Шешімді жүзеге асыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедра

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: « Құқықты жүзеге асыру нысандары»

Орындаған: Дурдимиратов С. Д.

ЮП-19-01 тобы студенті

Рецензент: з. ғ. к., доцент Абилшеева Р. Қ.

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ . . . 5

1. 1 Құқықты жүзеге асырудың түсінігі . . . 5

1. 2 Құқықты жүзеге асырудың тәсілдері . . . 12

2. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

. . . 23

2. 1 Құқықты сақтау . . . 23

2. 2 Құқықты пайдалану . . . 24

2. 3 Құқықты орындау . . . 25

2. 4 Құқықты қолдану . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Құқықтық норма-заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырылымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Әрбір құқықтық норманың 3 элементі (бөлігі) болады: диспозиция(мінез-құлық ережесі), гипотеза(варинат) және санкция(жаза, шара) .

Құықытық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір-бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекеттің атқару-иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемелекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді.

Тақырыптың өзектілігі. Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына келтіре алмайды, сондықтан мемелекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қоғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс.

Құқық қолдану оны жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол 2 бағытта қарастырылады: мемлекеттік органдар лауазымды адамдар заңмен қызмет істеу керек; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы керек.

Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:

1. Құқықты сақтау;

2. Құқықты орындау;

3. Құқықты пайдалану;

4. Құқыты қолдану.

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:

1. Істің нақтылы мән-жайларын анықтау;

2. Істің заңи негізін анықтау;

3. Құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;

4. Шешімді жүзеге асыру;

Курыстық жұмыстың мақсаты. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

- Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі мен нысандарын қарастыру;

- Құқықты реттеудің мазмұны және әдістерін анықтау;

- Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу;

- Құқық нормаларын қолдну, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде қарастыру;

- Құқық нормаларын қолдану сатыларына тоқталу;

- Заңдылық және құқық тәртібін қарастыру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі.

Қазақстан Республикасы Конститутциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әртүрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

1. 1 Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандары.

Құқық -күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі -қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық -жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана қағидасы. Мысалы құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.

Құқықтық норма -мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерінен туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже норма.

Құқықты жүзеге асырудың өзге нысандарынан құқық қолдану мынадай белгілермен оқшауланады:

  • Құқықты тек оған өкілеттігі бар компанентті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері ғана қолдана алады;
  • Бұл әрқашанда мемлекеттік биліктік қызмет;
  • Шығармашылық, ұйымдастыршылық мәнді болып келеді;
  • Бұл бір-бірімен сабақталып жатқан сатылардан тұрады;
  • Іс жүргізу нысанында жүзеге асырылады;
  • Бұл жеке нақтылы тұжырымдарды шығарумен байланысты.

Құқық қолданудың пайда болуы мынадай қажеттіліктен туындайды:

  1. Құқық бұзушылық жасалған кезде кінәлілерге тиісті жаза мөлшерін анықтау;
  2. Белгілі бір адамның заңда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік органдарсыз, мемлекеттік билік жүргізуші қызметінсіз жүзеге асыра алмайтындығы;
  3. Құқық туралы заң шыққанда және соған байланысты өзге біреудің субъективтік құқығын қорғау қажеттілігінен;
  4. Құқықты алумен жүктелген міндеттің дұрыстығын заңда көрсетілген бақылауды жүргізудің қажеттілігінен.

Құқықты қолданудың тағы бір ерекшелігі оның функциясынан көрінеді. Олар екеу: оперативтік атқарушы және құқық қорғау. Мұның біріншісі, әрине ұйымдастырушылық іс-әрекет қажеттілігінен туындайтыны сөзсіз. Екіншісі, бұзылған құқықты қорғау, жазаны қолдану немесе құқықтық нормаларының бұзылуын болдыртпау қажеттілігінен туындайды. Бұл сот шешімін, әкімшілік органының актіні шығару кезінде пайда болады.

Құқық қолдану қызметіне қойылатын талаптар мынадай сатылардан көрініс табады:

  1. Істің нақтылы мән-жайларын анықтау және талдау, зерттеу. Бұл сатыда істің шындығын, дәлелдемелердің бар жоғын заңда көрсетілген тәртіппен анықтау және істі дұрыс шешу үшін өзге де мәні бар деректер зерттеледі. Барлық дәлелдемелерді толық жинақтап жан-жақты тексеру -осы сатының басты мақсаты.
  2. Құқық нормаларын талдау мен таңдау. Құқық қатынастарын реттейтін құқық салаларын, институттарын және нормаларын табу өте күрделі жұмыс, өйткені із бойынша соған қажетті норманы қолдануға тиісті, ол үшін оны қолданатын субъект құқықтық норманың мәтінінің шынайлығын, оның уақытын, кеңістігіне, адамдарға қатыстылығына қарай қолданыста болатындығын, күшін жоймағандығын білу қажет.
  3. Құқық нормаларының мазмұнын талдау. Оған компетентті субъектілердің түсінік беруі, құқықты қолданушы органдардың қолында осы істі шешуге қажетті нормативтік актінің дәлме-дәл толық мәтіні болуы тиіс. Осыған байланысты айтарымыз, тек ресми басылымда жарияланған нормативтік актілер, олардың соңғы редакциясы, оған енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер ғана жарамды деп танылады.
  4. Құқықты қолдануға байланысты шешімдер қабылдау оған өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың құқығы. Тек осы сатыда ғана іс қарау процесі бітіп, оның тағдыры шешіледі. Іс бойынша шешімде қандай қорытындылар жазылған болса, соған байланысты санкциялар нақтыланып көрсетілулері тиіс.
  5. Шещімнің мазмұнының мүдделі адамдар мен ұйымдарға жеткізілуі. Бұл шешімді шығарған бойда дереу соттың үкімін не шешімін хабарлау барысында не одан кейінде жеткізулері де мүмкін.

Құқық іс жүзінде жүзеге асырылып, заң шығарушы көздеген мақсаттарға жетуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, бұл институттың мәні болмас еді. «Заңдар болмайтын болса, оларды шығарудың мәні жоқ» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Рим заңгерлері «Жұмыс істемейтін заң жоқ заңнан да жаман» деп айтып кеткен.

Француз ойшылы Ш. Монтескье өзінің «Заңдардың рухы туралы» атты әйгілі еңбегінде «Мен қандай да бір елге барған кезде ол елдің заңдары жақсы екендігіне емес, ал олардың қаншалықты орындалатынына көңіл бөлемін, себебі, жақсы заңдар кез келген мемлекетте болады» деген екен. Мұндай ой бүгінгі таңдада өзекті және заманға сай екендігіне сөз жоқ.

Жаңа құқықтық нормаларды жаппай қабылдау өз бетінше әлеуметтік нәтиже бермейді. Оларды іс жүзінде жүзеге асырып, реттеліп отырған қатынастарға шын мәнінде ықпал етуіне және түпкілікті нәтиже беруіне жағдай жасау қажет. Бұл процесті ескермейінше, құқықтың шынайы мәнін түсіну мүмкін емес. Құқықты тек қозғалыс үстінде және даму барысында ғана түсінуге болады, яғни, тек ірі, қолданыстағы құқықтың ғана мәні болады.

Құқықты жүзеге асыру ретінде азаматтар, органдар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен өзгеде құқықтық қатынас қатысушыларының құқыққа сай жүріс-тұрысынан құқықтық ережелердің көрініс табу процесі түсініледі. Құқықтың адамдар қызметінен тыс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұдан құқық субъектілерінің мақсатты ұйымдастырушылық қызметінің мәні көрініс табады.

Аса жетілген заңнама мен тамаша және парсатты заңдар бар бола тұрып, оларды ешкім мойындамай, жүзеге асырылмаса, мұның барлығы игі тілектердің жиынтығы ретінде болып қала бермек; заң шығарушы мен құқық шығарушы органдардың бүкіл еңбегібосқа кетеді. Заң өзінің абстрактілі қасиеттермен емес, нақты, позитивті әрекетімен күшті. Қызмет етпейтін, өлі заңдар ешкімге де керек емес, себебі олардан ешбір пайда жоқ.

Мемлекетте көптеген маңызды және қажет заңдар, жарлықтар, қаулылар, өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданғанымен, көп жағдайда олар нашар, тиімсіз жұмыс істейді немесе мүлдем жұмыс істемейді. Оның себептері көп болуы мүмкін: қоғамдағы дағдарыс, құқықтық мәдениеттің төмендігі, құқықтық сананың жетілмегендігі, адамгершілік- құқықтық.

Құқықтық норма -мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерінен туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже норма.

Құқықты жүзеге асырудың өзге нысандарынан құқық қолдану мынадай белгілермен оқшауланады:

  • Құқықты тек оған өкілеттігі бар компанентті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері ғана қолдана алады;
  • Бұл әрқашанда мемлекеттік биліктік қызмет;
  • Шығармашылық, ұйымдастыршылық мәнді болып келеді;
  • Бұл бір-бірімен сабақталып жатқан сатылардан тұрады;
  • Іс жүргізу нысанында жүзеге асырылады;
  • Бұл жеке нақтылы тұжырымдарды шығарумен байланысты.

Құқық қолданудың пайда болуы мынадай қажеттіліктен туындайды:

  1. Құқық бұзушылық жасалған кезде кінәлілерге тиісті жаза мөлшерін анықтау;
  2. Белгілі бір адамның заңда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік органдарсыз, мемлекеттік билік жүргізуші қызметінсіз жүзеге асыра алмайтындығы;
  3. Құқық туралы заң шыққанда және соған байланысты өзге біреудің субъективтік құқығын қорғау қажеттілігінен;
  4. Құқықты алумен жүктелген міндеттің дұрыстығын заңда көрсетілген бақылауды жүргізудің қажеттілігінен.

Құқықты қолданудың тағы бір ерекшелігі оның функциясынан көрінеді. Олар екеу: оперативтік атқарушы және құқық қорғау. Мұның біріншісі, әрине ұйымдастырушылық іс-әрекет қажеттілігінен туындайтыны сөзсіз. Екіншісі, бұзылған құқықты қорғау, жазаны қолдану немесе құқықтық нормаларының бұзылуын болдыртпау қажеттілігінен туындайды. Бұл сот шешімін, әкімшілік органының актіні шығару кезінде пайда болады.

Құқық қолдану қызметіне қойылатын талаптар мынадай сатылардан көрініс табады:

  1. Істің нақтылы мән-жайларын анықтау және талдау, зерттеу. Бұл сатыда істің шындығын, дәлелдемелердің бар жоғын заңда көрсетілген тәртіппен анықтау және істі дұрыс шешу үшін өзге де мәні бар деректер зерттеледі. Барлық дәлелдемелерді толық жинақтап жан-жақты тексеру -осы сатының басты мақсаты.
  2. Құқық нормаларын талдау мен таңдау. Құқық қатынастарын реттейтін құқық салаларын, институттарын және нормаларын табу өте күрделі жұмыс, өйткені із бойынша соған қажетті норманы қолдануға тиісті, ол үшін оны қолданатын субъект құқықтық норманың мәтінінің шынайлығын, оның уақытын, кеңістігіне, адамдарға қатыстылығына қарай қолданыста болатындығын, күшін жоймағандығын білу қажет.
  3. Құқық нормаларының мазмұнын талдау. Оған компетентті субъектілердің түсінік беруі, құқықты қолданушы органдардың қолында осы істі шешуге қажетті нормативтік актінің дәлме-дәл толық мәтіні болуы тиіс. Осыған байланысты айтарымыз, тек ресми басылымда жарияланған нормативтік актілер, олардың соңғы редакциясы, оған енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер ғана жарамды деп танылады.
  4. Құқықты қолдануға байланысты шешімдер қабылдау оған өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың құқығы. Тек осы сатыда ғана іс қарау процесі бітіп, оның тағдыры шешіледі. Іс бойынша шешімде қандай қорытындылар жазылған болса, соған байланысты санкциялар нақтыланып көрсетілулері тиіс.
  5. Шещімнің мазмұнының мүдделі адамдар мен ұйымдарға жеткізілуі. Бұл шешімді шығарған бойда дереу соттың үкімін не шешімін хабарлау барысында не одан кейінде жеткізулері де мүмкін.

Құқық іс жүзінде жүзеге асырылып, заң шығарушы көздеген мақсаттарға жетуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, бұл институттың мәні болмас еді. «Заңдар болмайтын болса, оларды шығарудың мәні жоқ» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Рим заңгерлері «Жұмыс істемейтін заң жоқ заңнан да жаман» деп айтып кеткен.

Француз ойшылы Ш. Монтескье өзінің «Заңдардың рухы туралы» атты әйгілі еңбегінде «Мен қандай да бір елге барған кезде ол елдің заңдары жақсы екендігіне емес, ал олардың қаншалықты орындалатынына көңіл бөлемін, себебі, жақсы заңдар кез келген мемлекетте болады» деген екен. Мұндай ой бүгінгі таңдада өзекті және заманға сай екендігіне сөз жоқ.

Жаңа құқықтық нормаларды жаппай қабылдау өз бетінше әлеуметтік нәтиже бермейді. Оларды іс жүзінде жүзеге асырып, реттеліп отырған қатынастарға шын мәнінде ықпал етуіне және түпкілікті нәтиже беруіне жағдай жасау қажет. Бұл процесті ескермейінше, құқықтың шынайы мәнін түсіну мүмкін емес. Құқықты тек қозғалыс үстінде және даму барысында ғана түсінуге болады, яғни, тек ірі, қолданыстағы құқықтың ғана мәні болады.

Құқықты жүзеге асыру ретінде азаматтар, органдар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен өзгеде құқықтық қатынас қатысушыларының құқыққа сай жүріс-тұрысынан құқықтық ережелердің көрініс табу процесі түсініледі. Құқықтың адамдар қызметінен тыс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұдан құқық субъектілерінің мақсатты ұйымдастырушылық қызметінің мәні көрініс табады.

Аса жетілген заңнама мен тамаша және парсатты заңдар бар бола тұрып, оларды ешкім мойындамай, жүзеге асырылмаса, мұның барлығы игі тілектердің жиынтығы ретінде болып қала бермек; заң шығарушы мен құқық нигилизм, жаппай-немқұрайдылық, ретсіздік, әлеуметтік-саяси шиеленістер, тұрақсыздық, қылмыстылықтың жоғары деңгейі, экономикалық қиындықтар және тағы басқа.

Құқықты жүзеге асыруда әлеуметтік-саяси аспект(құқық адамдардың еркін қажеттіліктерін және ұмтылыстарын қаншалықты толық және дұрыс көрсететіні, басқаша айтқанда оның халықпен мойындалу деңгейі) аса маңызды. Құқықтың қоғам мүшелерінің сұраныстарына, үмітіне және мұқтаждықтарына жауап беретіндігі ерекше мәнге ие. Құқықтың қоғаммен мойындалуы жоғары болған сайын ол анағұрлым толық және сәтті жүзеге асырылады. Егер қандай да бір нормативтік акт қоғамның құқықтық санасына жат болса, егер халықоны мойындамаса, мұндай актінің әрекет етуі екіталай. Бұл жағдай жалпы құқықтық жүйеге де қатысты. Дегенмен, бұл әрбір жекеленген заң халықтың көңілінен шығуы тиіс дегенді білдірмейді.

Құқықты жүзеге асыру - құқықтық нормаларда бекітілген талаптардың қоғамдық қатынас субъектілерінің құқыққа сай жүріс-тұрысынан көрініс табуы. Бұлай болмаған жағдайда билік қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге дәрменсіз болады. Бұл ретте құқыққа сай жүріс-тұрыс ерікті болуымен қатар мәжбүрлі сипатта да иеленуі мүмкін, яғни, санкциялар қолдану арқылы орындалуы мүмкін.

Кез келген жағдайда заң шығарушының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі аса маңызды. Әрине, құқықты жүзеге асыру қашанда құқыққа сай жүріс-тұрыспен байланысты болады және оның қандай себептермен жасалғандығы маңызды емес; ал құқыққа қайшы әрекеттер құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілі бола алмайды.

Құқықты жүзеге асыру процесіне бірқатар факторлар әсер етеді әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, адамгершілік, психологиялық, ұйымдастырушылық және тағы басқа. Бұл ретте қаржылық мүмкіндіктер, материалдық көтемелеулер мен мемлекеттік кепілдіктер де ерекше рөлге ие. Басты міндет - қалыпты құқықтық реттеу(реформаларды сәтті жүзеге асыру) үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау.

Құқықты жүзеге асыру - оның өзінің бастапқы мақсатын жүзеге асыру тәсілі: қоғамдық қатынастарды реттеудің негізгі өркениетті, мемлекеттік- биліктік және анағұрлым тиімді реттеу құралы ретінде қызмет ету, осы институтқа тән функцияларды, әлеметтік мақсатын орындау, себебі қазіргі заманда қоғамдық өмірді реттеуде тек моральдық және өзге де мемлекеттік емес реттеу құралдарын пайдалану жеткіліксіз.

Құқық- аса күрделі, көп қырлы құбылыс. Тиісінше, оны жүзеге асыру механизмі де күрделі, көп аспектілі сипатқа ие. Ол өзара байланысты құқықтық қызмет кешені болып табылады және оның сипаты мен бағыттары белгілі бір нормалардың ерекшеліктеріне, олардың мақсаттары мен мазмұнына, заңды күшіне, иерархиясына, кімге бағытталғанына, саласына және өзге де факторларға тәуелді болады. Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде.

Қолдану - ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың биліктік әрекеттермен байланысты құқықты жүзеге асыру нысаны. Органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекеттің атынан әрекет ете отырып, өздеріне жүктелген арнайы функциялар мен өкілеттіліктерді орындайды. Бұл құқықтық ережелерді өмірге, тәжірибиеге енгізуге бағытталған мемлекеттік қызметтің бір нысаны.

Құқықтық нормаларды қолдану билікті қолдануды білдіреді. Ол көп жағдайда мәжбүрлеу, санкциялау және жазалау арқылы жүзеге асырылады. Құқық қолдануды тек арнайы субъектілер жүзеге асырады. Дәл осы себепті қарапайым азаматтар құқықтық нормаларды қолдана алмайды, басқаша айтқанда билікті пайдалана алмайды; олар мұндай артықшылықтарды иеленбегенімен, бұл мәселе әдебиетте даулы болып табылады.

Мәселен, М. С. Строговичтың пікірінше, көшеде бұзақыны ұстап, оны милицияға алып келген азамат қылмыскерге қатысты құқықтық норманы қолданады. Өзінің ғылыми кітапханасын немесе басқа қандай да бір құнды еңбектерін мемлекетке сыйлаған ғалым да тиісті құқықтық норманы қолданды. Алайда, бұлар құқықты қолдану ретінде саналама? Біздің пікірімізше, бірінші жағдайда азамат өзінің азаматтық борышын орындаса, екінші жағдайда кез келген затты кез келген ұйымға не тұлғаға сыйлау құқығын пайдаланады. Мұнда билік элеменнтері жоқ.

Құқықты қолдану заңдар мен өзге нормативтік актілердің әрекет ету тиімділігін, құқықтық реттеу механизмін жетілдірумен, қоғамда құқықтық тәртіпті сақтаумен тығыз байланысты. Оның мақсаты - адамдар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бір ретке келтіру, оларға ұйымдасқан және тұрақты сипатты беру.

Құқықты қолдану процесі қатаң заң шеңберінде жүргізілуі қажет және бұл жағдайда әділетсіздік, бассыздық, бюрократизм, парақорлық және сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстарға жол бермеу керек. Кейбір жағдайда шенеуніктер жасанды түрде кедергілер жасап, олардан өту үшін сыйақы талап етеді. Қазіргі заманғы мемлекеттерде сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа елеулі қауіп төндіріп тұрғаны белгілі. Дегенмен, соңғы уақытта мемлекеттік мекемелермен қатар жеке (нотариалдық конторалар, адвокатура, тұрғын үй беру пунктілері, емханалар, стоматологиялық кабинеттер, түрлі комуналдық-тұрмыстық қызмет көрсететін фирмалар, ательелер, бюролар және тағы басқа) мекемелер де әрекет етіп, бәсекелестік туғызып, аталған салалардағы мемлекеттік монополизмді шектеуде. Мемлекеттік органдардың қызметін тұтыну біршама азайып, қызметін асыра пайдалануға мүмкіндік кеміді.

Құқықты қолдануға тән ерекшеліктер:

  1. бұл- құқықты жүзеге асырудың биліктік-императивтік нысаны;
  2. құзыретті, уәкілетті органдар және лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады;
  3. іс жүргізушілік және процедуралық сипатқа ие;
  4. бірқатар сатылардан тұрады;
  5. тиісті заңды негізлерге ие;
  6. құқық қолдану актілерін шығарумен байланысты;
  7. жекелеген субъектілерге қатысты бір жолғы жеке қолданылатын әрекет болып табылады;
  8. нақты бір жағдайларды реттеуге бағытталған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру кезеңдері
Баскару
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру процесі
Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері
Басқару шешімі
Компания топтарын басқару қызметіндегі қолданылатын негізгі қағидалар
Ұйымда басқару шешімдерін қабылдау технологиясын жетілдіру
Кәсіптік біліміді басқару теориясы
Басқару шешімдерін қабылдау теориясы
Менеджменттегі басқарушылық шешімдердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz