Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Оқушыларға сабақтан тыс экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1.1.Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы ұғым ... ... ... ...5
1.2.Экологиялық білім берудің әдіснамалық жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
2.1.Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршіліген қажетті заттардың бәрін де табиғат қазынасынан алып келді.
Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми техникалық прогресстің жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты шиеленістіре түсті. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған табиғи ортаның ластануы сияқты жаңа дағдарыстар алып келді. ХХ-ғасырға дейін адам баласының табиғатқа әсері жер шарының әр түпкірінде түрліше әсер еткен болса, қазір ол бүкіл планетаны қамтып, өмірге мейлінше қауіп төндіріп отыр.
Сөйтіп табиғат, қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған кезек күттірмейтін әсемдік деңгейіндегі мәселеге айналып отыр. Ал бұл мәселені шешу жер шарындағы барлық халықтардың жаппай, бір кісідей атсалысуын қажет етеді.
Қоршаған табиғи ортаны келер ұрпаққа сол күйінде, бүлдірмей сақтап қалу үшін әрбір жағынан оның қажеттілігін түсінуі тиіс. Ал ол оқыту мен білім беру арқылы іске асырылады.
1977 жылы Тбилиси қаласында өткен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне арналған үкіметаралық конференция орта және жоғары мектептерде барлық пәндер негізінде табиғат қорғау мәселесін ұғындыруға ұсынды.
Ал 1980 жылы Таллин қаласында Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері деген тақырыпта өткізілген Бүкілодақтық конференция қазіргі қолданылып жүрген оқулықтар мен бағдармаларда экологиялық білім беру мәселесінің қазіргі уақыт талабына сай емесітігін атап көрсетті.
Сөйтіп оқушыларға экологиялық білім беріп, оларды қоршаған табиғи ортаны қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экологиялық білім беру бағытында жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбеиелу міндеттерінің аса маңыздылығына көңіл бөлуіміз қажет.
30 сәуір 1996 жылы Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы қабылданды. Онда экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мақсаты айқындалып, айналадағы ортаны қорғауды және табиғат қорларын пайдалануды басқару жүйесі жасалынды [1].
Оқушыларға сапалы білім мен тәлім тәрбие беру республикамыздың атақты педагог-ғалымдарының Н.Д.Хмелев, Г.А.Умаков, Қ,.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтманбетова, Қ.Б.Бөлеев және т.б. еңбектерінде зерттелінді.
Экологиялық білім беру мәселелері көптеген педагог-ғалымдардың И.Д.Зверев, Н.С. Сарыбеков және т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Оқушыларға экологиялық білім беру тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері анықталды.
Жалпы білім беретін мектептерде, оқу-тәрбие үрдісінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбиелеудің психологиясын, педагогикалық негіздерін қалыптастыру, оның мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау, осының негізінде оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбиелеудің жүйесін жасап, олардың жүзеге асуына себепші болатын ғылыми әдістемелік нұсқау дайындау қажеттелігі туды.

1.1 Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан ала ғана пайда болды. Экология сөзі Естественная история происхождения атты кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель. Экология ойкос деген грек сөзі, үй баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология-зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды органикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Ч.Дарвиннің анықтауы бойынша, тіршілік үшін күресу ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатынасының көп заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді [2].
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. Сонымен, экология - тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар әр алуын жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері алусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып апатқа ұшырауда.
Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері және цемент зоводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады: жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс-әрекеті. Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. шамада болса, ал 2000 жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады. М.Пантелеевтің болжамы бойынша халықты өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады. ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейіне жетіп тұрақтана бастайды.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру , азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы желерге орналастыру, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту - бұл әрине, оңай жұмыс емес. Міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қамын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруда талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман-тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың, үйеңкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерді қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор. Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі адам өмірінің негізі.
Сонғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып, суландыру апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетінегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады.
Бәрімізге белгілі 26 сәуір 1986 жылы украинада Чернобыль АЭС-ның ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық апатқа ұшырады. Украина және Белорусия тұрғындары туған мекенін тастап, сол сол мемлекеттің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30 жыл бойында жабық зона болып қалды.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті. Сірә, адамдық энергетикадан бас тауртуға болар ма екен. Оны қатты бақылауға алып, энергияның басқа табиғи түрлерімен мұнай, газ, көмір, күн көзінің энергиясы, жер энергиясы үйлестіріп пайдалану қажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер мен мұхиттар түбінде көп жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір кезеңдерде су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, су ішіндегі, жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауға, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек. Орта және жоғары сыныптарда оқушыларды кең көлемде экологиялық біліммен қамту қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әректтің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғаттың ерекшелігін, оның өндірістік жүктемен орнықтылығын есепке алу талап етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауға орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажет: жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, оқушылардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс тану көзқарасын қалыптастыру.
Экологиялық білім проблемасын әдіснамалық жағынан жүйелік талдау тәсілі және іс-әрекет теориясы арқылы түсінуге болады. Адам - қоғам табиғат арасында алуан түрлі байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның түріне, өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының тұрпатына қарай адам мен табиғаттың өазара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады. Бастапқыда үйлесімді болған бұл қатынас қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс дәуірінде күрт өзгерді. Бір жағынан қоғамның байлығы артып адам игілігіне жаратылса, екінші жағынан табиғатта келеңсіз көріністер етек алады. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста қайшылық туды. Адамның өндіруші іс-әрекетінің салдарынан ауа мен су бассейндері ластануда. Жер қыртысы топырағының және ланшафтының құрамы өзгеруде. Кейбір аймақтарда су ресурстары, орман алқаптары сиреп, жер қойнауындағы қазба байлықтар қоры кеміп келеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны азаюда. Бұған табиғат байлығы таусылмайды деген пайдакүнемдік көзқарас және табиғатты іске жаратудың ғылыми негізінің жасалмауы себепші болды. Табиғатқа жағымсыз әсер жалғаспауы үшін қоғам мен табиғаттың ара қатынасының түрлерін, ерекшеліктерін, ұстанымдарын және заңдылықтарын зерттеп, жалпы теориясын жасайтын ғылымға қажеттілік туды. Бұл ғылым әлеуметтік экология деп аталады.
Табиғатты қорғауға байланысты қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар алуын түрлі. Оларға жататындар: табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылай және жәй-күліп бағалай білу; экология туралы ғылыми білімді жеткі меңгерген іскерлікті игеру; және т.б. Осы талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетінің қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі мектеп жағдайындағы сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.
Оқушыларға экологиялық білім беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлақтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруда айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан алдыңғы қатарлы философтардың, психологтардың, педагогтардың назарын аударып отыр. Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесін шешуге педагогика кемеңгерлерінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін танып білудің орны ерекше. Ж.Ж.Руссо, Г.Лестолоцский және т.б. классикалық педагогикадан баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың бойына ізгілікті дарытушы табиғат сезіміне тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамзат дамуындағы табиғаттың маңыздылығын көрсетеді [3].
ХІХ-ғасырдың халық ағартушылары В.ГГ.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добралюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға болмайтынын, оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек екендігін ашына жазды. Халық ағартушылары экологиялық білім беру жөнінде сапалы білім беру жеке адамның мінез-құлқын қалыптастыратын сананың дұрыс жетілуіне әсер ететіндігіне айрықша мән берді. Ұлы педагогтардың бірі К.Д.Ушинский адам мен таиғат арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да ағына дейін тыңдауларын тиіс. Табиғатқа қарсы тұру жақсы емес, адам табиғат заңдылықтарын жақсы кеңгеруі қажет дейді [4].
В.А.Сухомлинский балалардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиесінің негізгі деп санады.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатынындығы туралы қазақтың ғұлама ақындары, халық ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде жазды.
Осы келтірілген халқымыздың ырымдары мен тиым сөздері қазіргі мектептеріміздегі оқыту мен тәрбиелеу ісінің, соның ішінде оқушыларға экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеуді жетілдіре түсуге өз үлесін қосады.
Академик И.Д.Зверев оқушыларға экологиялық білім берудің басты міндеттері мен мақсаттарын ашып берді. Ол экологиялық білім берудің мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді адамгершілік мораль нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына адамзаттың, белсенділік қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады деп отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне бола назар аудары.
Экологиялық білім мен тәрбие жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып, Б.Г.Иоганзен: Экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның тәуелділігін, қоршаған дүниедегі әсемдікті бағалай білетін және табиғаттың жай-күйі үшін азаматтық жауапкершілік сеізімін игерген, жан-жақты жетілген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады дейді.
Экологиялық білім мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде де негізінен осы мазмұндас тұжырымдалады.
Ғалымдардың көпшілігі экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің нәтижесін жеке адамның іс-әркетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белігілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп санайды.
А.Н.Захлебный жалпы білім беретін мектепті екі әлеуметтік мақсатқа бағыттауды ұсынады:
1) Оқушының жеке мінез-құлқында және түрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігіне тәрбиелеу.
2) Қоршаған табиғи ортаны жақсарту мен қорғауды, оны оқушының ұқыптылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеуді ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің негізгі жолдарын атап көрсеткен қазақ табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н.С.Сарыбеков [12].
Н.С.Сарыбеков табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктермен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдалануда. Қазіргі кезде экологогиялық проблемалардың зардаптық көлемі үлкеюіне байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жаңаша көқарастарын қалыптастыру қажет. Оқушылардың экологиялық білімді игеру мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілуі керек:біріншіден, сабақ оқыту үрдісінде экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстылығын ғылыми негізде жүргізу керек. Екіншіден, сабақтан жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөнінде нақты білім мен практиалық тәжірибені, дағдыны әр оқушы санасына жеткізу қажет.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше екендігін біздің жүргізген ғылыми зерттеуіміз дәлелдеп отыр. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды өткізудің сан алуын түрлері мен жолдары бар. Мұндай мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу өз нәтижесін беріп, оқушылардың өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға көмегін тигізеді [13].
Жалпы білім беру мен тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің алдынд тұрған негізгі мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Баланың бойында осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы мектептерде жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға да байланысты.
1.2.Экологиялық білім берудің әдіснамалық жолдары
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады -- зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" -- мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, -- деп жазылған.Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды [8].
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелср: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады [11].Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.Оқыту тәсілдерінің түрлері:ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
1) ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 2) мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; 3)оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 4) жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - бастауыш сынып балаларының танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі [5].Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:
а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;
ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.Бұл екі ұғым бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады: - табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер; - мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті; - табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау; - табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды зерттеу, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет; - тәжірибе жасау - бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет; - сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, сурет салу, хат жазу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау; - бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету; - табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері. Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады. Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз. Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігінтигізеді. Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz