Құқық нысанының түсінігі


МАЗМҰНЫ
- ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. . .
- НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР. . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымның мақсаты - нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.
- ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІҚұқық нысанының түсінігі
Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды.
Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіңцегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші - құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді: екінші - мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар-ды құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың нысаны.
Құқық нысанының белгі-нышандары, ерекшеліктері:
1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;
2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.
3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар
4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Құқықты жүзеге асыру нысаны:
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» т. б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезенде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.
Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т. б. Әдет - адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдеттілік - моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқгы жалпы халықгық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.
Прецеденттік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыкқа алынып отырады. Оның екі түрі бар:
а) соттық прецедент; ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі) .
Заң ғылымы - (құқықтық доктрина) - құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады… Мысалы: ГФР - ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т. б
Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.
Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: біріншіден - нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; екіншіден - құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.
Нормативтік- құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:
1. Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңцы қүқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
2. Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.
Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:
- құқықтың тарихи ескерткіштері;
- тарихи ескі мұралар;
- археологиялық қазба деректер;
- заң жұмыстарының тәжірибесі;
- заңгерлердің еңбектері;
- заң бағытындағы ғылыми еңбектер;
- құқықтық шарттар;
- нормативтік актілер;
- заңдар, заңға тәуелді актілер.
Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақгардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.
Құқықтың ең күрделі нысандары:
1. Құқық салаларының нормативтік актілері.
2. Қоғам салаларының нормативтік актілері.
3. Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік- ведомстволардың актілері.
4. Жергілікті органдардың актілері.
5. Сот жүйесінің актілері.
Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.
Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.
нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.
Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.
Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы
1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.
2. Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.
3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары
1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктер де молаяды. Осы сан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады:
1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация. Инкорпорация - нормалардың мазмұнын өзгерпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады;
- бейресми инкорпорация - жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;
- хронологяилық инкорпорация - норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау, бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі ең күрделісі - заңдардың жинағы (свод законов) . Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:
1) . Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.
2) . Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актлерді сала-салаға топтастырып реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді. Кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық шығармашылықтың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды олқылдықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1) . Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.
2) . Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері жойылады. Оның орнында біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ олардың ара-қатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.
Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1) . Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.
2) . Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі - өкілеттіндегі мәселе.
3) . Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конститция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т. б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі оларды пайдалану қолдану жұмыстарын жеңілдеті тәсілі. [19, 145-163б]
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмірі;
- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т. б. ;
- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап, сақталатын жүйе.
1. 2 Құқықтың негізгі төрт нысаны
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объектівтік заңдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz