Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар


Кіріспе
Кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі - əрқашан оның қорғаныс қабілеттілігін нығайту болған жəне солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және әлеуметтік саясаты өнеркәсіптің барлық салаларының қарқынды дамуына кең жол ашты. Еліміздің жер қойнауы минералды және мұнай-газ қорына өте бай болғандықтан республикамыздағы тау-кен, химиялық, қара және түрлі-түсті металлургия, сирек және асыл затты метал, алтын, алмас өңдеу және тағы басқа өндірістерді әлем экономикасының озық қатарына қосылуда.
Өнеркәсіптің әр саласының дамуымен бірге оны қауіпсіздендіру міндетті өзекті мәселеге айналуда. Осы орайда төтенше жағдайлар зор көлемді зиян келтіруі мүмкін екеніне көз жетерлік.
Төтенше жағдайлар, белгілі түрде, табиғи, техногендік және жаппай қыру құралдарын пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар өнеркәсіп орындарын қирату мен істен шығаруға, жергілікті халықты зардап шегуге, ал жалпы алғанда, елдің экономикасына зор нұсқан келтіруге әкеліп соқтырады.
Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу, оның салдарын азайту, сондай-ақ ең бастысы түрлі әдістерді пайдаланып, халықты төтенше жағдайлардың жойқын күштерінен сақтау, үйрету және құтқару жұмыстарын кешенді түрде ұйымдастыру- алдағы тұрған басты мақсат. Мемлекеттің мықты қорғанысы Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік əзірлігінен құралып қоймай, сонымен бірге еліміздің экономикалық дамуы, халық пен шаруашылық объектілерін қазіргі кездегі жаппай қырып- жою қаруынан қорғануға дайындаумен де анықталады. Жаппай қырып-жою қаруларының пайда болуымен материалдық құндылықтар мен адамдарды қорғау бойынша жүргізетін шаралардың мазмұны мен өрісі түпкілікті өзгерді, осы заманға сай жалпы мемлекттік қорғаныс жүйесін құру талабы туындады. Халық пен халық шаруашылығы объектілерін қорғаудағы мұндай жалпы мемлекеттік жүйе Азаматтық қорғаныс (АҚ ) болып табылады.
Азаматтық қорғаныс шараларын өткізудегі басты рөлді халық шаруашылық объектілері ( оқу орындары, мекемелер, өнеркəсіп, құрылыс, энергетика кəсіпорындары, т. б. ) атқарады. АҚ-тың басты мақсаттарынан келіп шығатын арнайы шараларды өткізу үшін шаруашылық объектілеріндегі төмендегідей азаматтық қорғаныс қызметтері құрылады: хабарлау жəне байланыс қызметі, апаттық- техникалық, паналар мен тасаларға күтім көрсету, радиациялық жəне химиялық шабуылға қарсы қорғаныс қызметті, медициналық қызмет, өртке қарсы қызмет, материалдық техникалық жабдықтау қызметі, автокөлік, қоғамдық тəртіпті қорғау қызметі. Барлық қызметтің жалпы міндеті - қарсылас шабуылы қауіпі төнгенде, зақымдану ошақтары пайда болу кезінде, сондай-ақ зілзала апаттары мен ірі өндірістік апаттарға өз құрамаларын даярлау болып табылады.
Міне, жоғарыда айтылғандарды зерделей келе біз, бұл мәселені зерттеу үшін: «Халық шаруашылық обьектілерінің тұрақтылығын зерттеу және ұйымдастыру » атты курстық жұмысты негіз етіп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Төтенше жағдайда халық шаруашылығының тұрақтылығын зерттеу және ұйымдастыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеудің нысаны: халық шаруашылық обьектілері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер шаруашылық обьектілерің тұрақтылығын ұйымдастыруда іс-шаралар жүйелі орындалса, шаруашылық обьектілерінің тұрақтылығы артады, әлдеқайда жоғарлайды.
Зерттеудің міндеттері:
- Халық шаруашылығы обьектілерін теориялық тұрғыда талдау.
- Халық шаруашылығы обьектілерін сипаттау.
- Халық шаруашылығы обьектілерінің тұрақтылығын зерттеу.
Курстық жұмыстың әдістері:ғылыми - әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі халық шаруашылық обьектілерінің тұрақтылығын зерттеу туралы туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау.
Курстық жұмыс көлемі және құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Халық шаруашылық обьектісінің тұрақтылығының теориялық негіздері. 1. 1 Халық шаруашылық қызмет объектісінің тұрақтылығы туралы түсінік
Шаруашылық обьектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары пайдаланылатын тәртіптер мен белгілі нормалардың негізінде жұмыс атқаратын адамдар ұжымы. Төтенше жағдайлар (ТЖ) кезінде халық шаруашылығы объектісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету - азаматтық қорғаныстың (АҚ) негізгі міндеттерінің бірі және табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың әрекеті мен шаруашылық обьектілерін өз уақытындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1 Заңында көрсетілген. Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, Қазақстан Республикасы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ұйымдардың азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретін, азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтыры мен міндеттерін белгілейді.
Территориялық принцип бойынша азаматтық қорғаныс республика, қала, аудан, ауылдық территорияларда ұйымдастырылады. Бұл территорияларда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру әкімшілікке жүктеледі.
Азаматтық қорғаныс объектілерде адамдарды қорғау үшін, өнеркәсіптің зақымдалуға төзімділігін арттыру үшін, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштері және азаматтары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада, немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, алдын ала жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді түрде және саралап жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесіне қарай жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
Объектінің тұрақты жұмыс істеуі деп оның төтенше жағдайында жоспарланған көлемде және белгілі минимумында өнім шығару, өзінің барлық функцияларын орындау, ал авария, апат, зақымдану жағдайында - өндірісті ең аз қысқа мерзімде қалпына келтіру қабілетін түсінеді. Төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өнім шығару қабілетін сақтауы, ал материалдық құндылықтарды өндірмейтін көлік, байланыс құралдары, электр беру желілері және өзге де ұқсас объектілер - өз міндеттерін қалыпты орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру дегеніміз - тұрғындардың денсаулығына, өміріне төнетін қауіптіліктерді, материалдық құндылықтардың шығындарын азайтатын комплексті шаралар. Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру күні бұрын орындалатын ұйымдастыру, инженерлік-техникалық және арнаулы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады.
Тұрақтылықты арттыратын шараларды анықтау үшін тұрақтылыққа әсер ететін факторларға талдау жасау қажет. Ол үшін объектілерді төтенше жағдайларға әкелетін барлық мүмкін болатын жағдайларды қарастыру қажет. Бұл жағдайлардщы аумақтық аудандық және объектілік масштабта қарастырған дұрыс болады. Объект төтенше жағдайлар кезінде орнықтылықты сақтау үшін персоналды төтенше жағдайдың дамуы кезінде туындайтын қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да іс-шаралар кешенін жүргізеді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде объектінің және оның элементтерінің осалдығына талдау жүргізіледі. Объектінің тұрақтылығын арттыру және бүлінген жағдайда оны қалпына келтіруге дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
Өндіріс процесінде жарылыс қаупі бар, уытты және радиоактивті заттарды пайдаланатын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерді қорғау мақсатында паналар тұрғызылады, сондай-ақ зиянды заттарды жұқтыру жағдайында персоналдың арнайы жұмыс кестесін әзірлейді. Объектіге жақын тұратын персонал мен халықты онда туындаған төтенше жағдай туралы хабардар ету жүйесі дайындалуға тиіс. Объект персоналы зақымдану ошағындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі нақты жұмыстарды орындауға оқытылуы тиіс.
Объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
- Орналасу аймағы - аймақтың ең мүмкін болатын қауіпті стихиялық апаттар, метеорологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
- Әлеуметтік-экономиеалық жағдайлар - экономиканың жай-күйі, тұрғындардың еңбекпен қамтылуы, адамдардың тұрмыс деңгейі.
- Объектілердің орналасқан жері - жергілікті жерлердің жер бедері, құрлыстардың сипаты, көлік коммуникацияларымен қамтылуы, қауіпті потенциалды объектілердің бар-жоғы.
- Ішкі факторлар - жұмыс істейтіндердің саны, олардың компетенциясы, тәртібі, объектінің сипаты, өндіретін өнімдер, қолданылатын технологиялар.
Осы факторларға талдау жасай отырып, мүмкін болатын төтенше жағдайларды және олардың объектінің тіршілігіне әсерлерін анықтап, тұрақтылыққа баға беруге негіз жасайды. Объектінің орналасу ауданы табиғи текті жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, көшкіндер сияқты зақымдаушы факторлардың әсер ету ықтималдығын, сондай-ақ шамасын анықтайды.
Көлік жолдары мен энергиямен жабдықтау жүйелерінің қайталануы маңызды мәнге ие. Мәселен, егер кәсіпорын кеме жүзетін өзенге жақын орналасқан болса, темір жол немесе құбыржол магистральдары бұзылған жағдайда шикізатты жеткізу немесе дайын өнімді шығару су көлігімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төтенше жағдайлардың салдарларына ауданның метеорологиялық жағдайлары айтарлықтай әсер етуі мүмкін жауын-шашын мөлшері, басым жел бағыты, ауаның ең төменгі және ең жоғары температурасы, жер бедері.
1. 2. Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдайлар - аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да аппаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзылуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдайлар.
Төтенше жағдайлар негізгі үш белгісі бойынша жіктеледі:
- Шығу тегі бойынша.
- Салалық; .
- Таралу масштабы бойынша.
Шығу тегі бойынша:
- техногенді
- табиғи сипаттағы болып бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызады.
Төтенше жағдайлар аймағы - төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдай пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын-ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.
Су тасқыны - қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу
Су тасқынының негізгі себептері:
- Ұзақ нөсер жауын
- Қардың және мұздың қарқынды еруі
- Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы
- Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы
- Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы
- Өзен жолдарының бітеліп қалуы
Су тасқынының түрлері:
Топан су - жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемдегі қардың еруімен бірте-біртекөтерілуі;
Тасқын су - толассыз жауынның нәтижесінде су деңгейінің жылдам көтерілу;
Айдалған су тасқындары - қатты желдің, өзен, көл суларын жағалауға айдауынан туындайтын су тасқыны;
Цунами - суасты жер сілкіністерінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауында туындайтын су тасқыны;
Бөгеттердің бұзылуы - гидротехникалық қорғаныс үймереттерінің бұзылуы немесе су көлемінің мөлшерден тыс құйылуы нетижесінде туындайтын су тасқыны.
Су тасқыны кезінде адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді және материялдқық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары -теплоходтар, баржалар суйретпе қайықтар катерлер, баркастар, көп есікті қайықтар, паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т. б. да құралдар түгелдей пайдалануы тиіс. Егер онда жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөлшектерді, билондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады. Әртүрлі мүліктер мен дүниелерді, материялдық бағалы заттардығ сондай-ақ малдарды тасу үшін жуан бөренедерден, сығаулардан сал жасау қажет, қайықтарды пайдаланып, олардың үстіне тақтайларды, бөренелерді, сырғауларды төсеп, шегелеп, байлап, тастауға болады.
Қар көшкіні, опырылып құлау.
Қар көшкіні - тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы. Қазақстанда қар көшкіні - Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы - сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады. Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
- Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
- Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
- Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
- Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;
- Тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
- Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;
- Сейсмикалық ауытқушылық.
Жер сілкінісі - қаһарлы, кездейсоқ құбылыс және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пенжарылыс нәтижесінде пйда болады және әлеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жер сілкінісі қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен краст үңгірлердің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды. Тектоникалық жер сілкінісі литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.
Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи жер сілкінісі табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде туындайды: тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, үлкен метеориттердің құлауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар т. б. Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарлыстар, жер асты үймереттердің бұзылуы, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т. б.
Жер сілкінудің негізгі сипаттамалары:
Гипоцентр - жер астында сілкініс басталған орын.
Эпицентр - гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы.
Сілкіну ошағының тереңдігі - жер бетінен гипоцентрге дейінгі қашықтық. . Терең емес сілкіністерде ошақтың тереңдігі5-40км, тереңінде 500км дейін. Күшті дүмпулердің ұзақтығы - орташа сілкіністе 2-ден 5 секунқа дейін, күштісінде 20-90секунд. Жер сілкіну ауданының радиусы - орташада 5-15км, күштісінде 50-160км. Жер сілкінудің интенсивтілігі - белгілі бір жердегі жер сікінісінен болған шығынның дәрежесі, балл.
1 -кесте
Жер сілкіну кезіндегі ғимараттардың бүліну дәрежелері
Көп қабатты металл қаңқалы немесе бетон (темір-бетон)
панелдерінен салынған
12 балдық халықаралық шкала бойынша жер сілкінісінің сипаттамалары:
- 1 балл - елеусіз сілкініс, аспап арқылы тіркеледі
- 2 балл - әлсіз дірілді жоғарға қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді
- 3 балл - әлсіз, дүмпуі аз ғана адамға білінеді, терезе дірілдеп, іле шамдар теңселеді, жекеленген адамдар ғана сезеді
- 4 балл - елеулі сілкіну ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді - есік-терезе, ыдыс-аяқ, үй қабырғалары, шкаф, кереует сықырлайды.
- 5 балл - дүмпуді барлық адамдар сезеді-
- 6 балл - күшті сілкіну - діріл жүруге кедергі келтіреді ғимараттар теңселеді (бүлінеді), сылақтарда жарықшақ пайда болады
- 7 балл - адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, пенелдер арасындағы қилыстар жарылады
- 8 балл - адамдар өзін-өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды, қирату күші мол сілкініс
- 9 балл - адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады, ғимараттар жаппй зақымдалады;
- 10 балл - ғимараттар толық қирайды; жойқын сілкіну,
- 11 балл - апат;
- 12 балл - жер бедерінің қатты өзгерісі
Табиғи өрттер - қоршаған табиғи ортажағдайындағы туындаған өрт. Табиғи өрттердің негізгі туындау себептері: сөндірілмеген шылым, жанған сітіңке. Күн сәулесін шағылыстыратын шыны бөтелке, транспорт құралының дыбыс бәсеңдеткішінен шыққан ұшқын, шіріген шөптерді, қоқымтардынемесе тезекті орманға жаққан аумақта өртеу, орман алқаптарын өрт көмегімен тазалау және т. б
Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар.
Өндірісте қолданылатын мейлінше көп таралған өте-мөте күшті улы заттар хлор мен аммиак болып табылады. Хлор - адамды тұншықтыратын, иісі күшті жасыл сарғыш түсті газ. 5-7 атмосфералық қысым кезінде сұйыққа айналады. Осындай жағдайда жабық сақталады және тасылады. Суда жақсы ериді. Өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оның басым көпшілігі коммуналдық шаруашылық саласындағы ауыз сулар мен ағын суларды тазарту мен зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамның жоғарғы тыныс жолдарына қатты әсер етеді. Газдың көп шоғырланған жағдайында өкпе ісінеді. Сондықтан да хлормен зақымданған кезде жасанды түрде тыныс алдыруға болмайды. Газ түріндегі хлор/ауада буланған кезде/ ауадан 2, 5 есе ауыр болады. Сондықтан да ол бұлт түрінде жер бетіне таяу шөгеді, неғұрлым төмендегі қуыстарға, подвалдарға және басқа да терең орындарға жинақталады. Ондай жерге шоғырланған хлор концентраты адамды уландырып өлтіреді.
КӘУЗ рұқсат етілген шекті рауалы концентрациялары (ШРК)
Аммиак - мүсәтір тәрізді иісті күшті түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан құрғақ түрі /4:3/мөлшерінде қопарылыс жасауға қабілетті. Ол -33 С температураға дейін салқындаған кезде түссіз сұйыққа айналады. Оның өте жоғарғы улы қасиеттері болады. Адамның жоғарғы тыныс жолдарына және көзіне қатты әсер етеді. Жоғарғы контрциялы болған кезде орталық нерв жүйесіне әсер етіп, адамның тұла бойын қалшылдатады. Көздің күйіп қалуы немесе үсіп кетуі теріні күйдіріп үсітуі де мүмкін.
Өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz