Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан экономикасы
Тақырып: Қазақстанның туризм саласы болашақтың даму деңгейіне қалай әсер етеді?
(2654 сөз)

Орындаған: Жатқанбаев Е.Ж.
(Аты-жөні, қолы)
Жетекшісі: Сарсенбаева А.Н.
(Аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор: Манкараев А.С.
(Аты-жөні, қолы)

Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
А) Зерттеу сұрақтары 4
Ә) Зерттеу әдісі 7
Б) Зерттеу қорытындысы 7
В) Бағалау 8
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 10
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ 11
V. ҚОСЫМША 12

І КІРІСПЕ
Туризм - мемлекеттің тікелей жарнамасы. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр.
Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат тек басқа елді шарлап орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік нарық айналымының 10 пайызын қамтамассыз етеді. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі әр елдің өзіне тән тамаша табиғаты, археологиялық қазбалары, салт-дәстүрлері бар. Дәл осы тәрізді біздің де, көрікті әрі әсем жерлеріміздің тек өзине ғана тән байлықтарын табуға болады.
Тақырыптың өзектілігі. Туризм саласында бүкіл дүние жүзі бойынша дамыған елдер саны көп. Олардың ішінде ең беделділеріне Түркия, Египет, Малайзия, Дубай, Нью- Йорк деген сияқты елдерді жатқызсақ болады. Бұл елдердің туризм индустриясы экономикасына айтарлықтай көмек көрсетіп отыр. Осыған сәйкес Отандық туризм саласының жағдайы қандай, экономикамыздың дамуына қаншалықты үлес қосуда, туризмді дамытудың қандай тәсілдерін қолданып жатыр дей отырып, курстық жұмысымызға халықаралық туристік нарық жүйесіне қарасты тиімді, бәсекеге қабілетті туристік саланы құруды зерттеуді мақсат етіп алдық. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей жоспар төңірегінде зерттеу жұмысы жасалады:
Отандық туризм индустриясының ағымдағы жай-күйіне шолу жасау және халықаралық тәжірибеге назар салу;
Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру.
Қазақстандағы дамитын туризмнің негізгі түрлері жайлы ақпарат беру
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстандағы туризм индустриясының халықаралық дәрежедегі жағдайы қандай?
2. Отандық туристік орындарды дамытудың қандай әдіс-тәсілдері қарастырылып жатыр?
2.1 Елімізде туризмді жеделдетіп дамытуға қандай себептер қиындық тудыруы мүмкін?
Күтілетін нәтиже:
Жоғарыда қарастырған мақсат пен жоспарды сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің экономиканың мынадай түрлерінің дамуына әкеледі:
1) Тұру және тамақтану бойынша қызметтер шығаруды ұлғайту;
2) Жолаушылар әуе көлігі қызметін шығаруды дамытады;
3) Жатын орын-тәулікті ұлғайту;
4) Ішкі туризм бойынша келушілер санын 10 миллионнан астамға көбейту;
5) Ішкі туризм бойынша келушілердің орташа шығыстарын ұлғайту;
6) Елімізде туристік мәдениеттің дамуына әсер етеді.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Зерттеу сұрақтары
1. Қазақстандағы туризм индустриясының халықаралық дәрежедегі жағдайы қандай?
Туристік сала әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып отырған салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) деректері бойынша 2014 жылы туризмге әлемдік ЖІӨ-нің 9 %-ы (тікелей және жанама әсерді ескере отырып), тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортының 6 %-ы тиесілі болады. Осы салада шамамен 100,9 млн. адам жұмыс істеуде, бұл ретте әлемдегі әрбір 11 жұмыс орны туризм саласында құрылады.
Туризм телекоммуникация және көлік, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және басқалар сияқты аралас салаларға ықпал ете отырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті дамымауымен сипатталады. Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету. Оның ЖІӨ-дегі үлесі (тек тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер есептеледі) шамамен 0,9 %-ды құрайды. 2015 жылы туристік қызметтен түскен кіріс мөлшері 236,4 млрд. теңгені құрайды, бұл 2010 жылғы деңгейден 2 есе артық (126,5 млрд. теңге). Салада жұмыспен қамтығандар саны 103,6 мың адамды құрады. Туристік қызметтен республикалық бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2015 жылы 11,0 млрд. теңгені құрады.
2016 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 2 031 туристік ұйым, 138 062 жатын-орын сыйымдылығы бар 2 754 орналастыру орны жұмыс істеді, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішіне қарағанда 16,6 %-ға жоғары.
Орналастыру орындарының жалпы санының 62,4 %-ын қонақүйлер құрайтынын, олардың 10,1 %-ының санаты бар, 52,3 %-ының санаты жоқ қонақүйлер, ал 37,6 %-ы өзге де орналасу орындары екенін атап өту қажет (1-сурет).
Орналастырудың негізгі бөлігі (63,3 %) Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және тиісінше Астана қаласында шоғырланған (2-сурет). 2016 жылы қонақүйлердегі жатын-орын толтырылымы 23,8%-ды (2015 жылы - 23,5 %)
құраған екен.
Санаты бар қонақүйлердегі орташа деңгейдегі толтырылым 24,3 %-ды, ал санаты жоқ қонақүйлерде 19,3 %-ды құрады. Бұл ретте толтырылымның барынша жоғары деңгейі 5* санатты қонақүйлерде (31,1 %), ең төменгі деңгей 1* санаты бар қонақүйлерде (14,6 %) тіркелген (3-сурет).
2016 жылы жатын-орын толтырылымының анағұрлым жоғары деңгейі мынадай облыстарда байқалады: Батыс Қазақстан - 29,5 %, Атырау - 27,6 %, Шығыс Қазақстан - 26,8 % және Ақтөбе - 24,3 %. Ең төменгі толтырылым деңгейі Жамбыл (15,6 %) және Ақмола облыстарында (17,3 %) тіркелген. Астана және Алматы қалаларында қонақүйлердегі толтырым тиісінше 27,6%-ды және 28,2 %-ды құрады (4-сурет).
Орналасудың жіктелмейтін объектілерінің елеулі санының нәтижесі сервистің төмен сапасы және жоғары бағаны ескере отырып, келушілердің аздығы болып табылуы мүмкін.
Қонақүйлік көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейлі орналастыру орындарында тұру бағасы әлемнің озық туристік дестинацияларындағы ұқсас қонақүйлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларындағы 5* қонақүйлердегі стандартты нөмірдің орташа құны Еуропаның озық қалалары мен әлемнің туристік дестинацияларындағы орташа бағаларға қарағанда 20 %-ға жоғары.

Басқа орналастыру орындарында - пансионаттарда, туристік базаларда, паналарда, кемпингтерде, келушілерге арналған жатақханаларда және басқа да орындарда көрсетілетін қызметтердің бағалары шамамен 25-30 %-ға төмен.
Жоғары қойылған бағалар бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерге аса тәуелді болмауына байланысты. Қонақүйлік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, ұсынылатын туристік көрсетілетін қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және нашар реттелген болып табылады. Тұруға және авиабилеттерге жоғары бағалардың Қазақстанға тур құнын едәуір ұлғайтатынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.
Қазақстандағы ішкі және келу туризміне 2000 - 2007 жылдар кезеңінде сұраныстың артуы, кейінен оның экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және 2009 жылдары төмендеуі байқалды. 2010 жылы экономиканың қайта қалпына келуімен 2011 жылы туризмге сұраныс жаңғыртылды және 2014 жылы рекордтық деңгейге дейін жетті. 2016 жылы келушілер санының өсуі 2010 жылмен салыстырғанда 65,5 %-ды құрады, түнеу санының өсуі - 34,6 % (5, 6-суреттер)
Қазақстанда туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік сапарларына негізделетіні байқалады.
2016 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 6 509,4 мың адамды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,2 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (37,8 %), Ресей Федерациясынан (24,4 %) және Қырғыз Республикасынан (20,7 %) келген. Келудің негізгі себептері жеке (75,4 %) сапарлар болды, ал қызмет бабындағы іссапарлар (16,2 %), туризм мақсатында шамамен 1 %-дай болды (11-сурет).
Қазақстанға келетін көптеген шетел резиденттері отбасыларда немесе достарында тоқтайды, транзитпен өтеді немесе бір күнге ғана келеді (бір күндік келушілер).
Туризмді дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы қазақстандық және шетел азаматтарының туристік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өзіне табиғи-климаттық жағдайды, туристік көрікті жерлерді, қажетті инфрақұрылымды (көлік, әуе, теміржол, инженерлік-коммуникациялық, "икемді"), оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін бекеттерін қайта құрауды ескере отырып, көңіл көтеру орындарын, тамақтану объектілерін және т.б. қамтитын туристік кешенді қалыптастыруға тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құру бюджетке салықтық түсімдер, шетелдік валюта ағыны, жұмыс орындары санының өсуі, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуына және оңтайлы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету есебінен ел экономикасының дамуына да едәуір үлес қосады.
2. Отандық туристік орындарды дамытудың қандай әдіс-тәсілдері қарастырылып жатыр?
Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс айтарлықтай қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Туристік өнімнің бірегейлілігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның болмауы (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) саяхаттан қанағат алу дәрежесін төмендетеді, оның салдары туристік келу санының қысқаруына және ішкі және әлемдік туристік нарықтарда аумақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын назарға алған жөн. Осыған байланысты ішкі және халықаралық келуші үшін анағұрлым тиімді туристік "тәжірибе" жүйесін құру мақсатында

мүдделі құрылымдар тарапынан Қазақстандық туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа әдіс-тәсілдер әзірленіп жатыр.
Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.
Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті анағұрлым өзекті болып отыр.
Туристік кластер - бұл туристік өнімді жасаумен, өндірумен, ілгерілетумен және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық көрсетілетін қызметтермен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ шеңберінде шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты - синергетикалық әсер ету есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
1) кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
2) инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсер етеді, бұл жалпы жоғары кіріктірілген туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдықтары ескеріле отырып, келешекте Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін:
1. "Астана - Еуразия жүрегі" - бұл Астана қаласы негізіндегі туристік кластер. Астана еліміздің саяси, әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Пәндер