреді. Тілдің барлық қабаттары белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынады,жүйесіз кез келген сөз тіркесе бермейді, Атау жасаудағы алғашқы белгілердің таңдалуы, тілдік бірліктермен бекітілуі аталымның негізін құрайтын әрекеттер.
Жалпы күрделі аталымдар уәждеме теориясына келсек, қазақ тіл білімінде күрделі атаулар 1980 жылдарға дейінгі еңбектерде сөз тұлғасының бір түрі - күрделі сөз деген ұғымда морфологиялық категория ретінде қарастырылып келгені және 1989 жылдан бастап сөзжасам жүйесінде қарала бастағаны белгілі. Күрделі атаулардың кең тараған бір түрі заттың күрделі атауларын сөзжасам жүйесінде кешенді түрде арнайы зерттеу профессор Балқия Қасым еңбектерінен басталады десек, күрделі атаулардың ол жасаған басты тұжырымдамаларына тоқталып көрейік.
Бірінші, күрделі атауларды анықтау жөніндегі тұжырымдамаға келетін болсақ, Б.Қасым күрделі атауларды анықтау үшін, лингвистикада қалыптасқан үш түрлі ұстаным-белгіге сүйенеді. Оның біріншісі құрылымдық тұтастық белгісі. Күрделі атау да жалаң сөз тәрізді парадигмалық қатынастарға түсе алады, бірақ оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек емес, тұтасқан күйінде түрленіп бір тұлғаға ие болады. Сыңарларының орнын ауыстырып, қалыптасқан күйін өзгертуге болмай ды. Екінші мағыналық тұтастық белгісі. Бұл белгі бойынша күрделі атаудың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, біртұтас мағынаны білдіріп жеке атау болады (Жезқазған, көкқасқа, бозбала). Үшіншісі, синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі атаулар сөйлеу, қатысым әрекетінде даяр қалпында қолданылып, лексикалық бірлік ретінде сөйлемнің бір мүшесі бола алады.
Екінші, күрделі атаулардың уәжділігіне байланысты тұжырымдама. Сөздің уәжділігі жайындағы зерттеулерге сүйене отырып, тіл білімінде бұрын негізінен синтетикалық сөзжасамда қолданылып келген уәжділік, уәждеме теориясын автор аналитикалық сөзжасамда қолданып, сөзжасамдық уәждеме теориясын әрі қарай кеңейткен.
Аталымдық белгі, оны таңдау туралы тұжырымдамада автор атаудың пайда болуында аталатын нысанның өзіне тән белгісін анықтауға, яғни белгі таңдаудың мәні зор екеніне назар аударды. Күрделі атаулардың тарихи қалыптасуы жайындағы байламында ғалымның түсіндіруінше, қазақ тіліндегі күрделі атаулардың алғашқы қалыптасу кезеңі көне түркі (Орхон-Енисей) заманынан басталып, одан кейінгі ортағасырлық дәуірлерде жетіліп, сараланып отырған. Күрделі атаулардың негізінде сөз тіркестері жатыр. Олардың атаулық қызметіне ауысуы сөз тіркесінің ономасиологиялық сипатына байланысты. Мәселен, атқа міну тіркесі ономасиологиялық негізді жасаса, осы тіркестің алдыңғы сыңары ономасиологиялық белгіні танытады, ал одан шыққан атқамінер күрделі атау болып табылады. Осылайша сөз тіркесінен күрделі атаулық лексемалар туындайды.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің теориялық негіздерін зерттеген ғалым Б. Қасым оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz