Заңды тұлғалардың таратылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Коммерциялық емес заңды тұлғалар - пайда келтіруді осындай мақсат ретiнде қоймайтын жəне алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республика-сының заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары кұрыл-тай құжаттарымен айқындалады.

Міне осы қасиеттердің не екендігін білу үшін, олардың қалай сараланатындығын табу үшін мен курстық жұмысымда коммерциялық емес заңды тұлғалар және оның ішіндегі коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері жайында жазамын.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Курстық жұмыс барысында коммерциялық емес заңды тұлғалардың қалыптасу тарихына шолу арқылы олардың қандай белгілі түрлері бар екендігін, әр жерде бұл ұйымдар қалай ауысып отырғандығын және олардың территориялық орналастырылуына байланысты нысандарының өзгеруін қарастырдым. Курстық жұмыстың басты өзектілігі - коммерциялық ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста дамуын көрсету.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - кіріс түсіруді көздемейтін, олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажеттігін көрсету, коммерциялық емес ұйымдардың негізгі элементтері арқылы олар қай жерде қалай қолданатындығына толық сипаттама беру мүмкіндігі.

Курстық жұмыстың пәні. Курстық жұмыстың көтерген негізгі мәселесі - коммерциялық емес ұйымның негізгі қағидаларын, оның ішінде жекелеген түрлерін жан-жақты ашу және талдау.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бұл курстық жұмысымның басқа жұмыстардан ерекшелігі: коммерциялық емес ұйымдар және коммерциялық ұйымдар жөнінде толық мағлұмат алуға болады. Жұмысымда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, коммерциялық емес ұйымның не екендігін, оның қандай түрлерден тұратындығын және оның әрбір элементіне жан-жақты анықтама тауып, толыққанды түсінуге болады. Бұл көптеген тарихи, ғылыми жұмыстарға бастау бола алады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы бұл курстық жұмысым кіріспе бөлімінен және де негізгі екі бөлімнен тұрады. Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Заңды тұлғаның жалпы сипаттамасы

Заңды тұлға деп меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз
мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне
мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады (ҚР АК 33-бабы) .
Заңды тұлғаның негізгі белгілері - азаматтық айналымда өз
атынан жауап беру, мүліктік оқшаулық жəне өз міндеттері бойынша
жеке мүліктік жауапкершілік.

Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның атында заң құжаттары арқылы танылатын жəне қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығы. Көбінесе, мүлік
заңды тұлғаның меншік құқығында болады. Өзге жағдайларда заңды
тұлғаның мүлкі шаруашылық жүргізу құқығы негізінде танылады, бұндай құқықтарға тек мемлекеттік кəсіпорындар ие. Өйткені
мүлікке меншік құқығы меншік иесінің өзіне тиесілі болады, ал заңды
тұлғаның мүлікке билік ету құқығына белгілі шектеулер қойылады.
Ал, мүлікті иелену жəне пайдалану құқығына шектеулер қойылмаған. Кейбір заңды тұлғалардың мүлкі ең шектеулі заттық құқық болып табылатын жедел басқару құқығы негізінде беріледі. Мұндай
құқықтарға мекемелер жəне қазыналық кəсіпорындар ие.
Бірақ кез келген жағдайларда мүлік:
А) іс жүзінде заңда тұлғаға тиесілі болады,
B) оның қызметінің материалдық базасы болып табылады,
С) заңды тұлғаның қарыздары жəне міндеттемелері бойынша
материалдық жауапкершілігін өтеудің қайнар көзі болып табылады,
жеке баланс немесе сметамен бекітіледі.
Өз міндеттемелері бойынша заңды тұлға өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді. Аталған заңды тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның қызметкерлері,
өзге заңды тұлғалар не мемлекет жауап бермейді. Өз кезегінде, ол да
өзінің құрылтайшыларының, қызметкерлерінің, өзге заңды тұлғалар
мен мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Сонымен бірге, бұл ережеден АК 44-бабында өзгеше белгілі бір
ережелер бекітілген. Дегенмен, мұндай өзгешеліктер болғанның
өзінде де, борыштары бойынша бірінші кезекте заңды тұлғаның өзі
жауап береді жəне оның мүлкі жеткіліксіз болған кезде ғана заңда
белгіленген өзге тұлғалар жауап беруі мүмкін. Осы ереже аясына
арнайы қаржы компаниялары, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер, мемлекеттiк мекемелер жəне қазыналық кəсiпорындар жатуы мүмкін.
Заңды тұлғаның борышы бойынша меншік иесінің жауапкершілігі осы ретте, қосымша (субсидиарлы) болып табылады.
Бірқатар жағдайларда, заңды тұлғаның борышы бойынша субсидиарлы жауаптылыққа оның қатысушыларының (мүшелерінің)
тартылатындығы заңнамалық актілерде бекітілген. Атап айтқанда,
АК 84-бабында қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің
қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiндігі, ал бұл сомалар
жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi
еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiндігі
қарастырылған.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-əрекетiнен
туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған
жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.
Сонымен қатар, заңдарда құрылтайшылардың егер олардың кінəсі болған жағдайда өздері құрған заңды тұлғаның қарыздары бойынша жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, егер заңды тұлғаның
банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-əрекетiнен туындаған болса,
заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы
(қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.
Заңды тұлға азаматтық айналымда өз атынан қызмет етеді. Ол
өзінің бірінші басшысының, құрылтайшысының немесе мемлекеттің
атынан əрекет ете алмайды. Бұл құқық субъектісін, оның құқықтары
мен міндеттерін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк
беретiн өз атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын жəне ұйымдыққұқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген
қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның
құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы
келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың
есiмдерiне сəйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн
пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға
жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды
тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар.
Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық
атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға жəне келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Мемлекеттік кəсіпорынның атауы мүліктің меншік иесіне сілтемені,
мемлекеттік меншіктің қай түріне жататындығын жəне ведомствалық
бағыныстылығын қосымша қамтуы тиіс.
Заңды тұлғаның тұрған жерi. ҚР АК 39-бабына сəйкес заңды
тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған
жерi болып танылады. Тəжірибеде, заңды тұлғаның тұрған жерін оның
мемлекеттік тіркеу жерімен байланыстырады. Үшiншi тұлғалармен
қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекенжайының бiрыңғай
мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайға сəйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға
мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайына да почталық жəне өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.

ҚР АК 35 бабында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігіне негізгі
талаптар белгіленген. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
мазмұны тұрғысынан, заңды тұлға жүзеге асыра алатын қызметтердің
түрлеріне əкеліп байланыстырылған. Жалпы ереже ретінде заңды
тұлғаның кез келген заңды қызмет түрімен айналыса алатындығы
бекітілген. Аталған ережеде коммерциялық заңды тұлғалардың жалпы құқыққабілеттілігі туралы айтылуда. Коммерциялық емес ұйымдар
үшін арнайы құқыққабілеттілігі бекітілген, яғни заңды тұлға өзінің
жарғысында бекітілген жəне жарғылық мақсаттар мен міндеттерге
қол жеткізуге мүмкіндік беретін қызмет түрлерін ғана жүзеге асыра
алады. Құқыққабілеттіліктің жалпы шектерімен қатар кейбір заңды
тұлғаларға заңмен арнаулы шектеулер бекітілген. Шектеулер заңды тұлғаларға кейбір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат етумен
көрсетілсе, ал кейбір заңды тұлғаларға қызметтің заңда белгіленген
түрімен айналысуға тыйым салынады. Мысалы, ҚР «ҚР банктер жəне
банктік қызметі туралы» заң кез келген заңды тұлға арнайы ресми
банктің статусын алмаса, өзін банк деп есептеуге банктік қызметпен
айналысуға тыйым салады.
Сонымен қатар, заңды тұлғаның құқыққа қабілеттілігі кəсіпкерлік
қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.
Мысалы, бірнеше тауар түрлері мен қызмет көрсетулер мемлекеттік
қауіпсіздік негізінде құқық сақтаушылықты қамтамасыз етуде, қоршаған ортаны қорғауда, меншікті, азаматтардың өмірі мен
денсаулықтарын сақтау тек мемлекеттік лицензия негізінде ғана
жүзеге асырылады.
ҚР АК 35 бабына сəйкес заңды тұлғаның құқыққа қабiлеттiлiгi ол
құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Алайда айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқыққа қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу
мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тəртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. ҚР АК 37 бабына сəйкес заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның органдарына заңмен уəкілдік берілген немесе құрылтай құжаттарымен заңды тұлғаның қызметтік мəселелерін
шешуге жəне заңды тұлға атынан сөз сөйлейтін лауазымды адамдар
жəне заңды тұлғаның ұжымдық топтары жатады.
Заңды тұлғаның органы құқықтың дербес субъектісі болмайды.
Заңды тұлға атынан əрекет ету барысында құқықтар мен міндеттерді
өзіне алмайды. Өз органдарының іс-əрекеттері арқылы заңды тұлға
органдарының міндетін атқаратын нақты жеке тұлғаларды ауыстыру иеленген құқықтар мен міндеттерінің тоқтатылуына əкелмейді. Жалпы ережеге сəйкес ҚР заңды тұлғалардың құрылымы келесідей түрде
сипаттауға болады:
заңды тұлғаны басқарудың ең жоғарғы органы (жалпы жиналыс
немесе жалғыз құрылтайшы, қатысушы) ;
атқарушы орган (жеке-дара немесе ұжымдық) ;
бақылау органы (мысалы, бақылау-ревизиялық комиссиясы, ішкі
аудит қызметі жəне т. б. ) .

Заңды тұлғаны оның құрылтайшылары - жеке тұлға, заңды тұлға, уəкілдік берілген мемлекеттік органдар құруы мүмкін.
Кейбір заңды тұлғалардың құрылтайшылары тек қана азаматтар
(толық серіктестік), ал басқаларында - тек қана заңды тұлғалар (ассоциациялар) болуы мүмкін. Құрылтайшылар - мүліктің меншік иесі
немесе онымен уəкілеттік берілген органдар мен тұлғалар. Қазіргі
күнде кейбір заңды тұлғалар бір ғана құрылтайшыдан құрылуы
мүмкін (АҚ, ЖШС) .
ҚР АК 41 бабына сəйкес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына
жарғы жəне құрылтай шарты жатады. Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып
табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы
ережелер негiзiнде iс-əрекет жасай алады.
Шағын, орта жəне ірі кəсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Заңды тұлғаның құрылтай шартын құрылтайшылары жасасады,
ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Заңды тұлғаның жарғысында: оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарының құрылу
тəртібі жəне олардың құзыреті, қызметін қайта құру мен тоқтату
ережелері белгіленеді. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк
кəсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мəнi
мен мақсаты белгiленуі тиiс. Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк
қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында
олардың қызметiнiң мəнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. Жарғыда
заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін. Жарғы
заңды тұлғаның тек ішкі ұйымдастыруына ғана емес, сонымен
қатар оның үшінші тұлғалармен қатынастарын реттеуге қажет
болғандықтан, барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен
танысуға құқылы. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар)
заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тəртiбiн, оның меншiгiне өз мүлкiн беру жəне оның қызметiне
қатысу ережелерiн белгiлейдi. Шартта құрылтайшылар арасында таза
табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тəртiбi де белгiленедi
. Құрылтай шартына құрылтайшылардың
келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн. Құрылтай шарты құрылтайшылардың ішкі қатынастарын реттейтін ережелерден
құрылғандықтан, оның мазмұны коммерциялық құпия болып табылады. Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы бір адам болса, онда
құрылтай шарты жасалмайды, жалғыз құрылтайшының шешімімен
рəсімделеді.

Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
А) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты
болса, құрылтай шартының;
B) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерiн қолдануға тиiс
Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды
деп саналады. Құрылтай шарты қабылданып жарғының бекітілуі
заңды тұлғаның құрылуын білдірмейді, ол тек құрылтайшылардың
заңды тұлға құруға ниетін ғана білдіреді. Заңды тұлға мемлекеттік
тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. ҚР АК
42-бабының 1-тармағының сипатталуы «заңды тұлға əділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс». Жоғарыда айтылғандардан
келесі қорытынды шығады, заңды тұлға - ол ұйымдастырылып, белгілі тəртіп бойынша тіркеліп рəсімделген ерекше мүліктік кешен.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттары:
- заңды тұлғаның құрылғандығын, қайта құрылғандығын жəне
тоқтатылғандығы фактісін растау;
- құрылған, қайта құрылған жəне өздерінің қызметін тоқтатқан
заңды тұлғаларды есепке алу жəне олардың құрылтай құжаттарының
заңнамаға сəйкестігін тексеру;
- заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн жəне
олардың филиалдары мен өкілдіктерінің реестрін жүргізу;
- шарттық бастамаларда заңды тұлғалар туралы деректерді мүдделі тұлғаларға ұсыну.

Мемлекеттік тіркеу мерзімдеріне қатысты келесілерді атап өту
қажет: шағын кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды
тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге
асыратын орта жəне iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жəне олардың филиалдары мен
өкiлдiктерiн есептiк тiркеуге қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, өтiнiш
берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге
тиiс.

Өз қызметiн үлгiлiк емес жарғының негiзiнде жүзеге асыратын, орта жəне iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жəне олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары
қоса тiркелiп, өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жетi жұмыс күнiнен
кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда,
коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттiк тiркеу 10 жұмыс
күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Саяси партиялар үшін тіркеудің
бас мерзімі бекітілген. Оны тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынған өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Тіркеудің жоғарыда аталған мерзімінің өзінің қызметін Үлгілік
жарғы негізінде жүзеге асыратын ЖШС жəне ҚЖС, толық серіктестік жəне сенім серіктестігі, АҚ жəне ӨК сияқты заңды тұлғалар үшін
ғана айқындалғанын білген жөн. [1]

Қазіргі уақытта бұл сферада келесідей НҚА қолданылады: ҚР
Үкіметінің «Шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Үлгілік жарғыларын бекіту
жөніндегі» 2008 жылдың 16 қыркүйегіндегі №852 қаулысы; «Əділет
министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту
жөніндегі» 2007 жылдың 12 сəуіріндегі №112 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Əділет министрінің 2008 жылдың
13 қазанындағы №273 бұйрығы. Осы құжаттарға сəйкес тіркеу түрін
ескере отырып, өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін өтініштердің жаңа нысандары (мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік қайта тіркеу, енгізілген өзгерістердің əрбіріне жекелей) əзірленді.

Шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жəне
өндірістік кооперативтердің шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің
субъектілері болып табылатындығын ескере отырып, аталған
ұйымдық-құқықтық нысандардың арасында барлық тіркеу рəсімдеріне
деген өтініштер ажыратылған.

Ең бастысы - өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыратын заңды тұлғаларды тіркеудің шектеулі мерзімдерімен бірге,
тіркеуші органға жарғыны ұсыну талап етілмейді. Нотариалды
куəландырылған жəне бекітілген нысандағы үш дана өтінішті ұсыну
қажет (1-ші данасы - тіркеуші органға, 2-шісі - салық органына,
3-шісі өтініш берушінің өзіне) .

Егер құрылтайшыларының саны біреуден көп болса, онда
құрылтайшылардың тізімі өтінішке қоса ұсынылатын қосымша
түрінде рəсімделеді. Осы ретте, өтініште келесідей деректер көрсетілуі тиіс: аты-жөні толықтай жазылған қатысушылардың тізімі,
тұрғылықты жері, жеке куəлігінің деректері (егер құрылтайшы жеке
тұлға болса) жəне атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер
құрылтайшы заңды тұлға болып табылса) .

Жаңалығы - өтініште қызметтердің барлығын көрсетпеуге де болады. ЭҚБК (экономикалық қызметтің басты кодын) сандық белгіде
көрсету жеткілікті жəне олар құжаттарды ХҚО тапсыру кезінде
қалыптастырылады. Өтініштердің бекітілген нысандарын ХҚО алуға
болады.

Егер заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыратын болса, онда тіркеуші орган нотариалды куəландырылған
жəне бекітілген нысандағы өтінішке (бұл заңды тұлғаның жарғысы болып табылады) келесідей мазмұндағы таңба «Үлгілік жарғы негізінде
тіркелді», сондай-ақ əділет департаментінің мөрі жəне тіркеу туралы
тиісті таңбалар қойылады.

Сондай-ақ, тіркелген заңды тұлғаның жоғары органы (құрылтайшысы, мүлік иесі) өз қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыру туралы шешім қабылдауға жəне тіркеу рəсімдерін өтуге де
құқылы екендігін атап өткен жөн.

Заңды тұлғалардың қайта тіркелуі заңды тұлғаның мемлекеттік
тіркелуін жүргізген органдарда жүргізіледі. Заңды тұлға мынадай
жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылғада;
2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы
өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн
жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн
жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар
бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысы жүзеге асыратын
шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс (ҚР
АК 42-бабы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Кәсіпкерлік ұйымды қайта ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Заңды тұлға туралы ұғым
Заңды тұлғалар ұғымы, атауы, тұрған жерi мен тұлғаның органдары, олардың құқық қабілеттіліктері
ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлға
Заңды тұлғаның органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz