Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық дамудың кластерлік принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру

Орындаған:Қалыбек А.Т
Тексерген: Карбозов Ә.Е.
Топ:114 ОМ

Нұр-Сұлтан 2019
Жоспар:
1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
Бәсеке туралы түсінік
Нарықтағы бәсекеде рөлі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты - тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.

Негізгі бөлім
Нарықтық экономиканың басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1).Бір сала ішіндегі бәсекелестік - бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі - жұмысшылар жалдайды, үшіншісі - акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно - жалғыз, полия - сату.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа жолдауы бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз болып табылады. Өз Жолдауында Президент Қазақстанның халықаралық ортада бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату шараларын дайындау қажеттілігін көрсеткен. Сонымен қатар, еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады [1] .
Өзгермелі әрі қатаң бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның тек ішкі емес, сонымен қатар оның айналасында болып жатқан өзгерістеріне ілесуге мүмкіндік беретін бәсекеге қаблеттілікті басқару жүйесі мен стратегиясын құрастыру және оларды іс-жүзінде жүзеге асыруы бүгінгі күннің талабына айналып отыр[2].
Елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беретіндей бәсекелестік туралы жаңа заң қажет.
Бәсеке мәселесі әлемдік экономикада бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Әлем тәжірибесі бәсекенің нарықтық экономиканың қозғаушы күші екенін дәлелдеген. Неғұрлым бәсеке дамыған болса, нарықтық механизмнің әрекеті соғұрлым тиімді болмақ. Бәсекенің өзіне тән атқаратын функциялары бар:
тауардың - қызметтің нарықтық құнын анықтап, бекіту;
дербес құндарды теңестіріп, әр түрлі еңбек шығындарына байланысты пайданы бөлу;
салалар мен өндірушілер арасындағы қаражат ағысын реттеу.
Бұл функциялардың орындалуы кез келген ел экономикасы үшін аса маңызды болып табылады.
Ұзақ жылдар бойы жоспарлық экономикада бәсеке мәселесі жағымсыз жағдай деп танылып, оған ден қойылмады, соған орай отандық өндірушілер нарық жағдайында бәсекелік күреске дайын болмай шықты. Соның салдарынан зауыттар мен кәсіпорындардың даму деңгейі төмен болып, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті болмай отыр.
Ел экономикасында соңғы он жеті жылда көптеген өзгерістер болып, нарықтық экономикаға көшкеннен бері зауыттар мен кәсіпорындар нарық шарттарына сәйкес әрекет етуге қадам басқанымен де әлі де көптеген мәселелер жаңаша көзқарасты, жаңа экономикалық саясатты талап етеді. Осыған байланысты сала мамандары нарықтың мәні мен қағидаларын жете меңгеріп, оның даму үрдісіне белсене араласып, саладағы бәсекені дамытуға күш салулары керек.
Этимологиялық тұрғыда конкуренция - бәсеке латынның concurentia сөзінен, аудармасы қақтығысу деген мағына береді. Басқа да маңызды түсініктер сияқты бәсеке терминінің де көптеген түсіндірме анықтамалары бар. Қазіргі қолданылып жүрген бәсеке, бәсекеге қабілеттілік теорияларының тәртіби негізі саяси экономияның негізін қалаушы классиктер А. Смиттің (нарықтағы көрінбейтін қол приципі), Д. Рикардоның (салыстырмалы шығындар теориясы), Дж.С. Миллдің (бәсеке бағаны, еңбек ақыны, рентаны реттеуші) еңбектерінде қаланған.
Нарықта бәсеке әр түрлі формада болып, әр түрлі әдістермен жүзеге асады. Бәсеке үлгілерінің ішінде бірінші кезекте сала ішілік және сала аралық бәсекені бөледі.
Cала ішілік бәсеке - бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе ассортименті бойынша ерекшеленетін бірдей тауарлар арасындағы бәсеке.
Сала аралық бәсеке - әр түрлі сала тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке
Функционалдық бәсеке - қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-біріне қатысты бәсекелестік жағдайы.
Тауардың немесе қызметтің түріне байланысты бәсеке - бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке.
Заттық бәсеке - барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсеке.
Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген: Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы көрінеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
ауыстырушы-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы салалардың пайдалылығын анықтайды.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты уақыт мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның немесе фирманың бәсекеге қабілеттілігі - бәсекеге қабілетті өнім өндіру немесе қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт аралығында сәтті әрекет ету қабілеті.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - өнімнің нарық талабына, яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория [3] .
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді, керісінше бірін - бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін атап көрсетуге болады.
бәсеке - шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісінің фундаменті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің құрылуына нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың нышаны мен сипаты ықпал етеді;
бәсеке - өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі кезеңдердің барлығында ықпал етеді.
бәсеке - даму мен өсудің қозғаушы күші, мақсат таңдаудың, сол мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке ұмтылудың ықпалшысы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Тұтынымдық қасиеттер - тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу болып табылады.
Осыған байланысты кәсіпорынының коммерциялық жетістікке жетуінің анықтаушы өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілетті болуы. Яғни, бәсекеге қабілеттілік өнімнің немесе қызметтің мақсатты нарық ерекшеліктеріне, нақты тұтынушылардың талғамы мен қалауына, өткізудің кәсіпкерлік шарттарына сәйкестігін білдіретін көп қырлы түсінік.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалауда көрсеткіштердің әр түрлі топтары бөлінеді: олар өнімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілік жағдайын арттыру жолдары, мәселелері және дамыту болашағы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Өсімдік майларын өңдеуші кәсіпорындардың міндеттерін жан-жақты сараптай отырып, олардың өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру тетіктерін негіздеу және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын бизнеске әсері
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Пәндер