Конструкторлармен кұрастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
І
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
6
1.1
Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру
6
1.2
Құрастыру түрлері
12
ІІ
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1

2.2

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тәрбие баланың дүниеге келген еәтінен басталады. Өмірге келген әрбір бала бақытгы болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балағ тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру - біздің басты мақсат.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым- қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында Балапан бағдарламасы әзірленіп, оны, іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Кішкентай балалардың алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін құрастыру қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, құрастыру қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақгау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, құрастыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, құрастыру қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Жоба өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес. Мектепке дейінгі балалардың құрастыру қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада құрастыру өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Міне, осы мақсаттарды зерттеу практика барысында жүзеге асыру үшін мен курстық жұмыс тақырыбын Көлемді ойыншықтарды құрастыру технологиясы таңдадым.
Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны: Балабақшадағы оқу процессі.
Зерттеу орны:

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

0.1 Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Құрастыру термині - әр түрлі заттарды, бөліктерді белгілі бір жағдайға келтіріп құрау деген мағынаны білдіреді. Балалардың кұрастыру жұмыстары - құрылыс материалдарынан әр түрлі кұрылыстар салу, конструкторлармен, "Лего" құрастырғыштарымен кұрау, табиғи заттар: құм, саздан құрылыс жасаумен айналысу болып табылады.
Құрастыру іс-әрекеті дегеніміз - бұл өзінің қызметіне сәйкес бұрыннан ойластырылған, белгілі бір нақты өнім алуға бағытталған әрекет түрі. Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы дамиды, іс-әрекетін жоспарлай білуге дағдыланады. Белгілі бір құрылысты немесе заттарды құрастыра отырып, олардың қандай жүйеде, қалай болуы қажеттігін күні бұрын ойластырады. Құрастыру арқылы геометриялық денелерді, құрылыс заттарының көлемі, сапасы, пішіні және кеңістікте орналасу қатынастарын тануға қабілеттері артады. Мысалы: төрт қырлы бөрене, пластина, кірпіш, лего құрастырғыштар тетіктері, т.б. Құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде тәрбиеші адамдарды, жан - жануарларды, өсімдіктерді, көлік түрлерін, т.б. бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтарды да пайдаланады. Мұндай ойыншықтар баланы ойлануға, іскерлікке, белсенділікке, іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуына мүмкіндік туғызады [2].
Құрастыру - белгілі мақсатқа бағыштаған процесс. Оның нәтижесінде белгілі бір шынайы зат алынады. Бұл тұрғыда алғанда құрастыру жемісті іс- әрекеттің сурет салу, жапсырық басқа түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге құрастырудың өзіндік талаптары бар. Осы іс-әрекет процесінде қандай да бір құрастырманы жасау үшін кез келген бөлшектерді өз қалауыңша біріктіре салуға болмайтындығын бала түсіне бастайды. Тіректі бөлшектерді жеке бөлу керек әйтпесе құрастырма орнықпайды.
Сурет салуға қарағанда құрастыру іс-әрекеті мүлдем басқаша ұйымдастыруды талап етеді. Мәселен, көтергіш кранға қараған бала өз жүк іліген иінді, кран басқарушы отыратын кабинаны, кранды жүргізетін доңғалақтарды өзгеден бөле қарайды. Кранды бейнелегенде бала иінді қабинаға қосарлай салады, сосын кабинаға доңғалақтар суретін тіркейді. Суретте бұл қате сияқты болып көрінбейді, өйткені сыртқы ұқсастық пен кранның атқаратын қызметі мүлде қанағаттанарлықтай күйде берілген.
Алайда, кран туралы өзінің осындай ұғымын сурет арқылы берген бала кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымын сурет арқылы берген бала кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымының қате екенін біледі. Мысалы, иінді тікелей кабинаға бекіткісі келіп ниеттенгенде сәтсіздікке душар болады: кран аударылып қалады. Доңғалақтарды кабинаға тіркестіргенде бала тағы бір сәтсіздікке ұшырайды. Құрастыру іс-әрекеті балаға заттың бөлшектері тек көрініс бойынша ғана емес, сол заттың өзінің ішкі қисыны арқылы да өзара байланысты екенін ашады. Егер заттың биік әрі шығыңқы бөлшектері болса, онда олардың бәрін теңестіретін ауыр тұғыры болуы тиіс. Мәселен, кранның ауыр тұғыры, яғни платформасы болуы тніс. Доңғалақтар платформа ернеуіне бір-бірінен алысырақ бекітілсе, соғұрлым кран орнықты болады.Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен тексерде өз тәсілдеріи талап етеді. Құрастыру нәрсені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені құрастырғанда бала өз тәжірибесі арқылы кейбір бөлшектер кез келген күйде ал басқалары тек белгілі бір қалыпта ғана орнықты болатындығына, бөлшектерді түрліше ұшастырғанда орнықтылықтың да түрліше болатынына көзі жетеді. Мысалы, ылғи пластиндерден берік құрылыс тұрғызуға болмайды, ал текшелер мен пластиндерді ұштастыру арқылы берік үй тұрғызуға болады.
Құрастыру процесінде бала бөлшектердің белгілі бір формасы мен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі. Мысалы, текшені қай жағына қойса да орнықтылығы бірдей болады, ал төрт қырлы кеспелтек бөлшегі оны жақтауларының біріне қойғанда ғана орнықты, тікейтіп қойса, ол өзінің орнықтылығынан айырылады. Биік орнықсыз затқа беріктір ушін оны ауыр орнықты бөлшектермен қысып қою қажет.
Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:
үлгі бойынша құрастыру;
шарттар бойынша құрастыру;
ойлау арқылы құрастыру [3].
Құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация. Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысты талап етеді, өйткені кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.
Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мен көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.
Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осыныың негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлестіре білуге тәрбиелейді.
Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декора ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.
Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.
Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір- біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.
Құрастыру әрекетікің келесі бір түрі - конструкциялау. Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындар пайдаланылады.
Балабақшада конструкциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау.
Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға жоңе іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады [4].
Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады.
Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөлік формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формаларын ойша салыстыруы, оның жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.
Құрастырудың бірінші типі - үлгі бойынша құрастыру. Балаларға өздерінің жасаған құрылыстарында үлгінің орнына алатын белгілі бір затты жасап шығу ұсынылады. Үлгі бойынша құрастыру түрліше өтеді. Ең қарапайым түрі балалардың көзінше үлгіні жасап шығару болып табылады. Бала үйді, ұшақты, жүк машинасын немесе басқа бір затты құрау процесін көріп отырады. Мұнда ол үлгіні құрастырған жеке бөлшектерді жақсы ажыратуға мүмкіндік алады.
Құрастырудың біраз күрделіленген түріне бала өз көзімен көретін жинақталған үлгі жатады. Бұл жағдайда баланың алдында жинақталған бөлшектерді ажырата білу сияқты ерекше міндет тұрады. Сондықтан құрастырудың басты кезеңі - үлгіні тексеру. Тексеру процесінде құрастырылатын зат жөнінде баланың біраз дұрыс ұғымы қалыптасады. Үлгіні тексерудің негізі принципі - ірі, басты бөлімдерін және олардың өзара орналасуын талдау. Мысалы, бала жүк машинасын кұрастыру алдында оның негізгі бөлімдерін (моторды, кабинаны. кузовты, шассиді) ажырата білмей құрастыруды ұсақ бөлімдерден бастаса, онысынан ақырында ештеңе шығара алмайды. Құрастыру іс-әрекеті баладан үлгінің негізгі бөлімдерін ажырата білуді талап еді.
Бөлшектелген үлгі бойынша құрастыру, құрастыру іс-әрекеттің меңгерудің басында, бала тексерудің алғашқы дағдыларын игере және үлгінің негізгі іліпектерін ажырата білу кезінде мәнге ие болады. Бөлшектелген үлгі бойынша ұзақ уақыт бойы құрастыру кейін тікелей пайда келтірмейтін болады, өйткені үлгіні дәл көшірумен құрастыру міндеті тамамдалады.
Үлгіні дәл көшіруден тұратын іс-әрекет құрастыру дамыта алмайды. Бұл мақсатқа тұтас үлгі (жеке бөлшектерге ажыратылмаған) бойынша кұрастыру сәйкес келеді, мұнда бала тексеру тексеру нәтижесінде үлгіні қандай бөлшектердің жәрдемімен құрауға болатындығын анықтауға тиіс. Мысалы, бала текшелерден үй тұрғызуға тапсырма алса, ал үлгі картоннан желімделген модель болса, онда бөлшектерді таңдап алғанда модельді жасап шығаруга болатындығының міндеті баланың алдында өзінен-өзі пайда болады.
Сурет түрінде берілген үлгі баланың бұдан да көбірек ойлануын талап етеді. Мұнда жазық бейнелеу негізінде үш өлшемді кұрастыру міндеті баланың алдында тұрады. Мұндай міндет баладан бейнелеуден шынайы болмысты көру қабілетін талап етеді.
Сонымен, үлгі бойынша құрастыру - баланың құрастыру іс-әрекетінің дамуындағы қажет және басты саты.
Құрастыру іс-әрекетінің екінші типі - шарт бойынша құрастыру. Құрастырудың бұл типінің өзіндік ерекшілігі бар: бала құрылысты үлгінің ойынның не тәрбиешінің қойған міндеттері негізіндегі шарттары бойынша бойынша тұрғыза бастайды.
Шарт бойынша құрастыру баладан өз іс-әрекетін айқын ұйымдастыруды талап етеді, ол шығармашылығы мен бастамашылдық қасиетінің дамуына себепші болады. Мысалы, құрылыс материалынан балалар суреттерінің стендісін тұрғызуға (көрме ойнында) тапсырма алған бала онымен бірге құрылыс материалын таңдап алуға да, одан жасалған стенд суреттердің өлшеміне сәйкес келетіндей әрі орнықты, ал оның жекелеген бөлшектері формасы мен түсі жағынан әдемі таңдалып алынған болуына да міндет алады.
Шарт бойынша құрастыру баланы шарттармен санасуға үйретеді. Баланың іс-әрекетін тәртіпке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
6-7 жастағы оқушылардың ойлауын дамыту
Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Геометриялық мазмұнды есептер
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі
Кеңістікті жобалау. Көркем конструкциялау
Ауру мүгедек балаларды саралап оқыту
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Бірінші сыныпта қарапайым түсініктерді оқыту әдістемесі
Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер
Пәндер