MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2
1.1. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.2. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары ... ... ...
4
1.3. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
1.4. Қашықтықтан оқыту - білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2 ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
2.1. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
14

2.2. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімі қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі

2.3. COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама ... ...
15
2.4. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24

КІРІСПЕ
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
- Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
- Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
- Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
- Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
- Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
- Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
-Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
1. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
1.1. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
- Дидактикалық жүйе;
- Технологиялық жүйе;
- Қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:
1. Ақпараттық-рецептивті;
2. Репродуктивті;
3. Мәселелік мазмұндау;
4. Әвристикалық;
5. Зерттеу;
1.2. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе -- портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым - мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
Желілік - технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік - технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Әлектрондық поштаны пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;
Сонымен, қашықтықтан оқыту -- адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
1.3. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі
1.3.1.Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
- тьютор (Tutor) - білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
- контент - ақпараттық толықтыру - мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;
- тьюторлық сыныптар - компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар
4. Қашықтықтықтан оқыту:
-ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
- әлектрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);
-білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.
5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер)
- кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
- ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан);
7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
1.3.2.Қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
a) оқытуды даралау;
b) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
c) дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
a) оқу курстарын қолдау;
b) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
с) кеңестер беру;
d) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
e) білім алушылардың білімдерін бақылау.
Білім беру ұйымдарында:
a) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
b) телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
c) әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;
d) CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және немесе сатылып алынған);
e) желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
f) тестілеу кешендерінің;
g) тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
h) жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
i) желілік тестілеу кешендерінің;
j) оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
k) оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Қашықтықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
a) жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
b) жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
c) топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.
Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
1.3.3.Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелікматериалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларынқолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың әлектрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы - тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан; рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа); қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады. Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) - қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.
1.3.4.Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету
Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету - қашықтықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
Қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:
1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
3. қашықтықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);
4. қашықтықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);
5. тьюторлар;
Қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:
1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;
2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;
Тьюторлар шешетін міндеттер:
білім алушыларды қашықтықтықтан тікелей басқару.
Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері
Қашықтықтықтан оқыту (қо) технологиясын ұйымдастыру
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі
Ақпаратты тасымалдау құралы
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Пәндер