Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
I. Мемлекеттік кірістерді қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны және функциялары
1.2 Мемлекет кірістердің классификациясы
1.3 Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті қалыптастыруындағы салымдардың рөлі
2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері
2.1 Бюджеттің кірістері және оларды қалыптастыру
2.2 2016-2018 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің кірістеріне талдау
3.Қазақстан Республикасындағы бюджет кірістерін арттыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы жалпы түсініктеме берілген.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік кірістер жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен, кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді басылымдарға: "Қаржы-қаржат", "Альпари" мысал бола алады. Бұл мерзімді басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші бөлімін жаздым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі және "Бюджет жүйесі" заңдары жөнінде хабардар болдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - мемлекеттік кірістер, яғни салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады. Ал зерттеу субъектісі - салық төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу механизмдері туралы мәліметтермен таныстым.

I. Мемлекеттік кірістерді қалыптастырудың теориялық

1.1. Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні.

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану.Бұл процесстердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процессінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құралады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады.Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процесстеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды.Бұл процесстердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілербойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді.Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмағанкірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаржаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жиналатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін ақша-тауар қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғаты мен функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады:ол бюджетке орталықтандырылған және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Мемлекеттің кірістері
Мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекет кірістері
Бюджет кірістері
Құйылым пайдаларын түзету
Мемлекеттік кірістер
Пәндер