Сатып алу - сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімі
Азаматтық құқық пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: "Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері"
Орындаған:ПВ-21 тобының оқушысы
Жантуриева.К.Қ.
Тексерген:арнайы пәндер оқытушысы
Ягмусова.А.Ф.
Орал 2015ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1- 4
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9
1.2Сатып алу-сату шартының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15
1.3Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-20
1.4. Тауар жеткізілімі шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.
Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге
міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жа-дайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мөмілелер өзінің заң,тық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
1.1Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шарты бұл -- мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субьект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының Аазаматтық Кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы КСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптын (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеітенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясынын Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұңданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (есбебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің зандық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердін көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін. 1. Сатып алу-сату шарттарының ұғымы, объектілері, субъектілері, нысаны, түрлері. Сатып алу - сату шартының жағдаяттары және тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сатып алу-сату шарты бойынша тауарды беру және қабылдау. Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне затты (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы затты (тауарды) қабылдауға және ол үшін нақты бір соманы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Шарттың нысанасы (объектісі) ретінде азаматтық айналымнан алынбаған сатушының меншігіндегі немесе ол жасайтын, яки сатып алатын кез-келген зат (тауар) табылады. Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде кез-келген жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аймақтық бөлініс бола алады. Дегенмен, кейбір сатып алу-сату шартының түрлері бойынша нақты субъекті де қарастырылады. Ол тиісті сұрақта айтылады. Сатып алу-сату шарты ауызша, жазбаша (жай жазбаша, нотариалды куәландыру және мемлекеттік тіркеу) нысанда жасалуы мүмкін. Сатып алу-сату шарты консенсуалды, екі жақты, ақылы шарт болып табылады. Сатып алу-сату шартының түрлері: - бөлшектеп сатып алу-сату; - тауар жеткізілімі шарты; - келісім шарт жасасу шарты; - энергиямен жабдықтау шарты; - қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату шарты; - кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Сатып алу-сату шартының елеулі ережелері ретінде: - тауардың атауы; - тауардың саны табылады. Сатушы сатып алушыға тиісті сандағы тауарды беруге міндетті. Тауардың санын тараптар нақты өлшеммен (метр, дана, тонна және өзге де есептеумен) анықтайды. Егер, сатушы шартта көзделгеннен аз (кем) сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы: - сатушының жетіспейтін тауарды беруін талап етуге құқылы; - берілген тауардан толықтай бас тартуға құқылы. Егер, сатушы шартта көзделгеннен артық сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы: - артық тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы; - егер, сатушының ақылға қонымды мерзім ішінде шешімі болмаса, артық тауарды қабылдауға құқылы. Сатушы тауарды тиісті ассортиментте беруге міндетті. Ассортимент дегеніміз - кейбір белгілері (түрлері, модельдері, көлемі, өлшемі, түсі және т.б.) бойынша жіктелетін және берілетін тауардың саны көрсетілетін нақты атауы бар тауарлардың тізімі. Егер шартта ассортимент туралы ереже болмаса, дегенмен тауардың атауы бойынша болуы тиіс болса, сатушы: - сатып алушының қажетін есепке ала отырып, тауарлардың ассортиментін жеке анықтауға құқылы, немесе -шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Шарттың ассортимент туралы ережелерін сатушы бұзатын болса, онда сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға және төлемеуге құқылы. Сатушы сатып алушыға тиісті сападағы тауарды беруге міндетті. Тауардың сапасы шартта немесе мемлекеттік стандартта көрсетілуі мүмкін. Егер шартта тауардың сапасы туралы ережелер болмаса, мақсатына жарамды тауарды беруге міндетті. Тауар берілген соң да сатушы оның сапасына қатысты қосымша кепілдік мерзімін беруге құқылы. Сатушы тауардың сапасына қатысты ережелерді бұзатын болса, сатып алушы сатушыдан - сатып алу бағасын тиісінше азайтуды немесе тауардың кемшіліктерін ақылға қонымды мерзім ішінде сатушы есебінен жоюды немесе тауардың кемшіліктерін өз есебінен жойғаны үшін, шығындарын өтеуді талап етуге құқылы. Егер тауардың сапасына қатысты елеулі кемшіліктерді қалпына келтіру немесе жою мүмкін болмаса, сатып алушы шартты орындаудан және төленген соманы кері қайтаруды немесе тауарды алмастыруды талап етуге құқылы. Сатушы тауарды шарт ережелеріне немесе нормативтік актілердің талаптарына немесе оның сақталуын, жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында буып түюге (упаковка жасауға) міндетті. Шарттың ережелеріне сай, сатушы тауарды жиынтықта (комплектіде), яғи жиынтыққа кіретін барлық заттарымен бірге беруге (мебельдің гарнитурлары) міндетті. Егер тауар жиынтығында берілмесе, сатып алушы сатушыдан сатып алу бағасын тиісінше төмендетуді немесе ақылға қонымды мерзім ішінде тауарды толық жиынтығында беруді талап етуге құқылы. Егер тауар толықтырылмаса, сатып алушы тауарды жиынтықтағы тауарға алмастыруды немесе шартты орындаудан бас тартуға және төленген соманы кері қайтаруды талап етуге құқылы. Сатып алу-сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру. Сатушының тауарды беру міндетінің орындалған сәті болып: ☺ егер шартта сатушының тауарды жеткізіп беру міндеті көзделген болса, тауарды сатып алушыға беру сәті; ☺ егер тауар орналасқан жерде беру көзделсе, тауарды сатып алушы билігіне беру сәті; ☺ басқа жағдайларда, сатып алушыға жеткізіп беру үшін тауарды тасымалдаушыға немесе өзге де байланыс ұйымына беру сәті табылады. Тауар беру мерзімі шартта көзделеді. Егер, шартта мерзім көрсетілмесе ҚР азаматтық кодексіндегі ережелер қолданылады. Тауардың бағасы шартта көрсетіледі. Егер, шартта көрсетілмесе, ұқсас тауарларға сай әдетте алынатын баға қолданылады. Шартта тараптар нақты бағаны белгілеуі немесе бағаны келешекте келісіп отыру жөнінде келісуі немесе міндеттеменің орындалу сәтіне бағаны анықтау тәртібін бекітуі мүмкін. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдау және оның бағасын төлеу. Шартта тауар бағасын толықтай немесе алдын-ала немесе нақты бір мерзім ішінде төлеу қарастырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда шарттың елеулі ережелері болып тауардың бағасы, төлемдердің тәртібі, мерзімдері және мөлшері табылады. 2.Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сатушы, тауарды сатып алушыға беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды кәсіпкерлік мақсатпен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенеді.
1.2Сатып алу-сату шартының пәні
Құқықтық қатынастардың объектісін материалдық (пәндік), заңы идеологиялық деп бөлуді азаматтық құқықтық шарттар үшін де қолдануға болады.
Сатып алу-сату шартының арнайы пәні бар. Қазіргі таңда олардың мәні бірдей. Бірақ өндірістің дамуы, тауар номенклатурасының және олардың қолданылуының кеңуі сатып алу-сату шартының пәніне талаптың өсуіне әкеледі, егер сатып алынатын тауардың қандай бір ерекше қолданылуы болса.
Шарт нормаларында толық және дұрыс бекітілмеуі сатып алу-сату шартының пәні туралы қате түсінікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалған жағдайда заң шығарушы салаға, сатылатын өнім қауіпсіздігіне байланысты талаптарды тікелей нормативтік актілерді бекіту арқылы тұтынушының құқықтарын қорғап қалуға тырысады.
Заттар сатып алу-сату шарттарының көп тараған түрінің бірі болып табылады. Тауар болып азаматтық айналысқа түсетін кез-келген зат табыла алады: жылжитын және жылжымайтын.
Пәннің ерекшелігі сатып алу-сату режиміне де әсер етеді. Мысалы, шетел валютасын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңына сәйкес және заңасты нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар айналымы Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы Заңмен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Азаматтық айналыстан шектелген заттарды сатып алу-сату Қазақстан Республикасының рұқсат ету жүйесі туралы Ережесімен бекітілген ережелермен, Қазақстан Республикасының Қарудың бөлек түрлерінің айналысына мемлекеттік бақылау туралы Заңымен және тағы басқа да нормативтік атілермен реттеледі.
Қазіргі таңда мүліктік құқықтарды сатып алу-сату шартының объектісі ретінде қарастыратын жалпы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 406 бабының 4 тармағына сәйкес белгіленген (1, 202).
Мүліктік құқықтарды қайтарымды талапта беру мәмілелері кең таралған, оларға тауар биржаларында жасалған мәмілелер жатады. Патенттік құқықты талаппен беру де сатып алу-сату шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады, яғни, пәні болып мүліктік құқықтар табылады.

Сатып алу-сату шартының негізгі қажетті шарты болып оның пәні туралы келісім табылады. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, тауар туралы қажетті шарт келісілген деп есптелінеді.
Сатып алу-сату шартының пәнінен кейін осы параграфта оның бағасын қарастырған жөн. Баға бір тарап екінші тарапқа немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаға тауарды меншікке бергені үшін ақшалай қанағаттандыру болып табылады. Ол шарт бойынша баға белгілеу еркіндігіне негізделеді.
Тарифтер, бағалар, ставкалар және тағы басқа заң құжаттарында көзделген уәкілді органдармен белгіленеді. Орталықтандырылып бекітілген тарифтер мен бағалардан кәсіпкерлік әрекет субъектісі өзі бекіткен бағалар мен тарифтерді айыра білу керек.
Монополиялық әрекеттің субъектісімен жүзеге асырылатын тауарларға баға орталықтанған тәртіппен бекітіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік кәсіпорындар мен монопольды жүзеге асыратын қызметкер үшін бағаны реттеу ережесі 1995 жыл 25 тамызда қабылданған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігің Төрағасымен бекітілген және 1998 жылы 14 шілдеде қабылданған Қазақстан республикасында бәсекелестікті қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тариф) ұсыну, қарастыру, бекіту және енгізу тәртібі туралы Нұсқау бойынша қарастыруға болады.
Егер баға шартпен тікелей анықталмаса және оның шарттарына қарай анықталуға мүмкіндік жоқ болса, бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда негізгі тауардың нарықтық бағамы есепке алынады.
Егер бағасы тауар салмағына байланысты болса, нетто салмағына байланысты анықталады. Бұл сатып алушы үшін ыңғайлы ереже деп айтуға болады, әсіресе, тара салмағы одан ауыр болса немесе тауар қымбат бағалы болса және салмақтан кішкентай ауытқуы болса ол бағаның қымбаттауына әкеледі.
Егер шарт тауар бағасы оның көрсеткіштеріне қарай өзгеруге тиіс деп көрсетсе, бірақ бағаны қайта қарастыру анықталмаса, баға шарт жасасу кезіндегі тауар көрсеткіштер қатынасымен тауарды беру кезінде анықталады.
Шарт мазмұны деп тараптардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Сатушы шартта бекітілген тауарды сатып алушыға беруге міндетті. Бұнда негізгі талаптар болып мына талаптар көзделген: тауардың атауы, саны және сапасы.
Олар сатып алу-сату шартымен күмәнсіз талаптар болып табылады, заңмен тауар саны туралы талап шарттардың қажетті шартына жатқызылмаса да, бірақ әр жағдай бойынша талаптар өзгеріп отыруы мүмкін.
Тауар саны сатып алушыға берілуі тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді, бұл шартта тауардың бастапқы санау мөлшерінің бағаны бекітуді талап етеді. Тауардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін.
Тауардың сапасы сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер сатып алу-сатудың кәсіпкерлік шарттары сөз болса, сатылатын заттардың сапасына талап жиі кездеспейтін, сондықтан нақты шартта бекітілмейтін талап болып табылады.
Сондықтан сапа туралы талап кейбір жағдайларда шартты түсіндіруден туындайтын талап болып табылады және үшінші нұсқа сапа туралы талапты презюмирациялау, яғни, шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланатын мақсаттағы жарамды тауар беруге міндетті.
Бұл талап азаматтық заңнаманың тауар сапасына байланысты нормалардың қолданысқа түсуі деп түсінуге болады. Егер сатып алушы осы затқа байланысты нақты мақсатты көздесе және екі жақтың арасында бұған байланысты нақты келісім жоқ болса, онда сатушы пайдалануға жарамды, сапалы тауар беруге міндетті болып табылады.
Тұрақталған нарықтық экономикасы бар елдердің сот практикасы мұндай жағдайда сатушы мен сатып алушының жеке басына мән береді.
Егер сатушы кәсіпкерлік қызметтің субъектісі белгілі-бір салада маман болса, онда ол тауардың сұранылатын мақсатыпа байланысты тауар сапасын қамтамасыз ету керек. Егер де сатып алушы бұл сұрақ бойынша көп білетін болса, сұрақ басқаша шешіледі. Мысалы, өндірістік кәсіпорын мұрагерден тұрып қалған жабдықты сатып алады және мұрагер оның техникалық параметрлері туралы мағлұматы жоқ (4, 256).
Егер сатып алушы сатып алуға бел буса тауар керекті сапасы бар деп танылуы тиіс. Тауарды шарт үлгісі бойынша және сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және сипаттамасына сәйкес келетін тауар беруге міндеті.
Егер де сапаның қандай критериі сипаттамада көрсетілмесе, сатушының ол бойынша міндеттері жоғарыда көрсетілген критеримен анықталуы тиіс.
Сипаттаманың өзі де белгілі-бір критерилерге сәйкес жасалуы тиіс. Тым жалпы сипаттама жасап, сатушы сипаттамаға сәйкес сапалы тауар беруден өзін-өзі босатуы мүмкін. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.
Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда сапаға қойылатын жоғарғы талаптарға сәйкес келетін тауар берілуі мүмкін.
Сатушы кемшіліктері бар тауарды алдын-ала келісіп беруі мүмкін. Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарды сатып алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге міндетті.
Жарамдылық мерзімі заңдарда, мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарында немесе басқа міндетті ережелерінде бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі.
Сондықтан сатып алу-сату шартының пәні күрделі деп танылуы мүмкін және оған байланысты біркелкі шартты құқықтық қатынас болуы мүмкін және де сәйкес сатушы міндеттері пайда болады (7, 257).
Тауарлар жиынтығы көрсетілетін себептерге байланыссыз да шарт пәні болып табылады, тараптардың ішкі дәлелдеуі жеткілікті. Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғаның кез-келген құқығынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті.
Бұл норма дәстүрлі сатып алу-сату шарттарына көп қолданылады, бұнда сатып алушы меншік құқығына ие болуға тырысады. Сондай-ақ сатушы үшінші тұлғаның талаптарынан бос тауар беруге міндетті.
Бұл міндет сатушы олар туралы білген жағдайда ғана қолданылады және де бұл талаптар құқылы деп есептеледі егер бұл жүзеге аспаса сатушы үшінші тұлғаның құқықтарынан тыс тауарды беру міндетінбұзды деп есептесе.
Егер бұл шарт орындалмай қалса, үшінші тұлға шартты орындауға дейін пайда болған негіздер бойынша сатып алушыдан тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, бұл тараптардың іс бойынша бірдей міндеткершілігін туындатады.
Сатып алушы сатушыны бұл іске қатысуға тартуға міндетті және сатушы іске қатыса отырып сатылған тауарды сатып алушыдан алып қоюды болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып алушының сатушыны іске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы жауапкершіліктен босатады.
Сатып алушы іске қатысуға тартқан, бірақ оған қатыспаған сатушы сатып алушының істі дұрыс жүргізбегенін дәлелдеу құқығынан айырылады. Ыдыс және буып-түю туралы талаптарды сатып алу-сату шартының жалпы ережелеріне енгізу біздің азаматтық құқықтың жаңа толықтыруы болып табылады.
Бұл өзінің ескерусіздігіне қарамастан бұл сатып алу-сату бойынша өркениетті қатынастың орнауына көмектеседі және ыдыс және буып-түю туралы даулы мәселелерді шешуге көмектеседі.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және буып-түйіп беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар осындай тауарға арналған әдеттегі әдіспен, ал бұлай болмаған жағдайда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынуға және буып-түйілуге тиіс.
Егер тауар қандай да бір арнайы сақтау шартын немесе тасымалдауды қажет етсе, бұнда осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынуға және буып-түйілуге тиіс.
Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі тиіс. Керек-жарақ бұл басты затта қызмет көрсетуге керекті заттар. Затты керек жарақ ретінде бағалау басты затпен функционалды байланысымен ғана туындамайды, ол шарттың мазмұнына да байланысты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 408 бабында бекітілген жалпы ережеге қарамастан қазіргі танда сатушылар көбінесе Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексінің 122 бабындағы нормалардың диспозитивті сипатына қолданылады.
Тауармен қоса оған қатысты куәландыратын құжаттарды беруге міндетті. Сатушы құқықтары болып затты алуды және сатып алу құнын төлеуді талап ету табылады, әрбір міндеттемеден сәйкесінше құқықтар туындайды. Шартпен көзделген сатып алушының міндеттері сатушының басқа да құқығының бар екенін көрсетеді.
Сатып алушының негізгі міндеттері болып тауарды қабылдап оған ақшаны төлеу. Сатып алушының тауарды қабылдап алуы, оның тауарды алу және беруді қамтамасыз ету әрекеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Біріншіден, ол сатып алушының оған тауарды қабылдап алуға ұйымдастырушылық алғы шарт жасау міндетін қамтиды. Тасымалдауды қажет ететін тауарға байланысты сатып алушы сатушыға тиеп жөнелту реквизиттерін айтуға міндетті.
Басқа жағдайларда ол тауарды ол өндірілетін немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы тиіс болады. Егер тауарды беру шарттары оны жеткізіп салуды көздесе, онда сатып алушы өз қоймасының қызмететуін қамтамасыз етуі тиіс анықталған орында тауарды тосуы керек. Мемлекеттік сатып алулардың тиімді жүйесі оның дамуын ынталандыратын, экономикаға мемлекеттік тапсырыстар жүйесінің ықпалы нысандарын тудыра отырып, бизнесті реттеудегі мемлекеттің мүмкіндігін арттырады. Бұл мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың барынша қолданылымды әдісін таңдауда мемлекет үшін де өнім беруші үшін де тапсырысты алуда және өзін жақсы жағынан көрсетуде мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың пәрменді тәсілі.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы, олардың акцияларының бақылау пакеті мемлекетке және олардың басқаруында бар қаржыны тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда олармен бірге үлестес тұлғаларға тиісті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акционерлік қоғамдармен жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алулар мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
* конкурс тәсілімен;
* баға ұсыныстарын сұрату;
* бір көзден алу;
* аукциондар;
* тауар биржалары арқылы.
Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәсілін ҚР Қаржы министрлігімен келісусіз тапсырыс беруші таңдайды. Сатып алулардың жоғарыда белгіленген түрлері электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ережелерімен анықталған тәртіпте электронды мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады.
1.3Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуте тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тікелей әсер етуі ретіде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатып (белгілі бір саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті, Егер де сатып алушынын біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру-құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды мақсатыпа сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапады тауар беру бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының Сертификациялау туралы Заңымен және Қазақстан Республикасы Стандарттау туралы Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz