Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері

1.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негіздері

ІІ.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БҰЗЫЛУЫ

2.1
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын бұзылуын анықтау жолдары

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы дамыту

ІІІ.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын социометрия әдістемесі арқылы анықтау

2.2

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын бұзылуын анықтау жолдарын зерттеу маңыздылығы.
Зерттеудің өзектілігі: мектеп жасына дейінгі балалардың арасында ең көп кездесетін проблема - балалардың топтастарымен қарым - қатынасқа түсе алмауы. Қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама беруге болады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, қасындағы құрдастарымен, топтастарымен, айналасындағы адамдармен араласу қыйынға түседі.Берілген проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашуға зерттелген тақырыптың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынастарын қалыптастыру және сол жолда туындайтын қыйындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеу мақсатында орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1) Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктерін анықтау;
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негіздерін сипаттау;
3) Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын бұзылуын анықтау жолдарын көрсету;
4) Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы дамыту;

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар қарым - қатынасы
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын бұзылуын анықтау жолдарын зерттеу
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: балабақшада ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, балалар арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.
Зерттеу жұмысың методологиялық және теориялық негіздері:жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет баспалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, Кукушин В.С.,Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Мухина B.C. т.б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні:мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жолдарын қарастыру.
Зерттеу практикалық құндылығы:
Курстық жұмысының зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми - әдістемелік материялдарды пайдалана отырып, ондағы және басқа да әдебиеттердегі ойын және қарым - қатынас туралы ғылыми деректерді салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, социометрия әдісін қолдану.
Зерттеу жұмысының базасы:
Курстық жұмысының құрылымы:курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының болжамы, мақсаты, көкейкестілігі, жаңашылдығы, нысаны, міндеттері, негізгі идеясы, зерттеу объектісі, әдістемелік базасы, теориялық және тәжірибелік құндылығы анықталады.
Бірінші бөлім мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктерін анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негіздерін сипатталды.
Екінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын бұзылуын анықтау жолдары анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы дамыту әдістері қаралды
Тәжірибелік бөлімде

І.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері

Бір жарым жасқа дейін бала 30-40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек колданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады, сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі, екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500 - те дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен кабылдайтын болса, екінші жылдың соңына карай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дү-рыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін - түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеіңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Балапың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатка ие болып, заттық дүниедегі көптеген карым-катынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру балапың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық катынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, Балға қойды, Балғамен сокты дұрыс колдануды игере отырып, мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға стереотипті түрде көшіреді: пышақпен, қасықмен, күрекпен және т. б. Тілдік қарым-катынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін менгеру жағынан оның негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалықк формалары және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады.
Ерте сәбилік шақтық басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардық арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилі шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жақа түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастың іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшек-терін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыпшықтарды автодидактыкалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.
Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.
Көзбен қабылдауымен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әре-кет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л. С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. Өзінің ақыл-ой шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағ-дар алады. Үлкендердіц заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып, бала практикалық заттық іс-әрекеттік адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла алатынын ашады.
Мұндай жаңалықтар ұқсас заттарды (қайсыбір белгілері бойынша) ғана жалпылап қоймай, сондай-ақ іс-әркет тәжіриесін жалпылауға да алып келеді.
Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа қатысты қолданыла отырып, құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы болады.
Бада дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ойлаудың сапалық өзгерісі оның практикалық заттық әрекеттің адамзаттық формаларын игеруіне және баланың адам тіліне біртіндеп тартылуына байланысты. Ең мол тәжірибелі бала үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасау арқасында алады. Бала адамзат жасаған ұғымдарды, ойлау тәсілдерін игереді. Үлкендерге еліктей отырып, ол дұрыс пікірлер құрастыруға жәде ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Баланың ақыл-ой дамуын қарастыра отырып, И. М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен де, сөзбен де өзгенің тәжірибесінің даяр формалары беріледі деп жазды.
Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе алмаса, үлкендер. Қорапты төңкер, сонда ол өтеді,- деп кеңес береді де баланың тиісті әрекетін туғызады.
Ерте сәбилік шақта бала іс-әрекеттің орындалу барысында сөйлеп отыра алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу тәуелсіз процесс тәрізді болып көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-әрекеттер бірігеді.
Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар мадызды ұмтылыс болып өтеді - сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану - адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негіздері

Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы М.И.Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.
А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді.
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады. Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық - балалар қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады.
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау).
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады. А.С. Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының органикалық қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А.С. Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М.И.Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа - баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М.И.Лисина қарым-қатынастың әсерін ғана зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды.
Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы - қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М.И.Лисина қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды.
М.И.Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін бөліп көрсетті:
1) үлкенге деген қызығушылық,
2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,
3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,
4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе сезімталдылығы.
Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:
I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)
II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)
III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)
IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары деңгей).
Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес орнығады. Бала өскен сайын барлық коммуникативтік құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет жағдайына қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады.
Қарым-қатынастың дұрыс дамуы - әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен орындалғанда ғана жүзеге асады.
Зерттеулер көрсеткендей үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі құрылымын (А.В.Болбочану, Г.И.Копчеля), оның эмоционалды қобалжу сферасын (С.Ю.Мещерякова, А.И.Сорокина), танымдық белсенділігін (Е.О.Смирнова, Т.А.Землянухина), еріктілігі мен өзін-өзі бағалауы мен саналылығын (Н.Н.Авдеева), құрбылармен қарым-қатынасын (Л.Н.Галогузова) анықтайды.
Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен қарым-қатынас қана әсер етіп қоймай, құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие болады.
1970-80 жылдары А.Г.Рузскойдің басшылығымен жүргізілген зерттеулер үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін құрбылармен қарым-қатынастың спецификалық ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:
I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.
II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.
III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.
Мектепке дейінгі шақта құрбылармен қарым-қатынас үлкендермен қарым-қатынас сферасына пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)
2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)
3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)

Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы балалардың қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші бағдарламалары жасалынды.
Балалар ұжымынан оқшауланған балалармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған келіспеушілікті шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мәселеге тереңірек тоқталайық.
Психологиялық келіспеушіліктің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай келіспеушіліктерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмысты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.
Зерттеу негізінде балалардың психологиялық келіспеушілігін шешу міндетті түрде сол ойынның барысында жүзеге асыру қажеттігі тиімді.
Үлкендердің балаға берген бағалық қатынасы олардың келіспеушілікті шешуіне біршама әсер етеді. Көп жағдайда мақтау, яғни әлеуметтік-психологиялық бағаның орны ерекше.
Келіспеушілікті шешуде балалардың басқа балалар алдында беделін көтеретін жағдайларды қарастырған жөн. Коррекция кезінде тек қолдаумен ғана шектелуге болмайды, ол баланың басқа балалармен бірге ойнауында серіктестік ролінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер