Ақша қаражаты операцияларының есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
0516000 - «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР БОЙЫНША)
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША
ЕСЕП
Орындаған:
Тохтасунова Гулинур Гожахметовна
АЛМАТЫ, 2020
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ5
1-ТАРАУ. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ7
1. 1. Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау7
1. 2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау9
1. 3. Негізгі және айналым капиталы10
1. 4. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы13
1. 5. Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау15
1. 6. Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау16
1. 7. Қорытынды сабақ және сынақ салу20
2-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП23
2. 1. Ұйымның есеп саясатын құру23
2. 2. Кассалық операциялар есебі26
2. 3. Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі28
2. 4. Есеп беретін тұлғалардың есебі30
2. 6. Негізгі қорлар есебі33
2. 7. Тауарлы-материалдық қорлар есебі35
2. 8. Еңбекақысы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу36
2. 9. Ұйымның қаржылық есеп беруі38
2. 10. Қорытынды сабақ және сынақ алу41
ТАРАУ 3. МЕКЕМЕДЕГІ БЮДЖЕТТІК ЕСЕП44
3. 1. Мемлекеттік мекемелердегі есеп саясатының негізгі ережелері44
3. 2. Ақша операцияларының есебі46
3. 3. Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі48
3. 4. Қызметкерлермен есеп айырысу есебі50
3. 5. Қорлар есебі52
3. 6. Негізгі қорлар есебі54
3. 7. Материалдық емес активтердің есебі56
3. 8. Кірістер мен шығындар есебі57
3. 9. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беру59
4-ТАРАУ. «1С: БУХГАЛТЕРИЯ»61
4. 1. 1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен таныстыру. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау61
4. 2. Есептің жүргізуін дұрыс жолға қою62
4. 3. Есеп жүргізудің жалпы принциптері63
4. 4. Ақша қаражаты операцияларының есебі65
4. 5. Сауда операцияларының есебі66
4. 6. Негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің есебі68
4. 7. Еңбекақы және кадрлық есеп70
4. 8. Өндіріс есебі72
4. 9. Стандарттық есептер74
ТАРАУ-5. САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ76
5. 1. Корпоративтік табыс салығын есептеу76
5. 2. Қосымша құн салығын есептеу78
5. 3. Мүлік салығын есептеу79
5. 4. Жер салығын есептеу81
5. 5. Әлеуметтік салықты есептеу83
5. 6. Арнайы салық режимдерін қолданылатын кіші бизнес субьектілерінің салығын есептеу86
5. 7. Қорытынды сабақ және салық салу88
ТАРАУ 6. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ТАЛДАУ91
6. 1. Негізгі қор жағдайын және пайдалануына талдау жасау91
6. 2. Айналым қаражаттарын талдау92
6. 3. Еңбек ресурстарын талдау93
6. 4. Өнімнің өзіндік құнын талдау97
6. 5. Өндіріс көлемін және өнімді өткізуді талдау98
6. 6. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің қызметіне операциялық талдау жүргізу . . . 100
6. 7. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің инвестициялық қызметіне экономикалық талдау жасау102
6. 8. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығына, іскерлік белсенділігіне талдау жасау103
6. 9. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің қаржы нәтижелерін талдау108
6. 10. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау110
6. 11. Қорытынды сабақ және сынақ алу115
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ120
Мен, Тохтасунова Гулинур, оқу тәжірибесін «ORION-GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мысалға ала отырып өттім және ол 2020 жылдың 3 ақпаны мен 2020 жылдың 17 сәуір аралығын қамтыды.
Оқу тәжірибесінің мақсаты - теориялық біліммен тәжірибеден алған машықты нығайтудан тұрады, сонымен кәсіпорынның атқаратын операцияларына кеңірек тоқталу.
«ORION-GROUP LTD» ЖШС Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 сәуіріндегі Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы, 2006 жылдың 31 қаңтарындағы «Жеке кәсіпкерлік жөнінде» белгісіз уақытта құрылған ұйымның коммерциалық қызметі. Коммерциалық ұйым қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
а) студенттердің өндірісті басқару мен оның басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
б) кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау мен нарыққа талдау әдістемесін игеру;
в) экономикалық басқару әдістерін (коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық-мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т. б. ) тәжірибеде қолдану;
г) практика барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
д) кәсіпорынның құқықтық жағдайы мен ұйымдық құрылымын зерттеу, персоналдың қалыптасуы мен даму процесін басқару;
е) алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;
ж) іскерлік кездесулер тәжірибесіне үйрену, келісімдер мен шарт жасауға қатысу.
Тәжірибе нәтижесінде мен білуге міндеттімін:
- бухгалтерлік есептің нысандарын, әдістерін және техникасын;
- бухгалтерлік есеп мәліметтерімен келісілген бюджетке төленетін салық төлемдері бойынша тұжырым жасай білу
- көрсеткіштерді есептеу, талдау мәліметтердің қорытындысы бойынша тұжырым жасай білу.
Оқу тәжірибесінің міндеттері:
- кәсіптік қызметпен танысу және таңдау алынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- таңдап алыгған мамандыққа қызығушылықтарын тәрбиелеу және теориялық білімдерін саналы түрде игеруге талпындыру;
- студенттердің өндірісті басқару мен оның басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау мен нарыққа талдау әдістемесін игеру;
- экономикалық басқару әдістерін (коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық-мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т. б. ) тәжірибеде қолдану;
- практика барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
- кәсіпорынның құқықтық жағдайы мен ұйымдық құрылымын зерттеу, персоналдың қалыптасуы мен даму процесін басқару;
- алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;
- іскерлік кездесулер тәжірибесіне үйрену, келісімдер мен шарт жасауға қатысу.
Тәжірибенің мақсаты - тиісті пәндерді зерделеуден алынған теориялық білімдерді нығайту және болашақ мамандарды клерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруда қажетті дағдылар мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу тәжірибесінің мақсаты мен теориялық білімдерімді бекіту және таңдаған мамандығым бойыша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу тәжірибесін өту барысында мен теориялық білімімнің бекітілуін тексеруім қажет, шоттар корреспонденциясын құрастыруда алғашқы құжаттарды, есеп тіркегіштерін толтыруда, жылдық қаржылық есеп беруді құруда, салық төлемдерін есептеуде қажетті дағдыларды алуым керекОқу тәжірибе есебінде мен «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің ұйым экономикасын, қаржылық есептілігін, кәсіпорын көрсеткіштері және бюджетпен есеп айырысу бөлімін қарастырдым,
«ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің қызметінде атқарылатын жұмыстармен, бөлімдердің жұмыс жоспарларымен және кәсіптік сала бойынша қандай қызмет көрсетілетіндігі жайлы мағлұматтар алып, сол бағыттағы жұмыстарға араласып, біліктілігімді арттырдым.
Бұл тәжірибелік жұмыста мен әртүрлі экономикалық басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алуды, болжау және жоспарлау жасауды, күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеуді, алған теориялық білімімді практика жүзінде қолданып кәсіби мәселелерді іс жүзінде шығармашылықпен шешуді үйрендім.
1-ТАРАУ. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫТәжірибе бойынша есеп кіріспеден, 6 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі:
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады.
Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашатын заңды тұлғалар үшін тіркеуші органға Ұлттық тізілімнен үзіндісі ұсынылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғыларын, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелері мемлекеттік тіркеуге ұсынылмайды.
Қызмет мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, қосымша Ұлттық Банкінің рұқсаты талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш "электрондық үкіметтің" (www. egov. kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Тіркеу алымын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Жарғы дегеніміз - заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды. Жарғыда мекеменің нақты атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т. б. қажетті мәліметтер көрсетіледі.
«ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің жарғысы « Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына сәйкес бекітілген. Ол ережеде көрсетілгендей «ORION-GROUP LTD» ЖШС-і:
1. «ORION-GROUP LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің осы жарғысы оның атауын, тұрғылықты орнын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, қайта құрылу және қызметін тоқтату жағдайын және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да ережелерін айқындайды.
2. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-і Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банкте есеп-шоты болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды іске асыруға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
3. Серіктестіктің өз атауы бар бланкілері өз қызметін атқару үшін қажетті басқа да реквизиттері болады.
4. «ORION-GROUP LTD» ЖШС өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын, Азаматтық кодексін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте «ORION-GROUP LTD» ЖШС заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы болып табылады.
Мемлекеттік тіркеу маңыздылығы мынада-тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.
1. 2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау«ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- Экономиканың даму бағытын анықтау;
- Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
- Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей топтарға бөлеміз:
- Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы
- Еңбек ресурстарының нормасы
- Өнімділік қарқынының нормасы
- Инвестиция және капитал салымдарының нормасы
- Қаржылық нормалар
Қызмет сапасы мен сұрыпталуын талдау үшін жоспардың орындалу деңгейі мен оның өзгеру коэффициентіне аса назар аударуымыз керек. Біз қарастырып отырған мекеменің қызметінің сапасын біз төмендегідей көрсеткіштер арқылы талдауымызға болады:
1. жоспарды орындау деңгейін және қызмет көрсету динамикасын бағалау.
2. осы көрсеткіштердің өзгеруіне әсер етуші факторларды анықтау.
3. қызмет көрсету мақсатында ішкі мүмкіндіктерді пайдалану.
«ORION-GROUP LTD» ЖШС басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру:
Басқарудың жүйесі ретінде және де ерекше қызмет ретінде макетинг келесілерді қамтамасыз ету керек:
- нарық туралы нақтылы және сенімді ақпараттармен, қажеттілік пен сұраныстың құрылымымен, тұтынушылардың қалауымен, яғни кәсіпорын қызметінің сыртқы жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- тұтынушы проблемасын шешетін, сұранысты қанағаттандыратын, бәсекелестер көрсететін қызметтен жақсы, нарық стандарттарына сай келетін қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- өндіріс сферасына максималды мүмкін болатын бақылау жасауды қамтамасыз ететін, нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті түрде ықпал жасау;
Сонымен қатар, өндірістік тұтынушыны қанағаттандыру мақсатында келесі жағдайларды ескеріп, оны дамыта түсу қажеттілігі:
- Сапа - өндірістік процеске және қолданылатын технологияларға жарамды болуы;
- Жеткізу сенімділігі - нақты ұйымдастырылған өткізу жүйесі;
Компаниядағы тәуекелдерді басқару құрылымдық бөлімшелердің (тәуекелдер иелерінің) сәйкестендіру, бағалау мақсатында тәуекелге талдау жасалады. Несиелік, нарықтық, операциялық тәуекелдер, бизнес-тәуекелдер, жылжымайтын мүлік тәуекелдерін бағалау және мониторинг жасау тұрақты негіз болып табылады. Тәуекелдер бойынша ақпарат тоқсан сайын компания басқармасының қарауына ұсынылады.
2019 жылда Қазақстан нарығында компанияға қойылатын ағымдық талаптарды ескере отырып, біз компанияның тиімділігін арттыру саласында негізгі 4 бағытты белгілейміз, атап айтқанда:
- Мақсатты операциялық модель дайындау және диагностикасы;
- Бизнес-процестерді оңтайландыру;
- Ұйымдық құрылымды дайындау/оңтайландыру;
- Шығындарды оңтайландыру.
Компаниядағы тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және бақылауға, сондай-ақ тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. 2019 жылы компанияның бизнес-процестеріне тәуекелдер аудиті жүргізілді және абаттандыру бағыттары және анықталған тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.
1. 3. Негізгі және айналым капиталыНегізгі қорлар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар) . Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады. «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің негізгі қорлары жайлы ақпарат 1-кестеде көрсетілген:
Кесте - 1. Пайда мен шығыстар және өзге жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп
2018-2019 ж. 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «ORION-GROUP LTD» ЖСШ-нің негізгі құралдарының жиналған тозу және құнсыздану соммасы. (мың. теңгемен) төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте - 2. Тозу және құнсыздану соммасы
Осы 2 жылдар аралығында «ORION-GROUP LTD» ЖСШ-дегі осындай соммаларға ие болды. 2019 жылы кестеде көрсетілгендей тозу және құнсыздану құны(соммасы) -59, 544, 358 мың теңгені құрады.
2018-2019 ж. 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы ағымдағы активтердің соммасы (мың. теңгемен) төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте - 3. Ағымдағы активтер соммасы
2018 жылғы көрсеткіштерді 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда саудалық дебиторлық берешектің үлес пайызыды 1, 3 пайызға өскенін көріп отырмыз. Және де екі жылдағы жиын сомассын салысырғанды 2019 жылғы сомма біршама азайды.
Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтауға арналған бастапқы деректер және «ORION-GROUP LTD» ЖСШ-ң айналым көрсеткіштерін есептеуін төмендегі кестеде көруге болады.
Кесте - 4. Айналым көрсеткіштері
4-тоқсандағы өндіріс шығындарының сметасына сәйкес өндірістік шығындар, соның ішінде:
шикізат пен негізгі материалдарға арналған
5850
4500
4-тоқсандағы өнімді өндіруге нақты шығындар, соның ішінде:
шикізат пен негізгі материалдарға арналған
5400
4320
Айналым қаражатына қажеттілік:
а) көмекші материалдарға
б) отын-жанармайға
в) контейнерлер мен қосалқы бөлшектерге
г) келер жылдың шығындарына
30
240
188
67
Айналым қаражаттарының бір айналымының жоспарлы айналыммен салыстырғанда нақты ұзақтығының төмендеуі мыналарға байланысты:
А) шикізат пен негізгі материалдарды жеткізу арасындағы аралықты азайту
Б) қысқартылған өндірістік цикл
В) тиеу-түсіру механизациясы
3
2
1
Осы кестеде көрсетілген «ORION-GROUP LTD» ЖШС-нің айналым капиталының қажеттілігі келесідей формулалармен анықталады:
Шикізат пен негізгі материалдарға айналым қаражатына жоспарланған қажеттілікті (Ппз) формула бойынша анықтаймыз:
Ппз = Рдн*Нз = 50мың*32 = 1600 мың теңге.
Мұндағы,
Рдн - шығындар тұрғысынан шикізатты бір күндік тұтыну;
Нз - қордағы шикізат қорының нормасы.
Аяқталмаған жұмыс үшін айналым қаражатына жоспарланған қажеттілікті (Пнзп) формула бойынша есептейміз:
Пнзп = Здн*Д*Кнз = 65 мың. *12*0, 7 = 546 мың. теңге.
Мұндағы,
Здн - бір күндік өнімнің құндық көріністе;
Д - өндірістік циклдың ұзақтығы;
Кнз - шығындардың өсі коэффициенті.
Дайын өнім қорларының қажеттілігі. Формуласы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz