Құқықтық сана және жалпы түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМЫ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжинринг университеті
Бизнес және құқық факультеті факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Oрындaғaн: ЮП 19-03 тобының студенті
Оңдасын Айбек
Peцeнзeнт: з.ғ.к., Абилшиеева Р.Қ

Aктaу 2019
Құқықтық сaнa жәнe құқықтық мәдeниeт

Мазмұны
Кiрiспe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Құқықтық сaнa ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Құқықтық сaнa жaлпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Құқықтық сананың құрылымы мен әлеуметтік функциясын жүзеге aсырудaғы pөлi мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Құқықтық мәдeниeт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Құқықтық мәдeниeттiң мәнi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қaзipгi кeзeңдeгі құқықтық мәдeниeтiнiң қaлыптaсy жaғдaйы ... ... ...
2.3 Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенің маңызы
Қoрытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қoлдaнылғaн әдeбиeттeр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы: Құқықтық сана және құқықтық мәдениет деп қарастырылады. Сана яғни обьективті шындықты идеалды түрге келтіріп, бейнелеп тұлғаға яғни адамға ғана тән болатын ең жоғары нысаны болып табылады. Сана адамның өз болмысы мен обьективті дүниедегі мән жайды, мазмұнын, түсінігінің терең білуінде белсенді түрде қызмет атқаратың психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана- шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандары тарихи дамудың сатыларына айқындайтын философия, әлеуметтану мен психологияның және жалпы танымның ең басты категориялардың бірі.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі болып табылады. Яғни ол саяси және моральдық санамен тығыз байланысқан. Құқықтық санада құқық пен құқықтық ақиқат ерекше мәнге ие. Тиісінше, құқықтық сана - заң ғылымы зерттейтін құқықтық санат. Құқықтық сана құқықтық әділдік немесе әділетсіздік, жұмсақтық немесе қатандық, жетілгендік немесе жетілмегендік, артықшылықтар немесе кемшіліктер тұрғысынан бағалауды білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі: Отандық мемлекеттіліктің жаңа даму сатысы, меншік түрдегі өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық реттеудің тәсілдерінің өзгеруі, құқықтық тәрбиенің нысанындағы әдеттегі қалыптасқан салттарының өзгеруін талап ретінде қояды. Алайда бұрынғы қылыптасқан ережелерге байланысты жаңа талаптарға сай етіп өзгертуі де жаңа құқықтық тәрбиенің алдына қойған негізгі мақсаттар ретінде болып табылады.
Қылмыстылық өршіген кезде, азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейі төмендеген кезден бастап азаматтарға олардың құқықтары мен мүмкіндіктердің айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандағы қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін тереңірек қарасақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының насихаттауға бағытталған ұлттық идеялық қажеттіліктерін айта кету қажет. Мысал ретінде қазіргі таңда біздің қоғамда келешектегі даму ориентирінің қалыптасуы деңгейі яғни өте нашар, ал бүкіл мемлекеттік саясаты бойынша осы ориентирлер негізінде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратына бәрімізге мәлім. Жоқ болып кеткен әлеуметтік саяси құндылықтар, қоғамға өзінің кері әсерін тигізуде. Осыны негізінде мемлекет азаматтарды қорғау функциясының белгілі бір дәрежеде жүзеге асырай алмауына байланысты.Қазіргі кезеңде мемлекет екі парралельді әлемде қатар өмір сүріп келуде. Оның бірі - фантомдық легитимділік, яғни занның қағаз жүзінде болып келуі, ал екіншісі - біздің қоғамдағы нақты бір жағдайы - онда заң мен құқықта қағаз та қағаз жүзінде қала беруі. Бұл құқықты әлеуметтік құндылық ретінде ғана жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге апарып соқтырады. Бұндай жағдайдың орын алудың басты себебі - Қазақстанның экономикасының деңгейі мен көптеген тұлға немесе азаматтардың өмір сүру деңгейінің құлдырауы.Қоғамдағы тұлға немесе азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімсіздік пен үмітсіздік дерті өршіп келуде. Бұның барлығы әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан туындап отыр. Сондықтанда біздің еліміз сықылды жас мемлекетке яғни идеальды модель ойластырып табу керектігін айтқам жөн. Міне, соның негізі арқылы құқықтық мәдениетті әлеуметтік құндылық ретінде алуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының арқасында шексіз мүмкіндектірінің бар екендігін айтқанымыз жөн және де осы шексіз мүмкіндіктерді Қазақстан Республикамыздың әрі қарай даму үшін жұмыс жасатуымыз қажет.
Жұмыста Г. Сапаргалиева, А. Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, сонымен қатар А.В. Малько, Н.И.Матузов, сияқты авторлардың еңбегі қолданылған.

1.Құқықтық сана
1.1 Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясына жатады. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстарының көзқарасымен және құқықтық мәні бар құндылықтырының, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысы бар қоғамдық, топтық, жеке сана аясында қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайларымен, оның мәдени - құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. Филисофияда қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туындайды идеялар мен қөзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының үлкен ықпалын тигізді, яғни оны дамытуға үлкен рөл атқарды. Ал, қоғамдық сананы оның құрымдық жағынан алып қарасақ бірнеше түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық діни және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың ғана өзіне тән ерекшеліктері бар: 1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот арқылы қызметтерінің айнасы болып қаралады. Құқықты реттеу кезеңінде тұлға яғни адам құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдау кезеңінде заңсыздық және бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністердің ой - өрісі, сана арқылы ой - елегінен өткізу арқылы баға береді. Бұның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады. 2.Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда ғана қалыптасады және де әртүрлі мағынадағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналарының ішінде құлдарды қанау, кажеттілектерін болдырмау, баю сияқты ұғымдар қалыптасқан болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі - азаттық, тектік және бостандық ретінде қарастырылады. Мысалы алғанда ( б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак , б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардығы Қытайдағы Сары тартқандар және де Қызыл кастар көтерілістері және т.б. сондай ірі қару көтерілістер пайда болды). Таптық қоғам кезеңінде сана да таптық сипат алған болатын.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға және сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттары әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Занның өзі әрқашанда қоғамда жүргізіліп отыратын саясатқа тәуелді. Мысалы ретінде, сталинизм кезеңіндегі саясат тоталитарлық жүйесі және де жеке адамның басына табынушылық деңгейін мемлекеттік дәрежесіне дейін нығайту болса, қоғамдық құқықтық сана сол саясаттың тікелей әсеріне байланысты халықтың құқықтық санасына халық жауы ұғымын тікелей қабылдатты, заңды екенің сіңірді. Фашимз де сондай санадан туындады.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан туындайды, оның құрамындағы саяси, көркем, истетикалық, теориялық, діни, кәдімгі, этикалық саналарының түрлері мен өте тығыз байланысып, қалыптасып, дамиды. Бірақ бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсері тигізу мүмкін. Яғни мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, және де инфантильдік қасиеттері мен мінез - құлықты қабылдауы әбден мүмкін. Құқықтық сана дегеніміз - адамдардың, әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктерімен сана - сезімдерінің жиынтығы. Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген катынастарын құрайды. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Құқықтық сананың ұғымы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқықтық сана түрлері
Заңдылық пен құқықтардың түсініктері мен қағидалары
Пәндер