Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ.
0.1 Критериалды бағалау - сапалы білім өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

5
0.2 Білім мазмұнының жаңаруы: критериалды бағалауды ағылшын тілі сабағында нәтижелі қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

11
ІІ ТАРАУ
2.1 Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері ... ... ... ... ...

15
2.2 Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

18
2.3 Оқушының оқу жетістігін критериалды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

КІРІСПЕ

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі- білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру болып табылады.
Ұлы педагог Ы. Алтынсарин Оқытушы бағаланғанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне қарай бағалау керек деп айтқандай, оқу жетістігін нақты бағалау мәселесі- білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де , өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: Оқушылар білімін бағалауда қандай да болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет. Бұл талаптардың жүзеге асуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан- жақты талдау жүргізуді қажет етеді.
Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл мен баға қойылмайды. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау-мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің және басқа қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Тақырыптың өзектілігі: білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да,қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.
Мақсаты : Критериалды бағалау жүйесін қолданудағы іс-тәжірибемен бөлісу, аталған бағалау жүйесінің артықшылығы мен маңыздылығына тоқталу.
Міндеттері:
oo Оқушының білім нәтижесін бағалауда, олардың кемшілігін жеке дара қарастыру;
oo Оқушы еңбегінің көрсеткішін анықтауда олардың өз күшіне сеніммен қарау;
oo Оқушылардың білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын қолданысқа енгізу.
Зерттеу жұмысынң пәні: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың білім нәтижесін бақылау және бағалау.
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
oo Белсенділік пен дербестік;
oo Теория мен практиканы байланыстыру;
oo Өз беттерінше әрекет жасайды;
oo Дәйектілік пен дәлділік.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
oo Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
oo Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
oo Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Критериалды бағалау - сапалы білім өлшемі

Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы
А.Байтұрсынұлы
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Назарбаев мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық , терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бағалау- оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез-келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау). 1960 жылдары оқытудың формативті және суммативті мақсаттары арасындағы айырмашылық белгіленді, бірақ олардың әрқайысысының мағынасы осы уақытқа дейін жеткілікті анықталмаған. Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын , түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау -- оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау -- оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. Екі жұлдыз, бір тілек, Бағалау ағашы, Бағдаршам, Смайликтер. Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы.
Жиынтық бағалау -- оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсантриместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
oo қадағалау;
oo алынған мәліметтердің интерпретациясы;
oo бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды;
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
oo Мұғалім тәлімгер ретінде -- кері байланысты және әр білім алушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
oo Мұғaлім жетекші ретінде топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғaлім есепке алу маманы ретінде - білім алушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
oo Мұғалiм баяндамашы ретінде - білім алушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына , білім алушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау;
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
А) Оқу мақсатымен бөлісу.
Б) Алда не күтіп тұрғанын білм алушылардың білуіне көмектесу.
В) Өзін-өзі және құрбыларын бағалау;
Г) Білім алушылардың білім алуын жақсарту үшін не қажет екендігіне
көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету;
Ғ) Білім алушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту;
Д) Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру;
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын , қалай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін білім алушылар мен олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс - әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушы лардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Білім алушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
oo Әрбір білім алушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
oo Білімді меңгерудің жыл аяғында ғана емес , күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
oo Білім алушының сабаққа қызығушылығының,белсенділігінің артуы;
oo Бағаға теріс көзқарастың болмауы;
oo Бiлім алушының білімінің жүйеленуі, есте сақтауы. Оларды табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
oo Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
oo Бiлім алушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
oo Білім алушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы ;
oo Білiм алушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау;
oo Баға сапасын арттыру;
Кpитериалды бағалау жүйесі білім алушының белсенділігін арттыруды ,оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын - ала ұсынылған бағалау шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі; Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын - ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс - әркеттер тізбесі. Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы: сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқудың сапасын жақсартуға, әр білім алушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Мұғалім үшін бағалаудың негізгі мақсаты:
1.Оқудағы қиындықтарды анықтау: мектепте мысалы сауаттылық және арифметика саласын дағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайта өткізуге болады.
2. Білім алушының жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата - аналар);
3. Уәж. Кері байланыс уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтихан ның өткізілуі кейбір білім алушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы мүмкін;
4. Болжау және сұрыптау. Білім алушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез- құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихан нәтижелері көбінесе сұрыптау мақсатында жоғарғы оқу орнында оқу немесе жұмысқа орнала су туралы шешім қабылдау үшін қолданылады;
5. Стандарттарды бақылау және орындау.
Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемле -кеттік емтихан нәтижелері бойынша - жоғары білім алу мүмкін болады, мысылы, білік -- тілігі бар тұлғаларда оларды тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет;
Критериалды бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығы: өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға, өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге, өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға, шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік береді.
Критериaлды бағалaудың ата-аналар үшін маңыздылығы: өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға, баланың оқудағы прогресін қадағалауға, оқу үдерісінде өз баласына қолдау көрсетуге, мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Критеpиалды бағалaудың артықшылығы: оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады, білім алушының жұмысын бағалау алдын - ала ұсынылған критерийлерге негізделеді, бағалау алгоритмі білім алушыларға алдын- ала белгілі, білім алушы не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, білім алушының білімділік деңгейі анық көрініп тұрады, критерий арқылы бағалау мұғалімнің анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады;
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: білім алушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу, білім алушылардың дайындық деңгейі мен динамикасын кез- келген кезеңде анықтау, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады, құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы білім алушы еңбегін бағалау, білім алушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын білеміз;
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой - өрісін әрі қарай дамытады; білім алушылардың білім сапасын арттырады; білім алушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден - бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін шығармашыл баға лау жүйесі; Бағалаудың критериалды жүйесі - білім сапасына жетудегі өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор. Критериалды бағалау оқушының өз ісіне сыни көзқараспен қарай отырып, өзін - өзі дамытуға талпындырады.
Оқушының өзіне деген сенімі артады. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды нәрсе - оқу процесі, сол арқылы бала өзін - өзі бағалауды үйренеді, өз білімінің артықшылығы мен кемшілігін көреді, әрі қарай қалай даму керек екенін түсінеді. Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушылардың ең алдымен қызығушылығы оянады, белсенділігі артады, өз ойын ашық айтуға үйренеді, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Өзінің жеке бағасын анықтай алады. Критериалды бағалаудың пайдасы нақтылық, әділдік, ын таландыру , белсенділік.
Дәстүрлі бағалауда оқушының жеке жетістігін белгілі нормамен немесе оқушылардың көбінің нәтижелерімен салыстыру болады да, оқушы көкейінде Оған неге 5 ,ал маған... немесе Сол баяғы 4 қой, Не үшін? деген сауалдар болады. Ал критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекше ленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытын дысын шығару үшін қажет.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік мені қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтау- ға , өзіндік тұжырым жасай білуге ,өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адам-ның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты - жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Бүгінгі білі алушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

1.2 Білім мазмұнының жаңаруы: критериалды бағалауды ағылшын тілі сабағында нәтижелі қолдану

ХХІ ғасыр үздіксіз ақпараттар легіне, қауырт қарбаласқа толы. Жаңа заманның жас ұрпағына білім мен тәрбие беру жаңалық пен ізденісті талап етеді. Мұғалім болу жауапты да қастерлі, қасиетті де абыройлы міндет. Жаңа күн ұстаз үшін алдын ала дайындықты қажет етеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Білім берудегі инновациялар жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол - ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.
Министрлік 100 нақты қадам Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.[2]
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - мұғалімі кәсіби деңгейінің дамуы. Қазақстан Республикасының білім беру саласында өзгерістерді негізге ала отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасымен таныса отырып, шын мәнінде жаңа формациялы, яғни, құзырлы мұғалімнің бейнесінің қандай болатынына көз жеткізе отырып, критериалды бағалаудағы оқушылардың қандай әдіс-тәсілдер негізінде жетістікке жетіге болатынын білдік. Сондықтан, алдағы уақытта құзырлы оқытудың маңызды факторын және Пажарестің оқыту стилін негізге ала отырып, өзіміздің ұстанымымыз, өзіміздің сеніміміз бойынша құзырлы оқыту іс-әрекетіне көшіруге шешім қабылдау бұл біздің өзгеріске бет бұрудағы ең алғашқы қадамымыз деп есептейміз.
Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы біледі, түсінедіден айырады, салыстырадыға алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша). Ағылшын тілі үйретуде бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады: Strand 1, Content, Strand 2, Listening, Strand 3, Speaking, Strand 4, ReadingStrand 5, Writing, Strand 6: Useof Englis, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді, дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.[2]
Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда
болған ережелерге баса назар аударылады.
Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген оқушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Белсенді ойлау процесін техникалар мен тәсілдемелер қолдану арқылы белсенді оқыту түрлері тиімді және саналы түрде қолдануға болады деп болжанады. Оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдану ұсынылады. Ағылшын тілі пәні сабағының қысқа мерзімді жоспары жаңа бағдарламаның негізгі жеті модулінің негізгі идеясы ықпалдастыра отырып құрастырылады. Модульдердің негізінде сабақтың тақырыбына сай мақсат пен міндеттерді, күтілетін нәтижелерді, сабаққа қатысты ресурс көздері таңдап алынады.
Қазіргі кезде сыни тұрғыдан ойлау да - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін ең басты, маңызды педагогикалық түсінік болып табылдады. Оқыту үрдісіндегі тәжірибеміздегі сабағымыздың бірін ұсынып отырмыз.
Сабақтың тақырыбы Заман өзгерістерінің серіктестігі (Partnership at the epoch of changes. Conditional sentences 8-сынып) Бұл қысқа мерзімді жоспарда Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте жақсы көрініс тапты. Себебі, сабақтың тақырыбының өзі оқушылардың сыни ойлауын дамытуды жүзеге асыруды қажет етеді. Сондықтан кіріспе бөлімінде сабақ тақырыбын ашу мақсатында Заман өзгерістерінің серіктестігі атты екі минуттық бейнежазба көрсетілді. Көрсетілімнен кейін әр топ өз түсініктерін ойталқыға салып, ортақ бір шешімдерін топ көшбасшылары жеткізді. Әр топтың көшбасшылары берген ауызша жауаптарын тыңдай отырып, қаншалықты құнды пікір айтып, сыни тұрғыдан ойлай алатындықтарына көзіміз жеткендей болды. Негізгі бөлімде оқушыларға тапсырма бермес бұрын, интерактивті тақтада жаңа технологиялар топтамасын (компьтер, планшет, ұялы телефон т.б.) көрсетіп, ой қозғау мақсатында сұрақ түрінің түрткі болу техникасын пайдаландық. Әрине оқушылар өз тарапынан өте жақсы, ұтымды, нақты, әрі белсенді түрде жауап берді. Оқушылардың ойын жинақтай келе, сын тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында SWOT талдау стратегиясы бойынша өз ой-пікірлерін постерге түсіру тапсырылды. Тапсырма Компьютер тақырыбын сын тұрғысынан ойлаудың SWOT талдау стратегиясы бойынша өте жақсы жүзеге асты. SWOT талдау стратегиясымен жұмыс барысы оқушыларға түсіндірілді және қалай жүзеге асыру қажеттігі жайлы бағыт берілді. Оқушылар біз күткен жауаптан да артық жауап берді. Оған дәлел, әр топ күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын сурет арқылы, нақты факт бойынша дәлелдемелер келтіру арқылы өз ойларын жеткізе білді. Негізгі байқағанымыз: шағын топтарда оқушыларға тапсырма бере отырып, олардың талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуін жүзеге асырдық. Оқушылар бір-бірімен қызу талқылауға түсіп, сыныпта жұмыс шуы естілді. Топ жұмысын қорғау барысында байқағанымыз, оқушылар өздерінің ойларын дәлелдеп, өз білім деңгейлерін, ой-ұшқырлықтарының қаншалықты терең екенін аңғартты.
Бағалау арнайы табыс өлшемдері көрсетілген Бағалау парақшаларын толтыру арқылы жүзеге асырылды.
Partnership at ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Критериалды бағалау технологиясы
Оқудың оқытудың мақсаттарын айқындау
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары
Бағалаудың дидактикалық негіздері
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер